Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДАДА III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ-ФОРУМЫ ӨТТІ
22.06.2018 18:58

«Цифрландыру: аймақтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» атты интернет-форумына Ресей, Татарстан, Беларусь, Украина және Қытай сарапшылары мен «Huawei», «Dell», «Сколково» секілді цифрландыру саласының әлемдік жетекші компанияларының өкілдері қатысты.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің алғы сөзінде ақпараттық және сандық технологиялардың қазіргі заманда маңыздылығын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, адамзат төртінші өнеркәсіптік революцияға қарай қадам басты. Оның өз қағидалары бар. Онлайн мен оффлайн арасындағы шекаралар жойылып, киберфизикалық жүйелердің заманы келе жатыр. Сәйкесінше, осы жүйедегі салалардың құрылымы мен мемлекеттердің рөлі өзгеруде. Цифрлық технологиялар жаңа заманның «мұнайы» атанды. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың 25 пайызы цифрлық форматқа көшеді», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі түрлі салаларды цифрландыру бойынша өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты.

«2018 жылы цифрландыруға облыстық бюджеттен 2,4 миллиард теңге қарастырылды. Ақылды басқару, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, қауіпсіздік және бизнес салаларында 50 жуық жоба жүзеге асырылуда», - деді Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, форум барысында Татарстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары-Ақпараттандыру және байланыс министрі Роман Шайхутдинов сөз сөйлеп, онлайн-баяндамасында электрондық үкімет пен цифрлық экономика саласындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Оның айтуынша, бүгінде Татарстанда IТ-саласындағы 1700 компания мен 32 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Сондай-ақ, интернет-форумда «Сколково» Мәскеу басқару мектебінің жетекші талдаушысы Илья Романовский «Цифрлық трансформация: ортаны цифрландырудан ақылды қалаға дейін» тақырыбында баяндама жасады. Оның пікірінше, жақын арада 2011 жылдан бастап пайда болған «заттар Интернеті» ұғымының орнын жаңа «барлығының Интернеті» ұғымы басатын болады, яғни кез келген заттар мен сервистер ғаламторға енгізілуі мүмкін.

Одан бөлек, форумда Қазақстандағы «Huawei» компаниясы корпоративтік сату департаменті бас директорының орынбасары Zhao Hongbin, reactor.ua тұғырнамасының құрылтайшысы Евгений Саранцов,  Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетінің аға оқытушысы Наиль Гафуров және т.б. баяндама жасады.

Форум аясында бірқатар әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда,  «Astana Hub» Халықаралық стартап-хаб ұйымымен IT-жобаларды жүзеге асыру туралы, «Какаду Девелопмент» ЖАҚ «Smart city» технологияларын енгізу туралы, сондай-ақ, «Барс групп» және «Транстелеком» компанияларымен цифрландыру бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумдарға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдан бастап Қызылорда облысында жетекші сарапшылардың қатысуымен халықаралық интернет-форумы өткізіліп келеді. Алғашқы интернет-форумы электрондық сауда жасау мәселелеріне, екіншісі– Байқоңыр қаласындағы кәсіпкерлікті дамыту, ал бүгінгі үшінші интернет-форумы цифрландырудың аймақтарды дамыту үшін мүмкіндіктеріне арналған.

Айта кетейік, бүгінгі күні аймақта цифрландыруды дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, 2017 ж. желтоқсан айында Қызылорда облысында «HackDay» алғашқы өңірлік фестивалі ұйымдастырылып, оған 137 команда қатысты. Қатысушылардың жобалары Астана мен Алматыдан келген инвесторларды қызықтырып отыр.

Жақында Қызылорда облыстық кітапханасында  ІТ-саябақ ашылды, одан бөлек, Сырдарияның сол жағалауында ІТ-саябағы бар заманауи ресурстық орталық салынып жатыр. Онда жас программистер үшін 20 жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінгі күні аймақ жастары Ресей Федерациясының Үкіметі мен облыс әкімінің гранттары есебінен сұранысқа ие мамандықтар, оның ішінде ІТ саласындағы мамандықтар бойынша білім алуда. Сонымен қатар, Татарстандағы «Иннополис» университеті мен «Microsoft» академиясы және «Сколково» инновациялық орталығымен әріптестік орнатылды.

Одан бөлек, облыс делегациясы Татарстан және Қытай Халық республикасына жұмыс сапармен барып, ондағы «ақылды» және қауіпсіз қалаларды салу, әрі түрлі салаларда инновациялық технологияларды енгізу тәжірибелерін зерттеп келді. Сапар қорытындысымен «Huawei» компаниясы мен «Иннополис» ерекше экономикалық аймақпен меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
«Бизнес-кеңесшіні» оқып, кәсібін ашты
22.06.2018 16:15

Ләззат Алшағырова – жастайынан мал шаруашылығымен етене таныс жан. Оның әкесі мал бағып, шаруашылығын өрлетіп, атакәсіппен айналысады. Сондықтан да Ләззат өз кәсібін ашуды ойлағанда жылқы малын бордақылаумен айналысуды жоспарлайды. Отбасымен ақылдаса келе облыстық кәсіпкерлер палатасына келіп кеңес алады. Сол жерде «Бизнес-кеңесші» сабағына қатысып, кәсіпкерлік саласына қатысты біліктілігін жетілдіреді, сертификат алады.

Бизнес ашудың алғашқы әліппесімен танысқан ол бизнес-жоспарын жасап, қорғайды. «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталыққа жобасын ұсынып, 6 млн теңге несиеге қол жеткізеді.

«Ол несиеге 20 бас жылқы сатып алып, жылқы бордақылау кәсібімді бастадым. Алдағы уақытта жылқының басын көбейткім келеді. Бие сауып, алынған өнімді де тұтынушыларға ұсынуды көздеп отырмын», - дейді кәсіпкер Ләззат Алшағырова.

Кәсіп иесінің мал бағуға ыңғайлы жері, қасында көлі бар. Отбасылық бизнес болғандықтан, Ләззатқа ұлы мен жолдасы көмектеседі. Кәсібін енді бастап отырған отбасының алдағы жоспары да ауқымды.

Мемлекеттік бағдарламалардың бағыт-бағдарын түсініп алған кәсіпкердің енді осы несиені төлеп болған соң инновациялық жобаларға арналған грантқа қатысу да жоспарында бар.

Жері кең болғандықтан жылыжай салуды ойластырып отыр. Қорасында қаз бен тауық ұстап отырған Ләззат оның санын көбейткісі келеді. Одан бөлек бие сауып, денсаулыққа пайдалы сусын қымыз сатумен де айналысуды көздеуде.

«Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында біз кәсіпкерлерге немесе кәсіппен айналыссам деген азаматтарға қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жан-жақты түсіндіріп, саланы игеруге қолдау көрсетудеміз. Палатаға келген кез келген жанға әуелі кеңес береміз, одан кейін сұраныстарына сәйкес «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсу», «Жобалық оқыту» курстары аясында тегін оқытамыз. Бизнес-жоспарын жасап береміз, жобасын қаржыландырғанға, тіпті кейін де сүйемелдейміз. Бұл қызметтердің барлығы да тегін», - дейді бизнес-тренер Асылжан Жолдасбеков.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
ҮКІМЕТ «АТАМЕКЕН» ҚҰРАМЫНАН ШЫҚТЫ: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС БАР?
22.06.2018 16:02

Ұлттық палатаның V съезінде кәсіпкерлер кеңесін құрудың жаңа тәсілдері туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов хабарлады.

ҚР Үкіметінің өкілдері «Атамекен» ҚР ҰКП басқару органдарынан шығарылып, Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Аудандық кеңестер мен Салалық кеңестерді құру үшін, Өңірлік кеңестерде сайлау өткізу үшін құқықтық негіз қалыптасады. Бұл сайлауларды өткізудің тәртібі мен мерзімін Ұлттық палата съезі анықтайды.

«Осыған орай, «Атамекен» Басқармасы өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау ережесінің жобасын дайындады. Онда сайлау бойынша базалық тәсілдер бекітілген. Делегаттар 4 жылға сайланады. Олар тиісті өңірде тіркелулері керек. Бірінші кезеңде кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей дауыс беруі арқылы Аудандық және Салалық кеңестер құрылады», - деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Кейіннен осы кеңестер өзінің құрамынан Өңірлік кеңестің делегаттарын сайлайды. Салалық кеңестер мен аккредиттелген қауымдастықтар делегаттардың 60%-ын сайлайды, ал өңірлік кеңестер – 40%.

«Біз барынша аудандық бизнес-қоғамдастықтың қатарынан ұсынылғанын қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Квотаны есептеуде қалалар мен ауылдарда тіркелген бизнес субъектісінің саны бойынша статистикалық мәліметке талдау жасалды. Ара қатынас 60 та 40-ты көрсетті, яғни кәсіпкерлердің 60%-ы қалада болса, ауылда – 40%», - деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары.

Өңірге қарай кеңес мүшелерінің саны 20-дан 35 адамға дейін өзгереді. Аудандық кеңестердің төрағалары бірден Өңірлік кеңестің құрамына енеді.

Мұнымен қоса жергілікті жерлерде салалық кеңестер құрылады, оның саны мен атауын Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы анықтайды. Өңірлік кеңестің кандидаттарын «Атамекен» ҰКП орталық аппаратының сайлау комиссиясы қарайды.

Рустам Жүрсіновтың айтуынша, аудандық кеңес мүшелерін сайлау арнайы дауыс беру пункттерінде немесе онлайн дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Бизнес-қоғамдастықтың барынша қатысуы үшін сайлау өтетін күн мен орны туралы sms-хабарлама таратылады. Ыңғайлылық үшін сайлау пункттері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында, Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен әрбір ауылдық округте орналастырылады.

Спикер пилоттық режимде Жамбыл облысы Жуалы ауданында өткен аудандық кеңес сайлауының нәтижесімен бөлісті.

«9 бос орынға 15 үміткер тіркелді. Дауыс беруге аудандағы 1350 кәсіпкер немесе белсенді субъектінің 36%-ы қатысты. Аудандық кеңес өзінің Төрағасын сайлады. Пилоттық жоба кеңесті құру тиімді әрі ашық процесс екенін көрсетті», – дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Еске салсақ, кеше Астанада Тәуелсіздік сарайында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V съезі өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Съездің күн тәртібінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарған жұмысы бойынша есептер, ҰКП өтпелі кезеңнің аяқталауыына қатысты мәселелер, Басқарма мүшелерінің өкілеттілігі мерзімін жалғастыру және басқа да сұрақтар қаралды. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының үндеуін жариялады.

atameken.kz

 
Қызылордада шетелдік және отандық инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау үшін арнайы мобильді топ жұмыс істеуде
22.06.2018 15:53

Инвестициялық жобалар мен инвесторларды түрлі жемқорлық тәуекелдерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген «Protecting Business and Investments» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы Сыр елінде жүзеге асырылуда.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов облыс әкімі жанындағы «Инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» өңірлік кеңес отырысында инвесторларды аталған жобамен кеңінен таныстырды.

А.Мұхимов өз сөзінде, жобаның басты мақсаты - инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында инвесторларды түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау және инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту екендігін айтып өтті.

Осы мақсатта инвестициялық жобаны жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Ұлттық бюро департаменті қызметкерлерінен тұратын жедел топ құрылған.

Жедел топ тәулігіне 24 сағат және 7 күн бойы жұмыс істейді және «Казахинвест» акционерлік қоғамының филиалындағы үйлестірушімен тікелей байланыста.

Осыған орай, шілде айында «Казахинвест» қоғамының Қызылорда филиалы мен облыстық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жанынан инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу фронт офистің ашылуы жоспарлануда.

Фронт офисте инвестор мемлекетпен кепілдік етілген қолдау шараларын алумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерден қорғау шараларымен қамтылатын болады.

Департаменттің  баспасөз  қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
22.06.2018 15:50

Қызылордада инвесторларды тарту және аймақтың инвестициялық климатын жақсарту бойынша өңірлік кеңесінің отырысы өтті.

Аймақта инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайдың арқасында ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қызылорда облысының негізгі капиталына 66 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету процесі автоматтандырылғандықтан, техникалық шарттарды алу мерзімі бір айдан 3 жұмыс күнге дейін қысқарды. Одан бөлек, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жобасы аясында қызылордалық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының негізінде инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау фронт-офисінің ашылуы жоспарлануда.

Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Қазақ Инвест» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, «Қазақ Инвест» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев пен мүдделі мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен өңірлік Инвесторларды тарту және Қызылорда облысының инвестициялық климатын жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – инвестицияларды экономикаға тарту екенін атап өтіп, өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Облысымызда барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін бірыңғай Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталықтың жұмысы толықтай автоматтандырылған, сондықтан техникалық шарттарды ұсыну мерзімі 1 айдан 3 жұмыс күніне дейін қысқарды. Біздің тәжірибемізді басқа аймақтар да енгізуде. Аймаққа «зәкірлі» инвесторларды тарту мақсатында 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 11 роуд-шоу ұйымдастырылып, нәтижесінде шетелдік инвесторлармен 3 меморандумға қол қойылды», - деді аймақ басшысы.

2018 жылдың 5 айында негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 15,4 пайызға өсіп, 65,9 млрд.теңгені құрады.

Одан бөлек, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында кез келген сыбайлас жемқорлық оқиғалардың алдын алу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Инвесторларды сыбайлас  жемқорлыққа қарсы қолдау» жобасы әзірленді.

«Қызылордалық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының негізінде инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау фронт-офисінің ашылуы жоспарлануда. Жобаның мақсаты – инвесторларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен барынша қорғау. Болашақта кез келген инвестор Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қызмет алу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау пакетін де алатын болады», - деді облыс әкімі.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Абзал Мұхимов осы жоба туралы баяндама жасады. Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Астанада «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау» жобасы қолға алынып, отандық және шетелдік инвесторларды парақорлық тәуекелдерінен қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету шараларын жүзеге асыратын фронт-офис ашылды. Болашақта мұндай фронт-офистер бүкіл республика бойынша ашылатын болады.

Кеңес отырысы барысында аймақта инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың мән-жайы талқыланып, облыс әкімдігі мен «Қазақ Инвест» АҚ арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары