Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2211
mod_vvisit_counterКеше2743
mod_vvisit_counterОсы аптада11514
mod_vvisit_counterӨткен аптада16249
mod_vvisit_counterОсы айда44677
mod_vvisit_counterӨткен айда81370
mod_vvisit_counterБәрі4031520


Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ҚОРҚЫТ АТА МҰРАЛАРЫНЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ РӨЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ
20.09.2019 16:25

Бүгін өз жұмысын бастаған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда Түркия, Иран, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар, қазақстандық белгілі ғалымдар және жас буын ғалымдар да тәжірибе алмасады.

Конференцияның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы   Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айнұр Мырзабекова, Халықаралық  ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысының орынбасары, доцент, ғылым докторы   Билял Чакыджы «Dede Gorgud» Ұлттық қорының президенті, «Азербайджан дуниясы» халықаралық журналының құрылтайшысы және редакторы   Эльдар Исмаилов, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі  Асқар Тұрғанбаев  және Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты.

Дәстүрлі өнер фестивалі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 2006 жылы алғаш рет Сыр елінде ұйымдастырылып, жыл сайын жалғасын тауып келеді.

«ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымымен бірлесе отырып биыл 5-ші рет өткелі отырған өнер фестивалі түркі тілдес елдердің ұлттық фольклорын зерделеуге, өнерімен танысуға үлес қосып келеді.

«Рухани жаңғырудың бастауы ұлттық құндылықтар болса, Қорқыт Ата мұрасының бәріміз үшін орны бөлек, маңызы ерекше екені сөзсіз.Осы ретте, түркі халықтарына ортақ Қорқыт ата мұрасын насихаттай отырып, ауызбірлігіміз бен ынтымағымызды нығайту, мәдениетіміз бен өнерімізді дамыту – баршамыз үшін зор жетістік болмақ. Бұл жұмыстың жүзеге асуында облысты алты жылдан аса абыроймен басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың үлесі зор»,-деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қорқыт ата кесенесі Елбасы тапсырмасымен 2015 жылы қайта жаңғыртылып, «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» қоса салынды және кешен  «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесінің нысандарының бірі ретінде танылып, сан мыңдаған туристер келді.

Сондай-ақ, 2018 жылы 28 қарашада Маврикий Республикасында өткен ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт ата рухани мұралары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ
20.09.2019 14:20

Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетовтың кәсіпкерлік субъектілерімен кездесуі өтті.  Күн тәртібінде бизнес саласының проблемалары талқыланып, кездесу қорытындысымен Жол картасына қол қойылды.

Өңірде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, салық базасын ұлғайту және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда.

Биыл әртүрлі көздерден қалыптастырылған жалпы бюджеті 34 млрд. теңгені құрайтын арнайы «Жол картасы» бекітілді. Оның ішінде, 5 млрд. теңгеден астам қаражат мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдауға, қайтарымсыз гранттар беруге және шағын несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бағытында Орталық инженерлік желілерге техникалық шарттарды электронды форматта ұсынуда. Қазіргі таңда, жер телімдерін алу рәсімдері электронды нысанға көшірілген. Облыс әкімдігінің Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Өңірлік кәсіпкерлер кеңесімен 2013 жылдан бастап тығыз жұмыс істеп келеді. Бүгінге дейін Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің 20 отырысы өткізіліп, шағын және орта бизнес саласында 50-ге жуық мәселелер қаралып, оң шешімін тапты»,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, оларға барынша қолдау көрсету мақсатында алдағы уақытта атқарылатын шаралар бойынша облыс әкімдігі Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдігімен бірлесіп 8 тармақтан тұратын арнайы Жол картасы әзірленіп, бүгінгі кездесуде бекітілді.

«Сіздердің кәсіпкерлік ортаны дамытуға қатысты қандайда бір идеяларыңыз болса, біз оларды бірлесіп талқылауға дайынбыз. Осы қабылданған және алдағы уақытта қабылданатын шаралардың барлығы өңір бизнесінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады деп ойлаймын»,-деп қорытындылады облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫС ӨТУДЕ
20.09.2019 14:10

Бүгін Қызылорда облысында Халықаралық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері арасындағы электроэнергетика саласы бойынша 10/0,4 кВ тарату тораптарын жөндеу мен қызмет көрсету бригадалары персоналының кәсіби шеберлігі жарысы басталды. Сайыстың ашылу шарасына ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары А.Шаңғытбаев, Қазақстанның энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы С.Нұрпейісов және Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов қатысты.

Жарысқа 7 мемлекеттің өкілдері қатысуда. Оның ішінде Румыния, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан бар.

Сайыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шара қонақтарын құттықтап, сәтілік тіледі.

«Қызылорда облысы – тұңғиық тарих пен жарқын келешектің мекені. Сыр елі - Шығыс өркениеті орталықтарының бірі, адамзаттың  ғарышқа алғаш сапары да осы аймақтан  бастау алған. ТМД елдерінің электротехника және электроника бойынша жұмысшыларының XVI Халықаралық сайысы біздің облыста жалғасын табуда. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы қауымдастығына облыс мамандарының біліктілігін арттыруда республикалық деңгейдегі шараның аймағымызда өткізуіне ықпал жасағаны үшін алғыс айтамыз. Энергетика саласы қашан да аймақ экономикасында маңызды рөл атқарады»,-деді аймақ басшысы.

Сайыстың бірінші күнінде таныстырылым-көрме ұйымдастырылып, ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты.

Еске салайық, облыс әкімдігі Энергетикалық консорциум құрып, аймақтың энергетикалық саласын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, бекіткен болатын. Консорциумның келісілген жұмысының нәтижесінде өңірдің энергетикалық кәсіпорындары арасындағы өзара әрекеттесу тиімділігі артты.

Соңғы 6 жылда облыста 300 астам электр желілері, сондай-ақ, шамамен 90 қосалқы станция жаңартылды. Бұл өз кезегінде тұтынушыларды сапалы электрмен қамтамасыз етуге және желілердегі шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.

Сайысқа қатысушылар жоғары кәсіби шеберлік пен алға қойған мақсаттарына жетуде табандылық таныта отырып, мол тәжірибе жинақтайды.

Айта кетейік, аталмыш сайыс биыл 16-шы рет өткізіліп, ағымдағы жылдың 20-24 қыркүйек аралығын қамтиды. 25 қыркүйекте жарыс қонақтары Байқоңыр  ғарыш айлағынан зымыранның ұшуын тамашалайды деп күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ЖАЛАҒАШТЫҚ 195 ОҚУШЫ «ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ
20.09.2019 10:10

З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңі өтті.

Сайысқа Жалағаш ауданы бойынша 20 мектептен 195 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов сөз алып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап берді.

Сайыс қорытындысымен Таң ауылдық округіндегі №118 мектептің оқушысы Аружан Нұрадин І орын иеленсе, Аққұм ауылдық округінен келген Айдана Жұмат ІІ орынды еншіледі. Ал Жалағаш кентіндегі Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің оқушысы Рахат Ахметжәми ІІІ орын алды. Байқау жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ 80%-ы АШЫЛҒАН
20.09.2019 09:15

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде облыс көлемінде алаяқтық қылмысының алдын алу шаралары, Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы және құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі  2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы мәселелері қаралды.

Облыс көлемінде алаяқтық қылмысының алдын алу шаралары туралы Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары С.Шалхаров баяндады.

«2019 жылдың 8 айында Қызылорда облысы бойынша 568 алаяқтық қылмыстары тіркелген. Полиция органдары қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 80 пайызы немесе 322-і ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды. Ағымдағы жылдың 8 айында алаяқтық жасағаны үшін 195 адам ұсталып, 101-іне қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданса, 94-іне қатысты екі жақтың ымыраласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылған»,-деді С.Шалхаров.

Тіркелген алаяқтық қылмыстары: қарызға ақша алып қайтармағандар - 61, несие алуға көмектесемін дегендер - 28, кезексіз жер алып беремін дегендер - 4, кезектен тыс пәтер алып беремін - 60, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есепшотына ақша салдырғандар саны - 139. Осы қылмыстарды жасаған күдіктілердің 133-і – әйел, 62-сі – ер-азаматтар.

Алаяқтық қылмысының ашылмай қалуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, жәбірленушілердің кеш арыздануы. Ағымдағы жылдың 8 айында алаяқтық қылмысы бойынша 241 азамат құзырлы органдарға кеш арызданған. Яғни, 1 жылдан аса уақытта - 68, 3 жылдан аса уақытта - 35, 5 жылдан кейін - 10.

Екіншіден, әлеуметтік желі арқылы берілген жарнамадағы затқа алдын ала төлем  жасауды немесе ұялы телефон арқылы басқа қалада жүрген баласын немесе бауырын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін деп ақша сұрағандарға алданып, бейтаныс адамның шотына ақша аударады (Киви кошелек, ОЛХ жарнамасы және т.б.).

Үшіншіден, кәсіпкерлердің, жеке тұлғалардың арасында екі жақпен жасалған келісімшарттың негізінде сатылған заттың қаражаты уақытылы қайтарылмай, құзырлы органдарға алаяқтық жайында арызданады.

Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы туралы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Шотаев баяндады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 27.04.2017 ж. № 23-6/07-575 хаттамасының 2.1-тармағына сәйкес «ҚР құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының» негізінде, жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін осыған ұқсас Қызылорда облысындағы құқықбұзушылықтар профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары Қызылорда облысы әкімінің 12.06.2017 ж. № 13-11/3740 құжатымен бекітілді. Қызылорда облысы әкімінің аппаратымен кешенді жоспардың орындалуы бақылауға алынған және оған тұрақты мониторинг жүргізілуде»,-деді С.Шотаев.

Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы туралы Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ш.Амитов баяндады.

ҚР Президентінің № 27 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 8-тармағына және ҚР Үкіметі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 01.08.2019 ж. № 23-3/07-760 хаттамасына сәйкес «Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі  2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы» әзірленген.

Кешенді жоспарды әзірлеу және іске асыру қажеттілігі құқықбұзушылықтың алдын алу, мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, бұлтартпау шарасына кешенді және жүйелі түрде келу бағытында туындаған.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары