Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Халық-хабар
АРАЛДА АРА ӨСІРУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
22.05.2018 16:44

Ара балының мың сан ауруға ем болатын қасиеті бар екені көпшілікке таныс. Тіпті, бала күнімізде ара шағып алса, аталарымыз «шаққанының өзі шипа, енді қыста ауырмайсың» деп жұбататын. Табиғатынан ерекше жаратылған араның қызыққан жанды өзіне баурап әкетер қасиеті өз алдына бір ғылым дерсің. Ал, оны өсіріп-баптап, балын алсаң, толағай табысқа кенелерің анық.

Хош делік... Құмбазар ауылының тұрғыны Серік Якудаев – ара өсіруді қолға алған омарташы. Ол 42 жыл ветеринария саласында абыройлы қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққан. Елге қызмет жасап, тынымсыз тірлік еткен жанға зейнет жасында бос жату ауыр, әрине. Бертін келе, кейіпкеріміз ара өсіру ісін қолға алуды ойлап, отбасымен, достарымен кеңеседі. Сөйтіп, Қызылорда қаласына барып, омарташылардан сабақ алып, 15 күндей арнайы курстарда оқып қайтады. Ә дегеннен ара шаруашылығы Серік ағаны өзіне баурап алады. Әбден ізденіп, жан-жақты саралаған соң, бар білім-білігін салып, бизнес жоспар дайындайды. Жоспарын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына ұсынады. Көп өтпей-ақ, жобасы үздік деп танылып, кәсіпкерге «Даму» қоры қайтарымсыз грант тағайындайды.

– «Даму» қоры арқылы 1 млн 275 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алған соң, аталған қаржыға 20 ұя «карпат» тұқымды ара мен бал өндіруге қажетті құрал-жабдықтарымды сатып алдым. Қасыма көмекші ретінде бір жұмысшы бекіттім. Бастапқыда жергілікті ауа райының құбылмалдылығы аралардың үйренісуіне қиындық туғызды. Сондықтан, оларды 20 күндей қолдан шәрбат дайындап бақтым. Артынша, дарияның жиегіне апарып орналастырдым. Мұнда оларға азық боларлық жыңғыл, алма, өрік, шие гүлдеп жатыр. Аралар бал жинауды бастап кетті, - дейді омарташы.

Расымен де, аралар – айрықша тіршілік иелері. Олар бір ұяда бір аналық, бірнеше жүз аталық және 100 мыңнан астам жұмысшы аралар жанұя болып өмір сүреді. Бұдан бөлек, араның ауыз қуысы кішігірім цехқа баланады. Себебі, гүлден алған шырынды ұясынан жеткен ауыз қуысында балға айналдырады. Басты жауы көгершін, тышқан мен құмырсқа көрінеді. Аралар да өздерінің бірнеше ауру түрлерімен ауырады. Біздің жердегі аралар көбіне іш ауруымен ауырады деседі. Тағы бір ерекшелігі, олар темекі мен ішімдіктің, әтірдің иісін жақтырмайды. Жанына жақындаған адамда осы аталған иіс болса ашуланып, тарпа бас салады. Үнемі қозғалыста болады. Содан да болар, оның ұясының ішінде қысы-жазы 30-35 градус температура сақталады. Міне, жоғарыдағы біз білмейтін тың мәліметтің бәрін кәсіпке ден қойған Серік аға құлшыныспен әңгімелеп берді.

– Араның тағы бір ерекшелігі – тазалықты жақсы көреді және асқан шебер. Тазалықты жақсы көретінін ұяның ішінен бір араның өлексесін, болмаса басқадай қоқыстарды кездестірмейсің. Ал, шеберлігі – біз рамкасын жасап, бетіне арнайы жабыстырғыш дәкесін бекітіп қоямыз. Соның үстіне аралар алты бұрышты етіп бал жинайтын ұяшықтарын өздері өріп шығады. Бұл жұмыстары адам қолымен жасаса да, мұндай мінсіз шықпас еді, - деген омарташы, аралардың осындай ерекше қабілетін де тілге тиек етті.

Көз алдымызда аралар осы мезгілден бастап бал жинау үстінде. Мамыр айының ортасынан бастап тамыз айына дейін жиналған балды алуға мүмкіндік бар. Бір ұядан аптасына 6-7 келі бал алынса, бір маусымда 100-200 келіге дейін бал қолға тиеді. Есептей беріңіз!

Өз шаруашылығын бар жан-тәнімен жақсы көретін омарташы бұған дейін де ауыл шаруашылығы саласынан алыс болмаған. Яғни, 1998 жылы мал шаруашылығымен айналысатын «Қоғам» шаруа қожалығын құрып, ет бағытында жылқы мен сиыр өсіріп келген. Осы еңбегі үшін 2012 жылы ІІІ дәрежелі, 2013 жылы ІІ дәрежелі, 2015 жылы І дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған. Тірліктің көзін тауып, тынымсыз тіршілік етіп жүрген Серік Якудаев ара шаруашылығын одан әрі дамытуды мақсат етіп, бар білгенін баласына үйретіп жүр.

– Мен бұл кәсіпті қолға алғанда толағай табысқа кенелсем деген жоқпын. Құдайға шүкір, балаларымның бәрін үйлі-жайлы қылдым. Өзім де заманымда еңбегіммен халқыма абыройлы болдым. Енді осы кәсібім жанданып кетіп жатса, жетім-жесірлерге, мүгедек жандарға, мешітке, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетсем деймін. Бұлай жасауға міндеттімін де. Өйткені, Құрандағы ара сүресінде: «Арадан түскен пайданың он пайызын мұқтаж жандарға, он пайызын  туысқандарға көмек ретінде бер» делінген. Және базарға бара қалсаң, түрлі қоспамен жасалып келген сырттың өнімдерін аламыз. Осыны да ескеріп, аудан халқын табиғи таза өніммен қамтамасыз етсем, - дейді Серік аға.

Тыңнан басталған шаруашылық түріне қызығушылық танытушылар көп көрінеді. Омарташы үйренемін деушілерге де үйретуге дайын екендігін айтты.

Иә, қызығы мен шыжығы көп ара шаруашылығы дамып, нарықта Аралдың балы саудаға салынып жатса, шынымен де, керемет болғалы тұр. Бұл кәсіпті бастаған омарташының еңбегі табысты боларына сеніміміз мол.

Назерке МАРАТҚЫЗЫ,

Арал қаласы

 
Ішкі саясат басқармасын басқарған Қайруллаев жаңа қызметке тағайындалды
22.05.2018 14:47

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация комерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры болып Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов бейне конференция арқылы Айдын Бөкенбайұлына жаңа қызметімен құттықтап, ақ жол тілеп, жұмыста абырой мен қызметте тек сәттіліктермен, жақсы нәтижелермен көрінуіне тілектестік білдірді.

Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Қорқыт ата универрситетін 2002 жылы журналист, 2008 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын облыстық телеарнада редактор болып бастаған.

2001-2002 жылдары «Сета» радиосының бас редакторы болды. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармаларының бастығы болды. 2015 жылдың шілде айынан Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысы қызметінде болған.

Айдын Бөкенбайұлының ішкі саясат саласында тәжірибесінің молдығын, тәжірибелі маман және басшы ретінде көрсете білген.

 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалуы оң нәтижесін беруде
22.05.2018 14:24

Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалуы туралы баспасөз конференциясы өтті.

2017 жылы бағдарлама аясында Сыр өңірінде 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 79 жоба жүзеге асырылды.

Бүгінде Қызылорда қаласының сол жағалауы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Жаңа қалада 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайта беру туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық атқару комитетінің бұрынғы ғимараты архивтегі сызбалар бойынша қайта салынды. Онда Рухани жаңғыру орталығы орналасады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» кафедрасы ашылып, «Мәңгілік Ел және ұлттық дәстүр» және «Өркениеттің негіздері» атты арнайы пәндер енгізілді.

Бұдан бөлек, орта арнаулы білім беру ұйымдарына арналған қазақ тіліндегі «Өлкетану» оқулығы әзірленуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджет есебінен 25 млн. теңге қаржы бөлінді. Оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан өтіп, баспаға жіберілді.

«Дарын» қосымша білім беру орталығының жанынан дарияның сол жағалауындағы жаңа қаладан физика-математика мектеп-интернатын ашу көзделіп отыр. Қазіргі таңда қажетті қаражаты мен құрылысына байланысты ұйымдастыру-дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Облыста киелі жерлердің тізімі бекітілді. «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қызылорда облысынан жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне 12, өңірлік киелі нысандар тізіміне 35 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілді. Интерактивті карта республикалық және жергілікті маңызы бар 150  ескерткішті қамтитын болады.

Сондай-ақ, олардың ішінде Қазақ хандығының алғашқы астанасы – Сығанақ қаласы мен өңірдегі 6 киелі орын - Жанкент, Сортөбе, Жент, Шірік-Рабат қалашықтары, Кердері кесенесі. Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің 3 D-картасы 2018 жылдың 1 қарашасына дейін жасақталады.

Бірінші кезекте ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміндегі және республикалық, жергілікті маңызы бар 9 ескерткіш еңгізілетін болады. Олар: Қорқыт Ата кешені, Ортағасырлық Жент қалашығы, Ежелгі Шірік-Рабат қалашығы, Ортағасырлық Сығанақ қалашығы, Кескенкүйік қалашығы, Жетіасар мәдениеті ескерткіштері, Бәбіш Молла қалашығы, Ортағасырлық Жанкент қалашығы, Сауысқандық петроглифтері.

Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт ата мемориалдық кешені мен өткен жылы кешен жанынан ашылған  этноауыл отандық және шетелдік туристерді ерекше қызықтыратын нысан. Естеріңізге сала кетейік, түркі әлемінің абызына арналған бұл кешен 1980 жылдары бой көтерген. Елбасының тапсырмасына сәйкес 2014 жылы нысан қайта жаңғыртудан өткізіліп, жанынан зиярат ету орталығы ашылды. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомагистрелінің бойында орналасқан кешенге келуші туристер қатары көп, әсіресе «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде кесенені көруге ниеттілер саны артты.

Аймақта халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық музыкалық өнер фестивалін өткізу дәстүрге айналды. 4 жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2017 жылы фестивальге Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Тува, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Англия, Түркия, Қытай және Қазақстанның зерттеуші ғалымдар, өнерпаздар қатысты.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында  «Қасиетті Қазақстан және археология» залы ашылып, аймақтағы 12 музейдің экспозициялары жаңаланды.

Сондай-ақ, биыл Қызылордада аймақтың тарихы, мәдениеті және экономикалық жетістіктерінен сыр шертетін фотоальбом түріндегі кітап жарық көреді. Жинаққа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өңірінің тарихи орындары туралы бұрын еш жерде жарияланбаған фотодеректер  енгізілмек.

Жыраулар мектебін заманауи деңгейде дәріптеп, насихаттау үшін аймақта «Қазақ дәстүрлі өнер академиясын» ашуды жоспарлануда.

Ал, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Респбуликасындағы Елшілігі биылғы жылдың 25 мамыры мен 3 маусымы аралығында Қызылордада «Шахнама» атты ирандық көрмені өткізбек.

Сонымен бірге, ҚР Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып, рухани жаңғыру аясында қоғамда даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту мақсатында «Сотсыз татуласу орталығын» Қызылордада құру туралы пилоттық жоба іске асырылуда.

Айта кету керек, аймақта «Туған жерге тағзым» жобасы нәтижелі жүзеге асырылуда. Өткен жылы кәсіпорындар мен жергілікті әкімдік арасында өзара әріптестік туралы меморандумдар жасалды.

Нәтижесінде 2017 жылы меценаттар есебінен өңірімізде білім, мәдениет ұйымдарының ғимараттарын қайта жаңғыртуға, балаларға ойын алаңдарын салып, аллеялар мен скверлер ашуға 6 млрд. теңгеден астам қаржы тартылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН БІРЕГЕЙ ФОТОДЕРЕКТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ
22.05.2018 14:24

Сыр даласының терең тарихы, мәдениеті, экономикалық жетістігі қамтылатын фотоальбомды кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өңірінің тарихи орындары туралы бұрын жарияланбаған фотодеректер енгізілмек. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аймақта орындалу барысы туралы өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Альбом үш тілде шығарылады - қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

«Осы жылы өңіріміздің терең тарихы, мәдениеті, экономикалық жетістігі қамтылатын фотоальбом негізінде жасақталған кітап жарық көреді. Кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Сыр өңірінің тарихи орындары туралы бұрын еш жерде жарияланбаған фотодеректер енгізілмек»,- деді Қырымбек Көшербаев.

Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақта орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің телеатласы және аймақ тарихының электрондық оқулығы жарық көреді. Осында өмір сүрген тарихи тұлғалар, батырлардың ерлігі туралы аңыз-әңгімелер мен жыраулардың қанатты сөздері туралы бейнематериалдар әзірленеді.

Сондай-ақ, еңбек адамының шынайы бейнесі көрсетілетін «Сырым менің сырласым» және ғарыш саласының дамуы туралы «Байқоңыр және космос» кітабын әзірлеу жоспарлануда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СОТТАН ТЫС ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰРЫЛАДЫ
22.05.2018 14:22

Соттан тыс татуласу орталығын құру үшін Сыр өңірі пилоттық аймақ ретінде таңдалып отыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалу барысы туралы өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда Қызылорда облысының тәжірибесі бүкіл республикада еңгізілмек.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынып отыр және оны жүзеге асыру үшін пилоттық аймақ ретінде Қызылорда облысы белгіленді. Жақсы тәжірибеміз де аз емес. Соның бірі Н.Ілиясов ауылы қоғамдық кеңесінің құрамындағы ардагер ақсақалдары қолға алған қызметті атап айтуға болады. Мұндай тәжірибені кеңінен қолдану қажет», - деді аймақ басшысы.

Орталықта медиатор, психолог, дау-жанжалдарды шешетін мамандар және өзге де қызметкерлер жұмыс істейтін болады. Мұнда тараптар өз қалауымен келісімге келе алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары