Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ
13.09.2018 10:24

Кеше қаламыздағы күріш өсіретін шаруашылық құрылымдары жетекшілерінің басын қосып, қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Ыбырай Жахаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында күрішке алғашқы орақ салу рәсімі ұйымдастырылды.

Шараға қатысқан қала әкімі Н.Нәлібаев диқандар қауымын биылғы жылдың басты мерейтойлары Астана қаласының 20 жылдығы және Сыр елінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдығымен құттықтап, ақ күріштен тау тұрғызған еңбеккерлерге ризашылығы мен зор алғысын жеткізді.

- Бүгінгі шараны осы мерейтойлардың аясында, дала еңбеккерлерінің туған жеріне тартуы деп қабыл алыңыздар. Міне, бүгін осындай еңбектің жемісіндей қаламыздағы күріш өсіретін шаруашылық құрылымдары жетекшілерінің басын қосып, қамбамызды қазынаға толтырып, «Ақ алтындай» тербелген егіс даласына алғашқы орақ салынуда», - деген қала әкімі, арнайы дайындалған көрмені аралап, аграрлық сала мен агроөнеркәсіп кешенінің айтулы жетістіктермен танысты.

Көрмеде «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бидай, арпа, 3 түрлі күріштің және жоңышқаның жаңа сортымен таныстырылса, «Үміт» ШҚ-ның өсірілген «невский», «латунь» сортты картоптары ұсынылды.

Сонымен қатар, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Сейілов биылғы егін жинау науқанына дайындық жұмыстарымен таныстырды.

Жалпы, соңғы жылдары Сыр өңірі диқандары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, негізгі дақыл, күріштен рекордтық өнім жинап келеді. Соның ішінде, саннан бұрын сапаға ынта қоя бастаған қала диқандары да айтарлықтай табысты көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.

2018 жылы қала бойынша барлығы 7 мың 686 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәнді дақылдар 4109 гектарды (3743 га күріш, гектар жаздық бидай, 143 гектар жаздық арпа және 12 гектар сұлы), малазықтық дақылдар 1044 гектарды (223 га жаңа жоңышқа, 821 га ескі жоңышқа), картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2533 гектарды (800 га картоп, 943 га көкөніс, 790 га бақша) құрап отыр. Негізгі дақыл күріштің көлемі 3743 гектарға егілді.

Нақты егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдері жыл басындағы межеленген егіс негізгі дақыл күріштің көлемі 741 гектарға артып отыр.
Сонымен бірге, осы уақытқа дейін тек қана үй іргелік жерлерде егіліп келген бақшалық дақылдарды ірі шаруашылық құрылымдары өндірістік негізде егуді қолға ала бастады.
Атап айтқанда, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты «Үміт» шаруа қожалығы өткен жылдан бастап 15 гектарға дейін механикаландырылған тәсілмен картоп дақылын егуді қолға алып отыр.
Бұған дейін, ауыл шаруашылығы құрылымдарында «ақ» егісті (жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы) жинау толық аяқталды. 
Егін жинау жұмыстарына барлығы 795 тонна дизель отыны, 159 тонна бензин, 48 тонна қою май қажетті көлемде қамтамасыз етіліп отыр.
Егін жинау науқанына қатысатын 22 дана жаткалар, 24 дана комбайндар, 58 дана тракторлар, 19 дана трактор тіркемелері, 22 астық тазалағыштар мен 12 дана жүк көліктері 100 пайызға ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізілді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі,

Суретті түсірген Б.Алмусаев

 
Жұртшылықпен жүздесті
12.09.2018 20:30

Аудан басшыларының ел ішін аралап, тұрғындармен жүздесуі құптарлық жайт екені белгілі. Мұның өзі «әкім бол, халқыңа жақын бол» қағидасымен үндесетіні анық. Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағановтың төрағалығымен ұйымдасқан арнайы жұмыс тобы Басықара, Құмжиек ауылдық округтерін аралауынан осындай ой түйген едік.

Жұмыс тобының құрамында аудандағы ірі салалардың басшылары болуы кездесуге қатысушылардың жиынға қатысуға деген құштарлығын арттыра түскендей. Жүздесуде тұрғындарды жұмыспен қамту, ауыл мектептеріндегі білім беру жағдайы, міндетті медициналық сақтандыру жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар төңірегенде сөз қозғалды. Кездесу барысында аудандағы білім беру саласының жағдайы туралы білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының жүргізілуі туралы Қазалы аудандық орталық ауруханасының педиатр-дәрігері Фатима Мұстафаева, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар жайлы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өтепәлі Өміртай, бейресми жұмыспен қамту,«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының Қазалы ауданында жүзеге асырылуы тұрғысында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мұрат Бекмамбетов түсіндірме жасады.

Мұнан соң ауыл тұрғындары өздерін мазалап жүрген сауалдарын жолдап, қажетті кеңестер алды. Екі ауылдағы жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 
Салауаттылық салтын сақтағандар
12.09.2018 17:22

«Тәні саудың – жаны сау». Қазалыда салауатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спортты дамыту тұрғысында түрлі спорттық шаралардың жиі өткізіліп тұратыны осы ғибратты нұсқағандай. Спортқа деген қызығушылықтың артуы осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған шаралардың жемісі екені анық. Ал дәстүрлі түрде әуесқойлар арасында веложарыс өтуі көпшіліктің ықыласына бөленуде. Жуырда «Ұлт саулығы» идеясын насихаттау барысында аудан орталығында өткізілген «Tur de Qazaly 2018» веложарысына 15-30 жас аралығындағы 50-ден астам спортшы қатысты. Жарыс болған соң жеңімпаздардың анықталуы – заңдылық.

Айта кетерлігі, жеңімпаздарды марапаттау 3 санатқа бөлінген болатын. «А» санаты бойынша І орынды Ырысбек Әбубәкір, «В» санатымен Бауыржан Орынбасаров, «С» санатында бойынша Ақтілек Әбілғазы жеңімпаз атанды. Велоспортты дамыту мақсатында өткізілген абсолюттік біріншілікте 18 шақырымдық жарыс жолында топ жарған спортшыларды марапаттау салтанатында Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Темірбаев пен «Заң заңғары» компаниясының өкілі Рауан Есбергенов жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар, ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ МЕН ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР САНЫ АЗАЙДЫ
11.09.2018 17:53

2018 жылдың 7 айында Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының саны 7 пайызға, жол-көлік апатынан зардап шеккендердің саны 9 пайызға азайды. Бұл туралы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімдеді.

Ведомствоаралық комиссияның отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал ұрлығының алдын алу мен мал ұрлығымен күресу мәселелері қарастырылды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу шараларының маңыздылығын ескере отырып, бұл мәселе үнемі ведомствоаралық комиссияның бақылауында болады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 162 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 27 мыңнан астам адам қаза болып, 211 мыңнан астам адам жарақат алды.

«Ағымдағы жылдың 7 айында аймақта жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендердің саны 9 пайызға, жазатайым оқиғалардың саны 25 пайызға азайған. Дегенмен, жалпы оң динамикаға қарамастан, кейбір өңірлерде және елдімекендерде жазатайым оқиғалар саны артып отыр», - деді аймақ басшысы.

Осыған байланысты облыс әкімі жергілікті полиция қызметіне облыстың елдімекендеріндегі жазатайым оқиғалардың себептерін анықтап талдауды, жолды кесіп өту кезінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша визуалды және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, отырыста мал ұрлығының алдын алу және мал ұрлығымен күрес жөніндегі шаралар қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ғани Төлебаев баяндады. Мәселен, ағымдағы жылдың 7 айы ішінде 297 ұрлық дерегі тіркелген (2017 жылы - 379), яғни өткен жылмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 21,6%-ға төмендеді, ал қылмыстарды анықтау деңгейі 28,6-дан 47,6% -ға, яғни 19 пайызға дейін артты.

Аймақ басшысы атап өткендей, бұл мәселе алғаш рет 2015 жылдың басында комиссия отырысында қаралып, сол кезден бастап ұрлық саны жыл сайын төмендеуде (2014 жылы - 783, 2015 жылы - 848, 2016 жылы - 667, 2017 жылы - 615, 2018 жылдың 7 айы - 297). Дегенмен, қылмысқа қарсы күрес қарқынын төмендетуге болмайды, деп атап өтті облыс басшысы.

«Мал ұрлаудың негізгі себептері - малға қадағалаудың жетіспеушілігі, құжаттары тексерілмеген арзан ет нүктелерінің болуы және ет сататын сауда нүктелеріне бақылаудың жоқтығы. Мал жайылымына жұмыссыз ауыл тұрғындары тартылса, ұрлықтың алдын-алуға және қылмыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, Н.Бекежанов ауылдық округінде соңғы 3-4 жыл ішінде мал ұрлығы туралы бірде-бір дерек тіркелмеген», - деді Ғани Төлебаев.

Н.Бекежанов ауылдық округінің әкімі Файзулла Ержанов мал жайылымын тиімді ұйымдастыра білгені үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды, Ержановтың мал ұрлығына қарсы күрестегі тәжірибесі басқа елдімекендерде қолданылмақшы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА КОЛЛЕДЖ МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ
11.09.2018 15:32

Александр Зайчиков, Алмас Өтешов, Дәулет Ниязбеков және басқа да чемпиондар оқыған Жалаңтас Бахадүр атындағы Қызылорда облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша студенттер даярлайтын мектеп-интернат-колледж мәртебесі берілді.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев оқу орнының жұмысымен танысып, ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтады.

«2001 жылы Қызылорда облысында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат болып тұңғыш рет ашылған бүгінгі мектеп-интернат-колледждің тарихы терең. Талай қазақ баласы білім алып, ел игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Білім мен тәрбие беру жолында есімдері елге танымал, Әлем, Азия чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерлері түлеп шықты. Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Зайчиков, Олимпиада ойындарының қатысушылары, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов, еркін күрестен 3 дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков, дзюдодан жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы, тұңғыш Әлем чемпионы Бауыржан Жауынтаев, еркін күрестен Олимпиада ойындарының қатысушысы Ғалымжан Өсербаев, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының қатысушысы Қуаныш Рахатов сынды спортшыларымызды мақтанышпен айта аламыз. Игі бастамаларыңызға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен жеңістер, педагогикалық ізденіс, жаңа серпін тілеймін!», - деді аймақ басшысы.

Мектеп-интернаттың 5 сыныбында 200 оқушы оқиды, ал колледжде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша 20 студент білім алуда.

Биылғы жылы оқу орнында 8 ҚР спорт шебері, 38 спорт шеберлігіне  үміткер даярланып, ұлттық құраманың қатарына 31 оқушы өтті. 2017-2018 оқу жылында мектеп-интернат оқушылары  ҚР чемпионаттарында 132 медаль иеленді.Нұрдәулет Аманқосов пен Құндыз Жылқыбай Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Сондай-ақ, мектеп және колледж оқушылары арасындағы ҚР 9-шы жазғы спартакиадасында мектеп-интернат оқушылары 28 алтын,  14 күміс, 15 қола жүлде жеңіп алды.

Сонымен қатар, қазан айында Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтетін ІІІ жазғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына мектеп-интернат оқушылары Диас Бахрадин, Эльнура Нурланова байдарка және каноэден есу  бойынша, ал Ерасыл Ергенбай мен Есенгелді Сәпи ауыр атлетикадан қатысады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс спортшылары ҚР чемпионатында 1044 медаль (350 алтын, 321 күміс және 373 қола медаль), Азия және Әлем чемпионаттарында 80 медаль (30 алтын, 29 күміс, 21 қола) иеленді. Олардың қатарында 1 спортшы - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 40 спорт шебері, 878 спорт шебері кандидаты мен 1-ші дәрежелі спортшылар бар. Қазақстан Республикасының құрама командасына аймақтың 470 спортшысы қосылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары