Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2818
mod_vvisit_counterКеше2604
mod_vvisit_counterОсы аптада10099
mod_vvisit_counterӨткен аптада15900
mod_vvisit_counterОсы айда25999
mod_vvisit_counterӨткен айда70043
mod_vvisit_counterБәрі4150729


Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

Халық-хабар
ҚҰНДЫЗДЫҢ БИЗНЕС ЖОБАСЫ ЕКІНШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
14.11.2019 13:50

Қазалылық Құндыз Әбілтаева облыстық "Бизнес StartUp-2" байқауында екінші орынға қол жеткізіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Облыстық "Бизнес StartUp-2" кәсіп ашу сайысы Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Білімді ұрпақ – кемел келешек» атты пәндік апталығы аясында өткізілген болатын. Бұл байқауда 7 колледждің студенттері қатысып, өздерінің жобаларын таныстырды.

Сайысқа Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Фархад Абжаппаров төрағалық етті.

Құндыз Әбілтаева – Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде №78 «Тасымалдау құжаттарының операторы» тобының 3-курс студенті. Жетекшісі - Әліби Бекпанов.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚАЗАЛЫДАҒЫ КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙ ҮЙІРМЕСІ
14.11.2019 13:40

Қазалыда көгалдағы хоккей үйірмесі бар екенін екінің бірі біле бермейді. Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде 2011 жылы ашылған спорт үйірмесінің қол жеткізген жетістіктері көңіл қуантарлықтай.

Үйірменің жетекшісі – көгалдағы хоккейден ұлттық құраманың мүшесі, қызылордалық «Қайсар» хоккей клубының сапында өнер көрсететін Мұқағали Сансызбаев. Ол жақында ғана ұлттық құрама сапында Орталық Азия кубогін жеңіп алды.

Көгалдағы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері жаттықтыратын жасөспірімдер облыстық, республикалық деңгейдегі бәсекелерде жүлделі болып үлгерген. Мәселен, олар өткен жылы облыс біріншілігінің жеңімпазы атанып, биік белесті бағындырды. Сондай-ақ, 2014 жылы көгалдағы хоккейден өткен республикалық жарыста үшінші, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған IV республикалық турнирде екінші, «Қайсар» ойын түрлері бойынша спорт клубының кубогіне арналған республикалық турнирде екінші, ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының ел біріншілігінде үшінші орынды иеленді.

Мұқағалидің бір шәкірті Бақытбек Қоңырбай қазіргі таңда Алматы қаласында көгалдағы хоккеймен кәсіби тұрғыда айналысып жүр. Көптеген жарыстарға Алматы қаласының атынан қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізуде.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ КЕРЕК
13.11.2019 17:35

СУАРМАЛЫ   ЕГІСТІК  АЛҚАБЫ  ҰЛҒАЯДЫ

Жер мәселесі өзектілігін жойған емес. Атадан аманат, бабадан мұраға қалған жерді сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан қолға алынған қимылдар жеткілікті. Мәселен, жуырда ауыл шаруа­шылығы жерлерін қазақстандықтарға жекеменшікке және шетелдік­терге жалға беруге қатысты мораторий жарияланды. Шетелдіктерге ауыл шаруа­шылығы жерлерін беруді тоқтату туралы мораторийдың нормаларына қосымша (ҚР 04.05.2018 жылғы Заңымен) жарғылық капиталында кез келген мөлшерде шетелдік қатысушылары бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруаш­ылығы жерлерін жалға беруге тыйым салынды. Заң ең алдымен қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлер­ін жалға беру институтын сақтау және ары қарай жетілдіруге бағытталған.­ Одан өзге еліміздегі суармалы егістік алқабын­ 3 млн гектарға дейін жеткізу міндеті тағы бар. Осыған байланысты аймағы­мызда ауқымды шаралар жүр­гізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

- Елбасының цифрландыру тапс­ыр­масына сәйкес ауыл шаруашылығы тауар­өндіруші шаруашылықтары егіс алқапт­арын ҚР Ауыл шаруашылығы министрл­ігінің «QOLDAU» веб-порталына енгізу арқылы, егіс алқаптарының электрондық картасы мерзімінен бұрын аяқталды. Облыс бойынша ағымдағы жылдың  бірінші  жартыжылдығында  180 мың га жердің картасын электронды­ форматқа өткізу жоспарланса, қазіргі таңда 199 мың гектар веб-порталға енгі­зіліп, жоспар артығымен орындалды. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымды пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру заң жүзінде аудандық атқарушы органдардың құзыретіне берілді, - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, облыс бойынша 2012-2019 жылдары ауыл шаруашылығы мақса­тында  пайдаланылмай отырған 285 мың гектар жер анықталған. Оның 138 мың гектары шаруашылықтардан мемлекет меншігіне қайтарылса, 145 мың гектары ескертуден кейін қайта пайдалануға кіріскен, қалған 1 мың гектар жерде қажетті жұмыстар жүргізілуде. Осы мемлекетке қайтарылған жердің бүгінгі күнге 82 мың гектары сауда-саттық және мемлекеттік бағдарламалар негізінде қайта айналымға енгізілді. Бас­ты жетістіктердің бірі – Байқоңыр қаласындағы 11,6 мың гектар жердің Қазақстан меншігіне қайтарылуы. Жуық арада­ мәселе түбегейлі реттеледі. Ал 2019 жылы барлығы 57,1 мың га жерді айналымға алу жоспарланды. Оның ішінде облыстағы 249 мың гектар суармалы егістік жерін 300 мың гектарға жеткізу жұмысы­ да бар.

 

53  ЖЕР  ТЕЛІМІ  КЕРІ  ҚАЙТАРЫЛДЫ

Жыл басынан бері жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты бақылау­ шаралары нәтижесінде көлемі 220 мың гектарды құрайтын жерде 1236 тұлғаның тарапынан 284 заңбұзушылық әрекет анықталған. Нәтижесінде­ 4 млн 875 мың теңге айыппұл салынған. Орын алған құқықбұзушылықтардың 26 дерегі бойынша айыппұл салынып, 35-іне ескерту түріндегі шара, 223-іне әкімшілік іс өндірісі қозғалмай, заңбұзу­шылықты жою туралы нұсқама берілген.

- Заң шеңберінде жерді қандай мақсатқа пайдалануға алса да, оны 3 жылдың ішінде пайдалану керек. Олай болмаса, мемлекетке қайтарымға жатады. Тексеру жұмыстарын жүргізіп, нұсқама­ берілген соң қосымша бір жыл уақыт бері­леді. Мемлекет басшысының биыл­ғы Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығы бағытындағы пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару мәселесі қаралды. Осы ретте облыс әкімінің арнайы іс-қимыл жоспарына енгізілді. Соның аясында ағымдағы жылдың 9 айын­да ауыл шаруашылығы мақсатындағы 15270 гектарды құрайтын  53 жер учаскесі, оның ішінде Арал ауданында – 2, Қазалы ауданында – 12, Қармақшыда – 6, Жалағашта – 9, Сырдарияда – 12, Шиеліде – 9, Жаңақорған ауданында 3 жер учаскесі мемлекет меншігіне өткен. Айта кеткен жөн, пайдаланылмай жатқан жерлер сот шешімімен ғана қайтарылады. Негізгі мақсатымыз – пайдаға жаратылмаған жерді кері қайтарып алу емес, оның дұрыс және уақытылы пайдаланылуына ықпал ету, - деді брифинг аясында Қызылорда облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев.

Жер саласына қатысты анықталатын заңбұзушылық фактілерінің дені – жерді қабаттастырып табыстау, өз мақсатына және мүлде пайдаланбау. Пайдаланылмай жатқан жерге қатысты бүгінде 900-ден астам шағым қаралып жатыр. Сондай-ақ, аудандық жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы­ бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ҚР жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдері­нің заңдылығына және өтінішті қараудың белгіленген мер­зімдерінің сақталуына қатысты жос­пардан тыс 8 бақылау шаралары жүр­гізілген.

Н.ҚАЗИ

 
ҚУАТТАҒЫШТАН ТҰТАНҒАН ТІЛСІЗ ЖАУ
13.11.2019 17:30

Қызылорда қаласында жер үй өртеніп кетті. Отбасының тұр­мыстық заттары мен киім-кешектеріне то­лығымен зақым келген. Алдын ала мәліметке сүйенсек, тілсіз жау ұялы телефон электр қуаттағышынан шыққан.

– Салдарынан көлемі 10х15 метр болатын тұрғын үйге елеулі зиян келді, адам шығыны жоқ. Оқиға орнына тиісті сала мамандарымен бірге қала әкімдігінің өкілдері де барып, мәселенің мән-жайымен танысты. Өрттің шығу себебі анықталуда. Отбасы мүшелері түгел туыс­қандарының үйіне көші­рілді. Оқушы балалар мектепке қажетті киімде­рмен, құрал-жабдықтармен және оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қаржылай көмек көрсе­тілді. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан от­басына басқа да көмек көр­сету мүмкіндіктері қа­рас­тырылуда. Мәселе қала әкімінің тікелей бақыла­уында, - деп хабарлады Қызылорда қала­сының  әкімдігінен.

Қызылорда  облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова:

– Оқиға орнына 3 техника мен жеке құрам қатарынан құтқарушылар, өрт сөндірушілер және «Апаттар медицинасы» орталығынан барлығы 20 адам жұмыл­дырылды. Бізге алдын ала белгілісі, үйде ұялы телефон электр қуатта­ғышқа  қосулы болған. Сол сәтте үйде ешкім бол­маған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты шығу себептері анықталуда, - деп  хабарлады.

Сондай-ақ, сейсенбі күні Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндегі №204 мектепте өрт болды. Қазалы ауданы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, аудандық өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің көмегімен жалы­н дер кезінде сөн­дірілді. Зардап шеккендер  жоқ.

– Қазіргі таңда оқиға орнына аудан әкімдігі мен тиісті сала мамандары келіп, жағдайды қатаң бақылауға алды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Аудан тұрғындарының алаңдауына себеп­ жоқ екендігін хабарлаймыз. Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат таратамыз. Мектепте оқушылардың оқу процесі тоқтамайды. Ертең сабақ қайта жал­ғасады, - деді сол күні Қазалы ауданы әкім­ді­гінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөн­діру және апаттық-құт­қару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепо­ваның хабарлауынша, өрттің шығу себептерін арнайы құрылған комиссия анықтау үс­тінде.

Құқық-ақпарат

 
ҚАРАУЫЛТӨБЕГЕ ГАЗ КЕЛДІ
13.11.2019 16:10

Облыс тұрғындары «көгілдір отынның» игілігін көргелі бері «газ келсе, жаз келеді» деген тәмсіл қолданылып жүр.  Қалаға қарасты Қарауылтөбеге де қараша айында «жаз» келді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ демеушілігімен аталмыш ауылдық округте бас-аяғы 33 млн теңгеге газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді.  Мұнымен қоса, ауыл тұрғындарының жеке қаражаты есебінен 15 млн теңгеге газ құбырлары тартылды.

Қала басшысы Н.Нәлібаев қарауылтөбеліктердің қуанышымен ортақтасу үшін ауылға арнайы атбасын бұрды. Қаншама жылдан бері «көгілдір отынға» қолы жеткен тұрғындарға жүрекжарды тілегін жеткізіп, игілікті істің нәтижесімен құттықтады.

- Бұрынғыдай күл шығарып, отын тасып, ешкім бейнетке қалмайды. Міне, ауылға газ қондырылды, енді тұрмыс та оңтайланады деген үміт бар. Ауылда кәсіпорындар ашылып, шағын және орта бизнес көбейеді деп ойлаймын. Осы жұмыстың басынан көрінген барлық жанашыр азаматтарға, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығына өзімнің атымнан үлкен ризашылығымды білдіремін. Қазірге дейін ауыл тұрғындарынан осында газ қондырылмағаны үшін әр жылы есеп беру кезінде ыңғайсыз жағдайда қалатын едік, бүгін осы бір үлкен істің нәтижесін көріп отырмыз. Сіздер үшін қуаныштымын,- деді қала әкімі Н.Нәлібаев.

Оның айтуынша, 2015 жылы Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде газдандыру жұмыстарына 2 млрд 157 млн теңге қаржы бөлініп, 5000-нан аса тұрғын үй, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілген. Ал 2016 жылы Талсуат ауылдық округін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 271 млн теңге қарастырылып, аталмыш ауылда 500-ге жуық тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысанға газға қосылды. Белкөлде де газдың жайы біраз жылдан бері қиындап тұрған. Осыдан екі жыл бұрын кенттегілер де «көгілдір отынға» қол жеткізіп, жұрт «жазға» жеткеніне мәз болысып қалған. Оған қарастырылған қаражаттың көлемі – 378 млн теңге. Жалпы, қала жұртшылығының 95 пайызы газбен қамтамасыз етілді.

- Бүгінгі таңда ауылда 385 отбасы бар. Олардың 350-іне газ құбыры жеткізіліп тұр. Қалған 35 үйге газ тартылу жұмыстары келесі жылы жүргізілмек. Әлеуметтік нысандардан ауылдық мешітке ғана газ берілді. Ал мектеп, мәдениет үйі және өзге де әлеуметтік нысандарға газ жүйесі ендігі жылы тартылады,- деді Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Б.Шәріпбеков.

Ел экономикасындағы маңызды секторының бірі –  газдандыру  жұмыстары. Бұл тұрғыда облысымыз ортанқол жұмыс атқарып жатқан жоқ. Керісінше атқарылған істің жемісін ел рақатына пайдалануда.

- Бізде қазір 80000-нан астап газ тұтынушы бар. Ал Қарауылтөбені 2019 жылы газдандыру жұмысы жоспарда болмаған. Бертін келе облыс, қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, ауылды газдандыруға шешім қабылдадық. Қазіргі таңда ауылда 200 абонент көгілдір отынды игілігіне тұтынып отыр,- деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаев.

Жақсы іске ортақтаса келген қала әкімі Н.Нәлібаев пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаев ауылға газ қосу рәсіміне куә болды. Содан соң қала басшысы ауылға газ жеткізу жұмыстарында ерекше белсенділік танытқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығына және ерікті ауыл тұрғындарына арнайы алғыс хатын табыстады. Ауыл ақсақалы Амангелді Досмаханұлы қарауылтөбеліктердің атынан қала басшылығына алғысын білдіріп, батасын берді.

Ал Қарауылтөбе ауылының тұрғыны Эльмира Ертуғанова «көгілдір отын» келгелі көңіліміз көтеріліп, газбен бірге отбасымызға да жаңа өмір, жылу келгендей сезімде болдық» дейді.

- Осы ауылға келін болғаныма 20 жылдай уақыт болды. Осыған дейін қолмен от жағып, бейнетке қалатын едік. Қазір газ қосылғалы жақсы болып қалды. Үйіміз жылы, көңіліміз көтеріңкі,- деді ол.

Түйін. Көпшілік «көгілдір отынға» енді зәру болмайды. Аймақта газдандыру жобасы басталғалы бері халықтың көңілі қалыпқа түсіп келеді. Әсіресе, нәзік жандылардың күл тасып, ошақ басында күйелеш болып жүретін кезі де алыстады.  «Заман жақсылығымен келді» деген – осы.

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары