Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Халық-хабар
Қызылордада көпқабатты үйлер ауласында жаяу патрульдер күшейтілген түрде қызмет атқаруда
18.09.2018 10:37

Қоғамдық орындар мен көшедегі қылмыстардың алдын алу, тұрғындардың көшеде жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айының 10-нан бастап «Ақмешіт», «Мерей», «Шұғыла», «Арай», «Универсам», «Титов» мөлтек ауданында, Теміржол вокзалы, Панфилов, Бектұрғанов, Қазантаев, Тоқмағамбетов, Әуелбеков, Толыбеков, Торайғыров, Сағымбаев көшелеріндегі көпқабатты үйлердің аулаларына жаяу бағыттар шығарылуда.

Күнделікті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін облыс орталығының көшелерінде Ұлттық гвардияның солдаттарымен бірлесіп 160 қызметкерден тұратын 58 жаяу бағыттар және 42 патрульдік автомашиналар кезекшілік атқарады.

Жергілікті полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі қылмыстылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып негізделген. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде жалпы қылмыстылықтың деңгейі - 17,3 пайызға, оның ішінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар - 6, көшелерде - 8,6, мас күйінде жасалған 12,2 пайызға азайды.

Жаяу бағыттарды шығару нәтижесінде қазіргі таңда тұрғындардан «102»-ге түсетін хабарламалар саны да азаюда.

Талдау көрсеткендей, шілде айында азаматтардан 25 437 арыз-шағым тіркелсе, тамыз айында олардың саны 17 517-ні құрап, атқарылған жұмыстар нәтижесінде арыз-шағымдардың саны азайды.

Сонымен қатар, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен шілде айында ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен Уақытша бейімдеу орталығына 364 құқық бұзушы жеткізілсе, жаяу бағыттың шығу көмегімен тамыз айында 680 құқық бұзушы жеткізілді.

Жаяу бағыттардың тікелей қатысуымен 18 қылмыстың беті ізі суымай ашылды. Мәселен, 2018 жылдың 21 тамызында Арай мөлтек ауданында орналасқан кафенің жанында жаяу патрульдермен Тасбөгет полиция бөлімшесіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188- бабының 1-бөлігі бойынша ұрлық жасағаны үшін екі азамат ұсталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айының 27-і мен қыркүйек айының 5-і күндері аралығында облыс көлемінде өткен «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы барысында 10 күн ішінде түнгі уақытта (түнгі 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ға дейін) заңды өкілінсіз жүрген 115 жеткіншек Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Тәртіп сақшылары олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда ОІІД қала тұрғындарын қарапайым сақтық шараларын сақтап, қандай да бір құқықбұзушылық жасалған жағдайда тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабар беруін сұрайды.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 
ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ҚАРАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
18.09.2018 10:33

Қазір құрылыс алаңында 662 адам жұмыс істеуде, жалпы құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Өндіріс орны 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында зауыттың құрылыс жұмыстарымен танысып, Қытай Халық Республикасынан білім алып келген 17 жас маманмен кездесті.

Қазіргі таңда цемент өндіретін зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға аяқталған, өндіріс орнының болашақ қызметкерлері Қытайда білім алуда.

Естеріңізге салайық, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту үшін «Гежуба Шиелі Цемент" компаниясы аудандағы индустриалды колледждің түлектерін – 46 адамды білім алуға әрі зауытта жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген болатын. Аймақ басшысы оқуын тамамдап келген алғашқы 17 түлекпен кездесті. Қазіргі таңда екінші топпен оқитын 80 студент іріктеліп алынды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде зауытқа электр желісімен жабдықтау және теміржол салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен өнеркәсіптік аймаққа газ құбырын салу үшін қаражат бөлінді.

Айта кетейік, Шиелідегі цемент өндіретін зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Жоба аясында 50 гектар жер телімі бөлінді, оның 46 гектары нақты зауыт құрылысы үшін, ал төрт гектарында қызметкерлерге арналған әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын өнімдері Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және ҚХР елдеріне жеткізілетін болады. Жобаны іске асыру үшін «DANAKE Корпорациясы» ЖШС және қытайлық компания «Gezhouba Group Cement Co. Ltd» аясында «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды.

Зауыт толық іске қосылған кезде өнеркәсіпте 220 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
18.09.2018 10:23

Шиелі ауданы, Қодаманов ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық-сауықтыру кешені бой көтерді.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев нысанның ашылу салтанатына қатысты.

«Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында біздің елімізде спортқа айрықша көңіл бөлініп, аталған сала жан-жақты дамып келеді. Облыста спорттық инфрақұрылымдарды дамытуға зор көңіл бөлінуде. Заманауи спорт алаңдары, стадиондар, дене шынықтыру жəне сауықтыру кешендері салынуда. Бұл бағытта Шиелі ауданының жетістіктері өзгелерге үлгі боларлықтай. Былтыр ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақмая ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл Алғабас және Еңбекші ауылдарында да дәл сондай нысан пайдалануға берілді. Сонымен бірге, Керделі, Жөлек және Бестам ауылдық округтерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде»,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, аудан орталығында жабық жүзу бассейнінің құрылысы аяқталды. Жақында осындай нысан Гигант ауылдық округінде де салынды.

Ш.Қодаманов ауылындағы спорт кешенінің құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын, құрылыстың бас мердігері – «Төңкеріс-К» ЖШС. Заманауи кешенде бокс, күрес, волейбол, кіші футбол үйірмелері жұмыс істейтін болады. Тұрғындарға арналған атлетика залы бар, кешкі уақытта ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, соңғы жылдары облыста 9 спорт кешені пайдалануға берілді. Былтыр облыстық бюджеттен 7 елді мекендегі спорт кешенінің құрылысына қаржы бөлінді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Дер кезінде субсидиясын ала алды
18.09.2018 09:15

Жақында Кәсіпкерлер палатасы басшысының атына аралдық кәсіпкерден хат келді. Хатта кәсіпкер Палата мамандарына алғысын білдіріпті. Назарларыңызға хаттың мәтіні мен кәсіпкерге кеңес беріп, қаржысын еселеуге үлес қосқан Палата мамандарының кеңесін ұсынып отырмыз.

Хатта: «Біз Арал ауданында «Абдикеров Жұбатыр Жаксыбаевич» шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысып келеміз. Осы жылы кәсібімізді ұлғайту мақсатында және жем-шөпке тәуелді болмас үшін, шөп оратын және пресс жинайтын техникалар алуға бел будық. Облыстық кәсіпкерлер палатасы қандай техника алу керек, қайдан алу керек, атап айтқанда, «жатка валковая» және «пресподборщик»-ті дер кезінде алуға түсінікті етіп кеңес беріп, инвестициялық субсидия алуға қолдау көрсетті. Дер кезінде мұндай Палата тарапынан қолдау болмаған жағдайда, кешіккендіктен субсидиялаудың жаңа ережесіне кез болып, алатын субсидиямыздың көлемі 1 млн. теңгеден аспайтын еді. Дұрыс әрі уақытылы көмектің арқасында инвестициялық субсидияның 3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болдық. Осыған сәйкес, «Ж.Ж.Абдикеров» шаруа қожалығы атынан Палатаның ауыл шаруашылығы бөліміне алғыс білдіреміз!», - деп жазылған.

Бұл мәселеге қатысты Палатаның Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков: «Бізге күнделікті кеңес алуға кәсіпкерлер келеді. Соның бірі «Абдикеров» шаруа қожалығы жазда хабарласқан еді. Нақтырақ айтсақ, екі ауылшаруашылық техникасын алуға көмек көрсетіліп, әрі қарай тиісінше сол техникаларына кеткен шығынның бір бөлігін субсидия алуға сүйемелдеу алуға болатындығы түсіндірілді және көмек жасалды. «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың» жаңа қағидасы 17 қыркүйектен бастап күшіне енді. Жаңа қағида бойынша субсидияда өзгерістер бар. Мәселен, кейбір қызмет түрлері бойынша артса, енді бірінде кеміді. «Абдикеров» шаруа қожалығы тарапынан жаңа ереже күшіне еніп кеткен жағдайда 3 есе аз алуы мүмкін еді. Осы жайттарды ескере келе, біз кәсіпкерге дер кезінде құжаттарын тапсыруды ұсындық. Дер кезінде бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесінде кәсіпкер 3 млн. теңге көлемінде субсидияға ие болды», - деді.

Ауыл шаруашылығы немесе субсидияға қатысты сұрақтар бойынша кәсіпкерлер Палатаға келіп, мамандардан кеңес ала алады. Жауапты маман - Жасұлан Серіков. Байланыс телефоны 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі 4316/.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА 240 АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР
17.09.2018 17:54

Өткен демалыс күндері Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев шыны зауытының құрылыс алаңына барып, іске қосылатын барлық 4 нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 17 мердігер компаниядан 240-қа жуық адам жұмыс істеуде.

Барлық 4 кешенді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде:

«Дайын өнім қоймасы»-бірінші кешен бойынша - 85%;

Екінші «Ішкі темір жол» кешені бойынша - 52%;

Үшінші «Негізгі цехтар» кешені бойынша - 45%;

Төртінші «Ішкі инженерлік желілер»  кешені бойынша- 7% жұмыс аяқталған.

Бюджеттік қаражат есебінен шыны зауытына қажетті барлық инфрақұрылым жеткізіледі. Бүгінгі таңда газ құбырының екі тармағы, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электр желілері, жолдар мен байланыс желілері тартылды.

Ағымдағы жылдың қараша айына дейін теміржолдың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Бұған дейін айтылғандай, зауыт құрылысының аяқталуы ағымдағы жылдың аяғына жоспарланған, осыған байланысты облыс әкімдігі құрылысты уақытында аяқтау үшін тиісті жұмыстарды атқаруда.

Айта кету керек, «Чайна Триумф» компаниясы күн батареялары, смартфондар мен планшеттер (қуаттылығы күніне 250 тонна ультра жұқа шыны өндіретін зауыт) үшін пайдаланылатын өте жұқа әрі ультра мөлдір шыны өндіру үшін жоғары технологиялық зауыт құрылысына инвестор ретінде қосылды.

Жаңа жобаның құны шамамен 150 миллион АҚШ долларын құрайды.

Өнімдердің негізгі артықшылықтары қалыңдығы 0,15 мм тегіс және оптикалық бұрмалануы  төмен шыны болып табылады.

Зауыт құрылысының екінші кезеңінде 500 жаңа жұмыс орнын, ал пайдалануға бергеннен кейін шамамен 150-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары