Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
Халық-хабар
АҚЫНҒА АРНАП АС БЕРІЛДІ
10.02.2014 09:37

Алаштың аяулы ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсыноваға Қызылорда облысы әкімдігі ас беріп, рухына құран бағыштады. Еске алу шарасына жиылған Сыр өңірінің ақын, жазушылары Фаризаға арнау арнады. Естеліктер айтты. Ақын өмірінен қысқаша бейнекөрініс көрсетілді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев «Елі тұрғанда Фариза ақынның есімі ешқашан өшпек емес» деді.

Поэзия падишасы әдебиет саласымен қатар тәуелсіз елдің дамуына да  орасан үлес қосты. Елорданың іргесі қаланған жылдары бас қалада қазақ мектептері мен балабақшалардың ашылуына мұрындық болды. Қайсар қыздың ұлтқа деген жанашырлығын, отанға деген сүйіспеншілігінің белгісі - бұл.

 
ЖОЛДАУ ЖАЛАҒАШТА ДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
10.02.2014 09:30

Өткен сенбіде аймақ басшысы Қ.Көшербаев бастаған ақпараттық насихаттық топ Жалағаш ауданында болды. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын мақсат-мүдделер айқындалды. Айта кетейік, насихаттық топ құрамында Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев те болды.

Алдымен Бұқарбай батыр ауылына ат басын бұрды. Қайсар рухты батырдың ескерткішіне гүл шоғын қойып, ескерткіш үйін аралап көрді. Жалпы, Бұқарбай батырдың 200 жылдық мерейтойында бұл ауылда біршама жұмыстар атқарылды. Музей қайта салынып, мешіт күрделі жөндеуден өтті. Орталық көшелер жөнделіп, абаттандырылды. Ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өтті. Облыс әкімі Қ.Көшербаев аймақта атқарылған жұмыстарды саралады. «Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевті ауыл тұрғындарына үлгі етіңдер. Еңбек елеусіз қалмайды», - деді аймақ басшысы.

Келер жылы облыста мектеп жасына дейінгі балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылуы керек. Бұны аймақ басшысы биылғы іс-қимыл жоспарында міндеттеді. Жеке әріптестік негізінде жұмыс жасап жатқан аудан орталығындағы «Жасұлан» балабақшасы өткен жылы пайдалануға берілген-ді. Мұнда 90 бала тәрбиеленуде. Табиғи өсім қазір 12 пайызды құрап отыр. Әлеуметтік жағдай жақсарғасын демография да өсіп келеді. Аймақ басшысы балабақша қатарын тез арада көбейтпесек, меже орындалмай қалатынын ескертті.

Елбасы Жолдауы аудан активінде талқыланды. Басты құжаттың бағытымен байыпты бастамалар жүзеге асырылатыны айтылды. Облыста теміржол, халықаралық көлік дәлізі, көгілдір отынның магистралы жүріп жатыр. Яғни болашағымыз баянды болатынына күмән жоқ.

Күзде іргетасы қаланған «Қызыл мия тамырын өсіру және өңдеу зауытының» құрылысымен танысты. Қазір зауыттың сыртқы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. «БИС-Гурпп» ЖШС-нің құрылтайшысы Ділдахан Ахметов наурыз айында құрал-жабдықтар әкелініп, орнату жұмыстары басталатынын айтты. Қытайдан 12 маман келіп, осы қондырғыларды орнатады.

 
ТАЛСУАТТА ТОЛЫМДЫ ТІРЛІК БАР
07.02.2014 12:56

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезекті есепті кездесуі Талсуат ауылдық округі тұрғындары алдында өтті.

Қазір талсуаттық бүлдіршіндер мектеп жанындағы 20 орындық шағын орталыққа және жеке балабақшаға баруда. Ауыл тұрғындарының балабақшаға сұранысы мұнымен шектелмейді.

Осы орайда, мәселені шешу мақсатында бұрын балабақша қызметін атқарған «Ласточка» балабақшасының ғимараты мемлекеттік меншікке қайтарып алынып, оны күрделі жөндеуден өткізу үшін биыл қалалық бюджеттен 65 млн. теңге қаржы қаралды. Нәтижесінде қосымша 150 бала биыл балабақша табалдырығын аттамақ.

Мұнан өзге биыл ауылда жалпы ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын Мұнайшы, Сырдария көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа республикалық, қалалық бюджеттен 13,6 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қала басшысы кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 
АБАЙ АУЫЛЫНДА АУЫЗСУ ЖҮЙЕСІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
07.02.2014 10:06

Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қосшыңырау ауылдық округі тұрғындары алдындағы есепті кездесуде хабарлады.

2013 жылы аталмыш ауылдық округін дамытуда да нәтижелі жұмыстар жасалды. Еліміздегі жұмыссыздықты жоюды көздейтін «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Ақжарма, Қызылжарма, Қосшыңырау ауылдық округтері мен қала орталығында ұзындығы 4,1 шақырым болатын 4 көше жөнделді.

Мәдени нысандарды жаңғыртуда Абай ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Досан ауылында 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ауылдың жол инфрақұрылымын дамытуда қалалық бюджеттен бөлінген 49,4 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 2,1 шақырымды құрайтын Жамбыл, Тайжанов көшелері орташа жөндеуден өткізіліп, Абай көшесі жарықтандырылды.

Биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен Абай ауылының сумен қамту жүйелері қайта жаңғыртудан өткізіледі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 190,2 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, қалалық бюджеттен бөлінген қаржы негізінде Досан және Абай ауылдарының орталық көшелері жарықтандырылмақ.

Қала басшысы тұрғындармен кездесу барысында осы жағымды жаңалықтарды жеткізді. Ауылдың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешілу жолдары талқыланды.

 
ЖЕТІМДЕРДІ ЖЕБЕДІ
07.02.2014 10:05

Кеше облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Қ.Көшербаев «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға пәтер кілттерін табыстады.

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген қазақтың қасиетті сөзінің қадірі қашпаған сыңайлы. Осылай дейміз. Себебі елдің атпал азаматтары жомарттығынан жылқы жылында да жаңылған жоқ. Өңірдің өрімдей жетім және ата-ана жылуын сезінбей өскен 17 азаматы пәтер кілтіне ие болды. Жарық дүниені жетімдік тауқыметімен өткерген олар алдағы уақытта жаңа баспаналарында бақытты күн кешеді деген сенім мол.

Айта кетейік, облыс көлемінде кәмелет жасқа толмаған 1 мыңнан астам жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалар ортамызда жүр. Ата-ана мейірімі мен қамқорлығын сезінбей өскен барлық бала тұрғын үй алу кезегінде тұр. Олардың жұмыспен қамтылуы да басты назарда.

«Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын?». Салтанатты рәсімде пәтер кілтіне ие болған жастар жүрекжарды алғыстарын айтты.

Сұлу Демесенова, студент:

- Бүгін мен ерекше толқу үстіндемін. Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз сияқты жастар мемлекетке керек екен. Оған бүгін көзім жеткендей. Қазіргідей заманда айлығыңды жинап пәтер алу мүмкін де емес. Мен әлі студентпін. Бұл - мен үшін жаңа өмірге қадам басу.

Илларион Аданькин, сантехник:

- Мен өмірде ғажайыптардың болатындығына сенбеуші едім. Енді міне, сол ғажайып орын алып тұр. Алға нық сеніммен қадам бассаң, қашанда жолың ашық. Ел қатарлы отбасын құрып, балалы болдым. Қанша қиындықты бастан өткерсем де, қасқая көтеруге тура келді. Баспана беріп қолдау көрсеткендеріңізге алғысым шексіз.

Қоғамда сан түрлі сұмдықтар орын алып жатады. Баласынан бас тарту немесе қыстың көзі қырауда далаға тастай салу оп-оңай іс болды. Бұл - бөлек әңгіме. Десек те, отбасының тәрбиесі алдыңғы қатарда тұрары сөзсіз. Бұл ретте аймақ басшысы жағымды жаңалығымен тағы да қуантты. Үстіміздегі жылы өңірде отбасы үлгісіндегі балалар ауылын ашу жоспарда тұр екен. Енді олар отбасы деген ұғымның мағынасын дендеп түсінетін болады.

Н.ШӘКІМ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 861 862 863 864 865 866 867 868 869 870 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары