Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҮЗДІК ТАУАРЛАР ӨЗІМІЗДЕ ӨНДІРІЛЕДІ
13.09.2012 11:05

Отандық тауар өндіру саласы соңғы жылдары Сыр өңірінде де қарқынды дамып келеді. Бұған статистикалық мәліметтер де дәлел бола алады. Оған кешегі аптада «Нұрсәт» теннис орталығында өткен «Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік көрме-конкур­сында тағы бір куә болдық.

 
ЕЛБАСЫ мен ХАЛЫҚ тікелей байланыс орнатты
05.09.2012 16:02

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірі Елбасымен тікелей желіде байланысқа шығып, интерактивті дәріс тыңдады­. Оған республика бойынша 5 миллионнан астам оқушылар, студенттер, мұғалімдер, оқытушылар және балабақша қызметкерлері мен барша қазақстан­дықтар қатысып, көкейлерінде жүрген сауалда­рға жауап алды. Облыс орталығындағы «Бегім ана» балабақшасында өткен шара барысында сыр­бойылықтар Елбасының алғашқы танымдық-ағар­тушылық «Білім» телеарнасын іске қосқанын телекөпірден тамашалады. Арна өз жұмысын мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың интерактивті дәрісін таратуд­ан  бастағанына  барша  жұрт  куә  болды.

Миллиондаған көрерменнің қатарынан орын алған қызылордалықтар Елбасының «Балапан» бағдар­ламасы аясында іске қосылған «Бегім ана» балабақшасында жиналды. Мұнда 300-ге жуық бала тәрбиеленуде. Елімізде осы іспеттес 3528 тәр­бие орны ашылып, 230 мың бала балабақшамен қамтылды. Нәтижесінде жұмыспен қамтылған әйелдер саны 190 мыңға жеткен. Мемлекет әр адамды қаржыландыру жүйесін енгізгелі жекеменшік балалар саны артты. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарай мектеп жасына дейінгі балалардың 74 пайызын балабақшамен қамтуға мүмкіндік бермекші. Дәріс соңын­да байланысқа шыққан аймақтар тарапын­ан түрлі сауалдар қойылды. Сыр елінде балабақ­шалар саны артып келе жатқанына алғысын білдірген ата-ана М.Мырзағұлова облысымызда бала туу көрсеткішінің жоғары екендігіне байла­нысты  әлде де балабақшалар  қатары көбейсе деген тілегін жеткізді.

- Бұл заман – білекке емес, білімге сенетін заман. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл ойы, азаматтығымыздың алдаспаны. Сондықтан да Тәуел­сіздік алған жылдары бізде ешқандай мүмкіндік болмады. Тәуелсіздіктен бері қарайғы 20 жыл ішінде зор жетістіктерге жеттік. Оқу орындары салынды. Сондықтан мән беріп отырғанымыз, басқа универ­ситеттердің білікті маман даярлауда еңбегі зор. Назар­баев  университеті де өзгелерге үлгі болады деген­ сенімдеміз, - деді сөз арасында Елбасы Н.Назар­баев.

Тікелей желі байланысында еліміздің барлық қалалары мен облыстарынан өзге АҚШ-тың Вашингтон қаласында «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жат­қан қазақ студенттері де атсалысты. Жалпы алғанда тікелей эфирге республиканың түрлі аймақтарынан білім және ғылым саласының 13 нысаны қосылып, тұрғындар тарапынан Елбасына сауал жолданды. Дәрістен соң мемлекет басшысы елдегі білім және ғылым жүйесін жалпы­ұлттық жаңғырту стратегиялары мен басым­дықтарынан мәлімет беретін көрме жұмысымен танысты.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕГІ ТАҒАЙЫНДАУЛАР
05.09.2012 16:01

Күз мезгілі қалай келді, қала билігінің саяси «қазаны» қызу қайнады. Нақты айтқанда, қала әкімдігінде де ауыс-түйістер орын алды. Кешеі  болған актив жиынында қала әкімі М.Жайымбетов бұған дейін қаланың­  экономикалық саласына жетекшілік жасап, қала  әкімінің орынбасары лауазымын  атқарған Ардагер­ Ақжігітовтің қызметіне өз алғысын білдірді. Одан кейін қала әкімдігіндегі бірқатар кадрлық өзге­ріс­термен  таныстырды.

Сонымен, қала әкімі­нің орынбасары болып Қайрат Бекенов тағайындалды. Ол бұған дейін қалалық құрылыс бөлі­мінің бастығы қызметін атқарды. Отыз алты жастағы Қайрат Есенгелді­ұлының мамандығы – инженер-механик, экономист әрі құрылысшы, 2000 жылы «Сәт сапар» кооперативінде механиктен басталған еңбек жолы сәтті болып, бірнеше­ серік­тестіктерде директор қызметін атқарды. 2010 жылдың мамырынан қа­лалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бө­лімінің жетекші маманы қызметінен былтырғы нау­рыз айында қалалық құрылыс бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Біліктілігімен, ұйымдас­тырушылық қабілетімен, өзіндік тәжірибесімен та­нылған маман енді жаңа қызметінде де сенім үдесінен шығады деп ойлаймыз.

Ал, қалалық құрылыс бөлімінің бастығы қызме­тіне ауысу тәртібімен қала әкімі орынбасарының кө­мекшісі – бас инспектор Асылбек Әнуарбеков келді. 1977 жылы туылған А.Ән­уарбекұлы құрылыс және шаруашылық инженер-құрылысшы мамандығын меңгерген. Еңбек жолын «Қызылордаводстрой» ПМК №9 мекемесінде монтаждаушы болып бас­таған ол бір-екі жылдай жұмыспен қамту орталығында есепте тұрды, №233 мектепте мұғалім, қала әкімі аппараты қаржы шаруаш­ылық бөлімінде шебер, жетекші маман, бас маман болды. 2009 жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басты­ғының орынбасары, содан соң қала әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің, әлеу­меттік-экономикалық дамыт­у секторының бас иснпек­торы, меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы болып­ келген Ғалымжан Еркебай қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. 1981 жылы Сырдария ау­да­ны Шаған ауылында туылған Ғ.Бақтығалиұлы жерге орналастыру және заңгер мамандығын меңгерген, еңбек жолын «Шаған» агро­фирмасында жұмысшы болып­  бастап, «Қызылордажер» МКК-да еңбек еткен. 2008 жылдан бері қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде жетекші маман, бас маман және бөлім бастығының мін­детін атқарған.

Ал, қалалық жер қа­тынастары бөлімінің бастығы Пакуатдин Шамұратов ауысу тәртібімен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы лауазымына барды. Орда бұзар отыз жасқа қадам басқан П.Сыра­жадинұлы – Қазалының тумасы, мамандығы – жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіруші. Еңбек жолын 2006 жылы «Қазалы-Құрылыс» ЖШС-де геодозист болып бастаған ол осы серіктестік директорының міндетін атқарды, «Жер KZ» ЖШС-де маман, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман, қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары, бөлім бастығының мін­детін атқарушы болды. 2011 жылдың наурызынан аталған бөлімнің бастығы қызметін атқарды.

 
ОБЛЫС ӘКІМІ ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІНДЕ САБАҚ БЕРДІ
04.09.2012 10:56

Сенбіде еліміздегі барлық білім ошақтарының есігі айқара ашылды. Ал, Сыр елінде жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақты онлайн жүйесінде облыс әкімі Болатбек Қуандықов жүргізді.

Сабақ Қызылорда қаласындағы ғасырлық тарихы бар №6 мектептің базасында өтіп, диалог түрінде өрбіді. Оған аудандар мен облыс орталығындағы мектептер қосылып, балалар белсенділік танытты. Алдымен әкім аймақтағы білім саласының аяқалысын аз-кем бағамдады. Елбасының тұрақты қамқорлығының арқасында мектептердің материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Барлық аудандарда әсем де еңселі білім ошақтары бой түзеуде. «Біздің бүгін онлайн жүйесінде байланыс жасап отырғанымыз да – білім-ғылымның озық жетістігі. Қазіргі таңда облыс мектептерінде 10 мыңға жуық компьютер бар. Ол және жыл сайын толығып, жаңарып отырады. Қазіргі кезде 1 компьютерге 14 оқушыдан келеді. Келешекте 285 мектеп интернет жүйесіне қосылған, ал 159 мектептің кеңжолақты интернетке шығу мүмкіндігі бар. Мектептер кезең-кезеңімен түгелдей интернеттің осы түріне ауысатын болады», - деді аймақ басшысы.

Білім күнінде әкім және бір жақсы жаңалықпен бөлісті. «Қазіргі күні қалада қазақ-түрік лицейі мен Назарбаев Зияткерлік мектебі салынуда. Көп ұзамай ел игілігіне беріледі», - деді Б.Қуандықов. Интеллектуалды мектеп 700-ден астам балаға арналған. Қасында 120 орындық жатақханасы болады. Диалог-дәріс те осыған байланысты сұрақпен басталды. «Бұл мектепке балалар қалай іріктеледі?», - деп сауал тастады Қазалыдағы №266 мектеп-лицейдің оқушысы Ақжамал Алдамұрат. Аймақ басшысының айтуынша, ол үшін кіл бестікпен оқу, үздік болу міндет емес. Ең бастысы, физика, химия және биологияны жетік білу шарт. Негізінен осы пәндерге басымдық берілмек. Оны бітірген жастың алдағы уақытта Астанадағы Назарбаев Зияткерлік университетінде білімін жетілдіруіне мүмкіндігі жеткілікті. «Мектеп Қызылорда қаласында орналасқанмен, балалар аудандардан да келіп оқи алады. Сұранысқа сай жатақхана аясын кеңейтіп қалармыз», - деді Б.Қуандықов.

Білім күніндегі онлайн-сабақта оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып қалуға тырысты. Жаңақорғандық Ақниет Жәрімбет (№169 орта мектептің 9 сынып оқушысы) болашақта «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» дәлізінің бойында туризмді жандандырмақ ойда. «Маған сол кезде жеке кәсіпкер ретінде мемлекет тарапынан көмек бола ма?» деген оқушы сауалына облыс әкімі туризмді дамыту мемлекеттік мүдде екенін, сондықтан кәсіпкерлер қай кезде де қолдаудан кенже қалмайтынын жеткізді.

Ең қызығы, балалардың бүгінгі ел ағасы, кешегі жас маманның алғашқы жалақысын қалай жаратқанын білгісі келгені. «Мен ең алғашқы жалақымды мектепте оқып жүргенде алғанмын. Шынымды айтсам, бала болып, бір рет те лагерьге барып көрмеппін. Ауылда тұрамыз. Жаз бойы тірліктен қол босамайды. Колхоз жұмысына да мектепте оқып жүріп араластым. Шөп орып, ақша табамын. Ең бірінші 5 сом 30 тиын тиді қолыма. Оған анама электр самауыр алып бергенмін», - деп еске алды балалығын аймақ басшысы.

Назерке САНИЯЗОВА

 
ЖОЛ АПАТЫ ЖИІЛЕП КЕТТІ
03.09.2012 17:33

Сақтансаң, сақтайды!

Соңғы кездері жан түршігерлік сипаттағы жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Бұған себеп іздей бастағанда сала мамандары жүргізушілердің қатты жылдамдықпен жүйткитінін айтса, көлік жүргізушілері жолдардың сапасыздығын алға тартады. Бұл жерде біреуді ақ, біреуді қара деп шешім шығаруға болмайды. Өйткені, апаттың айтып келмейтінін ескерсек, жолдың сапалы еместігін білген әр жүргізуші өзінің және жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жылдамдықты баяулатып жүргені дұрыс. Сонымен қатар жол ережесін бұзу да көліктердің соқтығысуына әкеп тірейді. Осындай жол апаты тамыз айының 29-ы күні Қызылорда – Тереңөзек тасжолының 16-шақырымында орын алды. Жедел жеткен құтқарушылар «Мерседес» және «Мазда» маркалы автокөліктерінің соқтығысып, жол көлік оқиғасының салдарынан 6 адамның әртүрлі жарақаттармен зардап шеккендігін анықтады. Нәтижесінде «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекші бөлімшесі көмегімен автокөліктен бір зардап шегушіні шығаруға көмектесіп, 4 зардап шегуші адамды жедел-жәрдем автокөліктерімен ауруханаға жедел жеткізілуіне жәрдем жасады.

Жасыратыны жоқ, жүргізушілердің салғырттығынан да түрлі деңгейдегі жол апаттары жиі орын алады. Мәселен, көлік тетіктерінің дұрыс жұмыс жасамауы, жол ережесін білмеу, спирттік ішімдік ішіп көлік басқару, ұзақ жолға шыққанда аса қатты жылдамдықпен жүру секілді немқұрайлы әрекеттердің соңы кейде орны толмас қайғыға ұласып жатады. Ал кейде абайсызда ұйықтап кетіп, көлік тізгініне ие бола алмай қалатын жүргізушілер болады. Жолға шығар алдында әр адам өзінің шама-шарқына және денсаулығына аса мән берген дұрыс. Қауіпті жерлерден өткенде жылдамдықты баяулатпай, жолдың қарсы бетіне шығып кету фактілері де жиілеген. Дәл осындай көлік апаты 31 тамыз күні түнгі сағат 03:27 шамасында Шиелі ауданына барар жолдағы Оқшы ата бейітінің тұсында орын алған. Кенттен Бәйгеқұм ауылына дейінгі 30 шақырым жерде Қызылорда қаласына бет алған «Хонда» маркалы жеңіл көлік Түркістан қаласын бағыттап бара жатқан «Камаз» көлігімен соқтығысқан. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға салдарынан «Хонда» көлігінің жүргізушісі, Қызылорда қаласының тұрғыны 1959 жылы туылған Р.Қалменова және Қызылорда қаласының тұрғыны 1956 жылы туылған Ә.Елеуішов қаза болған. Ал осы автокөлік ішінде болған қызылордалық тағы бір тұрғын 1955 жылы туылған Қ.Қонақбаева Шиелі аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы секілді оқиғаларға жол бермес үшін, адам өміріне қауіп төнбес үшін жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаған әлдеқайда пайдалы.

Н.ҚАЗИ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары