Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Халық-хабар
«Коворкинг» орталығы – кітапхананың жаңа келбеті
13.12.2018 16:18

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі халықтың білімге деген құштарлығын арттыру болып табылады.

"Нұр Отан" партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай коворкинг орталық ретінде қайта құру жобасын ұсынды. Жобаның басты мақсаты – барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру.

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі "Жас отан" Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалымен өзара қызметтік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында шығармашылық және ғылым жолындағы жастардың бірлесе жұмыс жүргізуіне мүмкіндік беретін жобаларды жүзеге асыруды қолға алған болатын.

Осындай жобалардың аясында қалалық №12 кітапханада «Коворкинг» орталығының  ашылу рәсімі өткізілді. Салтанатты шараға  қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Кітапқа деген қызығушылықтың азайып бара жатқан қазіргі кезеңде «Коворкинг» орталықтарының жастардың отандық әдебиеттермен қатар әлемдік классика, қазіргі заманауи әдебиеттерді таңдап оқитын бірден-бір тиімді жоба болатынына, түрлі форматта бірлесіп өткізілген іс-шаралардың жастардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге ұмтылуға септігін тигізетініне зор сенім білдірді. “Нұр Отан” партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес «Цифрлы Қазақстан», «Қазақстан кітапханалары» жобалары аясындағы атқарылуға тиісті шараларды айтып, жастарды өркениетке ұмтылуға шақырды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова облысымыздағы осындай интеллектуальды жастар орталықтары туралы айтып, құттықтау сөз сөйледі.

«Коворкинг» - білім мен ғылымға ұмтылған жастардың бас қосар рухани  орталығы. Жастарды тұлға ретінде қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, оларды өмірге қажетті дағдыларға үйрету, кітапқа қызығушылығын арттыру - кітапхана қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі.

«Коворкинг» орталығының жұмысы жайлы "Жас Отан" Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес түсінікті жеткізіп, жастарды бұл орталықта тек қана кітап оқып қана қоймай жаңа идеялар мен бастамалардың көшбасында болып бірлесіп іскерлік кездесулер, семинарлар, тренингтер, дәрістер өткізіп, игілікті іс-шараларда жиі бас қосуға шақырды. Алдағы уақытта білім орталықтарында интернет желісін сауатты пайдалана білу мақсатындағы «Блогерлер мектебі», бір-біріне ағылшын тілін үйрету, домбыра тарта білуді үйрету мақсатындағы «Болашақ» жобалары, жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кештерін өткізу жоспарларын айтып өтті.

Жас оқырмандар Тұрсынбай Төребай С.Сейтманның «Рухани жаңғыру», Бақытбек Фарида қазақтың өршіл ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» жырын мәнерлеп оқып, бабаларымыздың жастарға деген сенімін қайта жаңғыртты.

Өз шығармашылықтарынан төгілте жыр оқыған жас талапкер ақындар мен «Караокеге» қосылып ән салған  жастар білім орталығының ажары мен сәні екендіктерін дәлелдегендей болашақтарына деген зор сенімді ұялатты.

 

 
Ғалымбек Жақсылықов: «Хан-Тәңірі» - Елбасының бізге берген ең жоғары бағасы»
13.12.2018 14:20

Өздеріңізге белгілі, Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір өтті. Аталмыш телекөпірде біздің облысымызда жылына 1 млн тонна өнім шығару қабілеті бар цемент зауыт іске қосылды.

Бұл ауқымды шара аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президенттің «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарын тапсыру, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырды.

Аталмыш шараларда Сыр кәсіпкерлері жеңіс тұғырынан көрініп, үздіктердің сапынан орын алды. Нақтырақ айтқанда:

- «Қазақстанның үздік тауары – 2018» республикалық көрме-байқауында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Далатекс» ЖШС жеңімпаз атанды.

- Мемлекет басшысының «Парыз – 2018» сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «СКЗ - U» ЖШС КҮМІС жүлдеге ие болды.

- «Парыз – 2018» сыйлығының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «РУ-6» мекемесі ҚОЛА жүлдемен марапатталды.

Бұл айтулы күндегі ең үлкен марапат біздің облысқа берілді. Қызылорда облысы «Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік өңір» ретінде танылып, Елбасы аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлына «Хан-Тәңірі» сыйлығын табыс етті.

Мемлекет басшысынан алынған мұндай жоғары бағаның артында өңір басшысы бастаған азаматтардың, салаға жауапты мамандардың уақытпен санаспай жасаған өлшеусіз еңбегі, маңдай тері жатыр.

Облыста кәсіпкерлік саласын дамыту сөз күйінде айтылмай, іспен дәлелденді. Жыл басында аймақ басшысы биылғы жылды облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады. Бұл бастама кейін үшжылдыққа ұзартылды. Аталмыш бастама аясында өңірде 65-тармақтан тұратын кешенді «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы» қабылданды.

Жол картасына салаға қатысты негізгі бағдарламалар енгізіліп, қаржыландырудың барлық көздерінен 32 млрд. 86 млн. теңге тартылды. Соның ішінде, «Стартап» жобалардың өзіне 3 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылды.

Саланы дамыту үшін қабылданған шешімдер мен бөлінген қаржы алғашқы нәтижелерін де бере бастады.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қарашасында өңірде 51 956 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, оның ішінде 42 066-сы жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,7 пайызды құрады. Бұл - республикада ең жақсы көрсеткіш.

Міне, жылды қорытындылар сәтте Ұлт Көшбасшысы табыстаған марапат Сыр азаматтарының, кәсіпкерлерінің осындай еселі еңбегіне беріліп отырған жоғары баға деп білемін.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытуға жағымды жағдай қалыптастыру мен кәсіпкерлердің мүддесін қорғау бойынша жұмысын алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Аймағымызда кәсіпкерлікті дамытуға қатысты баршаңызды бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.

 

 
Жалағашта 100 төсектік аурухана салынады
13.12.2018 12:23

Мемлекет басшысының жолдауындағы жер қатынастары саласындағы негізгі бағыттың бірі – ақпараттың ашықтығы мен жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы деректердің бірыңғай ұлттық базасын құру. Елбасының цифрландыру тапсырмасына сәйкес өңірлік коммуника­циялар қызметінде баспасөз брифингі өтті.

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Сұлтанбекұлының сөзінше, өңірде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бо­йынша ауқымды шаралар атқарылуда. Жақында ғана ҚР Премьер-министрінің орынбасары А.Жұмағ­алиевтің төрағалығымен өткен мәжілісте Қызылорда облысы жер саласын цифрландыру бойынша «пилоттық облыс» ретінде енгізілді. Соныме­н қатар, келер жылдан бастап егіс алқап­тарын цифрлық форматқа түсіріп, оны «Qoldau» веб-порталына енгізу арқылы аталмыш жерлердің электрондық картасын әзірлеу тапсырылған. Бүгінгі таңда өңірдегі жайылымдық жерлердің жалпы көлемі 1 млн 9 мың гектарды құрайды. Алдағы уақытта бұл жерлердің электронды картасы дайын­далған соң, аукцион арқылы сатыла бастайды.

Баспасөз брифингінде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы­ Марсбек Молдабаев:

– Елбасы қазақстандықтардың әл-ауқатын, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына арнап, оны жүзеге асыруға 6 бағыт нақтыла­ды. Жолдаудың 3-бағытында өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру жөнінде ерекше тоқ­талды. Бұл бағытта басқармаға жүктелген негізгі бақыл­ау функцияларын жүзеге асыруда бірқатар нәтижелі жұмыстар қолға алынды. Бүгінгі таңда құрылыс саласына мемлекеттік тұрғыдан бақылау күшейтілді, - деп атап өтті.

Биыл облыста 1790 пәтерді құрайтын 70 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұр­ылым желілерін жетілдіруге ел қазынасынан  14 млрд теңге қаржы қаралған.

– Аталмыш қаржыға жалпы құны 4 млрд теңге болатын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандары бойынша 5 жоба; жеке тұрғын үй аумақтарына инфрақұрылым жеткізуге (Қызылорда қаласы – 17, Сырдария ауданы – 1, Шиелі ауданы– 6, Арал ауданы – 4, Қазалы ауданы – 15, Қармақшы ауданы – 4, Жаңақорған ауданы – 3) 7,9 млрд теңгені құрайтын 50 жоба; құнды қағаздар шығару есебінен кредиттік тұрғын үйлер негізінде Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 60 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысына 2,1 млрд теңге бөлінген, - деді облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмат Асқарұлы.

Бағдарлама шеңберінде биыл 667,4 мың шаршы­ метр тұрғын үй салу және жаңа тұрғын үй аумақтарына 495 шақырым инженерлік желілер жүргізу жоспарланған. Ал жыл басынан бері 588,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Өңірдегі денсаулық сақтау нысандарын дамытуға республикалық бюджеттен 6,8 млрд теңгеге 2 жоба қолдау тапқан. Ел қазынасы есебінен  Әйтеке би кентінде ауысымына 250  келушіге  арналған  емхана­ және Жалағаш кентінде 100 төсектік орталық аурухана салынбақ. Және облыстық бюджеттен Сексеуіл кенті мен Жаңақорған ауданы Төмен­арық ауылынан 40 төсектік аурухана құрылысы жүргізілмек.

Халық-хабар

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ – ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨСУІ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ
12.12.2018 10:05

2018 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір деп танылды.

Кеше "Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған" Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясы бойынша "Алтын сапа" сыйлығын табыстады.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қарашасында өңірде 51 956 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, оның ішінде 42 066-сы жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,7 пайызды құрады. Бұл - республикада ең жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі тіркелгендер санының 80,9%-ын құрады.

Естеріңізге сала кетейік, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелерін тиімді шешу мен жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін айтарлықтай арттыру мақсатында облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, "Нұр Отан" партиясы филиалының, қоғамдық кеңестің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының шешімімен 2018-2020 жылдары өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды. Жыл басында "Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы" әзірленді. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға республикалық және облыстық бюджеттен, банктер мен қорлардан 32 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде стартап-жобаларға 3 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Жаппай кәсіпкерлікті, әсіресе ауылдық жерлерде дамытуға өңірде басымдық беріліп отыр, облыстың әрбір ауылдық елді мекеніне жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларынан шағын және орта бизнесті дамытуға жауаптылар бекітілді. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша өз ісін осы жылы бастаған әр аудан мен облыс орталығындағы үздік стартап-кәсіпкерлерді, сондай-ақ, ауданның үздік әкімін және жауапты лауазымды тұлғаны 1 млн. теңге көлеміндегі сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, болашақ және өз істерін бастаған кәсіпкерлер үшін барлық қолайлы жағдайларды жасау мақсатында Кәсіпкерлер үйі ашылды. Мұнда облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» ЖШС, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі бірқатар банк филиалдары және өзге де мекемелер орналастырылған. Сондай-ақ, аймақтың кәсіпкерлері үшін электрондық қызмет түрлерін тегін алуға болатын онлайн-кабинет жұмыс істейді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
«Dalatex» республикалық байқау жеңімпазы атанды
11.12.2018 18:08

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы жеңімпаздары марапатталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша үш жеңімпаз анықталды.

«Үздік» атағы үшін биылғы жылы өңірлік кезеңдердің 153 жеңімпазы сынға түсті.

Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар - «DOLCE» ЖШС (Алматы облысы), «Зерде – Керамика» ЖШС (Шымкент қ.), «Медидез» НПО  ЖШС (Қостанай облысы);

Халық тұтынатын үздік тауарлар - «West Line doors» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС (Атырау облысы), «Dalatex» ЖШС (Қызылорда облысы);

Үздік азық-түлік тауарлары-«Шин Лайн» ЖШС (Алматы облысы), «ViZaVi Company» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы), «Danone Berkut» ЖШС (Алматы облысы).

Әр номинацияда жеңімпаздар дипломдар мен естелік эмблемаларға ие болды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары