Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Халық-хабар
АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
03.09.2018 09:21

Биылғы оқу жылында жалағаштық 840 бүлдіршін оқу табалдырығын аттады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға артық.

Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы 1 қыркүйек – Білім күніне орай кент орталығындағы 30 жылдық тарихы бар №201 мектеп-лицейінде өткен «Сыңғырла, сылдырла қоңырау!» атты салтанатты жиынға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

- Білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау біз үшін қашан да ең басты міндеттердің қатарында. Біз білімге басқа бірде-бір саламен салыстыруға келмейтін қолдау көрсетіп келеміз. Биылғы жылдың өзінде мектептердің және оқушылар Үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 121 млн. 293 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Соңғы 5 жыл ішінде ауданымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында 8 жеке балабақша 510 орынмен ашылды. Ауданымыз Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде, сондай-ақ грант иелену көрсеткіші бойынша алдыңғы орындарда. Бұл - ең әуелі біздің мұғалімдеріміздің еңбегі, - деді аудан басшысы.

Шарада Қайратбек Әубәкірұлы бірінші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыстап, мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Атап өтейік, №201 мектеп-лицей облыс әкімі бектікен 46 инновациялық мектептер қатарында. 2018-2019 оқу жылында 1 сыныпқа 120 оқушы 6 класс комплектісімен ашылып отыр. Өткен оқу жылында 792 оқушы білім алып, 37 түлек оқу бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 95 пайыз көрстекіш көрсетіп, 7 оқушы 100-ден жоғары балл жинады. 25 оқушы жоғары оқу орнына, 4 бітіруші арнаулы оқу орнына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсті.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
БАЙҚОҢЫРДА СОҒЫЛДЫ СЫҢҒЫРЛАҒАН ҚОҢЫРАУ
03.09.2018 09:16

Байқоңырдағы №277 мектеп-лицейдегі алғашқы қоңырау салтанатты жиынына аудан әкімі Сұлтан Мақашов қатысып, 1-қыркүйек – Білім күні мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Сонымен бірге салтанатты шараға аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы, облыстық мәслихат депутаты Кенжебек Үйреков қатысты.

Бұл күн – алтын ұясына сағына ұмтылып, шұрқыраса табысатын шәкірттердің ғана емес, білім мен тәрбиені кие тұтқан абзал ата-аналар мен ұлағатты ұстаздардың да мерейлі мерекесі.

Аудан бойынша бүгінгі күні 1 780 бүлдіршін 1-сыныптың табалдырығынан аттаса, №277 мектеп-лицейге 155 бала 1-сыныпқа келіп отыр. Қазіргі таңда Байқоңырдағы №277 мектеп-лицейде 1245 бала білім нәрімен сусындауда. Биылғы жаңа оқу жылын ауданымыз 29 жалпы білім беретін мектептегі 14 255 оқушымен, 3 мектептен тыс, 36 мектепке дейінгі мекемелермен бастады.

Аудандағы білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 6 химия кабинеті (№29, №85, №107, №108, №109, №279 мектептерге), 6 физика кабинеті (№28, №29, №107, №108, №109, №269 мектептерге), 3 биология кабинеті (№269, 279, №85) мектептерге берілді.

2017-2018 оқу жылында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша жаратылыстану-математика бағытындағы физика, информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту үшін 585 мұғалім тілдік курстардан өткізілді.

Сондай-ақ, “Алтын белгі” иегері – 25, «Ерекше аттестатты» 17 оқушы иеленді. Бүгінгі күні 652 бітірушінің 645-і жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Оның ішінде 310 жас түлек (47,5%) жоғарғы оқу орнының грантын иеленді. Бұл - 11 жыл үздіксіз білім берген ұстаздар қауымының қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Білім күніне арналған салтанатты шарада Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1-сыныпты алғаш аттаған бүлдіршіндерге  арналған сыйлық кітабы табысталып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы алғашқы сабаққа жалғасты.

А.Қозыбақов,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛДЫ
03.09.2018 09:10

Конституция күніне орай Қазалы және Сырдария аудандарында мектеп пен спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Қазалы ауданының орталығында, Әйтеке би кентінде жаңа оқу жылының қарсаңында 300 орындық мектептің ашылуы болды. Мектеп құрылысы өткен жылы басталған. Екі қабатты ғимарат дәрісханалар, жаттығу залы, кітапхана, конференц залы, асхана, қажетті қосалқы бөлмелер мен инженерлік коммуникациялармен жабдықталған.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов ауыл тұрғындарын Конституция күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы алдымызға 2020 жылға дейін орындалуы тиіс басты 3 міндет қойған болатын: үш ауысымдық, апаттық мектептерді жою мен 3-6 жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту. Алдымен, үш ауысымдық мектептерді түбегейлі жоюға қол жеткіздік. Содан соң, облыс бойынша 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуді мерзімінен бұрын 100 пайызға орындадық. Мұнда мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамытудың үлесі басым екенін айту қажет. Сондай-ақ, 2016 жылы экономикалық күрделі ахуалға қарамастан біз апаттық жағдайдағы мектептер мәселесін шешуді басымдық ретінде айқындадық», - деді С.Қожаниязов.

Айта кетейік, 5 жыл бұрын Қазалы ауданында 9 апаттық жағдайдағы мектеп болды. Қазір олардың орнына жаңа ғимараттар салынған. Өткен жылдың өзінде ауданда бес білім ұясы пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, бүгін Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің қатысуымен 120 орындық спорт кешенінің ашылуы болды.

«Облыстың дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайып келеді. Соңғы жылдары облыста 9 спорт кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, былтыр облыстық бюджеттен 7 елді мекенде спорт кешендерінің құрылысы басталған болатын», - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

Еске салсақ, Мәдениет, Түгіскен, Ақжарма, Еңбекші, Жанқожа батыр ауылдарында және Сексеуіл мен Төретам елді мекендеріндегі спорт кешендерінің құрылысы жүріп жатыр, оның 6-ауы іске қосылды.

Одан бөлек, Қызылорда облысында 5 жылдың ішінде 200-ге жуық әлеуметтік нысан, оның ішінде 45 білім ошағы, оның 37-сі апаттық мектептердің орнына салынған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕРДІГЕРЛЕРДІҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫНАН МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУ МЕРЗІМІНЕН КЕШІКТІРІЛУДЕ
29.08.2018 18:00

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков «Мердігерлердің жауапсыздығы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылындағы 100 орындық мектептің пайдалануға берілетін мерзімінен кешіктіруде,»- деп хабарлады.

Басқарма басшысының айтуынша, мектеп құрылысының бас мердігері «Нұрым» ҚК» ЖШС нысанды ағымдағы жылдың шілде айында тапсыру керек болған. Дегенмен, құрылыс кестеден қалыс қалып, оқу жылының басында мектеп дайын емес.

«Мектептің құрылыс жұмыстары кесте бойынша былтыр басталды. Жұмыстың бастапқы кезеңі уақытылы жасалды, бірақ 2018 жылғы жұмыс қарқыны бәсеңдеді»,-дейді басқарма басшысы Мұхамедиса Әлсеріков.

Басқарма басшысының айтуы бойынша, қазіргі таңда жұмыс көлемінің 85%-ы орындалды,  абаттандыру, көгалдандыру және технологиялық жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталмай отыр.

«Қоймаға заттар жеткізілгенімен мердігірлер жабдықтардың орнатылмауына байланысты әрлеу жұмыстарын уақытында бітіріп үлгермеді. Кестеден кеш қалуларына қатысты бірнеше рет ескертіліп, атап айтқанда мердігерге 3 хат, техникалық қадағалау инженеріне бір рет хат жолданды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алушының жауапсыз әрекеті үшін сотқа беріп, сонымен қатар айыппұл төлетіп, құрылысты аяқтауды міндеттеуге қатысты сот ісі басталды»,- дейді М.Әлсеріков.

Оның айтуынша, құрылыс және қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында аяқталады.

Облыстық білім  басқармасы бастығының орынбасары Құралай Ерташованың айтуынша, құрылыс аяқталғанға дейін сабақ оқу процесіне жарамды ескі мектеп ғимаратында өткізіледі.

Еске салайық, ағымдағы жылдың қаңтар айында Жалағаш ауданы, Шәменов кентінде 300 орынға арналған №34 мектеп апаттық жағдайда деп танылды. Бұл аймақтағы жалғыз апаттық мектеп болып табылады. Осы мектептің мәселесін шешу үшін қазірдің өзінде жаңа мектептің құрылысына қажетті жер беріліп, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджеттік комиссияның биылғы жылғы қарауына ұсынылды. Республикалық бюджеттік комиссияның оң шешімімен мектептің құрылысы ағымдағы жылы басталады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін оқу процесі бұрынғы мектептің сабақ өтуге жарамды кабинеттерінде 2 ауысымда жүргізілетін болады.

Соңғы 5 жылда өңірде 37 апаттық мектептің орнына  45 мектеп салынған. Жаңа оқу жылында Қазалы және Жаңақорған аудандарында 300 орынға арналған жаңа мектептер пайдалануға берілді. 2017-2018 оқу жылында облыста Қармақшы және Жаңақорған аудандарында 3 білім ұясы жұмысын бастаған болатын. Бұдан басқа, жылдың соңына дейін Аралда 300 орынға және Қызылордада 600 орынға арналған мектептер салынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
29.08.2018 17:51

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Конституция күніне орай салтанатты шара өтті. Облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

«Конституция Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналды. Әрине, біз, талай қиыншылық пен экономикалық дағдарыстарды, саяси сындарды бастан өткізіп келеміз. Жаңа ортаға бейімделіп қана қоймай, Елбасының бастауымен XXI ғасырдағы ең озық 30 елдің қатарына кіруді ұлы мақсат еттік. Осы  мақсатты жүзеге асыру үшін басты стратегиялық құжаттар - «Қазақстан-2050» Стратегиясы,  «Ұлт жоспары», индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары бекітілді. Сондай-ақ, қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігі айрықша мәнге ие болып отыр. Сыр өңірі - рухани бай мұраларымызды сақтау, оларды кеңінен насихаттау мақсатындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан бірден-бір аймақ. Осы орайда, еліміздің толағай табыстарына Елбасы «Алаштың анасына» балаған Сыр халқының қосқан үлесі зор екенін мақтанышпен айта аламыз»,-деді облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов.

Атап өтейік, Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте, республикалық және облыстық маңызы бар 150 тарихи-мәдени ескерткіш туралы толық ақпараты бар аймақтың интерактивті картасы жасалды. Облыс және аудан орталықтарында мемлекеттік рәміздер аллеясы салынып, облыста тұңғыш қазақстандық соттан тыс татуласу орталығы ашылды. Сонымен қатар, Сыр өңірінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау және дауларды соттан тыс реттеу тәжірибесі бүкіл ел бойынша ұсынылатын болады.

Шара классикалық музыка мен халық әндерімен, олардың қатарында халықтың жүрегінен орын алған «Менің Отаным», «Қазақ вальсі», «Айналдым елім», «Астана» әндерін қызылордалық әншілер мен аймақтың этномәдени орталық өкілдерінің орындауындағы мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары