Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
Құқық құрығы
ТОҒЫЗ АЙ ӨТТI, ТЕЛЕФОНЫМ ӘЛI ТАБЫЛҒАН ЖОҚ
09.02.2012 10:15

Халықтан “Халыққа“ хат

Қазір біз ұялы телефонсыз өмір сүре аламыз ба? Жоқ. Кәрінің де, жастың да қолында жүретін ұялы телефон біздің сенімді серігі­мізге айналған. Егер ол жоғалса, Сіз не істер едіңіз? Әрине, үнемі жаныңызда жүретін болғ­андықтан жан-жағыңызды қармалап із­дей бастайсыз.

Бір отбасынан жыл ішінде бір емес, үш теле­фон жоғалды. Үйден және жұмыс орнынан ұрланған. Телефонның ұрланғанын мәлімдеп, ішкі істер басқармасына арыздансақ, полиция қызметкерлері түсінік жаздырып алғаннан басқа­ ешқандай шара қолданған жоқ. «Иә, апай, осындағы жігіттер іздейді ғой. Бұл – біздің жұмысымыз», - деді арызды қабылдаған қызметкерлер. Содан бері тоғыз ай өтті, әлі хабар жоқ. Табылмаған болу керек. «Неге табылмайды?» - деп сұрадым. «Небәрі бес мың теңгенің соткасын кім іздейтін еді, одан да оның орнына жаңасын сатып алмайсыз ба?», - деп өзімізге ақыл айтты. Қажет емес деп, кім бес мың теңгені көшеге тастап жатыр екен? Мұның себебі жалқаулыққа, салғырттыққа бой алдырудан деп ойлаймын. Сонда ішкі істер қызметкерлері не үшін жалақы алып отыр? Әсіресе, ескі базар маңында отыратын полиция инспекторлары ешқандай нәтижелі жұ­мыс атқармай жүр. Қашан көрсек те, есігі жабық  тұрады. Қазір мен ұялы  телефонсыз жүр­мін, оны сатып алатын жағдайым да жоқ. Ал осы сауалдарға телефон іздейтіндер не айтар екен?! Менің білуімше, IMEI-номер телефон неше мыңдық болса да, бағасына қарамай-ақ ғаламтордан көрініп тұрады екен. Тек оны іздейтін адам болса деңіз.

Осыдан кейін неше қайтара түсінік жаз­ғызып, сонша әуреге салып­, аяғында зым-зия жоғалып кететін полиция қызметкерлеріне халықтың сенімі жо­ғалмайды деп кім айта алады­?!

Редакциядан: Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасындағылар арызданушылардың арасынан оқырманның аты-жөнін таба алмады. Соған қарағанда, арызды өзі емес, үй-ішіндегілердің бірі жазған болуы мүмкін. Ұялы телефон қалтаға қол сүңгіткен ұры-қарының оңай олжасына айнал­ғалы қашан?! 2010 жылы қалалық ІІБ-на қапыда соткасы­нан айрылып қалған 250 адам шағым түсірсе, бұл көрсеткіш бір жылдан кейін бірден 1 351-ге көбейген. «Алдында­ телефонының ұрланғанына көзі анық жетіп тұрса ғана арызданатын. Қазір оған қарамайды, белгісіз жағдайда жоғалтып алса да, полицияға жетіп келеді. Ал арызды қабылдамауға біздің қақымыз жоқ. Жәбірленуші жақтың ішінде жалған сөйлеп, керісінше, өздері істі болған жағдайлар да кездесті», - дейді басқарманың БАҚ-пен байланыс жөніндегі қызметкері Л.Рысдәулетова. Дегенмен, оқырман қозғап отырған мәселенің барын және оның орынсыз еместігін мойындауға тиіспіз. Полицейлер кең тараған бұл қылмыстың алдыңғы жылы тек 19,4 пайызын, ал былтыр 60 пайызын ашқан. Қалғандары бойынша ұры-қарылар тайраңд­ап жүр деген сөз. Жыл басынан бері «Евразия» спорт кешенінде әлдебіреудің қалта ұрлығымен айналысып жүргендігі жөнінде ІІБ-да  6  дерек тіркелген. Қазіргі күні жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатқан­ көрінеді. Осылай деп хабар таратқан қала прокурорының аға көмекшісі С.Жәрекеев халықты қылмыс құрбаны болмау үшін қоғамдық орындарда ақшалары мен құнды заттарын қымтап ұстауды ескертіп отыр.

Нағима ДОСАНОВА,

Қызылжарма ауылы,

Қызылорда қаласы

 
ТАБИҒАТТЫҢ «ЖҮРЕГІ» ТІЛІМ-ТІЛІМ
02.02.2012 09:49

Басынан дау арылмай тұрған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолын салушыларға прокурорлар енді табиғи тепе-теңдікті сақтамады деп сын тақты. Аты дардай «Аккорд Окан», «Тодини Конструк­циони Дженерали», «Импреза», «Сине Мидас Строй», «ДМСУ-225 АБ», «КазДор­Строй 2005», «Стандарт Ойл КЗО» компаниялары 497 гектар жердің тілім-тілімін шығарған.

 
ТIРI ЖЕТIМ, ТҰЛ ЖЕТIМ немесе тағдыр тәлкегі
02.02.2012 09:39

Жасөспірімдерді уақытша оқшаулау орталығына қорқасоқтап кірдім. Атауы құлаққа түрпідей тиеді. Сыртын айналдыра дәу қаңылтырлы дарбазамен қоршаған. Әйтеуір, терезелерін­ темірмен торламайтыны дұрыс болған. Әйтпесе, ескі кейпі түрмені еске түсіретін.

 
ТҮРМЕДЕГІЛЕР БУЫНЫП-ТҮЙІНІП ОТЫР
02.02.2012 09:38

Үкімет кешірім бергелі түрмедегілердің алды еркіндікке шығып үлгірді. Буынып-түйініп отырғандардың саны тіпті көп.

Рақымшылық заңы күшіне енген 22 қаңтардан бастап бес күн ішінде елдегі қылмыстық атқару колония­ларының басшылығы тарапынан соттарға 1 392 материал жолданған. ҚАЖ комитетінің баспасөзбен байланыс жөніндегі қызметкері Самал Ғаділ­бекованың айтуынша, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарындағы түрмелердің әжептәуір босап қалатын түрі бар.

 
ЗАҢДЫ ЖЕТЕ БІЛМЕГЕН БАСШЫЛАР ЖАЗАСЫН АЛАДЫ
26.01.2012 11:39

Тәртіп тепкіні

Заң баршаға ортақ. Қызмет бабында заң жүйесінің қыры мен сырын жете білмей, қадам жасауға әсте болмайды. Бұл, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлерге тікелей қатысты. Жақында құқықтық сауатының төмендігінен Шиелі ауданын­дағы екі ауылдық округтің әкімдері бір мезетте қызметінен айрылды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 81 82 83 84 85 86 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары