Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
Құқық құрығы
СОТТЫ БОЛСА ДА, ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАПТЫ
13.09.2018 15:03

Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлі­мінің лауазымды тұлғалары осындай олқылықтарға жол беріпті. Бұл туралы өткен аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті салалық басқармаларының басшылары  айтты.

 
ТҮРМЕДЕГІ БІР АДАМҒА ЖЫЛЫНА 900 МЫҢДАЙ ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
06.09.2018 14:09

Тарихында түрме болмаған елімізде сотты болғандар көп бүгінде. Бұл жаза басып, қылмыс жасағандардың көбін темір торға тоғыту арқылы жазалайтынымызды аңғартса керек. Бір жағынан, дұрыс та шығар. Қылмыстың азайып, сотталатындардың сирегенін қалағандықтан осы қадамға барамыз әрі әділдіктің үстем болуы үшін заңдардың орындалуы міндетті. Заңнамаға да сан өзгерістер енгізіп, тоқсан толықтырулар жасадық. Еліміздегі қылмыстылық деңгейін төмендету үшін. ҚР Бас прокуратурасының Құқық­тық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комите­тінің мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылы елімізде 316418 қылмыс, ал ағымдағы жылдың 7 айында 176488 қылмыс тіркелген. (Облысымызда бұл көрсеткіш – 8333/4641). Сот­ты­ болып жатқандары қаншама.

 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛЫП ЖҮР?
30.08.2018 15:08

Тарихқа кері шегіне­тін болсақ, осыдан  23 жыл  бұрын елдік­тің бастауы болып табылатын ең не­гізгі құжат қабылданды. Ұзақ мерзімді қызу жұмыстар нә­тижесін беріп, еліміздің Ата Заңы  өмірге  келді. Адам және азамат құқықтарының қорғалуын негізге алған Конституция­мыз – бүгінде әлемдегі ең белді дегендерінің бірі. Сонау­ қыпшақ халқындағы «Кодекс Куманикус», «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағынан бастау алған бұл құжаттың тұрақтылықты нығайтып­, халықтың  әл-ауқатын  жақсартудағы  және демократияны  дамытудағы  рөлі  орасан. Алайда  бүгінгі  күні адам құқығы қаншалықты қорғалып жүр? Ашынғ­андар мен әділетсіздікке тап болғандарға Констит­уцияның  көмегі  тиюде  ме?

 
АРАЛДА ЖЕМҚОРЛЫҚ АСҚЫНЫП ТҰР
23.08.2018 12:49

Әдеп  кеңесінің  көшпелі  отырысы

Бармақ басты, көз қысты «қылық» Арал ауданында азаймай тұр. Биылғы 6 ай­дың өзінде аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 9 қылмыс тіркелген. Ал былтыр бұл көрсет­кіш небары 2-еу ғана еді. Дәйекті дерек Әдеп кеңесі­нің аталмыш өңірде өткен көшпелі  отырысы  барысында  мәлім  болды.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген қылмыс біздің елде заңмен реттелетінін ескерсек, әрбір Қазақстан азаматы оның жазасынан да хабардар деп ойлаймыз. Ендеше, заңды ұға алатын білімді тұлғалар­ға қаптаған «түсіндірулер­дің» қажеті  бар  ма? Осыдан-ақ өзекке түскен жегі құрттай болған парақор­лықтың бүгінгі жағдайын бағдарлай беріңіз. Кеңесте­ Арал ауданының әкімі М.Оразбаев сыбайлас жем­қорлыққа қарсы аудан көлемінде атқарылып жатқ­ан жұмыстарға есеп берді. Әкімнің сөзінше, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып, ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар өте көп.

 
ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ЖЫМҚЫРЫП ЖҮР
16.08.2018 12:29

Облыс әкімі Қ.Көшербаев  2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялағаны белгілі. Мұнысы – халықтың қолын аузына жеткізу үшін өз кәсіптерін ашып, экономикаға үлесін қосқаннан бұрын табыс көзін тапсын деп алаңдағаны. Тіпті, елімізде шалғай ауылдардағы жастардың кәсіп ашып, оқып үйренуіне арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасының да қолға алынғалы қашан. Яғни бизнес көзін ашамын деген адамға бар мүмкіндік жасалып келеді. Төмен пайызды несиелердің орны тіптен бөлек. Бұл үшін мемлекеттен аударылып жатқан қаржының есебі жоқ. Алайда мемлекеттің ақшасын оңды-солды жымқырып, өз пайдасына асырудың айласын тауып жатқандар да бар екен. Бірі қолындағы қызметін пайдаланса,  екіншісі «кәсіп аш» деп берген қаржыны бас пайдасына жаратып  жіберуде.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары