Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ҚАЙЫРЫМДЫ һәм ҚАРЫМДЫ
06.01.2012 11:07

Ұмытпасам, 1988 жыл болса керек. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты филология факультетінің аудиториясында студенттер мен жергілікті ақын-жазушылардың кездесуі өтті.

 
АМАНАТТЫҢ АУЫР ЖҮГІ ЕРГЕ СЫН
06.01.2012 11:05

Азаматты тосады асу...

жол алдан,

Ол ықпайды,

Қорықпайды бораннан.

Елдің жүгін еншіледің ендеше,

Саған ақ жол тілеймін мен Аманжан!

 

Жақын түгіл, жаттан қашар сенсің бе?!

Надан емес,

Нағыздармен қоңсы ірге.

Кесе жолдан,

Неше жолдан құйғытқан,

Керқұла атты Кендебайдан кемсің бе?!

 

Алдың асу...

бұлт бойламас асқақ шың,

Шегінбе сен,

елім десең,

тас батсын

Табаныңа құзар шыңда тайғанап,

Жанарыңа мұз боп мейлі, жас қатсын!

 

Шың басында шімірікпе,

өрге тарт!

Шын тілекші үйде қатын...

төрде қарт.

Азаматқа лайықты арда емген,

Аманаттың ауыр жүгі,

елге қат.

Сілкін, таста, күмән-күдік сен бұлтын,

Жүрегіңе ерік-жігер бер, бұл күн.

Алыс жолда,

ауырсынба...

алқынба,

Аманатын арқалатты ел-жұртың.

 

Жүрегіңді,

жігеріңді желкен ет!

Бізге бүгін Намысы-нән ер керек!

Артыңдағы ініге жүр ізет қып,

Алдыңдағы ағаға жүр еркелеп.

 

Құр күні үшін күйбеңдеген кісі көп,

Жалаңаяқ кеш, Отаның үшін от!

Ержігіттің ойланбасқа әдді жоқ,

Ез жігіттің тойдан басқа ісі жоқ.

 

Аманатың -

Абыройың,

Айбарың!

Жамағатың - Арың, ойың,

қайнарың,

Сайлаушыңның жүрегінде желбірет,

Топтан озып,

барша жеңіс байрағын!!!

 

Толыбай  Абылаев,

ақын,  Жарасқан  Әбдірашев

атындағы  әдеби  сыйлықтың иегері.

 
ЖАҚСЫ АҒАНЫҢ ЖАҚСЫ ІСІ ЖАЛҒАҒАНЫҢ
06.01.2012 11:04

Маңғаз туған ұлысың маң даланың,

Қарымыңа қайранмын,

Таң қаламын!

Жақсы ағаның жақсы ісі жалғағаның,

Қанатыңның қалаймын талмағанын.

 

Жалыны мол жаныңның,

Лапылдайсың!

Жүрегіңмен жұртыңа жақындайсың.

Ардақтысын Алаштың мақұлдайсың,

Бес қаруын асынған батырдайсың.

 

Салиқалы іс күтіп сапалы ұлдан,

Барын салып бабалар бата қылған...

Аламанда оза шап қатарыңнан,

Ат үркетін болсыншы атағыңнан.

 

Төзім берді Жаратқан,

Сезім берді.

Кер заманды кешегі көзің көрді...

Кіл биіктен көрейік өзіңді енді,

Сұңқардайын самғайтын кезің келді.

 

Жігер керек жігітке шалқу үшін,

Тас жарғандай талабың,

Талпынысың!..

Жақсылардың жаңғыртып жарқын ісін,

Топқа түсер  кез келді халқың үшін...

Әскербек  РАХЫМБЕКҰЛЫ,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

 
БІРДЕН-БІР ЛАЙЫҚТЫ АЗАМАТ
06.01.2012 11:00

Ағалар  ықыласы

Зайырлы қоғам құру жолына бағыт­ алған елімізде кезең-кезеңі­мен­ өткізіліп тұратын сайлау бірте-бірте ұлттық дәстүрімізге айналып келеді. Солай болуға тиісті де. Басыбайлылықтан құтылып, еркін ел болу жолына кіріскен мемлекеттің ұлттық идеологиясына сай ұлттық дәстүр салты қалыптасуы керек.

 
МЕН БІЛЕТІН АМАНЖОЛ
06.01.2012 10:58

Шүкір, 20 жылдан бері егеме­н елміз. Халқымыздың «елу  жылда  ел жаңа, жүз жылда қазан» деген сөзі айнымай келді. Жоңғарлармен бір ға­сырдан аса жауласқан жауынгер бабаларымыз да, ұлт азаттығын арман еткен аманкелдішілер де, кешегі ұлтымызды Ресейдің уысынан аман алып қаламыз деген алашордашылар да, Ұлы Отан соғысында Отан үшін шаһит болған әкелеріміз де тарих бетіне таңғажайып ерлік­тер жазып, қазақтың «мың өліп, мың тірілгендігін» дәлелдеп, буырқанып соққан толқындай өмір өзенде өз ағыста­рымен жол тапты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары