Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

Ой-талқы
БИЛІКТЕГІ ӘЙЕЛ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
09.03.2012 10:47

Қазақтың санасына ертеден ер азаматтар «отағасы», әйел заты «отанасы» деген пікір сіңісіп кеткен. Ерлер түздің адамы, ол отбасын асырауға міндетті. Ал аналар өмірге ұрпақ әкеліп, оны аялы алақанына салып, бағып-қағумен айналысқан. Соңғы жылдары гендерлік саясатты­ жүзеге асыруға біршама көңіл бөліне бастады. Билік басына әйелдер келуде. Олардың үлес салмағы әзірге 30 пайызға жеткен жоқ. Дегенмен, сол нәтижеге қол жеткізу жолындағы жұмыстар ерекше қарқынға ие. Қазақ – табиғатында әсірешіл, өзге жұрттан көргенін өнеге тұтып, үйреніп алуға бейім тұратын халық.

 
ҰЛТТЫҚ КИНО ҰСТАНЫМЫ ОЙЛАНТАДЫ
09.03.2012 10:34

Ойтүрткі

Еліміздегі кино өн­дірісі кенже дамып келе жатқан салалардың бірінен саналады. Әр нәрсенің себебін іздей­тініміз, әрі білгіміз келетіні анық. Сол секілді кино өндірісінің артта қалуының себебін немен байланыстырамыз? Бұл тұрғыда бізге кәсіби шеберлі­к жетіспей ме, әлде техникалық құрал-жабдықтардың көмегіне мұқтажбыз ба?

Біздің ғасыр – технократия мен информакратияның заманы. Кез келген үйде сан түрлі техника. Бір бұрышта күні-түні сарнайтын теледи­дар, екінші бұ­рышта  радио, одан қал­ды келесі бөлмеде интернет желісіне қосылған компьютер. Тіпті, керек ақпаратты пернені басу арқылы мұхиттың арғы жағынан да ала аласың. Уақытында Кеңес Одағы кітап оқу жағынан дүние жүзі бойынша бірінші орында болған. Қазір ол уақыт келмеске кетті. Бала­ларымыз тәрбиені кітаптан емес, көгілдір экраннан алып жатыр.

 

 
ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЙДАН КИІНЕДІ?
01.03.2012 12:12

Павлодарда бұдан шамалы уақыт бұрын Д.Абдуллаев деген жігіттің өзін «президенттің інісімін» деп, аңқау елді алдап соққаны есіңізде болар.­ Құлыбаев Руслан Тимурұлы – ол осылай аты, тегіне дейін түгел өзгертіп алған. Ішкі істер министрлігінің қызметкері, майор деген куәлігі де жалған екен. Тергеу кезінде оның полиция формасы мен әлгі куәлікті Алматы базарларының бірінен сатып алғаны анықталған болатын.

 
ҚАНЫ ҚАЗАҚ ҰРПАҚ “ВАЛЕНТИН ӘУЛИЕГЕ” НЕГЕ ТАБЫНАДЫ?
16.02.2012 11:35

Айтарым  бар

Тәуелсіздігімізді алып, өшуге айналған салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртуға тырысқанымызбен, жағамызға жармасқан жат мәдениеттің қалдықтары әлі де санамызды улап келеді­. Жиыр­ма жылдан бері бейресми ұлттық мейрамымыздың сапында жүр­ген беймәлім «Әулие Валентин» күні жаста­рымыздың бойындағы ұлт­тық рухтың өшуіне себепк­ер болуда. Тілімізді шұбарлап жүргенімізді былай қойып, енді ка­толиктік діни ағымның қазақылығы­мызға қарсы мерекесін неге тойлаймыз?

 
БЕЙІТ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ немесе қабірлерді қиратқандардың қылығы
09.02.2012 10:22

Көрмейін десем, көзім бар...

Соңғы жылдары қара жердің қойнын паналап жатқан адамдар тірі кезінде көрмеген қорлықты көруде. Атап айтар болсақ, мәйітті жәбірлеу, бейіт басындағы көктасты қирату, оның темірлерін ұрлау секілді жайсыз жағдайлар орын алуда. Мұндай әрекеттерге әлбетте діни сауаты төмен және жат ағымдардың жетегіне ерген адамдар ғана бара алады. Бір сөзбен айтқанда, ертеңгісін бүгін ойлай алмайтын дінсіздердің ісі. Ақиқатқа көзі жетпеген адасқан адамдар бүгінгі қоғамда аз деп айту қиын.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 41 42 43 44 45 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Ақпан 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары