Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚАРМАҚШЫДА БИЛЕР КЕҢЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
17.07.2019 19:05

Қармақшы ауданының әкімдігінде Билер кеңесі мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Суйеубаев Жалғас Оңғарұлы ашып, жүргізіп отырды.

Кеңестің басты мақсаты жастарға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беру, адасқандарды жолға салып, оларды жат қылықтардан аулақ болуға үйрету, ауыр емес қылмыстарды сотқа жеткізбей шешу болып табылады.

Осы ретте аудан әкімінің 2019 жылғы 20 мамырдағы «Қармақшы ауданында билер кеңесін құру туралы» №254 өкімімен билер кеңесінің құрамы және билер кеңесінің ережесі бекітілген болатын.

Жиында сотқа дейінгі татуласу мәселесін жетілдіру, «Билер кеңесі»  ережесін түсіндіру және әрі қарай бағыттары, билер кеңесінің енгізілу  мақсаттары  туралы мәселелер талқыланды.

Жиынға облыстық билер кеңесінің төрағасы Нұрсейтов Зейнолла Әлімжанұлы, облыстық билер кеңесінің мүшесі Төребаев Шакизат Хамитұлы, аудандық соттың төрағасы Кентбаев Дархан, аудандық сайланған билер кеңесінің мүшелері және кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Шара барысында аудандық сот төрағасы Дархан Кентбаев өз сөзінде билер кеңесі туралы ереженің бекітілуі билер кеңесінің өкілеттігін реттеп, мәртебе беретіндігін және ереже бекітіліп қана қоймай атқарылатын жұмыстардың нәтиженің де болуы қажет екендігін атап өтті.

Қоғамдық кеңестің төрайымы Раева Күлжауһар Төлегенқызы дауларды сотқа дейінгі реттеудің маңыздылығына пікірін білдіріп, Билер кеңесінің жұмысы туралы ойын ортаға салды.

 

Жиын соңында ауыр емес қылмыстарды сотқа жеткізбей шешу мәселелері бойынша толығырақ түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды .

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС ӨРЕНДЕРГЕ АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
17.07.2019 17:34

Қызылорда облысында «Парасаттылық мектептері» жұмысын бастады.

Аталған мектептерде аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық қағидаларын түсіндіруде.

Осы мақсатта Мемлекеттік басқару академиясының филиалы мен облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдерінен құралған спикерлер тобы балалардың жазғы тынығу лагерлерін аралауда.

«Парасаттылық мектебінің спикерлер тобы өз жұмысын Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагерінен бастап, 240 оқушыға әділеттік пен адалдық құндылықтары туралы лекциялар оқыды. Лекциялар барысында «Адалдық - жетістікке жетудің кілті», «Адалдық отбасыдан басталады», «Адал еңбек ету – ертеңгі күнге деген сенімділік» тақырыптары қамтылды. Алдағы уақытта, аймақтағы 10 тынығу лагерін аралап, балғындарды парасаттылық қағидаларына баулитын боламыз», - дейді департаменттің басқарма басшысы Бағдат Ізкенов.

«Парасаттылық мектептері» облыстағы 3 жоғары оқу орны мен 27 колледжде жалғасын табады.

 

Б.Әбдіқадыров

 
Қызылордалық жедел уәкілдер бұрынғы күйеуін өлтіруге тапсырыс берген азаматшаны құрықтады
17.07.2019 16:10

2019 жылдың 9 шілдесінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде өзінің бұрынғы жұбайын өлтіру үшін 20 000 АҚШ доллары сомасындағы қаражатқа Түркістан облысының тұрғынын жалдаған 48 жастағы азаматша анықталды. Орындаушы өз кезегінде жалған түрде өлтірген болып, полицияға арызданды.

Тапсырыс беруші жалдаған азаматты Шымкент қаласына шығарып салу  барысында Қызылорда қаласының шет аймағында оған 10 000 теңге көлемінде ақша беріп, қалған соманы жұбайының мүліктерін сатып болғаннан кейін беретінін жеткізді. Сол жерде ол полицейлермен құрықталды.

Ұсталған азаматша  күдікті ретінде танылып, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Азаматша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігінің (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17.07.2019 16:00

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңірдің 6 ай ішіндегі дамуын қорытындылап, алдағы міндеттерді белгіледі.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері бойынша, өнеркәсіптік өнім көлемін қоспағанда, оң динамика қалыптасты.

«Экономикаға тартылған инвестиция 2 есе,  құрылыс 2,4 есе, тұрғын үйді пайдалануға беру 21,6 пайыз көлемі бойынша және ауыл шаруашылығында 2,3 пайыз  өсім қамтамасыз етілді. Соңғы 6 жыл ішінде облыста мұнай өндіру көлемі 4,2 млн.тоннаға қысқарды. Болжам бойынша, биылғы жылы  тағы 1,1 млн.тоннаға қысқарады деп отырмыз. Жалпы өңірлік өнімнің 35% және өңірдегі барлық өнеркәсіп өндірісінің 70% астамы мұнай өндіруге тиесілі екенін ескерсек, бұл әлбетте экономиканың барлық салаларына тікелей және жанама әсер ететіні белгілі. Облыстың экономикалық дамуындағы өсімге қол жеткізу үшін біз аймақ экономикасын индустрияландыру арқылы әртараптандыру стратегиясын жүзеге асырудамыз. Қазіргі таңда индустриялық-инновациялық дамудың  мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 24 жобаның 18-і 90%-дан 100%-ға дейін жоспарлы қуаттылығын игерді»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында шығарылған өнім көлемі былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18%, ал экспорт көлемі 37% артты.

Облыстың ірі инвестициялық жобаларымен қатар шағын өндірістерді дамыту бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Осыған байланысты біз "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жалпы құны 12,6 млрд. теңге болатын 124 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жасаудамыз. Бұл - ет-сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, сусындар мен құрылыс материалдарын шығару. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы біз импортты төмендете отырып, бір мезгілде өзіміздің жергілікті шикізат базасын дамытамыз»,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімі өңірде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаламалар туралы айтты. Мәселен, "Ауыл – Ел Бесігі" жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған облыстың екі аудан орталығында 21 жобаны жүзеге асыру бойынша тиісті  жұмыстар жүргізілуде. Келесі жылы жоба аясында облыстың басқа аудан орталықтары бойынша да жұмыстар жалғасатын болады.

Сондай-ақ, "Байқоңыр" кешенін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың мамыр айында өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Президент Байқоңыр космодромы ғарыш саласының негізі болып табылатынын және облысқа жоғары технологияларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

«Сонымен қатар, коммуналдық қызметтердің жоғары тарифі мен қолданыстағы салықтық режим тұрғындардың кәсіпке деген белсенділігін тежеп отыр. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV аймақаралық ынтымақтастығының форумы барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Байқоңыр" кешенінде еркін экономикалық аймақ құруды пысықтау туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, біз өз тарапымыздан "Байқоңыр" еркін экономикалық аймақ құру тұжырымдамасын және "Байқоңыр" арнайы экономикалық аймақ құру туралы үкіметаралық келісім жобаларын дайындадық. Президенттің қолдауын күтудеміз», - деді Қуанышбек Досмайылұлы.

Өздеріңізге белгілі, өңірдің жедел дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қызылорда облысының өзекті мәселелері қаралды. Елбасы әкімдіктің барлық ұсыныстарын қолдап, Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекітуді тапсырған еді.

«Аталған тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылдың маусым айында Үкіметпен Кешенді жоспар қабылданды. Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2022 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 2 трлн 62 млрд.теңгеге ұлғайтылатын болады»,-деді облыс әкімі.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжілісте Мемлекет басшысы Үкіметке және аймақ басшыларына халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тоғыз міндетті жүктеді.  Олар: индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешенді және кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты макроэкономикалық орта қалыптастыру, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту, білім және денсаулық сақтау жүйесін нығайту, аймақтарды дамыту, мемлекет басқару тиімділігін және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері. Біздің ендігі міндет – аймақта басталған жұмысты қарқынды дамыту. Бұған біздің әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де толық жетед»,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАР ҮШІН 2000 ЖУЫҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
17.07.2019 15:55

Гранттар көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау көрсету бойынша 2021 жылға дейінгі аймақтық Жол картасы шеңберінде бөлінетін болады.

"Президенттің тапсырмасы бойынша, Үкімет көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған бірыңғай шаралар пакетін қабылдады. Осы мақсатта көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау көрсету бойынша 2021 жылға дейінгі Аймақтық әлеуметтік жол картасы қабылданды. Бұл Жол картасы аясында өзінің шағын бизнесін дамытуға қайтарымсыз негізде 1922 грант бөлу қарастырылуда»,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Жол картасы аясында  сауықтыру лагерлерінде аз қамтылған отбасылардағы 17 мың баланың демалысын ұйымдастыру, әлжуаз отбасылардан шыққан 25 мыңнан астам оқушыны тегін тамақпен және мектеп киімімен қамтамасыз ету, Қызылорда қаласы бойынша 6800 балаға қоғамдық көлікте тегін  жүруін ұйымдастыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балаларды жоғарғы оқу орындарында оқытуға облыс әкімінің қосымша  200 гранты бөлінеді. Бұл ретте, осы отбасылардың еңбекке жарамды өкілдерін жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетілетін болады  (жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, өз бизнесін ашу және т.б.).

«Әдеттегідей өңірде көпбалалы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету бастамасын ауыл шаруашылығы және бизнес құрылым өкілдері де қолдап, жыл басынан бері 17 отбасыға баспана кілтін табыстады. Бұдан бөлек, Елбасының тапсырмасына сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй салуға және дайын пәтерлерді сатып алуға республикалық бюджеттен бөлінген 3,6 млрд. теңгеге және қосымша облыстық бюджеттен бөлінген 360 млн.теңгеге жылдың қорытындысымен 431 көпбалалы отбасы баспаналы болады»,-деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда облыста 36 мыңға жуық көп балалы отбасы бар. Олардың 6 мыңға жуығы аз қамтылған. Бүгінгі күні 3000 астам көп балалы отбасы мен жалғыз басты аналардың материалдық-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, олар көтерген мәселелерге қарай санаттарға жіктелді.

Бүгін Қызылорда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда аймақтың І жартыжылдықтағы даму қорытындысы шығарылып, келешек жоспарлары айқындалды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары