Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі!
06.01.2012 12:25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атадан  ұл  туса  игі,
Ата  жолын  қуса  игі!

 

№1 “Арал” сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткер
Аманжол  Сақыпұлы ОҢҒАРБАЕВ

Құрметті  жерлестер!

Сіздерді Жаңа 2012 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Босаға аттаған әрбір жылымыздан үміт күтетін халықтың ұрпағымыз. Ең әуелі Отанымыз бен Отыңыздың басына береке, бірлік берсін.
Жаңа жыл жағымды жаңалықтарымен, мол қуанышымен, баянды бақытымен келсін!
Дана қазақ «ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын» дейді. Қоян жылының құты Ұлу жылына да жұғысып, жақсылығы толы болсын!
Баршаңызға амандық, табыс, мерей және жүрек жылуын тілеймін.

Ерім дейтін ел болмаса,
Елім дейтін ер қайдан болсын!

Жерге қараған емес,
төрге қараған ұл бол!

Аманжол  Сақыпұлы   Оңғарбаевқа
бір кісідей  дауыс  беруге  шақырамыз!

 
ӨМІРБАЯН
06.01.2012 12:01

Оңғарбаев Аманжол Сақып­ұлы 1968 жылы 7 қарашада Қы­зыл­орда облысы Арал ауданында дүниеге келген.

Он жылдық мектепті бітір­геннен кейін 1986-1988 жылдар арасында өндіріс саласында еңбек еткен. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педа­гогикалық институтын “қазақ тілі мен әдебие­ті” мамандығы бойынша, “Болашақ” университетін “қар­жы және несие” мамандығы бойын­ша, Қазақ гуманитарлық заң университетін “заңтану” маманд­ығы бойынша бітірген.

1993-1995 жылдары Қызыл­орда облыстық тіл басқармасының маманы;

1995-1996 жылдары Ұлт сая­саты жөніндегі Қызылорда облыс­тық комитетінің жетекші маман­ы;

1996-2000 жылдары облыстық “Ақмешіт апталығы” газеті бас редактор­ының орынбасары;

2000-2010 жылдары “Халық” газет­і ЖШС және “АSU” баспа үйі ЖШС директоры – бас редакторы қызметтерін атқарған.

2010 жылдан “Сыр медиа” МКК директоры қызметін атқарып келеді.

Аманжол Сақыпұлы филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мү­ше­сі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

Отбасылы, үш баланың әкесі.

 
ЖІГІТТІҢ АЛТЫ АҒАЙЫНЫ БОЛСЫН:
06.01.2012 11:31

Жігіт қабырғаның қалың етінен шықсын.

Қалың жиында сүрінбейтін тілді болсын.

Білімді, сауатты болсын.

Қонақ талғамайтын, қазанды сақи болсын.

Үстінен қой айдаса да үндемейтін ашусыз болсын.

Ұстаса кеткен жағдайда бір адамдық күші болсын.

Жетес  би

 
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
06.01.2012 11:26

*Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзекті мәселелері бойынша түрлі деңгейдегі атқарушы, өкілетті органдар алдында мәселе­ көтеру, орындалуына ықпал ету;

 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕТIСТIКТЕР
06.01.2012 11:22

Сыр өңірінің мәдени мұраларын зерттеп, зерделей жүріп, 1998 жылы Арал өңіріндегі сүлейлер мектебін қалыптастырушы Нұртуған Кенжеғұлұлының шығармашылығынан ғылыми диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
А.Сақыпұлының құрылтайшылығымен әр жылдарда Сыр өңірінің ақпараттық-танымдық “Ақмешіт апталығы”, діни “Нұр” газеті, қоғамдық-саяси “Халық” газеттері жарық көрді.
Сондай-ақ А.Сақыпұлының авторлығымен “Нұртуған шайыр”, “Жетес би”, “Жылқаман батыр” кітаптары жарық көрген.
Ол 1997 жылдан бастап Қызылордадан “Тұмар” баспасын ашып, жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарының жарық көруіне үлес қосушы – баспагер. Осы жылдарда “Тұмар” баспасынан Сыр өңіріне қатысты 300-ден астам ғылыми және мәдени  мұра  кітап  болып  жарық  көрді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары