Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ АУЫСТЫРМАСА, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙ МЕ?
27.12.2013 16:54

Халық арасында «жеке куәлікті жаңа чиптік үлгіге ауыстырмаса, 2014 жылдан бастап айыппұл төленеді» деген алып – қашпа әңгіме бар-тұғын. Қауесеттің қауқары мықты екен. Себебі осы сыбыстан соң жұртшылықтың жартысынан көбі халыққа қызмет көрсету орталығына қарай жүгірген. Тіпті күніне 7000-8000 адамға дейін табалдырық тоздыратын көрінеді. Осы ретте «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Әбибуллаева:

- Орталыққа халықтың көптеп келуінен жұмыс апыл-ғұпыл бітіп жатыр. Біздің мұншалықты тұрғынға қызмет көрсетуге шамамыз келмейді. Әрбір азаматқа 20 минут көлемінде қызмет көрсетуіміз керек. Шала-шарпы орындалған жұмыстың сапасы кемиді. Жарамдылық мерзімі көрсетілген төлқұжаттарыңызды ауыстыру аса қажеттілікке айналып тұрған жоқ, - деді баспасөз мәслихатында.

Сарсаңға салған қауесет жұртшылықты әбден әбігерге салды. Куәліктің жарамдылық мерзімі өткен немесе жоғалтып алған жағдайға ғана міндетті түрде ауыстыру қажет. Төлқұжатқа қатысты тағы да аз-кем ақпарат түсті. Бұрындары шетелге шығатын төлқұжаттың мерзімін 10 жылдан кейін ұзартып алуға болатын еді. Жаңа заңға сәйкес қатып қалған уақыттан асырып қолдануға тыйым салынады.

Электронды төлқұжатты бүгінде көптеп қолданатындардың көш басында жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және жастар тұр. Көп жағдайда банк пен салық комитеті қызметкерлері электронды жеке куәлік болмаса, кері қайтарып жатқан жайттар да кездескен. Бұны «Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры аталмыш мекемелерге құлаққағыс ретінде атап өтті.

- Электронды төлқұжатқа көшпеген тұлға ешқандай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Кез келген мекемеге қолыңыздағы мерзімі өтпеген төлқұжатыңызбен бара беруіңізге болады,- деді облыстық көші-қон полиция басқарма басшысының орынбасары Сағындық Камитбеков.

Жеке куәлік жоғалған жағдайда оның орнына жүретін уақытша төлқұжат беріледі. Оның көрсетілген мерзімге шейін түпнұсқадан айырмасы жоқ. Қазақстан ішінде сол арқылы билет алып, мүмкіншіліктерді толықтай пайдалануға болады. Алайда құқықтық келісімшартқа қол қою процесіне бұл төлқұжат қатыстырылмайды.

Г.ЕСІМОВА

 
ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
27.12.2013 16:32

Бүгін Қызылордада 2013 жылы ерекше белсенділігімен көзге түскен кәсіпкерлерге лайықты құрмет көрсетілді. Оларды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев марапаттады.

Аймақ басшысы шара барысында шағын және орта бизнесті дамыту бағытында мемлекеттік деңгейде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айта келе, саланың үздіктерін марапаттады.

Олардың қатарында «Бест Сервис», «Сымбат Ойл», «Аквалайн», «Раим», «Асбол», тағы басқа серіктестіктер мен бірқатар банктің директорлары, шиелілік жеке кәсіпкер Айткүл Әбдіқадырова, Қазалы мен Шиелі аудандарының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің басшылары Әліби Әбиев, Рысбай Нысанханов бар.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» омырау белгісімен қолөнер шебері, зергер Құдайберген Құлмамбетов, «Туризм саласының үздігі» омырау белгісімен облыстық тарихи өлкетану мұражайының Қорқыт ата филиалының директоры Айдос Ниязов, облыс әкімінің құрмет грамотасымен «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС-нің директоры Бақтияр Әбдіраманов марапатталды.

Өңір басшысының бизнес қауымдастықпен кездесуінде Сыр еліне іссапармен келген еліміздің туризм комитетінің төрағасы Марат Иғалиев сала үздіктерін құттықтап, оларға еңбекте табыс тіледі.

Назерке САНИЯЗОВА

 
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
27.12.2013 13:45

Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті XXV сессиясында Қызылорда қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті бекітілді.

Қызылорда қаласы бүгінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы қарқынды дами отырып, облыс аудандарын дамытушы экономикалық өсу, халықты өзіне тарту «нүктесіне» және аймақ экономикасының барлық салаларындағы өзгерістердің «локомотивіне» айналуда.

Облыста өндірілген өнімнің 94,4 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Жыл басынан бері қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 1 трлн. 152 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

2014 жылы қала бюджетінің өз кірісі 16 млрд. 300 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 197,2 пайызды құрады (2013 жылы - 8,2 млрд. теңге).

Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген трансфертті қосқанда 2014 жылдың бюджет көлемі 24 млрд. 600 млн. теңгені құрауда.

2014 жылдың бюджетін қалыптастыру барысында салық базасына байланысты жұмыстар атқарылды, нәтижесінде қалалық бюджетке түсетін жеке табыс салығы 77,6 пайыз, әлеуметтік салық 70 пайыз болып белгіленді, тиісінше облыстық бюджетке 22,4 және 30 пайыз.

Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап қала бюджеті субвенциясыз, 2015 жылға 2 млрд. 91 млн. 682 мың теңге, 2016 жылға 4 млрд. 19 млн. 307 мың теңге алып қою қаралуда.

Қалалық бюджеттің жалпы шығындар көлемі (трансферттер, бюджеттік кредит беру және қарыздарды өтеуді қоса есептегенде) 2014 жылы 24 млрд. 600 млн. теңге, 2015 жылы 18 млрд. 900 млн. теңге, 2016 жылы 21 млрд. 200 млн. теңге жоспарлануда.

Қала бюджетінің 60,8 пайызы білім беру саласына арналуда. (трансферттерді есептемегенде, 9,9 млрд. теңге).

Бюджетті қалыптастыру барысында қала тарапынан облыстық басқармаларға ұсыныстар енгізіліп, төмендегіше қолдау тапты:

2013-2014 оқу жылында ашылған 64 класс-комплектіге қаржы қарастырылуда. Мұнан өзге мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төленуін, мектеп мұғалімдеріне экологиялық үстеме ақының төленуін, 1-2 сынып оқушыларын 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін толық қамтамасыз ету көзделуде.

Сонымен қатар, қала бюджетінен білім бөліміне қарасты мектептерді өртке қарсы құралдармен және өрт анықтау жүйелерімен қамтамсыз етуге, білім саласы мекемелерінің жылу маусымына және білім беру саласы нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына арнайы қаржы жоспарланды.

Бюджет көлемінің 21,2 пайызын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарын ұстау шығындары (3,4 млрд. теңге) құрайды.

2013 жылы осы салаға қарасты атқарылған біршама жұмыстар бойынша шығындар 2014 жылдың бюджетінде ескерілді.

Бюджет көлемінің 1,4 пайызын ауылдық және кент округтерінің шығындары (345,6 млн. теңге) құрайды. Бұл - 2013 жылмен салыстырғанда 165,8 пайыз.

Оның ішінде, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, көшелерін жарықтандыруға, абаттандыру және көгалдандыруға, жолдардың орташа жөндеу жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде мәдени-демалыс жұмыстарына қаржылар қарастырылды.

Нәтижесінде ауылдық және кент округтеріне 2014 жылға 1 млрд. 619 млн. 800 мың теңге бағытталып отыр.

Сессия отырысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жыл ішінде жүргізілген нәтижелі жұмыстарды жүзеге асыруға қолдау білдірген халық қалаулыларына ризашылығын жеткізе отырып, тұрғындардың өзге де өзекті мәселелерін шешуде бірлесе жұмыс жасалатындығын жеткізді.

 
СЫР ЕЛІНІҢ ҚАДІРМЕНДІ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ!
27.12.2013 13:25

Біздің баршамыз қазіргі кезде Жаңа жыл қарсаңындағы қым-қуыт қарбалас тірлікті бастап кеттік десек те болады. Жаңа жылды тағатсыздана күте отырып, біздер кезекті өмір белесіне, алда белгіленген мақсаттарға қарай жаңаша қадам жасауға қамданудамыз. Бұл уақыт сонымен бірге әрбір күні мерекелік көңіл күйі сезімдерімен – ең жарқын мезеттерге, ізгілік пен үміттерге жетелейтін және әрқашанда ғажайып дүниеге айналып сала беретін сәттермен толыға түсетін мерейлі мезгіл болып отыр.

Өтіп бара жатқан 2013 жыл «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы үшін жемісті болды әрі бұл жыл көптеген маңызды оқиғалармен аталып өтілді. Компания мұнай өндіру бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін абыроймен орындап шыға отырып, аймақтың, республиканың әлеуметтік-экономикалық жағынан өсіп-өркендеуіне үлес қосты. Біздер алда келе жатқан 2014 жыл биылғы жылдан дәстүрлі үрдісті қабылдап алып, жаңа жеңістер мен жетістіктерге жеткізер қайырлы жыл болады деп зор сенім артпақпыз.

Қымбатты қызылордалықтар! «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының атынан сіздерді төрімізге төрлеткелі отырған Жаңа 2014 жылмен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, сабырлы жан тыныштығын, отбастарыңызға молшылық пен гүлдену тілейміз! Жаңа жыл сіздерге аман-есендік тұрмыс шаттығын сыйласын, келешек күндерге деген берік сенімдеріңізді одан әрі нығайта түссін, ал табыс тартулары кез келген тың бастамаларыңыздың айнымас серігіне айналсын!

Жаңа жыл сіздер үшін әрдайым базарлы шақтағы бақыт жылы болғай!

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ

Басқарма  төрағасы                                                                 Фан Цзячжун

 
ШИЕЛЕНІСКЕН ШИКІЛІКТЕР КӨП
25.12.2013 16:34

Елбасы Сыр өңіріндегі биылғы іссапарында өңір экономикасының өрлеуіне шағын және орта кәсіпкерліктің тигізетін әсері мол екендігін қадап айтқан болатын. Шыны керек, аймақтың әлеуметтік деңгейі күні бүгінге дейін сын көтермейтін жағдайда еді. Қазір аймақ экономикасы жоғары рейтингтен орын алмаса да, қалыпқа түсіп келеді. Осыған орай, қалада индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2013 жылдар аралығында өнеркәсіп алаңдарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілд3. Негізгі мақсат айқын – жаңа жобаларға жол ашу, инвесторлардың тиянақты жұмыс атқаруына тиімді жағдайлар жасау.

Бұл жұмыстар турасында шиеленіскен шикіліктер жоқ емес. Осыған дейін кәсіпкерлер палатасының бизнес алаңына түрлі жоба жетекшілері келіп, өз мәселелерінің басын ашып айтқан болатын. Олардың сөзіне сенсек, аймақ көлемінде «түйенің етін жеген» жобалар бар екен. Ал облыс бойынша индустриялық картаға бас-аяғы 23 жоба ғана енген. Айта кетейік, индустриялық аймаққа арнайы 760 гектар жер бөлінген. Мәселен, Қызылорда жылу электр орталығы орналасқан ауданда көлемі 44 гектарды құрайтын индустриялық алаң құрылған. Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір инженерлік жүйені жеткізу бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталып, автокөлік жолдары, электр қуатымен жабдықтау, газ, телефон, жылу және кәріз жүйелері жүргізілген-міс. Бас мердігер – «Orion LTD» ЖШС. Алайда аталған индустриялық алаңды алдын ала көру және жоба жетекшілермен кездесу барысында аталған инфрақұрылымдардың жоқ екендігі расталған. 2012 жылы инфрақұрылымды жетілдіруге 720,1 млн. теңге қаралып, бас мердігер «Orion LTD» ЖШС инфрақұрылымның құрылыс монтаж жұмыстарын желтоқсан айында аяқтаған. Мердігер мекеме басшылығы меншік иесі болмауына баййланысты нысандағы инфрақұрылым құрылыс материалдарының ұрлану қаупі бар екен. Бүгінге дейін жалпы индустриялық жобалар бойынша мониторинг жүргізілмегендігі де расталып отыр.

Сейсенбіде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен «Индустриялық аймақ пен өнеркәсіп алаңы саласындағы маңызды проблемалар» тақырыбында кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.

- Біз, ең бастысы, бизнесмендерге қолдау көрсетіп, нақты бағыт-бағдар сілтеуіміз қажет. Аймақта кәсібін дөңгелетемін деген азаматтар шетте қалмайды. Керісінше қуана-қуана демеуге тырысамыз. Бұл өңірдің өркендеуіне де жақсы. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қызықтыратындай бизнес түрін ұсынып көрсек, олар одан әрі ауқымын кеңейтер еді,- деді Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Абсаттаров.

Жиын барысында Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы М.Имандосов, кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Т.Сүлейменовтер түйінді тақырып төңірегінде өз пікірлерін білдірді.

Облыста жаңа жобаларды қолдау бағытындағы мемлекеттік қолдау түрі өз деңгейінде емес. Өңірлік кәсіпкерлік палатасы индустриялық аймақ және өнеркәсіп алаңдарын дамыту бағытында ақсап тұрған шаруалардың қайта жандануы үшін жаңа жопарлар құрмақ.

Ә.БОЗАНОВА

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары