Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

Құқық құрығы
ЖАСАНДЫ ПАЛЬМА, ЖАЛҒАН ДИПЛОМ
01.03.2012 15:24

Апыр-ай, ә!

Өткен жылы Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 368 қылмысты анықтап, 7,2 млрд. теңге залалдың  6,4 млрд.-ын өндіруге күш салған. Соның ішінде тендерден түскен ақшаны теңдей бөлісетін әдет қалмай келеді.«Сиясы кеппеген» соңғы факт.

- 21 ақпан күні пара алды деген күдікпен облыстық құрылыс басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Д.Ибраев қолға түсті. Ол Сырдария ауданында құны 35,4 млн. теңге болатын фельдшерлік пункт салу үшін өткізілген тендер жеңімпазынан 23 мың доллар талап еткен. Ибраев 23 ақпанда сот санк­циясымен қамауға алынды, - дейді департ­амент бастығының орын­басары  Ғани  Жұмағұлов.

 

 
ТАБАН ЕТ, МАҢДАЙ ТЕР өтеуіне келгенде кері тартатындар көп
23.02.2012 11:13

Қазіргі уақытты елі­міз тәуел­сіздік алған алғашқы­ жылдардағы қиын кезеңмен салыс­тыра алмайсың. Ел экономикасы тұрақ­талып, кәсіпкерлік те қа­натын кеңге жайып, жыл сайын ілгері дамып келеді. Бұрынғыдан жұмыс­сыз­дар қатары азайды. Десек те, түрлі мекемелер тарапынан жұмысшыларға берілетін жалақы қарызының әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан­дығы кім-кімді де ойландырмай қоймайды. Қол күшін пайда­лану­шылар  жұмысшыларды  құлдай  жұмсап, азын-аулақ  тиын-тебенін төлеуге келгенде­ ат-тондарын ала қашып, айлап-жылдап созып­ жүріп  алады­. Барар жер, басар тауы қалмаған жұмысшылар амалсыз заң орын­дарына  жүгінуге  мәжбүр.

 

 
БАРЫМТАШЫ – БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦЕЙ
23.02.2012 10:45

Қала көшелерінің көбінде қазір бейнебақылау камералары бар. Олардың саны 116-ны құрайды. Негізінен адам аяғы ты­йылмайтын жерлерге, кө­шелердің қиылысына, көпқабатты үйлердің аулаларына қойылған. Былтыр, бейнекамералардың саны небәрі 32 болып тұрғанда олардың көме­гімен 82 қылмыс ашылған. Нысанаға іліккен 14 мың­ға тарта әкімшілік құқық­бұзушылықтың дені – көлік апаттары мен жол қозғалысы ережелерін елемеу оқиғалары. Бұлардың бәрі облыстық ішкі істер департаментіндегі жедел басқару орталығының көз алдында. Орталықта «102» нөмірі арқылы хабарламалар да қабылданады. Бұрын тәулігіне 250-300 шақты адам арызданса, соның 200-дейі полицейлерді бостан-босқа сенделтіп қояды екен.

- Жыл басында нөмір анықтағыш құрал қойылып, мұндай жалған шақырулардың саны күрт азайды. Әйтпесе, жастар ойнап қоңырау шалып, тыным бермейтін. Осылайша түнгі экипаждарды ая­ғынан тік тұрғызған кезі аз емес, - деді баспасөз конференциясында облыстық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Әлімхан Әбжанов.

Соңғы уақытта ішкі істер қызметкерлерін ұялы телефонын жоғалтқандар мен өрістен малы қайтпағандар жиі мазалайтын болған. Ұрланды не, жоғалды не, бірі қалмай есепке алынуы тиіс. Қай-қайсысы бойынша да іс қозғалады. Ал бұл қылмысты ашуда қиындық келтіріп отырған көрінеді. Дегенмен, өткен жылы ұялы телефон ұрлығының әрбір төртіншісі бойынша атқа­рылған шаралар нәтижелі аяқталған. 970 түлік табылып, иелеріне қайтарылған. 31 қылмыстық топ құрық­талған. «Балық басынан шіриді». Қызығы, барым­ташылардың арасында бұ­рынғы шенділер де жүр.

- Полицияның бұрынғы екі қызметкері Сырдария ауданы тұрғындарының онна­н астам малын ұрлаған. Олардың бірі 2005 жылы, енді бірі 2009 жылы біздің қатарымыздан аластатыл­ған. Қылмыстық істі алдағы күндері сотқа жолдаймыз, - дейді Ә.Әбжанов.

Барымтамен айналысқан тағы бір топқа бұрынғы кеден­ қызметкері жетекші­лік етіпті. Олар Жаңақорған ауданында 20 шақты бас малға­ жиендік жасағаны үшін жауап бермек. Сала басшысы погонын пұлдайтындарды орнында қалдырғысы жоқ екенін байқатып қалды. Оның үстіне, полицейлер жасаған қылмыстың жартысынан астамын (13-тің 8-і) департамент­тің өзіндік қауіпсіздік басқармасы анықтаған. Жуырда ғана, 11 ақпан күні «амнистияға байланысты бостандыққа шы­ғарамын» деп, түрмедегі адамнан 150 мың теңге алып жатқан жерінен Жалағаш аудандық ІІБ бастығ­ының жедел жұмыс­тар жөніндегі орынбасарын осы басқарманың қызметкерлері мен қаржы полицейлері қолға түсірді.

Өткен жылғы ұйым­дасқан қылмысқа қарсы күрес жұмыстары тиімді нәтиже берді. Осындай топтардың бір басшысы, 8 мүшесі және қылмыстық ортаның 4 беделдісі қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Адам ұрлығына байланысты 2, жасөс­пірімді саудалауға байланысты 1 қылмыстық іс қазір соттың қарауында.

- Сонымен бірге 169/5 түзеу мекемесіне есірткі мен рұқсат етілмеген басқа да заттарды тасымалдап келген 11 адам құрықталды. Бүгінде бас көтерер топ қалған жоқ, - деп отыр облыстың бас полицейі.

Н.САНИЯЗОВА

 
ТОҒЫЗ АЙ ӨТТI, ТЕЛЕФОНЫМ ӘЛI ТАБЫЛҒАН ЖОҚ
09.02.2012 10:15

Халықтан “Халыққа“ хат

Қазір біз ұялы телефонсыз өмір сүре аламыз ба? Жоқ. Кәрінің де, жастың да қолында жүретін ұялы телефон біздің сенімді серігі­мізге айналған. Егер ол жоғалса, Сіз не істер едіңіз? Әрине, үнемі жаныңызда жүретін болғ­андықтан жан-жағыңызды қармалап із­дей бастайсыз.

Бір отбасынан жыл ішінде бір емес, үш теле­фон жоғалды. Үйден және жұмыс орнынан ұрланған. Телефонның ұрланғанын мәлімдеп, ішкі істер басқармасына арыздансақ, полиция қызметкерлері түсінік жаздырып алғаннан басқа­ ешқандай шара қолданған жоқ. «Иә, апай, осындағы жігіттер іздейді ғой. Бұл – біздің жұмысымыз», - деді арызды қабылдаған қызметкерлер. Содан бері тоғыз ай өтті, әлі хабар жоқ. Табылмаған болу керек. «Неге табылмайды?» - деп сұрадым. «Небәрі бес мың теңгенің соткасын кім іздейтін еді, одан да оның орнына жаңасын сатып алмайсыз ба?», - деп өзімізге ақыл айтты. Қажет емес деп, кім бес мың теңгені көшеге тастап жатыр екен? Мұның себебі жалқаулыққа, салғырттыққа бой алдырудан деп ойлаймын. Сонда ішкі істер қызметкерлері не үшін жалақы алып отыр? Әсіресе, ескі базар маңында отыратын полиция инспекторлары ешқандай нәтижелі жұ­мыс атқармай жүр. Қашан көрсек те, есігі жабық  тұрады. Қазір мен ұялы  телефонсыз жүр­мін, оны сатып алатын жағдайым да жоқ. Ал осы сауалдарға телефон іздейтіндер не айтар екен?! Менің білуімше, IMEI-номер телефон неше мыңдық болса да, бағасына қарамай-ақ ғаламтордан көрініп тұрады екен. Тек оны іздейтін адам болса деңіз.

Осыдан кейін неше қайтара түсінік жаз­ғызып, сонша әуреге салып­, аяғында зым-зия жоғалып кететін полиция қызметкерлеріне халықтың сенімі жо­ғалмайды деп кім айта алады­?!

Редакциядан: Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасындағылар арызданушылардың арасынан оқырманның аты-жөнін таба алмады. Соған қарағанда, арызды өзі емес, үй-ішіндегілердің бірі жазған болуы мүмкін. Ұялы телефон қалтаға қол сүңгіткен ұры-қарының оңай олжасына айнал­ғалы қашан?! 2010 жылы қалалық ІІБ-на қапыда соткасы­нан айрылып қалған 250 адам шағым түсірсе, бұл көрсеткіш бір жылдан кейін бірден 1 351-ге көбейген. «Алдында­ телефонының ұрланғанына көзі анық жетіп тұрса ғана арызданатын. Қазір оған қарамайды, белгісіз жағдайда жоғалтып алса да, полицияға жетіп келеді. Ал арызды қабылдамауға біздің қақымыз жоқ. Жәбірленуші жақтың ішінде жалған сөйлеп, керісінше, өздері істі болған жағдайлар да кездесті», - дейді басқарманың БАҚ-пен байланыс жөніндегі қызметкері Л.Рысдәулетова. Дегенмен, оқырман қозғап отырған мәселенің барын және оның орынсыз еместігін мойындауға тиіспіз. Полицейлер кең тараған бұл қылмыстың алдыңғы жылы тек 19,4 пайызын, ал былтыр 60 пайызын ашқан. Қалғандары бойынша ұры-қарылар тайраңд­ап жүр деген сөз. Жыл басынан бері «Евразия» спорт кешенінде әлдебіреудің қалта ұрлығымен айналысып жүргендігі жөнінде ІІБ-да  6  дерек тіркелген. Қазіргі күні жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатқан­ көрінеді. Осылай деп хабар таратқан қала прокурорының аға көмекшісі С.Жәрекеев халықты қылмыс құрбаны болмау үшін қоғамдық орындарда ақшалары мен құнды заттарын қымтап ұстауды ескертіп отыр.

Нағима ДОСАНОВА,

Қызылжарма ауылы,

Қызылорда қаласы

 
ТАБИҒАТТЫҢ «ЖҮРЕГІ» ТІЛІМ-ТІЛІМ
02.02.2012 09:49

Басынан дау арылмай тұрған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолын салушыларға прокурорлар енді табиғи тепе-теңдікті сақтамады деп сын тақты. Аты дардай «Аккорд Окан», «Тодини Конструк­циони Дженерали», «Импреза», «Сине Мидас Строй», «ДМСУ-225 АБ», «КазДор­Строй 2005», «Стандарт Ойл КЗО» компаниялары 497 гектар жердің тілім-тілімін шығарған.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 81 82 83 84 85 86 87 88 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Ақпан 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары