Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
Ой-талқы
БОРИС ГОДУНОВТЫҢ ТЕГІ ҚАЗАҚ ЕКЕНІН БІЛЕМІЗ БЕ?
29.12.2011 16:08

«Қанына тартпағанның қары сынсын­» дегендей, 1597 жылы 1 тамызда Годунов Ораз-Мұхаммедті Қасым хандығының басшысы етті. Бұл жөнінде Карамзин: «Борис пожаловал Царе­вича Киргизского, Ураз-Магмета, в Цари Касымовские», - дейді (том XI, гл. I, стр. 1060).

 
БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?
22.12.2011 12:39

Әлемді ақпарат билеген заманда дәстүрлі медиа­ның болашағы алаңдатпай қоймайды. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға һәм көрерменге әп-сәтте жеткізуші электронды БАҚ-тың дәурені жүріп тұр.

 
БОРИС ГОЛУДУНОВТЫҢ ТЕГІ ҚАЗАҚ ЕКЕНІН БІЛЕМІЗ БЕ?
22.12.2011 11:59

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, сұлу Глинскаяның артынан «өсек» ере келді. Л.Гумилев жазады: «Правда, злые языки говорили, что истинным виновником отцовство был молодой и красивый вое­вода сторожевого полка князь Овчина-Телепнев-Облеп­ский», - деп. 1538 жылы Елена Глинская аяқ астынан қайтыс болады.

 
БОРИС ГОДУНОВТЫҢ ТЕГІ ҚАЗАҚ ЕКЕНІН БІЛЕМІЗ БЕ?
15.12.2011 18:01

Шекті, жақайым Қыз Жібек пен

жақайым Жетес бидің рухына арнаймын.

 

Шуйский:

«...Какая честь для нас, для всей Руси!

Вчерашний раб, татарин, зять Малюты,

Зять палача и сам в душе палач,

Возьмет венец и бармы Мономаха...»

А.С.Пушкиннің «Борис Годунов» поэмасынан.

 

Сөз  басы

Қадырғали Жалайырдың 1997 жылы баспадан шыққан «Шежірелер жинағын» сол жылы оқып, неге орыс патшасын соншама дәріптеп, Борис Годуновқа арнау жазған деген ойға қалғаным бар. Жылдар өте, қолыма Қайрат Закирьяновтың «Под знаком Волка: тюркская рапсодия» (стр. 109, Алматы, 2010 г.) атты кітабы түсті. Сонда былай деп жазыпты: «Иван Грозный своего старшего (авт. – ортаншы баласы­) сына Федора женил на Ирине Годуновой. Дворянский род Годуновых происходил от татарского мурзы Шеты. По некоторым данным, татарский род Шета и казахский род Шекты Младшего жуза имеют одни корни. Борис Годунов (1552-1605 г.г.) – потомок из казахского рода Шекты». Қ.Жалайырдың, Қ.Закирьяновтың Борис Годунов жайындағы еңбектері – қазақ тарихында жазылмай, зерттелмей, көпші­лікке танылмай жүрген тақырыптардың бірі. Тарихшы болмасам да, шама-шарқым келгенше зерттеп, бабасы қазақ топырағынан шыққан, тағдырдың жазғаны ма, әлде бабаларынан қалған тектілік пе, 17 жыл билігін жүр­гізген, 7 жыл орыс тағына ие болып, орыс мемлекетінің гүлденуіне айтарлықтай үлес қосқан, алты ата Әлімнің шекті руынан шыққан Борис Годунов жайында оқырмандарға ой тастауды жөн көрдім. Орыс тарихын қағазға түсірген Н.Карамзинің, Л.Гумилевтың, Мурат Аджидің, Г.Носовский мен А.Фоменконың, Қ.Бегалиннің, М.Әбдіровтің, тағы басқа тарихшылардың кітаптары қазақ тіліне аударылмаған. Өзімнің аудар­машылық тәжірибемнің жоқтығынан сол жазыл­ған күйінде, орыс тілі сөзінің сөлі жоғал­масын деп жазып отырмын. Екіншіден, еліміздің үш тілділікті қол­дайтынын ескері­п, орыс тілінде жазылған тарихи уақиғаларға көбірек сілтеме жасағ­ан себебім­ сол.

Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның баласы Бату хан батысқа жасаған жорығынан оралып, 1243 жылы Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына өзінің ордасын құрды. Тарихта Алтын Орда деген атпен белгілі Евразия құрлығындағы ұлы империяның астанасы – Сарай. Алтын орда Евразия құрлығындағы көрші мемлекеттерге 259 жыл билігін жүргізіп, ішкі саясаттарына араласып, алым-салық жинап тұрды, солардың бірі – Орыс мемлекеті. «Іштен шыққан жау жаман» дегендей, Алтын Орда империясының құлауына Шыңғысхан тұқымынан тараған сұлтандар мен хандардың таққа таласып, бір-бірінің көзін жоюы себеп болды. Шыңғыс ханға дейін мемлекет болып, хандық құрған қып­шақ, найман, керей, алшын, т.б. рулардың батырлары, билері сұлтандардың бірін қолдаса, екіншілеріне қарсы шығып­ отырды. 1502 жылы Қырым ханы Меңлігерей Алтын Орданың билеу­шісі Шахмет ханды жеңді. Алтын Орда мемлекет болудан қалды. Орнында Астрах­ань, Қазан, Сібір хандықтары, Ноғай­ ордасы қалды. Қазақ хандығы 1456 жылы өз алдына мемлекет болып бөлінді. Қ.Жалайыр «Шежірелер жинағын» Алтын Орданың құлауы мен ор­нына жаңа мемлекеттердің құрылып жатқан кезінде жазған. Ол өз еңбегінде Ресей патшасы Борис Годуновқа арнауын былай­ бас­тайды: «Барлық христандардың патшасы, жоғарғы мәртебелі Борис Федорұлы бек, ақ хан, Сіз барлық құр­метке, мақтауға лайықсыз. Сіз – айналаңызда алты хан, төңірегіңізде төрт хан, дүниенің төрт бұрышын билеген хансыз! Халқыңызды адалдықпен билеген хансыз! Жетімдерге­ рақым қылып, кембағалдарды жарыл­қап тойдырған хансыз! Мақсаты – Мажар (Венгрия), Рум (Визан­тия) уәлаяттарымен байланыс орнатып­, досыңа дос, дұшпаныңа дұш­пан болып, достық орнат­у еді. Неміс, Коралдардан (Польша) мақсат сол еді. Олардың­ неше мың қалаларын алып, бағын­дырып, тізе бүктірді. Олардың енді ол жерлерде күресуге шамасы қалмады. Жаһан ішінде дүниенің әр бұрышын кездім мен. Көп кітаптар оқып, көпті білдім мен. Әділдік және инсаптық хабарын­ да көрдім мен. Мұн­дай қымбат сихуа­т падишах көргенім жоқ. ...Кімде-кім сенің шапағатыңа бөленсе, өлсе де өкінбес»  (авт. – қысқар­тылып  берілді). («Шежірелер жинағы», Алматы 1997 ж.). Қ.Жалайырдың туған, өлген жылы белгісіз, шамамен XVI ғасырдың ортасы мен XVII ғасырдың басында өмір сүрген.

«Шежірелер жинағында» көрсетіл­ген Ресей патшасы Борис Годунов кім? Орыс патшасын сонша мадақтайтындай ғұлама ғалым, тарихшы оның қандай жақсылығын көріп еді, әлде басқа себебі бар ма? Көпшілікке таныс­ Кеңес­ одағы кезінде жазылған С.М.Соловьев­тің 18 томдық «История России с древнейших времен» атты еңбегімен таныса­ отырып, Н.Карамзиннің 12 томдық «История госу­дарство Российского» шығармасындағы уақиғаларды негізге алдым. Ол үшін Орыс мемлекетінің тұңғыш патшасы Иван IV Васлиловичтен (Грозный) бастау керек. Он екі томдық жазбаның авторы оның екі (VIII, IX) томын Иван Грозныйдың өміріне арнап жазды. Ал Борис Годуновтың Грозныйдың тұсында өмір сүріп, қызмет жасағанын орыс тарихшылары жазып қалдырған. (Н.Карамзин, «Истори­я государство Российского», полное издание в одном томе, Москва, 2009 г.). IV Иван Васлилович 1530 жылы 25 тамызда туған. Әкесі – Москваның ұлы князі Василий III Иванович, шеше­сі – княгина Елена Васильева Глинская. Василий III бірінші әйелі Соломина Сабуровадан бала болмағасын, тақ мұрагерін қалдыру үшін екінші рет сұлу княгина Елена Глинскаяға үйленеді. Лев Гумилев былай жазады: «Род Глинских был «казак Мамай», то есть потомок то самог­о Мамая, которого­ русские разбили на Куликовом поле», Василий  III  Глинскаядан  екі бала сүйді – Дмитрий­ және IV Иван.

Әлібек  САБЫРБАЕВ,

инженер гидротехник,

Қызылорда қаласы

(Жалғасы бар)

 
<< Бірінші < Алдыңғы 41 42 43 44 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары