Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Ой-талқы
БЕЙІТ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ немесе қабірлерді қиратқандардың қылығы
09.02.2012 10:22

Көрмейін десем, көзім бар...

Соңғы жылдары қара жердің қойнын паналап жатқан адамдар тірі кезінде көрмеген қорлықты көруде. Атап айтар болсақ, мәйітті жәбірлеу, бейіт басындағы көктасты қирату, оның темірлерін ұрлау секілді жайсыз жағдайлар орын алуда. Мұндай әрекеттерге әлбетте діни сауаты төмен және жат ағымдардың жетегіне ерген адамдар ғана бара алады. Бір сөзбен айтқанда, ертеңгісін бүгін ойлай алмайтын дінсіздердің ісі. Ақиқатқа көзі жетпеген адасқан адамдар бүгінгі қоғамда аз деп айту қиын.

 

 
АРАЛАС һәм АЗАМАТТЫҚ НЕКЕ қазаққа қайдан келді?
09.02.2012 10:08

Кереғарлық

АЗ  ХАЛЫҚТЫ  ЖҰТУДЫҢ  АМАЛЫ

Адам тән құмарлығынан тоят алу үшін емес, шаңырақ көтеру, ұлт келешегін баянды ету, өз өмірін, ой-сезімін тәртіпке келтіру, тән құмарлығын тізгіндеу үшін үйленеді. Кім-кім де өмірлік серігін сұлулығына, әсемдігіне­ ғана емес, ақылына, тәрбиесіне қарап таңдайды. Сондай-ақ ұлтына қатты көңіл бөлетіндер мен оған назар ау­дар­майтындар да бар.

Соңғысы, яғни аралас неке – ұлты бөлек екеудің жұп жарастыруы. Аралас неке саны елімізде 1950 жылдары тың игеру кезінде күрт өсті. Жыл соңына қарай 23 пайызға дейін көтерілген. 1979 жылы шаңырақ көтеруші әрбір бесінші жұпта бір-бірінің ұлтына мән беру болмаған. Тек 1980 жылға қарай бұл көрсеткіш бірден 9,7 пайызға төмендеді. 130-дан астам ұлт пен ұлыс­тың өкілдері өмір сүріп жатқан мем­ле­кетте мұны заңды құбылыс ретінде қабылдауға болатын сияқты. Жыл сайын­ қиылатын 100 мың некенің 20 пайызы немесе 20 мыңы аралас. Бір таңғаларлығы, қазақ бойжеткендері шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығуды өздері қалайды екен. Өзге ұлттың өкілдерімен некелесушілердің 50 па­йызы – ресейліктер. Келесі орында Қырғызстан мен Өзбекстан тұр. Ал Қызылорда облысы бойынша АХАЖ бөлімінің ақпаратына сүйенсек, аралас некеге тұрғандар саны 2010 жылы  50-ді, 2011 жылы 37-ні құраған.

- Шариғат бойынша еврей мен хрис­тиан дініндегі қыздардан қазақ жігіт­теріне әйел алуға рұқсат етіледі. Ал бойже­ткендерімізге, керісінше, бұл діндегі азаматтарға тұрмысқа шығуға болмайды. Неге дейсіз ғой? Себебі ер азамат­ – отбасының тірегі, отағасы ретінде­ сүйіп қосылған жарын өзі ұстанат­ын дініне тартуы мүмкін. Қандай да бір үлкенді-кішілі отбасының басқа­рушысы ретінде ол береке-бір­лікті сақтап қалу үшін осындай қадам­ға бара алады, - дейді «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің найб-имамы Ас­қар Жұбанов. – Екі жас отау құрар болса, онда ұлтта тұрған проблема жоқ деп есептеймін. Тек олардың арасындағы сезім махаббатпен ғана шектелмеуі керек­, сонымен бірге сабыр­лылық, рақымшылық, сыйластық та болуы ләзім. Өйткені қазіргі кезде «сүйдім-күйдім» деп үйле­ніп, кейіннен мінездері жараспай, ажырасып кетіп жатқандар аз емес.

Расында, жан-жақты ойлас­тырылмай құрылған отбасылар әрдайым бір жақтың далада қалуы­мен, тастанды балалардың жетім­дер үйінің кезекті тұрғындарына­ айналуымен және адамдардың жүрегін жаралаған қылмыстармен ғана есте қалмақ. Сондықтан отбасын құрып, некеге тұрарда­ терең ойлану керек. Асықпай шешім қабылдаған жөн. Арала­с некенің шектен­ тыс көбеюі салдарынан жеке ұлттың немесе мемлекеттің жойылып кетуі әбден мүм­кін. Әрине, адамдардың кімге үйленуі әркімнің өз еркінде. Алайда, аралас неке аз халықты жұтудың амалы сияқты­. Мұны зерт­теуші ғалымдар да айтып жүр. Сол себеп­ті аяғын енді ғана тіктеп келе жатқан елдің болашағына балта шаппас­ болар!

 

ЕСЕПТЕ  ЖОҚ  ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ  ӨМІР

Азаматтық неке ұғымы 1580 жылы Нидерландияда пайда болды. Кейін, 1791 жылы Францияға, 1836 жылы Англияға, 1875 жылы Германияға, 1917 жылы Ресейге тараған. Енді біздің елге келді. Оның өзгешелігі – мемлекеттік органның тіркеуінен өтуді қажет етпейтіндігінде. «Неке және отбасы» туралы заңда ол туралы ешқан­дай түсініктеме берілмеген. Сол себепті заң өкілдері мұны әзірге «бейрес­ми некелесу» деуден әрі аспай отыр.

Бүгінгі күні азаматтық некеде тұрып жатқандар жетерлік, оларға таңғал­уды қойдық. Мамандардың пайымынша, тіркеуде жоқ жұптардың 80 пайызы кейін бір-бірімен жараспай, ажырасып тынады екен. Тек бестен бірінің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайыпты атанады. Сонда қаншама қазақ қыздары ешқандай құжатсыз, некесіз өзі қалаған жігітімен бір шаңыр­ақ астында тұрып, тұрмыс кешіп жатыр! Мінездері жараспаса, ажыраса салады. Екінші рет өзгемен көңіл жарастырып, сол кісімен жаңа­ш­а өмір бастауға бар. Көбіне бір-бірімен тек ашыналық қатынаста болу­ды көздеген немесе карьера қамын ойлап, бала табуды кейінге ысырған жас­тар азаматтық некеге тұруды құп көреді екен. Соның салдарынан талай сәби некесіз туылуда. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 22 пайызды құрап отыр. Бірақ Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің оқытушысы, психология ғылымда­рының кандидаты Алмагүл Аяғанова «некесі­з туған бала» деген пікірмен мүлдем келіспейді.

- Өз басым аралас некеге де, азаматт­ық некеге де қарсы емеспін. Себебі аралас некеде тек ұлтта ғана өзгешелік бар. Әр ұлттың өз менталитеті, ұстанатын салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бөлек. Сондықтан аралас неке құрарда бұл жағдайлар қолайсыздық тудырмас үшін өзара үйлесімділік, сыйластық болу керек. Үлкен қадамға барар­да алдын ала дайындалып, сол ұлттың дәстүрлерін толық меңгеріп кетпегенмен, хабары болғаны дұрыс. Сонда ғана ол отбасы ұзақ жасайды, - деген А.Аяғанова ойын одан әрі сабақтады. – Азаматтық неке ұғымы да қазіргі кезде қоғамға таңсық емес. Оған да қарсылығым жоқ. Өйткені осыдан 10-20 жыл бұрынғыдай берік, мықты, тату отбасыларының саны азайып барады­. Ендеше неге азаматтық некеде­ тұрып, алдымен бір-бірін жақсылап таныма­сқа?! Үлкендер жағы балала­рының жар таңдаудағы шешімдеріне араласпаса екен деймін.

Еліміздегі дағдарыс орталығына жыл сайын азаматтық некеге тұрып, алданып қалған 15-20 шақты әйел көмек сұрап келетін көрінеді. Психологтардың пікірінше, нәзік жандылар көбінесе күйеуім бар деп сенсе, ер азаматт­ар оларға тек көңілдес ретінде қарайды екен. Ал екі ортада бала болса­ ше? Исламда бала тәрбиесі әке мен шешеге тең жүктелген. Ислам діні жастард­ың отбасылы болуына ай­рықша мән береді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Неке – менің сүннетім, кім менің сүннетімнен бет бұрса, ол менің үмметім емес», - деген­.

Неке қидыру дегеніміз –  ер мен әйелдің адал жолмен қосылып, перзент сүйіп, киелі шаңырақ көтеруі. Аллаһ алдында ақ некесін қиғызу – ислам дінінің, жергілікті АХАЖ бөліміне тіркеліп, неке куәлігін алу – заңның талабы­. Ендеше, әрқашан адал жолмен жүріп, Аллаһтың сүннетінен алыстамайық!

Жансая   ЖҮНІСОВА,

ҚМУ-дің  студенті

 
ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ ҮЙЛЕСІМІ ОЙЛАНТАДЫ немесе халық қалаулыларына құлаққағыс
02.02.2012 09:35

Ойтүрткі

Ғылыми деректерге сү­йенсек, осыдан елу мил­лион жыл бұрын Азия құр­лығы екі бөлік болған көрі­неді. Оны жерасты платформа құрылымдарынан байқаған. Ол Тибет тауының оңтүс­тігі, Гималай тауының сол­түстігі мен Тұран даласының орта шенін ала, Каспий және Парсы шығанақ­тарын кесіп өткен.

 
БОРИС ГОДУНОВТЫҢ ТЕГІ ҚАЗАҚ ЕКЕНІН БІЛЕМІЗ БЕ?
29.12.2011 16:08

«Қанына тартпағанның қары сынсын­» дегендей, 1597 жылы 1 тамызда Годунов Ораз-Мұхаммедті Қасым хандығының басшысы етті. Бұл жөнінде Карамзин: «Борис пожаловал Царе­вича Киргизского, Ураз-Магмета, в Цари Касымовские», - дейді (том XI, гл. I, стр. 1060).

 
БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?
22.12.2011 12:39

Әлемді ақпарат билеген заманда дәстүрлі медиа­ның болашағы алаңдатпай қоймайды. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға һәм көрерменге әп-сәтте жеткізуші электронды БАҚ-тың дәурені жүріп тұр.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 41 42 43 44 45 46 47 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2020 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары