Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Ой-талқы
ҰСТАЗДАР НЕГЕ ҰСТАМСЫЗ?
13.07.2017 16:09

Өкінішке қарай, бүгінде ұстаз бен оқушының кездесетін жері мектеп сыныбы емес, сот залы болып отыр.

Жақында «YouTube» әлеуметтік желісінде жарияланған видео қоғамды дүр сілкіндірді. Бейнежазбада мұғалімнің төрт оқушыны сыныптастарының алдына қатар тізіп қойып, шапала­қтың астына алып жатқа­ны түсірілген. Тіпті, бір оқушыны шашынан ұстап тұрып, басын тақтаға әлденеше рет ұрады. Бұл оқиғаны оқушылардың бірі ұялы телефонға түсіріп алыпты. Ғаламтор пайдаланушыларының наразылығын тудырған келеңсіз жағдай Алматы облысы, Түрксіб ауданындағы №198 мектепте орын алған екен. Көп ұзамай Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 140-бабымен (педагогтың немес­е басқа қызметкердің кәмелетке толмағанға қаталдықпен қарауға ұласқан кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше атқармауы) жазаға тартыл­ған мұғалима 22 жастағы жас маман  болып  шықты.

 
ҚЫЗЫҢНАН ҚАЛЫҢМАЛ ҚАДІРЛІ МЕ?
08.06.2017 10:56

Қазір адамның аласынан емес, заманның зауалынан көреміз ғой бәрін. Көрін­генге соқтықпай тыныш жүру деген қайда бізге?! Болмашы нәрседен ілік іздеп, жаға жыртысуға да дайын тұрамыз. Дау демек­ші, өткенде бір танысымды кездестіріп қалдым. Шашына ақ түскен апам тым самар­қауланып кетіпті. Өңі солып, көзінен қиналысы анық байқалады. Баласын үйлендіріп, келін алатын адамға ұқсамайды. Мұнысынан тойдың қамымен шапқылап, шаршап жүрген болар деп ұқтым. Сөз тартпақ ниетпен, «той деп шапқылап жүрсіз бе?» деген сұрағымды іліп алғандай, «несіне сұрайсың, келіннің ата-анасы­ шаршатты» деп, сыздауықша сыздап тұр­ған апам жарылып, бір сәт көз жасын сығым­дап алды.

 
Артық салмақтан арылудың “салмағы” қандай?
18.05.2017 11:28

Бүгінде арық болу әйел заты үшін әсемдіктің бір эталоны іспетті. “Әдемі келбетіңіз сымбатыңызбен үйлесім тапса, сұлулық деген осы” дейді қазір­гі арулар. Дене бітімінде бір мін жоқ, сымбаты сымдай тартылып тұрған қыздар­ды жігіттер қауымы да жек көрмесі анық. Алайда көркем көрінемін деп арықтаудың пай­дасы қандай? Зияны қаншалықты? Дұрыс емес диета ағзадағы дәрумен жетіспеу­шіліктен туындайтын ауру туғызатыны белгілі. Өзін толық санайтын неме­се пішіні қалыптасқан әсемдік өлшемінен (90-60-90) сәл көбірек қыздар салмағын азайту үшін не істейді? Сауалымызға жауап алу үшін бойжеткендерді аз-кем әңгімеге тартып көрген едік.

 
АСЫРАДІНШІЛДІК пен БАҚТАЛАСТЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
12.05.2017 11:37

Жақында Елбасы Н.Назарбаевтың  бастамасымен 500-ден аса имамдар бас қосып, республикалық форум өткен болатын. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған имамдар форумының дін саласындағы жұмыстарды оңтайландырып, тиімді жүйе қалыптастырудағы маңыздылығы да ұшан-теңіз. Алғашқы басқосуда ҚМДБ-ның жұмыс бағытын айқындап, бағдарын межелеген төрт бірдей құжат қабылданды. Ұсынылған тарихи құжаттар сол форум аясында бірауыздан қабылданып, содан бері асыл дініміздің дамуына лайықты үлес қосып келеді.

 
Немере несімен тәтті?
04.05.2017 15:07

Алпыстағы әжеммен ас ішуге қала мейрамханаларының біріне беттедік. Уақытты жоғалтпас үшін жақын маңай­дағы мейрамханаға кірдік. Мұнда көзім кіреберісте ілулі тұрған «ішкен дәміңіз үшін немереңіз төлей­ді» деген бір парақ қағазға түсті. Таңданысымды жасыра алмай, даяшыдан неліктен бұлай жазылғанын сұрағанымда «үлкенге құрмет көрсетуді ұмыт қалдырып  барамыз, кішкене де болса кішілігіміз бен кісілігімізді сақтайық деген ниет қой біздікі» деп қысқа қайыр­ды. Дереу жанымдағы жүзін әжім торлаған, бойы еңкіш тартқан, мұңлы жанарында талай жылдардың табы жатқан әжеме қарадым. Расында,­ бүгінгі жас буын үйіндегі қариясын қаншалықты бағалай алып жүр? Сәй­кесінше, самайы ағарған ақ шаштылар ұрпағының санасына титімдей тәр­биесін сіңіре алды ма?

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары