Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ
14.11.2018 09:16

Қызылорда облысы мәслихатының кезектен тыс  ХХІV сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған аймақ бюджеті нақтыланды.

«Бүгін облыстық мәслихат сессиясының қарауына аймақ бюджетін нақтылауды ұсынып отырмыз. Үнемделген қаржыны Елбасының биылғы қазан айындағы Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға және өңірдің кезек күттірмейтін басым бағыттағы шығындарына жұмсау көзделуде»,-деді аймақ басшысы.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға 131,2 млн. теңге несие қаржысы қарастырылған. Келісілген жоспарға сәйкес, облыстық бюджет есебінен қалған 800 адамды «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негізіне оқытуға 36 млн. теңге қарастырылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында 1600 адамды оқыту жоспарланды. Оның 800-і республикалық бюджет есебінен кәсіпкерлік негізіндегі оқыту курстарын бітірді.

Денсаулық сақтау, білім, спорт саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жобаларды әрі қарай дамытуға 153 млн. теңге қаражатты бағыттау көзделіп отыр. Қазір өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында түрлі саладағы 75 жоба іске асуда.

Сонымен қатар, жаңадан іске қосылған 13 білім беру нысанының шығындарын өтеуге 178 млн. теңге және Қызылорда қаласындағы мектептердің оқушылар контингентінің көбеюіне байланысты 111 жиынтық-сыныптарын қаржыландыруға қосымша 90 млн. теңге қарастырылуда.

«Жылдың аяқталуына небәрі бір жарым ай ғана уақыт қалды. Барлығымыздың міндетіміз – жылды оң нәтижемен қорытындылау. Өнеркәсіптің өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, жүйелі қабылданған шаралардың нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысымен Жалпы Өңірлік Өнім (ВРП) бойынша оң векторға шықтық. Бұл межені - мұнайдың жыл сайынғы және бүгінгі таңда уран өндіру көлемінің де төмендеуіне қарамастан, биыл да сақтаймыз деп отырмыз»,-деді аймақ басшысы.

Бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мәселен, соңғы 3 жылда өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 есеге жуық, жұмыспен қамтылғандар саны 55%-ға, еңбек өнімділігі 18%-ға өсті. Осы жылдың аяғына дейін тампонажды цемент зауыты, балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехы, ал 2019 жылы шыны зауыты мен жылына 1,5 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы іске қосылады. «Баласауысқандық» кен орнында ванадийдің бес тотығы өндірісі қуаттылығын арттыру, тұзды қайта өңдеу және кальцийленген сода зауытының құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Аймақтың маңызды саласы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі жыл қорытындысымен 2017 жылға қарағанда өсім 4,5%-ды құрайды деп күтілуде. Ал, атқарылған құрылыс жұмыстардың көлемі 2,2%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 667,4 мың шаршы метрді құрап, 9%-ға өсуі ықтимал.

Әлеуметтік сала бойынша, 2018 жылы 10 070 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, бүгінде 10 айдың өзінде 10 605 жұмыс орны құрылып, жоспар 5,3 пайызға артығымен орындалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
"ҚАЙСАР" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА - 50 ЖЫЛ
14.11.2018 09:13

Мерейтой қарсаңында "Ақтөбені" 3:0 есебімен ұтып, команда маусымды жеңіспен аяқтады.

3 ұпай жинаған қайсарлықтар турнир қорытындысы бойынша 5-орынға ие болып, өздеріне берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бір сатыға жоғары.

Мерейтойға орай ұйымдастырылған мерекелік шараға жанкүйерлер, ойыншылар мен команда ардагерлері, соның ішінде 20 жыл бұрын ҚР Кубогын жеңіп алған "Қайсардың" алтын құрамы қатысты.

"Қайсар" жанкүйерлер алдында беделге ие және қандай да жағдайларға қарамастан әрдайым өз абырой биігінде қалады. Клубтың бойтұмары ретінде қайсарлық, еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылу символы - дала қасқырының таңдалуы бекер емес. Қазіргі таңда жергілікті кадрларды тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. "Қайсар" футбол орталығында 400-ден астам жасөспірім жаттығады, біз оларды "Қайсар" мен Қазақстан ұлттық құрамасының сапында көреміз деп үміттенеміз", - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі қайсарлықтарға келесі жылы медаль алып, Еурокубокта өнер көрсетуін тіледі.

Айта кетейік, Қызылорда облысы республикада алғашқылардың бірі болып ұжымнан бөлек тағы бір фарм-команда құрды. "Байқоңыр" футбол клубында 100% жергілікті футболдың тәрбиеленушілері ойнайды.

5 жыл бұрын "Қайсардың" базасы қайта жаңартылып, заманауи қосалқы алаң салынды, бүгінде Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта Қызылорда фуболшыларына басты сыйлық - Сырдарияның сол жағалауында жаңа жабық стадион салынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Өмірге құштар, өнерге іңкәр
14.11.2018 09:05

Осы тақырыппен Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында 13 қараша Дүниежүзілік көз мүгедектері күніне орай шара ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара екі бөлімнен тұрады. Шараның І бөлімінде кітапханада өтетін барлық шараларға белсене атсалысып келген, кітапты жиі оқитын «Үздік оқырмандар» марапатталса, екінші бөлімінде кітапханада тұрақты жұмыс жасап келе жатқан Брайль алфавитін үйрететін «Ғажайып нүкте» атты үйірмесінің оқырмандары  арасында Брайльша жазудан диктант жазу түрінде сайыс өтті.

Қызылорда параолимпиада комитетімен бірлесе отырып спорттық ойындар үйірмесі жұмыс істейді, осы үйірмеде спортшыларымыз республикалық жарыстарға дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әбуова Мира Рахымжанқызының атынан құнды байлықты бойына сіңіріп, кітап атты рухани доспен сырласып жүрген «үздік оқырмандар» марапатталды.

Сыр бойы – талай ақын, жыршыларды дүниеге әкелген киелі мекен.Осы шарада өнер майталмандарының өнерін жалғастырушы филармония өнерпаздары өнер көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кітапхана директорының атынан бағалы сыйлықтармен, Алғыс хат және дипломдармен марапатталды. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы

 
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ӨЛГЕН МАЛ ИЕСІНЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
13.11.2018 18:23

Өлген малдарға ветеринариялық зертханамен «лептоспироз» ауруына қорытынды берілген жағдайда бюджет есебінен өтемақы төленетін болады. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қараша күні Жаңақорған ауданы Байкенже ауылдық округінің Шалқия ауылында ұсақ мал (қой) қырылу дерегі тіркелген. Мал иесі Ахмет Рахимовтың айтуынша, шығын - 116 бас қой. Алайда ауру ошағын зерттеу барысында облыстық комиссия 40 бас қойдың өлгенін нақтылады.

"Аудандық ветеринариялық зертханасына «лептоспироз» ауруына және азықтан улануға күмәнді деп, патологиялық материал өткізілген. Егер диагноз расталса, мал иесіне бюджеттен өтемақы төленеді", - деді аймақ басшысы.

Қазір жағдай тұрақты. Мал тұрған қоражайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ветеринариялық шаралар атқарылып, қатаң бақылауға алынған. Өлекселер өртеліп, арнайы мал қорымында көмілді, мамандар зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Хабарлама түсе салысымен, ауру мал оқшауланып, сарысу және антибиотиктермен емдік шаралар жүргізілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Бекұзағын ұмытпайтын елі бар
13.11.2018 17:47

Өте де берсін жүріп көш,

Көңілімде азынап сынық пеш.

Жүз жасайды демеңдер,

Пайғамбар жасым – қырық бес!

 

Қайран да, қайран Аралым,

Іздесем сенсің табарым.

Асқақтап шыққан ұлың ем,

Төмендеп кетіп барамын, – деп жырлағанымен, ешқашан төмендемейтін, Сыр руханияты сөз болған сайын қайта аты асқақтай түсетін айтыстың ақтаңгері, жыршы, термеші Бекұзақ Тәңірбергеновтің 60 жылдығына орай өткен аптада “Қайым айтыс Құлагері” атты жас ақындар айтысы өтті. А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйіндегі мазмұнды шараны Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы, Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында Белкөл кенті әкімдігі ұйымдастырды. Айтысты “Алтын домбыраның” екі дүркін иегері, шаппа-шап айтыстың шебері Мұхтар Ниязов жүргізді.

- Ең біріншіден, айтысқа қош келдіңіздер демекпін. Қазақ халқы қашан да сөздің қадір-қасиетін ұғына білген, сөзге тоқтаған. Елбасының мақаласы аясында, ұлттық өнерімізді қолдау мақсатында сөз сайысын ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсат – жас ақындарды халыққа таныстыру, жастарды қолдау. Барлық ақындарға сәттілік тілеймін! - деді кент әкімі Тастайбек Мұсабаев.

Айтысқа Қызылорда қаласынан, Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 14-25 жас аралығындағы 12 ақын қатысты. Жыр додасына айтыскер ақын, Бекұзақ Тәңірбергеновтың өнердегі, өмірдегі досы Серік Ыдырысов, айтыскер ақын Мамыр Байдәулетов және ақынның ізін, жолын жалғаған ұлы Ұлықбек Тәңірбергеновтер қазылық жасады.

- Бүгін өшкенім жанып, қайтқаным келіп жатыр. Менің ең бақытты күнім десем де болады. Өмірден ерте кеткен, алты Алаш еркелеткен Бекұзақ досымның 60 жылдығы Сыр елі жұртшылығында тойланып жатыр. Бекұзақтың ізбасарлары бүгінгі айтыстың көркін қыздыратынына сенемін, - деді Серік ақын.

Бірнеше сағатқа созылған сөз барымтасында айтыс сахнасына алғаш шығып, тұсауын кестірген жас таланттар да, Жүрсіннің жүйріктерінің сапына ілігіп қалған айтыскерлер де болды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге қазалылық ақын Нұрзат Қару лайық деп танылды. Тағы да бір қазалылық Өміртай Есебаев 1-орынға ие болса, 2-3-орындарды қос шиелілік Мейрамбек Ибрагим мен Бекжан Ержігіт өзара бөлісті. Айтыскер ақын, қазылар алқасының төрағасы С.Ыдырысов қазалылық Бекзат Серіковке арнайы сыйлығын табыстады.

- Алуан-алуан жүйрік кеп, әліне қарай шапқан жас тұлпарлардың сөз сайысы жоспарлы шараның өтті, болдысы емес, болашағынан зор үміт күттіретін жаңа талап, жас дарындарды табуымызбен өз құнын биіктете түскені, түпкі мақсаттың үдеден шығуы көңілге қуаныш сыйлады десек болғандай. Осы шараның өз деңгейінде өтуіне атсалысқан ел азаматтарына, алтын уақытын бөліп келген жаны аяулы жақсыларға Тәңірбергеновтер әулетінің және ақынның отбасының атынан шексіз алғысымды білдіргім келеді, - деді ақын Ұлықбек Бекұзақұлы.

“Аралдың табанынан су кеткенмен, Жұртының жүрегінен жыр кеткен жоқ” деген өміршең жыр жолдарының авторы, қайым айтыс Құлагерінің есімі осылайша ел алдында елеулі түрде ұлықталғандай.

Рыскелді  ЖАХМАН

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары