Өзекті мәселелер

  • 14.06.18

    Заман  талаптарына  сәйкес  жол­дауда  көрсетілген  барлық  міндеттер­, әлеуметтік  және экономика сала­лары біздің қоғам алдында бірінші кезект­е  тұрады.

    Президенттің Қазақстан халқына бағыттаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген 10 негізгі басымдықтың іске асуы экономиканың барлық салалары­ның  жоғары өсу қарқынын қамтама...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Әдетте, қырандар  көкте – патша, жерде – мейман. Қалықтау үшін биіктік керек. Құлдилау екпінінен күш алады. Жазыққа емес, құзар шыңға қонақтайды. Халықшыл тұлғалар табиғаты да сондай­. Олар Алашын аспан­ға, асқар тауға балайды. Сұңқарға самғау жарасқан дейтініміз  де  сондықтан.

    Сол өршіл рух Аралдың айбозым азаматы Тоғыс Жұмашевтың ақ дидарын аңсатқанда, құс көңіл сағыныш қанатымен жүз...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Елімізде тек дәрінің ғана көмегімен өмір сүріп жүрген азаматтар аз емес. Мемлекет тарапынан оларға қандай жәрдем беріліп жатыр? Көрер жары­ғы әуелі Аллаға, кейін сол дәрілік препаратқа байланысты болып­ отырған науқасқа қарасатын кім?

  • 14.06.18

    Қызылорда  қалалық

    №6  емхананың  инфекционист дәрігері  Жамила  УМЫШЕВА:

    - Қазір жұртшылық арасында менингит туралы ақпарат кеңінен тараған. Аурудың алдын алудың медициналық бетперде тағудан басқа тағы қандай жолдары  бар?

    - Сақтану үшін екпе ектіру қажет. Оның құны д...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Мағжан  ЕРАЛИЕВ,

    “Абзал және К”  ТС  директоры:

    Газеттегі биыл ғана ашылып, бесінші мәрте жарыққа  шығып отырған ер-азаматтарға арналған “Мырза” б...

    Толығырақ...
Халық-хабар
СЫРДЫҢ СЕРКЕ СЕРІГІ
20.06.2018 16:35

Кеше Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Халықаралық және республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегері, айтыскер ақын, доцент, «Әл-Фараби» медалінің, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің, «Элита» орденінің кавалері, «Қазақстанның өнер қайраткері» төсбелгісінің иегері Серік Ыдырысовтың 60 жасқа толу мерейтойына орай «Сырдың серке Серігі» атты жыр кеші өтті.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, ақын Т.Досымова, жырау Б.Рүстембеков сөз сөйлеп, мерейтой иесіне жылы лебіздерін жеткізді. Кешті жырау С.Жақсығұлов жүргізіп, айтыскер ақындар А.Рахметов пен М.Сүгірбай айтыс өнерінің қызуын қандырып, жиналған жұртшылыққа рухани кеш сыйлады. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

***

Ал сол күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қармақшы ауданының тумасы, «Қазақстанның өнер қайраткері» төсбелгісінің иегері Серік Ыдырысовты аудан әкімі С.Мақашов қабылдап, мерейлі 60 жасқа толуына орай «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Мерейтой иесі өз кезегінде сөз алып, ауданымыздың 90 жылдығымен құттықтап, құрмет көрсетіліп отырғанына ризашылығын білдірді. Қай жүрде жүрсе де, қандай қызмет атқарса да, туған елі әрқашанда ыстық екендігін өлең жолдарымен жеткізді. Мерейтой иесімен кездесу барысында Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, аудан ардагері М.Өтегенов, Қ.Есдәулетов сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Аудан  әкімінің  баспасөз  қызметі

 
ҚАРМАҚШЫЛЫҚ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ СЫНАҒЫН ТАПСЫРУДЫ БАСТАДЫ
20.06.2018 16:04

Бүгін еліміздің барлық өңіріндегідей ауданымызда да мектеп бітіруші түлектер Ұлттық Бірыңғай тестілеу сынағын тапсыруды бастады.

Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде басталған ҰБТ сынағына қатысушыларды аудан әкімі Сұлтан Мақшов пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Мүсілім Мирамғали құттықтап, сәттілік тіледі. Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицей базасында орналасқан Ұлттық Бірыңғай тестілеу орталығында 268 бітіруші бағын сынаса, ертең Ақай ауылындағы №99 мектеп базасында, Байқоңыр қаласындағы мектеп бітірушілерді қосқанда 192 оқушы арнайы жабдықталған аудиторияларда ҰБТ тапсыратын болады. Биылғы оқу жылында ауданда «Алтын белгіні» 25, «Үздік аттестатты» 17 мектеп бітіруші иеленді.

Аудан  әкімінің  баспасөз  қызметі

 
Таза ауызсуды тұтынып отыр
20.06.2018 10:06

«Толығымен таза жерасты ауызсуын тұтынып отырған бірден-бір қала – Қызылорда». Бұл – өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Б.Сәрменбаевтың айтқан сөзі. Шаһардағы ауызсу инфрақұрылымын дамытуға мемлекет, жергілікті билік жеткілікті көңіл бөліп отыр. Сөзімізге соңғы 5 жылдың статистикасы дәлел. Ресми дерекке сүйенсек, ауызсуға байланысты жұмыстарды одан әрі жүйелі ету мақсатында 16 миллиард теңге тартылыпты. Мұндай қыруар қаржыға қалаішілік су құбырларының 75 пайызы, яғни 544 шақырым болатын су құбырлары жаңартылған.

Ауызсу және кәріз жүйелерінің қайта жаңғыртылуына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жан біткен. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама арқылы республикалық бюджеттен 1 миллиард 584 миллион 151 мың теңге қаржы бөлінген. Қазір 13 жоба бойынша жұмыс атқарылуда. Адам денсаулығы ауызсудың сапасына тікелей тәуелді екенін ескерсек, тіршілік нәріне қатысты мұндай тындырымды тірліктердің жүзеге асуы көңілге қуаныш ұялатады.

Айта кету керек, қаладағы ауызсу жүйесіндегі судың қысымын көтеру үшін 38,2 шақырым болатын ескі ауызсу құбырларын ажырату жұмыстары жоспарланған. Қазіргі күні оның 17,8 шақырымы ғана жүзеге асыпты. Берік Сәрменбаевтың сөзіне сенсек, 20,4 шақырым ескі ауызсу құбырлары 1 тамызға дейін қолданыстан ажыратылады және қайта жаңа жүйеге қосылатын болады.

Экономиканың күре тамыры саналатын жол жайлы да жағымды жаңалықтар көп. 2013 жылдан бері жол құрылысын дамыту үшін 23 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оған 500 шақырымға жуық жол орташа, күрделі және қайта жаңғыртудан өткен. Ал биыл республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден қала көшелеріне және қалаға қарасты елді мекендерге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 110,2 миллиард теңге қаражат бөлінген. Оған ұзындығы 17,7 шақырым болатын 19 көшеге және ұзындығы 22 шақырым болатын қалаға қарасты 3 елді мекеннің кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Өткен қыс мезгілі қызылордалықтардың есінде ерекше қалды. Себебі, биылғы күн райы айрықша суық өтті. Ал көктемде жерасты сулары көтерілді. Осы факторлар бүгінгі таңда автокөлік жолдарының бұзылуына алып келіп отыр. Жолда жүргізілген құрылыс нысандарында жол қабаттары өз деңгейінен төмен түсіп, жолдың қайта бұзылуына алып келді. Олар – қаладағы Желтоқсан, Сәдуақасов, Ғ.Мұратбаев, Бұхарбай батыр көшелері. Бүгінде бұл жолдар мердігер мекемелердің өз қаражаттарына қалпына келтіріліпті.

Ж.Қойшыбекова

 
ҚЫЗЫЛОРДАҒА РЕСЕЙ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ҚАЙТЫП КЕЛМЕК
20.06.2018 09:54

452 қызылордалық  студент Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Федерациясы Үкіметінің қаражаты есебінен білім алып жатыр. Алғашқы 75 бітіруші түлек шілде айында диплом алып, елге қайтып келеді. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін тапты.

Ресей университеттері түлектерін жұмыспен қамту мәселелері бойынша мәжілісті ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты.

«Қызылорда облысы – жыл сайын Ресей Үкіметінің гранттары есебінен жетекші техникалық университеттерде түлектерін оқытатын бірден-бір аймақ. 2014 жылдан бастап Мәскеу және Санкт-Петербургтің оқу орындарына облысымыздың 452 мектеп бітірушілері оқуға түсті. Биыл олардың алғашқы легі оқуын аяқтайды. 62 студент диплом алып, Қызылордаға қайтып келеді, ал 13 магистратураға түсіп, оқуын жалғастырмақ. 62 түлекті жұмысқа орналастыру мәселесі де пысықталуда. Бұл балаларға үлкен үміт артып отырмыз, өйткені олар аймақтың жағдайын өзгертіп, қазіргі заманның талабына сай бәсекеге қабілетті маман болады», - деді аймақ басшысы.

Алғашқы 75 түлектің ішінде Мәскеу болат және қорытпалар институтының 13 түлегі магистратурада оқуын жалғастырса, 62 адам туған қалаға қайтып келеді. Олар – «Мәскеу болат және қорытпалар институты» ҰЗТУ (МИСиС) Санкт-Петербург өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық университетінің «нанотехнология және микрожүйелі техника», «технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру», «материалтану және материалдар технологиясы», «электроника мен наноэлектроника», «металлургия», «стандарттандыру және метрология», «технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар», «жылу энергетика және жылу техникасы» және т.б.

Мәжіліс барысында жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысының м.а. Абылайхан Сабанбаев пен индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Султангереев түлектерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша баяндама жасады.

Қазіргі таңда студенттердің түрлі мәселелерін шешу үшін Ресейдегі қызылордалық студенттерінің «Орда» қауымдастығы құрылып, мессенджерде арнайы чат ашылды, жастар үшін облыс кәсіпорындарына экскурсиялар мен жұмыс берушілермен бейресми кездесулер ұйымдастырылды.

Өңірдің бірқатар кәсіпорны түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын. Олардың басшылары жиын барысында оны растады. Мәселен, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясы 11 жас маманды жұмысқа қабылдамақ, «Гежуба Шиелі Цемент» 8 адам алуға ниет білдірді, сондай-ақ, «СКЗ - U» ЖШС, Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» ЖШС, «Абзал және К» ТС, «Қызылорда жарығы» холдингі және өзге де компаниялар қызығушылық білдірді.

Облыс әкімі мамандардың баспана мәселесін де шешіп беруді тапсырды.

Одан бөлек, жыл соңына дейін аймақта 4 ірі кәсіпорын (шыны, молибден және 2 цемент зауыттары мен балық өндеу цехы) іске қосылады. Ринат Султангереевтің айтуынша, бұл кәсіпорындарда жергілікті колледждердің «химия», «энергетика», «стандарттандыру», «материалтану», «автоматтандыру» мамандықтары бойынша 650 жуық түлегі жұмыспен қамтылатын болады. Мәселен, цемент зауытында 200 адам, оның ішінде қазіргі таңда Қытайда оқып жатқан Шиелі индустриялық аграрлық колледжінің 46 түлегі жұмыс істейтін болады.

Мәжілісті қорытындылай келе, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жауапты мемлекеттік органдарға студенттерді өңірдің өндірістік компаниялардағы бос жұмыс орындары туралы уақытылы хабардар етуді тапсырып, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жеке жауапкершілік жүктелгенін ескертті.

Естеріңізге салайық, 2014 жылдан бастап Мәскеу болат және қорытпалар институты,  Санкт-Петербург өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық университеті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті мен И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті қызылордалық түлектерді аймаққа қажетті мамандықтар бойынша оқыту үшін  гранттарды бөліп келеді.

Одан бөлек, сырбойылық жастарды Қазан қаласындағы «Иннополис» университетінде оқыту туралы келісім жасалды, «Сколково» инновациялық орталығымен әріптестік орнату жоспарлануда.

Атап өтейік, биылдан бастап қызылордалық жастар үшін «Киберқауіпсіздік» және «Математикалық процестерді модельдеу» мамандықтары бойныша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасына 20 грант бөлінетін  болады.

Сондай-ақ, жыл сайын облыс әкімінің гранттары есебінен 100 жуық ауылдық жердегі аз қамтылған отбасылардан абитуриенттер білім алып жатыр, қазіргі таңда грант иелерінің саны 700 жуық. Биылғы жылы грант санын 200-ге жеткізіліп, оның 70 пайызы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға  бағытталатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Абылай Мырзахметов: «Қазіргі батырлық – кәсіп ашып, экономиканың дамуына үлес қосу»
19.06.2018 17:03

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов бүгін Астанада өткен «Бастау» жобасы түлектері мен қатысушыларының форумында айтты. Форум ҰКП V съезі қарсаңында ұйымдастырылған бизнес-апталық аясында өткен ірі шаралардың бірі болып табылады. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен «Бастау» жобасы аясында өз кәсібін ашқан 150-ден астам кәсіпкер қатысты.

Абылай Мырзахметов елдегі жаппай кәсіпкерлікке тың серпін мен қарқын әкеліп, қысқа мерзімде ұлттық жобаға айналып үлгерген «Бастау» жобасының жетістіктерін саралап, кешегі мен бүгінгі жұмысына бағасын берді.

Іске асқанына небәрі 1,5 жыл болса да, осы уақыт ішінде «Бастау» жобасы тиімділігін дәлелдеп, халықтың көңілінен шықты. Жоба мыңдаған адамның жеке кәсібін ашып, бизнеске батыл қадам жасауына мүмкіндік берді.

«Жоба бойынша әр кәсіпкерді алғашқы бір жылда аяғына нық тұрғызу үшін қолынан кішкене жетектеп, кәсіпкерлік негіздеріне үйретіп, тәй-тәй басқызып, тұсауын кесіп, үлкен бизнеске, нарыққа шығуына жағдай жасау керек», – деді Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасының айтуынша, «Бастаудың» қолға алынуына осындай қолдау құралдарының көптен бері болмағаны себеп болды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қарамастан, оқу мен шағын несиеге қол жеткізу тетігі болмады. Сондықтан «Бастау» жобасы ауылдағы азаматтарды кәсіпкерлікке тартуды мақсат етті. Алғашында пилоттық режимде іске асырылған жоба, қазіргі таңда шалғай жатқан ауыл-аймақты да қамтып отыр.

«Бастау» жобасы тиімділігін дәлелдеді. Өңір-өңірде жоба бойынша оқып, білім аламын, отбасымды асыраймын, тәуелсіз боламын деген азамат көп. Барлығы ынталы. Осындай тенденция үшін бизнес-тренерлерімізге рақмет. Олар әр азаматқа ақпарат беріп, кеңес беріп, адамдардың біліктілігі мен білімін, іскерлік сауаттылығын арттыруға үлес қосып отыр. «Бастаудың» жұмысына Үкімет те қызығушылық танытып, назарында ұстап отыр», – деді Абылай Мырзахметов.

Осы ретте ҰКП Басқарма Төрағасы «Бастау» жобасына Елбасының назары ерекше екенін атап өтті. Биыл Елбасының тікелей тапсырмасымен жобаны шағын несиелеуге қосымша 20 млрд теңге бөлінді. «Атамекенге» ауылдың экономикалық әлеуетін көтеруде үлкен міндет жүктелді.

Сонымен қатар, Абылай Мырзахметов ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру, инфрақұрылымын қалыптастыру маңыздылығын айта келе, әр ауылға қамқоршыны тағайындауды ұсынды. Бұл бағытта жобаның мүмкіндіктері пайдаланылады.

«Әрбір ауылға бір-бір қамқоршы тауып беруді ұсынамыз. Сіздердің араларыңызда бір адамды менджер ретінде өсіру көзделген. Бастарыңызды қосып, көшті бастап кете алатын, жалақысы болуы керек. «Бастау» тренерлері арасында көшбасшы болатын адамдар бар. Осы бағытта арнайы бағдарлама әзірлейтін боламыз», – деді Басқарма Төрағасы.

Сөз соңында Абылай Мырзахметов жобаның маңыздылығы оның кешенді іске асырылуына байланысты екенін атап өтті. Себебі, «Бастау» тек ақша табу жолы ғана емес, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын бірегей жоба болып табылады.

«Оқу аяқталып, бизнес-жоспарды қорғап болған соң, қатысушыларға қаржыландыру көзін табу қажет болады. Яғни, шағын несиелеуге қол жеткізу керек. Мысалы, шағын шаштараз ашудың өзіне біраз қаражат кетеді. Алдымызда үлкен міндет тұр. Бабаларымыз батыр болды, батырлығымен жерді сақтады. Қазіргі біздің батырлығымыз – кәсіп ашып, экономиканың дамуына үлес қосу», – деді Абылай Мырзахметов.

«Бастау» түлектері мен қатысушыларының форумы аясында 2017 жылы қорғалған 30 үздік бизнес-жобаның авторларын марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздарды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, сондай-ақ, кәсіпкер және меценат Жақсылық Үшкемпіров марапаттады.

Еске салсақ, «Бастау» жобасының басты мақсаты экономикалық белсенді ауыл халқын кәсіпкерлікпен айналысуға тарту болып табылады. 2017 жылы 80 ауданда 15 000 адам оқытылып, оның 3314-і өз кәсібін ашты немесе бизнесін кеңейтті.

Биыл «Бастау» жобасы бойынша мақсатты көрсеткіштер екі еселенді: қамту аумағы 80 ауданнан 160 ауданға дейін артып, қалалар мен моноқалалар қамтылды. Қатысушылар саны 15 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайды.  2018 жылы жоба бойынша 6 мың кәсіпкерлік субъектісін құру мен 15 мыңнан кем емес жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Алия Кемелбекова,

"Атамекен" ҰКП сайты

қазақ редакциясының журналисі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары