Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Халық-хабар
МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ БАР
21.08.2019 18:20

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы биылғы алғаш­қы жартыжылдықты қорытындылады. Брифингте сала басшысы Жақсылық Абдусаметов медицина саласында атқарылған жұмыстарды пысықтады. Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің қызметі, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық ахуа­лы, инфрақұрылым, ана мен бала жайына жан-жақты тоқталды.

Брифингте өңірдегі саланың атқарылған жұмыстары сараланды. Соның ішінде, медициналық сақтандыру және мамандарға деген сұраныс, пайдалануға берілген нысандар жайы сөз болды. Жақсылық Әбілқасымұлы денсаулық сақтау реформасын жүзеге асыру­ жұмыстарын тәптіштеп түсіндірді. Қазір облыстың медицина  саласының әлеуеті артып келеді. 2026 жылға дейін 81 млрд теңгеге 107 нысанның құрылысын  салу мен жөндеу жұмыстары жоспарланған. Биыл өңірлік перспективалық жоспар аясында  8,3 млрд теңгеге инвестиция тартуға 21 жобаны іске асыру көзделген. Бүгінгі күні  республикалық бюджет есебінен  апаттық жағдай­дағы 1 ауданаралық аурухана және Шиелі аудандық ауруханасы жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қанайналым  жүйесі ауруынан өлім-жітімді төмендету мақсатында Қазалы ауданаралық аурухана базасында кардиологиялық орталықты қыркүйек айында ашу жоспарлануда.

Республика көлемінде облысымыз 2017 жылы алғаш­қылардың бірі болып Халықаралық ұйым­дармен әмбебеп-прогрессивті моделді енгізді. Соның нәтижесінде жүкті әйелдер мен балалардың үйде қайтыс­ болу жағдайлары азайды. Жыл сайын облыс әкімінің оқу гранты­ тағайындалады. Бүгінде 42 резидент еліміз­дегі 5 жоғары медициналық білім беру орындарында білімін жалғастыруда. Олардың алғашқы 15 түлегі жұмысқа орнала­стырылады. Алайда  Абдусаметов мамандар тап­шылығының әлі бар екенін жасырған жоқ. Қазіргі таңда 205 дәрігердің қажеттілігі сезіледі.  Оның ішінде неонатолог, акушер­-гинеколог  мамандары жетіспейтінін басқарм­а  басшысы­ алға  тартты.

Сақтандыру медицинасын тиімді енгізу үшін жергілікті бас­қармалардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру жалғасуда, медици­налық ақпараттық жүйелер енгізілуде, ал дәрігерлерді компьюте­рлік техникамен және интернетпен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда атқарылған іс-шаралар нәтижесін көрсете бастады. Облыс халқының өмір сүру жасының өскені байқалады. 2014 жылы 71,06 жас болса, 2018 жылы 72,7 жасты құраған.

 
1-СЫНЫПҚА 21 МЫҢНАН АСА БАЛА БАРАДЫ
20.08.2019 17:50

Апта басында өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова алты айды қорытындылап, брифинг өткізді. Атқарылған жұмыстармен қатар, «Жаңа оқу жылына дайындық қалай?», «Оқу жылында қандай жаңашылдықтар бар?» деген секілді бірқатар сауалдарға да жауап берді.

Жалпы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейі бойынша облыстағы балабақшалар саны 667-ге жетіп, онда 61 мың бала тәрбиеленуде. Жекеменшік балабақшалардың үлесі барлық балабақшаның 72 пайызын құрайды. Осыған дейін Арал, Қазалы аудандарынан 85 орынға арналған 2 жеке балабақша, Қызылорда қаласынан 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылған. Балабақшада жұмыс істейтін 165 тәрбиеші біліктілік арттыру курсынан өткізілсе, жыл аяғына дейін 615 тәрбиешіні курстан өткізу жоспарланған. Бұл – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту турасындағы жаңалықтар. Шынын айту керек, бұл салада әлі шешімін таппай келе жатқан мәселелер аз емес. Бірақ, жаңа оқу жылы қарсаңында көпшіліктің ықыласы орта білімге қатты ауып тұр.

Жаңа оқу жылында облыстағы 293 мектепке 164 500 оқушы келеді деп күтілуде. Оқушылардың контингенті 2018 жылмен салыстырғанда 10 мыңға көбейеді. Қазіргі есеп бойынша, облыста 1-сыныпқа 21553 оқушы қабылданады.

- Биыл жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 4, 9, 10-сыныптар көшуге дайын. Осы сынып оқушыларына оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алу үшін жергілікті бюждеттен 1,7 млрд теңге бөлініп, 15 баспаханамен келісімшарт жасалды. Тасымалдауға 15,7 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде, - деді Майра Тұрғанбайқызы.

Жаңартылған мазмұнға сәйкес 10-сынып оқушылары «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сынды жаңа пән оқиды. Биылғы жылдың тағы бір жаңалықтарының бірі мектептерде ыстық тамақ ұсыну, лагерьге жолдама беру, 1-сыныпқа оқуға қабылдау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі автоматтандырылды. Облыста цифрландыру қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Барлық мектептер 100% кеңжолақты интернетке қосылған.

Өткен жылы 156 жаңа модификациялы пәндік және 92 робототехника кабинеті алынды. Сонымен қатар, 9 оқушылар үйі «3D Моделдеу» және «Цифрлы лаборатория» кабинеттерімен жабдықталды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 8096 дана компьютер паркі жаңартылды. Арнайы планшеттермен қамтамасыз етілді. Шағын жинақталған 23 мектепке «BilimBook» кешендері берілді.

Жаңа оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға барлығы жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге қаржы бөлініп, оның 82 пайызы немесе 1,4 млрд теңге жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 4, 9, 10-сыныптардың оқулықтарын сатып алуға жұмсалуда (36 920 оқушыға 684 мың дана оқулық). Қалған 300 млн теңге басқа сыныптардың (1, 2, 3, 5, 6, 7 ,8-сыныптар) қажетті оқулық қорларын толықтыру үшін бағытталған. Бүгінгі күнге 15 баспаханамен келісімшарт жасалып, 30 пайыз қаржысы аударылған.

Оқулықтарды тасымалдау үшін 10 кәсіпкерлік субъектісімен 15 млн теңгеге келісімшарт жасалып, тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. 25 тамызға дейін толық жеткізілетін болады. Білім басқармасы тарапынан оқулықтардың баспадан алынуы мен тасымалдануына күнделікті мониторинг жасалуда.

1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде. Биылғы жылғы акция «Жүректен жүрекке!» ұранымен ұйымдастырылуда.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларына қайырымдылық көмек көрсету және олардың мектепке бара алмай қалуының алдын алу.

Акцияны өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Акция барысында көмек көрсетуді жан-жақты үйлестіру мақсатында облыстық білім басқармасы және «Жомарт» қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойылды. Осы бірлестіктің қоғамдық қорына облыстық басқармалардан 806 мың теңге аударылды. Бүгінгі күні акция аясында 5051 балаға 34 млн теңгеге мектеп формасы мен оқу құралдары алынды. Акция әлі жалғасып жатыр.

- Облыс бойынша 29 техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 20985 студент оқу жылын аяқтады (16 мемлекеттік, 13 жекеменшік оқу орындары). Оның ішінде 6500 студент колледж бітіріп, дипломын алды. 835 студент маусым айында ҰБТ-ға қатысты. 2019-2020 жаңа оқу жылына жергілікті бюджеттен 3128 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлініп, колледждерге конкурстық негізде орналастырылды. Сонымен бірге, «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы аясында жаңа оқу жылына жергілікті бюджеттен 1515 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінді, - деді облыстың бас педагогі.

2019 жылы колледждердің білім беру жүйесін автоматтандыру үшін жергілікті бюджеттен 32,8 млн теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде, 8-і мемлекеттік қызметтен электронды түрге көшкен. Талапкерлер колледждерге түсуге тиісті құжаттарды электронды түрде тапсыруда.

Брифинг соңында біз «Халық» газетінде көтерілген «Ер педагог неге аз?», «Бастауыштан бастамасақ болмайды» деген мақалаларды негізге ала отырып, спикерге сұрақ қойып, осы тақырып туралы ойын білдік.

- Бұл – бұрыннан бар үрдіс. Бірақ, соңғы 5 жылмен салыстыратын болсақ, қазіргі таңда мектептерде ер-азаматтардың үлес салмағы көбеюде. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, тарих және математика секілді пәндерде ер педагогтер бар. ҰБТ-да оқушылардың таңдаған пәндеріне қарап, ер балалардың педагогика саласына бетбұрысы бар екеніне, саны өскеніне көз жеткіздім. Сондықтан да, бұл өзекті мәселе емес. Соңғы өзгерістерге, «Ұстаз мәртебесі» туралы Заңға байланысты ер балалардың педагогикалық мамандықтарға келетініне сенеміз, шақырамыз, - деді облыстық білім басқармасының басшысы М.Тұрғанбайқызы.

Қалай десек те, бұл тақырыпқа атүсті қарауға болмайды. Сондықтан алдағы уақытта аталмыш мәселені бас педагогтің назарына қайта салмақ ойымыз бар. Өйткені, педагогика саласына ер-азаматтарды тарту турасында жаңа бағдарлама қабылданып, бірнеше артықшылық берілуі тиіс деген пікірде екенімізді жасырмаймыз.

Рыскелді  ЖАХМАН

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
20.08.2019 17:40

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды және оларды шешу бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалхаров облыс аумағындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

"Есепті кезеңде облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша "Автобус", "Қауіпсіз жол", "Жаяу жүргінші", "Құқық тәртібі" және т.б. жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, қала және аудандардағы полиция қызметі күшейтілген түріне көшіріліп, «Түнгі қала», «Қауіпсіз аула» атты қысқа мерзімді жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде»,- деп мәлімдеді С.Шалхаров.

Сондай-ақ, облыс көлемінде жол апаттарылың алдын алу мәселелерін насихаттау мақсатында, 2019 жылдың сәуір айынан бастап қыркүйек айына дейін айына бір рет «Жолда қабылдау» акциялары ұйымдастырылуда, республикалық және жергілікті БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде тиісті ақпараттық материалдар жарияланып, ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді.

Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, жолда жылдамдықты асыру фактілерін дер кезінде анықтау және болдырмау үшін облыс орталығы мен аудан орталықтарында автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы жылдамдық өлшегіштерді орнату ұсынылады.

Одан бөлек, Республикалық маңызы бар автожолдарда үй жануарларының көлік жолына кенеттен шығуына байланысты 47 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде адам қайтыс болған фактілері тіркелген. Осыған байланысты түнгі уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ірі қара мал иелеріне жарық шағылыстыратын алқаларды тағу бойынша жұмыстарды қайта жалғастыру, сондай-ақ халықаралық маңызы бар автомобиль жолының бойында "Абайлаңыз, үй жануарлары!" паннолары мен металл қоршау торларын орнату туралы ұсыныс айтылды.

Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия отырысында түрмедегі жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастыру және аталмыш комиссияның өткен отырыстарының хаттамалық тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.

Отырысты қорытындылай келе, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жауапты тұлғаларға жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша аймақтық Жол картасын дайындауды, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Қызылордада 107 мектеп пен мемлекеттік жоғары және кәсіптік техникалық оқу орындарында кәсіпкерлік негіздері оқытылады
20.08.2019 17:37

«Атамекен» ҰКП мен Білім және ғылым министрлігі қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 50 мыңға жуық студентті кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр. Бұл студенттерді республика бойынша арнайы біліктілік курстарынан өткен 821 оқытушы оқытпақ.

Оның ішінде биыл Қызылордада 107 орта мектеп пен мемлекеттік жоғары және кәсіптік техникалық оқу орындарында оқушылар мен студенттерге кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатын болды. Кеше Сыр өңірінде аталмыш пән бойынша оқытатын мұғалімдер мен оқытушыларға әдістемелік бағыт-бағдар беруге арналған 10 күндік оқыту курсы басталды.

19-29 тамыз күндері Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының 56 мұғалімі, сондай-ақ облысқа қарасты жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 39 оқытушысы оқытылса, қалған аудан мұғалімдері қыркүйек айында біліктілігін жетілдіретін болды.

Оқу курсы барысында оқытушылар маркетингтік зерттеу жүргізу, анализ жасау, бизнес-модель, жоспарлау, кәсіпкерлік мәдениет және т.б. тақырыптар бойынша білім алады.

«Мектеп оқушылары мен студенттерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы жастардың жоспарлау, талдау жасау, шешім қабылдау қасиеттерін дамытуды, болашақта жеке кәсібін ашуға ниетті азаматтар қатарын арттыруды көздейді. Қазіргі өтіп жатқан курс 10 күнге жоспарланған. Алайда біздің бизнес-тренерлеріміз 3 ай көлемінде мұғалімдер мен оқытушылардың оқу бағдарламасына, өткізу әдісіне сүйемелдеу жүргізетен болады. Осылайша, «Атамекен» ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсетуді жоспарлап отыр», - дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлмира Әлназарова.

Айта кету керек, «Кәсіпкерлік негіздері» пәні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2014 жылы пилоттық негізде Қызылорда қаласындағы № 9 мектеп-гимназиясында енгізілген болатын. Жобаның тиімділігі ескеріле келе «Атамекен» мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы ретінде республиканың барлық мектептеріне енгізу жөнінде шешім қабылданды. Енді аталмыш пән жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының 3-4 курс студенттерінің оқу бағдарламаларына да енгізілмек.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ
20.08.2019 17:35

Бүгінгі таңда өңірдегі құрылыс компаниялары жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтады. Бұл туралы мәслихаттың 35 кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов хабарлады.

"17 тамызда сенбі күні Президент тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Түркістан облысында жұмыс сапармен болды. Жұмыс сапары барысында Асқар Ұзақбайұлына Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндадым. Сыр құрылысшыларына және халқына қиын жағдайда қолдау жасағаны үшін Премьер-Министр өз ризашылығын білдірді", - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі, өз кезегінде, Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жылдам әрі сапалы орындағаны үшін құрылысшыларға алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, онда жөндеу жұмыстарының нәтижесін көріп қайтты. Қызылорда облысына Арыс қаласындағы № 6 учаске бөлінген, онда 14 көшеде 268 тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан. Бүгінгі күні қалпына келтірілмейтін үйлердің бірі бұзылып, оның тұрғындары үшін жаңа үй сатып алынды, басқа үйдің тұрғындары үшін (93 жастағы әже, оның 60 жастағы мүгедек ұлы және 19 жастағы немересі) және бір аулада тұруға жарамсыз 2 үйдің тұрғындары үшін жаңа тұрғын үйлер сатып алынды. Қалған 264 үй толығымен қалпына келтірілді.

Қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған болатын. Бүгінгі таңда Қызылорда облысына бөлінген жұмыстар толығымен аяқталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары