Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Ой-талқы
“ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ” ЗАҢ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
13.12.2018 11:51

Дәл осы сауалды фейсбук әлеуметтік желісіндегі “Қазақстан ұстаздары” тобының жазылушыларына қойдық. 50 мыңнан аса оқырман жиналған парақшада үнемі білім саласына қатысты өткір мәселелер көтеріліп, түйткілді тақырыптар талқыланып жатады. Қанша жерден мойынға мініп, төбеден төніп, бағытыңды бақылап отыратындар бар дегенімізбен, “бас кеспек болса да, тіл кеспек” жоқ деп, айтар ойын бүкпесіз ашық айтатындар баршылық. Әрине, олардың дауысы ашынғаннан барып ащы шығады.

 
КИІМДІ НЕСИЕГЕ АЛАСЫЗ БА?
06.12.2018 11:35

Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе баспана рәсімдейтін. Бүгінде кредитке киім алу осыншама факторлардың көш ба­сында  тұр  екен.

 
«АТАСТЫРУ» САЛТЫН ЖАҢҒЫРТУ КЕРЕК ПЕ?
15.11.2018 10:37

«Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айттырып әпергенін білмейтін қазақ жоқ, тіпті білуге тиіс. Алыстан қарасы көрінген ер-азаматтарға жол беру үшін құрбыларының ат басын бұрып, жол беруін айтқан Данагүлдің көрегенділігі кейін де аңызға айналды.

 
ҚЫЗЫЛОРДА атауын өзгерткен жөн бе?
27.09.2018 14:59

Тарих диірменнің тасы секілді. Уақытқа бағынған оқиғалар сырғып қағаз бетіне түседі де, ал дәуір айналып, жаңа нәтижесін көрсетеді. Оған ай мен күн, одан қалды, жұмыр жер де куәгер. Ұлан-ғайыр атырапқа созылып жатқан сайын дала – алақанға сыймайтын кең дүние. Осыдан болса керек, қазақтың елі, қазақтың  жері шапқан тұлпардың тұяғы мұқалып, ұшқан құстың қанаты талатын ұшы-қиыры жоқ далаға бағаланады. Адуынды мінезімен бүкіл қазақ хандығын ұршықша иіріп басқарған хан Абылай да «Ұлан ғайыр атырап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы – қазақтың алтын бесік Ата жұрты. Әгәрәки, кімде-кім осынау қасиетті жерімізге көз алартып, шырқымызды бұзар болса, өз қанына­ өзін тұншықтырарымызды біліп қойғаны абзал. Төсекте басымыз қосылмаса да, төскейде  малымыз  қосылған. Қай көршімізге де айтарымыз – осы! Дос бол­ғанға­ құшағы  ашық туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз!!!» деп бекер айтпаса­ керек.

 
“ЕҢІРЕП ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР” немесе жанардағы жасанды жас
12.07.2018 12:46

“Еңірегенде  етегі жасқа толып, өксігін он екі күн баса алмай  қалды” дегенді естіп көріп пе едіңіз? Бауыр еті баласынан айырылып, ішқұса болған жандардың халі қашан да адам аярлықтай. Ал, сондай ауыр қазаны жақындарына қазақ халқы өте шебер естірте білген. Мұндай қазақ даналығының сарынын би-шешендердің ой-толғамдарынан, жүріп өткен жолынан айқын аңғаруға болады. Қайғыдан қара жамылып, қан жұтып отырғандарға жұртшылық көңіл айтып, көңіл қосын  жолдап  та жатады. Өз кезегінде қазан көтермеуге тиіс қаралы үйдегі марқұмның ет жақындары жоқтау  айтады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары