Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
Ой-талқы
ЖАЛАҚЫҢДЫ БЕРСЕҢ ЕНЕҢЕ, ЕСЕҢ КЕТЕ МЕ НЕМЕНЕ?
11.08.2016 10:55

Адамдарды жақындастыратын да, алшақтататын да - ақша. Ал табиғатынан бір-бірімен «аттас зарядтар» саналатын ене мен келін арасында кейбір кикілжің де тап осы табыстан туындап жатады. Жалпы, келін тапқан табысын енесіне өткізуі тиіс пе, әлде өзі жаратуға құқылы ма? Бұл тұрғыда қоғам пікірі екіге жарылады. Бірі қолындағы барын енесіне беруге бейіл болса, бірі сырттың сыпсың сөзінен именіп, иіліп жатады. Екі ене қосылса да, келіндер кездессе де, жиі талқыланатын тақырыптың бірі осы. Сондықтан табалдырық аттап табысымен бөлісіп жүргендерді де, жалақысын жеке басына жарататындарды да, тіпті есік көрмеген ерке қыздарды да сөзге тартқан едік.

 
Балаңыз кіммен дос болып жүр?
21.07.2016 10:07

Сананы тұрмыс билегеннен соң ба, бүгінгі қоғамда бөліну ұғымы қалыптасып үлгерген. “Кімнен, неге бөлінеді?” деген сауал санаңызда жылт ете қалды. Расында бір-бірімен ауылы аралас,  қойы қоралас бола тұра көршісінің көңілін сұрауға жарамайтын, амандасуға “әлдері” келмейтіндер көп. Не үшін? Өйткені олардың әлеуметтік деңгейі бірдей емес. Бірі – бай, бірі – орта дәулетті, ал бірі – кедей. Деңгейге қарай дорба алмасып, дәрежесіне қарай үй арасын жол қылатындарға не айтасыз? “Бай – байға, сай – сайға құяды”. Қоғамдық бөлініс деген – осы. Өзінен үлкенге қарап бой түзейтін баланың да санасы осыған қарай ойыса түсетіні белгілі. Балаларын дәулетті отбасынан шыққандармен ғана араластыратын ата-аналарды көзіміз көріп жүр. Дәл осындай тағылымсыз тәрбиеден кейін бүгінде біздің ортамыздан баяғының Асаны мен Үсені біртіндеп жоғала берері сөзсіз.

 
«Қатынсыз» ба, «әйелсіз» бе?
14.07.2016 10:38

Естіген құлаққа «қатын» дөрекі, «әйел» әдемі. Бұл - кешегі кеңес кезіндегі буын мен қазіргі буынның көзқарасы. Әйтсе де соңғы кездері басылым беттерінде, әлеуметтік желіде «қатын» мен «әйелдің» тартысы тыйылар емес. Бірі «қатынның» құлаққа түрпідей естілерін алға тартса, бірі біз әспеттейтін «әйелдің» шын мәнінде некелі адал жар емес, жезөк­ше мағынасын беретіндігін тілге тиек етеді.

 
Өлім жазасы керек пе?
23.06.2016 11:45

Тақырыптың тұздығы ретінде төңіректі бір шолып өтейік. Қытайдың қатал заңынан бүкіл әлем хабардар. Бейресми деректерге сүйенсек, «қытайлықтар ұрлық жасаған адамның саусағын шауып тастайды» деген мәлімет бар. Сонымен қатар, бұл елде аса ауыр қылмысқа барғандардың өлім жазасына кесілетіні белгілі. Алайда әлі күнге дейін қанша қытайлықтың жазаның ең ауыр түріне кесілгені турал­ы нақты ақпарат жоқ. Өйткені, аспанасты елі мұндай құпия құжат­тарға өте сақ. Ал әлемдік басылымдар осы жылдың өзінде 1634 адамның өлім жазасына кесілгені туралы ақпарат­ таратты. Бұл статистиканың 90 пайы­зы Иран, Пәкістан, Сауд Арабиясына тиесілі екен. Аталған мем­лекет­терде әлі күнге дейін осы заң қолданы­ста  деген  сөз.

 
“ҚИЫН БАЛА” ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
23.06.2016 10:24

Бізде қанға о бастан сіңген бір жаман әдет бар. “Жұрттың баласы” – әлемдегі мінсіз адам. Әйтеуір кейбір ата-ана үшін елдің баласынан артық идеал жоқ. Олар – тәртіпті, оқымысты, жолы болғыш, қаржыға кенелгіш және өте тілалғыш. Ал өз баламызға мұндай қасиеттердің біреуі дарымаған. Біз осылай салыстырып өмір сүруге үйренгенбіз. Балаға берілетін бастапқы тәлім-тәрбие тіні жақсы болса, ол да “жұрттың баласынан” артық болмаса, кем түспес еді. Қазақта “баланы – бастан” деген тағылымды тәмсіл бар. Тәрбиесі түзу болмаған баланың болашағынан да қайыр күту қиындайды. “Қиын  балалар” таразылайтын тақырыбымыздың тұздығы болмақ.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары