Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 208 МЛН ТЕҢГЕСІН САҚТАП ҚАЛА АЛДЫ
18.10.2019 17:00

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бұқаралық ақпарат құралдарымен өткізілген баспасөз мәслихатында айтты.

Шарада Палата директоры кәсіпкерлердің құқығының қорғалу барысына тоқталды.

Палата құрылған сәттен, яғни 6 жылда бизнесті қорғау бойынша 1481 өтініш түскен.

Орташа есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің 42 пайызында оң шешімге қол жеткізе алды. 50-ден астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылса, оның 11-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, Палатамен өтініштерді қарау барысында кәсіпкерлердің 2 млрд. 136 млн. теңгеден аса қаражаты сақталып қалды. Аталған сома күші жойылған айыппұлдар, өсімпұлдардан, мемлекет тарапынан қайтарылған қаражат есебінен, сақталып қалған бизнес мүлкінің құнынан және т.б. құралып отыр.

Баспасөз мәслихатында Ғалымбек Жақсылықов: «Ағымдағы жылдың 9 айының көрсеткіштеріне тоқталып өтер болсақ, кәсіпкерлерден құқықтарын қорғау бойынша Палатаға 222  өтініш түсіп, оның 72-сі немесе 32 пайызы оң шешілді. Нәтижесінде бизнес өкілдері 208 млн теңгеден астам қаржысын сақтап қала алды. Оның ішінде қаржының 73 пайызы орта кәсіпкерлік субъектілерінікі болса, 27 пайызы - шағын бизнестікі», - деді.

Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының басшысы жүргізген жұмыстарға анализ жасау барысында 2015 жылмен салыстырғанда 2018 жылы кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне кедергі жасаған мемлекеттік қызметкерлердің саны 3,8 есе артқандығын ортаға салды. 2015 жылы кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне кедергі жасаған 5 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2018 жылдың қорытындысымен 19 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

Ал осы жылдың 9 айында облыстың 8 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік шара қолданылған.

Палата басшысы кәсіпкерлердің жұмыс жүргізуі барысында әкімшілік кедергілерді азайту, бизнес өкілдерін құқықтық қолдау бағытында қабылданған шараларға да тоқталды.

Бұл шаралардың ішінде осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтің Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімімен бірге қабылдаған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, оларға барынша қолдау көрсету мақсатында алдағы уақытта атқарылатын шаралар бойынша 8 тармақтан тұратын арнайы Жол картасын атап өтті.

Бұдан әрі Палата басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
ОРМАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18.10.2019 14:45

Бүгін орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және  облыстық орман шаруашылығы саласының құрылғанына  85 жыл  толып отыр. Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Кәсіби мерекелерінде аталмыш шараның үздіктерін аймақ басшысы Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттармен, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталары мен министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі төсбелгілерімен марапаттады.

Облыстың 24 млн. гектар жерінің 30 пайызы мемлекеттік орман қорларын құрайды. 2003 жылы Үкімет қаулысымен 210 штаттық  бірлікпен 8 орман шаруашылығы мекемелері облыс әкімдігінің қарамағына беріліп, бүгінгі күні орман шаруашылығы саласында 545 қызметкер еңбек етуде. Орман қоры аумағында 11 мың гектардан астам жеріне толықтыру жұмыстары жүргізілсе, 22 гектар аумақта арнайы қор ұйымдастырылған.

Сыр елінің орман шаруашылығы саласының мамандары кәсіби мерекесін толымды жетістіктермен қарсы алып отыр. Аймақ басшысы сала қызметкерлерін құттықтап, орман шаруашылығында атқарылған жұмыстар туралы айтты.

«2018 жылдан бері Оңтүстік Корея Республикасының орман шаруашылығы қызметінен бөлінген 1,3 млн. АҚШ доллары қайтарымсыз гранты есебінен Арал теңізінің құрғаған бөлігіне 10 мың гектар орман мелиорациялық жұмыстары жүргізілуде.  Соңғы 28 жылда Қазақстан тарапынан теңіздің жанына 183 мың гектар жерге орман мелиорациялық жұмыстарын жүргізген. Әрине, бұл шаралар 6 млн. гектарды құрайтын теңіздің ұлтанына тамған тамшыдай ғана. Сондықтан, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін бірінші кезекте теңіздің ұлтанына ағаш отырғызу көлемін еселеп көбейтуіміз қажет»,- деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛҒА ЖҮГІРІП ШЫҚҚАН БАЛАСЫН ҚҰТҚАРМАҚ БОЛҒАН ӘКЕНІ АВТОБУС ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ
18.10.2019 11:15

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдайтын автобус екі адамды қағып кетті. Олардың бірі алған жарақатынан қаза болса, екіншісі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 17 қазан күні сағат 12.30 шамасында Абай даңғылы мен Ы.Алтынсарин көшесінің қиылысына жақын жерде болған.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жолдың белгіленбеген тұсынан 4 жастағы бала жүгіріп шыққан. Артынан әкесі құтқаруға ұмтылған. Сол мезетте жақындап қалған қоғамдық көлік оларды қағып кеткен.

– Алған жарақаты салдарынан баланың әкесі көз жұмды. Ал бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды, – деп хабарлады департаментің баспасөз қызметі.

 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ҚОЛДАНУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ КУРСЫ ӨТТІ
18.10.2019 11:05

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Прогресс» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен апталық оқу курсы өтті. ХХІ ғасыр –технологияның жылдам шарықтаған кезеңі. Ал дәл қазіргі уақыттың мақсаты – желідегі ақпараттарды сүзгіден өткізіп, шынайы дәуірде әрбір желі қолданушы жас өзінің қандай тұлға болып қалыптасатынына ерекше мәнберіп, қоғаммен араласуына мүмкіндік беріп, жол ашу. Қаламыздың жас тұрғындары өзеріктерімен және қызығушылықтарының арқасында 1-12 қазанаралығында Oblystyq Jastar Resy'rstyq Ortalyg'yнда түрлі желідегі тақырыпта оқыту курсына қатысты. Олар «Facebook негіздері, профайл мен парақша, статус, Facebook Live, сторис, профайл мен парақша айырмашылығы, аудитория дегеніміз не? Аудитория түрін таңдау, геотаргетинг, аймақ бойынша таргетинг, ақпараттық қауіпсіздік», т.б. тақырыптарда оқытылды.

Осы фейсбукті пайдалануды Жасұлан Жақыпов, Асхат Шотаевтар оқытты. Ал инстаграмда жеке бренд болу, фотоның қыр-сырлары, пост қалай салу керек, өз акаунтына жазылушыны қалай жинау керек деген сабақтарды Диас Ділекешов үйретті.

Санжар  Жұмабай

 
Қызылордалық колледждерде өтіп жатқан «Кәсіпкерлік негіздері» курсына бизнес өкілдері белсенді қатысуда
18.10.2019 11:00

Өздеріңізге белгілі, «Атамекен» ҰКП мен Білім және ғылым министрлігі осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 50 мыңға жуық студентті кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр. Ол үшін Кәсіпкерлер палатасы тамыз айында арнайы мамандар үшін оқыту курстарын өткізіп, біліктілігін жетілдірді. Бүгінде аймақтың колледждерінде өтіп жатқан «Кәсіпкерлік негіздері» курсында жергілікті табысты кәсіпкерлер белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.

Мәселен, Жаңақорған ауданындағы Аграрлы-техникалық колледжіндегі студенттерге өтіп жатқан курсқа аудандағы ет өнімін таратумен танымал «Бақытжан» шаруа қожалығының негізін қалаушы Ғалымжан Мампаев арнайы келіп, кәсіпкерлік саласының қыр-сырымен бөлісті.

Шиелі ауданындағы Индустриалды-аграрлық колледжінің оқушыларына аудандағы 20 шаруашылықтың басын біріктіріп, «Ы.Жақаев-Агро» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативін құрған Ерлан Құлшықбаев салаға қатысты мемлекеттік бағдарламалар, олардың тиімділігі жөнінде айтып берді.

Қызылорда қаласындағы Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің білім алушылары үшін жас кәсіпкер Толғанай Жұмабекқызының өткізген сабағы үлкен қызығушылық тудырды. Толғанай жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын жеке мекемеден бастап, осы жылдан өзінің кәсібін қолға алады. Бүгінде мал бордақылау ісі мен жылыжайды қолға алған ол алдағы уақытта кірпіш зауытын салуды да жоспарлап отыр екен. Колледжде өткен кездесуде студенттер жас кәсіпкердің жобаларына қызығушылық танытып, белсенді пікір алмасты.

Айта кету керек, «Кәсіпкерлік негіздері» пәні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2014 жылы пилоттық негізде Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында енгізілген болатын. Жобаның тиімділігі ескеріле келе «Атамекен» мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы ретінде республиканың барлық мектептері мен оқу орындарында енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары