Өзекті мәселелер

  • 15.02.18

    Дария демі ішінде. Ақпан басталғалы Сырдарияның маңына жақын орналасқан жұртшылық арнасынан асқан өзен суынан қауіптенгені белгілі. Алайда дүрлігуге негіз жоқ. Бұл туралы облыс­тық  жұмылдыру дайындығы бас­қармасының басшысы Серік Сермағамбетов өңірлік ком­муни­ка­циялар қызметінде БАҚ  өкіл­деріне мәлімдеді.

  • 15.02.18

    Көпшілік ортада кейбір баланың іс-әрекетіне, қылығына қарап, оның тәрбиесіне баға береміз. Өйткені бала ес білгеннен бастап ата-анасының іс-әрекетін қайталап, айтқан сөздерін жаттап, санасына тоқып алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз осының дәлелі іспеттес. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жастарға, балаларға тәрбие жөніне келгенде көңіліміз толмайды. Өйткені, (барлығына бірдей топыр...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Алланың адам баласына берген­ сыйы – жарық дүние. Сол дүние есігін ашқаннан бастап өмірден озғанға дейінгі уақыт ол әр адамның өз еншісінде. Ата-ана үшін өмірдегі ең маңызды сәт – сәби сүйіп, тұлға етіп тәр­биелеп, жетілдіріп, ел қатарына қосу. Бұл – әрбір ата-ана үшін алдыға қойған бірінші мақсат. Мұндай  бақыт  біреуге  бұйырса, біреу  осыған  жете  алмай  жүр.

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Әңгіменің төркінін тақырыптан-ақ бажайлаған боларсыз. Иә, мәселе жұдырығын жұмса ашпайтын, ашса шаш­пайтын  нағыз Шықберместердің ізін жалғап, өкшесін басып­  келе жатқан жігіттер жайын­да болмақ. Жомарттық, мәрттік, кеңдік, ол – кісінің алдын­а қысылмай кең құлаш даста­рқанын жайып, қолында барын төге салатын, тіпті қажет болған жағдайда жарты бай­лығын теңдей бөле салатын адам. Сіз бен бізде,...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Қазақ жігіттері ежелден ірі, ержүрек болған. Оны сол уақыттағы саф ауа, табиғи тағам секілді жайттармен байланыстыруға болатын шығар. Белгісіз. Арысы батырлар жырының кейіпкерлерін көз алдымызға елестеттік. «Еліме пайдам тисін, жауыма найзам тисін» деген ұстаныммен ұлтарақтай жері үшін өзгемен егесіп, ат үстінде күнелтті. Қара бастың емес, бар Алаштың қамы үшін қасық қаны қалғаша соғысып, жауды...

    Толығырақ...
Ой-талқы
«Қазақша хэллоуин» ғажап па, мазақ па?
10.11.2016 10:26

Ара-тұра әлеуметтік желінің жаңалығын жайпап, керегін «ақпарат қоржыныма» құйып алатыным бар. «Көрген көзде жазық жоқ» демей ме, осы ретте көзім шалған бір сұмдықты көрмедім деу жарамас­. Қазақ қыздарының ұлттық киіммен бетіне түрлі құбыжықтың бейне­сін салып алған суреттері біраз адамның қытығына тиген сияқты. Көзі ашық, көкірегі ояу саналы ұрпақтың бұл қылығына қаны қарайғандар аз болған жоқ. Хош. Бізде не көп, мейрам көп. Айтулы мерекелерді қоспағанда, атаулы  күндердің өзі толып жатыр.

 
«Бөксе биіне» неге құмармыз?
10.11.2016 10:17

Бүгінде ғаламторды «аралап», әлеуметтік желілерде «серуен құрсақ», тверк биін билеген аруларды жиі байқаймыз. Көрер көзге ерсі, ерлі-зайыптылардың арасындағы төсек қатынасын бейнелейтін «өнерді» қазақ қыздарының да билеп жүр­гені көңілге қаяу түсіргені рас. Бақытымызға орай, бұны ешкім сахнаға алып шыққан жоқ. Әрине, әркім әлеуметтік желіде­гі жеке парақшасына қандай бейне­ролик жарияласа да өз еркі, оған құқылы.

 
БҰРЫНҒЫ БҰРЫМДЫЛЫҚ — ҚАЗІРГІ ҚЫРЫН ҚЫЛЫҚ немесе қысқа шаштың қызығы
03.11.2016 11:01

Сан мәрте қалам тартылса да, бұл тақырыптың өзектілігі ешқашан жойылған емес. Қайта күн өткен сайын маңыздылығы артып, дабыл қағатын дәрежеге дейін барды. Кешегі ата-бабаларымыздың салған даңғыл, сара жолымен жүру аруларымыз үшін қиын тиіп келе жат­қандай. Іштей мойындамайтынымыз немесе мойындағымыз келмейтіні рас. Әйтсе де, бүгінгі хал-ахуал мен істің жай-жапсары оны анық айқындап тұр. Қалай десек те, бұрымды қыздар көз­ден «бұлбұл ұшты».

 
Иесі той жасағанына, асаба ақша «асағанына» мәз
13.10.2016 12:47

...Ойпаң жерге он отау,

Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,

Қонағымды жайғасам!

Бұл – кешегі қазақ жырау­лар поэзиясының көрнекті өкілі, тігісіне су сіңбейтін тіркестің иесі Ақтамберді жыраудың жан тебірентер толға­уы. Бұл бабаларымыздың сан ғасыр бұрынғы есіл арманы болатын. Шүкір дейік, мұндай көл-көсір күн­ге де жеттік. Иә, әлемде той десе қу басы домалай жөнелетін халық қазақ қана шығар­. Өйткені, өмір бойы жиған-тергенін тойға шаша салуға даяр тұрады.

 
ТІЛ ТАҒДЫРЫ ұлт келешегіне кепіл бола ала ма?
29.09.2016 12:09

Ұлттың  жаны – тіл. Тілін құрдымға жіберген халық­тың өзі де «өлі» өмір кешетінін қарт тарих көрсетіп-ақ келеді. Көре тұра ұғына алмаймыз ба әлде зиялы зердеміз немқұрайлы ма, тіл мәселесі елімізде әлі талқыға түсіп жүр. Қазақ тілінің қоғамдағы мәртебесін мәселе қылып том-том кітап шығармасақ та, жиі айтып, жарыса жазамы­з. Таптаурын тақырыпқа айнал­ды. Тәуелсіздігімізді алғаны­мызға биыл тұп-тура 25 жыл болыпты. Хош делік. Басымыз бодандықтан арылды. Ал тіліміз толық бостандық алды ма? Сарапшы – өзіңіз.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары