Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
Қызылордалық «Мағжан және К» компаниясы жеңімпаз атанды
13.12.2019 18:16

Қызылордалық «Мағжан және К» компаниясы «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов компания директоры Дархан Ералиевті салтанатты шарада марапаттады.

«Мағжан және К» ЖШС-гі 2005 жылы құрылды. Кәсіпорында 330 адам жұмыс істейді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі күріш өсіру мен элиталық тұқым шаруашылығын өндіру болып табылады.

Кәсіпорынның жоғары стандарты сапа менеджменті жүйесінің СТ РК ИСО 9001-2016 ұлттық сертификатымен, ISO22000:2005 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі үшін сертификатымен, сондай-ақ  «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының ТР ТС 021/2011 Техникалық регламентімен расталған.

Кәсіпорынның мақсаты – шығарылатын өнімнің сапасын үнемі жақсарту.

Компания жоғары технологиялық ауыл шаруашылық өндірушісі болып табылады. Күріш тұқымы мен жоңышқа тұқымы Германиядан шыққан сағатына 8 тонна тұқым тазалай алатын жоғары технологиялық зауытта өңделеді. Компания облысқа қарасты Нағи Ілиясов атындағы ауылдағы еңбекке жарамды тұрғындардың 55-60 пайызын жұмыспен қамтып отыр.

Компания өзінің өнімдерін Қазақстан, Ресей, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан нарықтарында сатады.

Компанияның еліміз бойынша сандық жүйеге көшкен тұңғыш күріш өңдеуші зауыты бар. Аталмыш сағатына 5 тонна жоғары технологиялық күріш өңдейтін зауыт Корей Республикасынан алдырылған.

Компанияның техникалық паркінің 90 пайызы жаңартылып, JOHNDEER, CLAAS, MacDonи Кейс секілді дүниежүзіне танымал компаниялардың комбайндарымен, жаткасымен (дестелегіш), трасторларымен, агрегаттарымен жабдықталған.

Компанияның өнімдері жергілікті атқарушы органдардың алғыс хаттарымен марапатталған (тұқым өндіру саласындағы жетістігі үшін, үздік шаруашылық, техникалық паркін жаңартудағы жоғары көрсеткіші үшін т.б.).

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
Қызылордалық «СКЗ-U» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды
13.12.2019 18:05

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Алтын сапа» сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімінде қызылордалық «СКЗ-U» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СКЗ-U» ЖШС-нің бас директоры Мәдихан Бекжановқа «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номинациясының жүлдесін табыс етті.

«СКЗ-U» ЖШС: Жаңақорған ауданындағы күкірт қышқылы зауытының құрылысы, Қызылорда облысының инновациялық-серпінді жобаларының бірі болып табылады. Күкірт қышқыл зауытының жобалық қуаты жылына 500 000 тоннаны немесе тәулігіне 1500 тоннаны құрайды.

«СКЗ-U» ЖШС-гі қызметі «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Уран өндіруші кәсіпорындарының күкірт қышқылына деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.

«СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылын өндіру технологиясының ҚР-да баламасы жоқ. Өндіріс технологиясы қалдығы аз болып табылады және шикізаттың мақсатты өнімге көшуін 99,9% деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
Қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС «Ұлы дала елі» брендінің жеңімпазы атанды
13.12.2019 18:00

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан дәстүрлі «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары мен «Қазақстанның үздік тауары - 2019» республикалық көрме-байқауы жеңімпаздарын марапаттау шарасында отандық өнімді экспорттаушылар арасында еліміз бойынша қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС үздік деп танылып, «Ұлы дала елі» ортақ брендінің жеңімпазы атанды.

Шарада «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев компания басшысы Мұрат Сәрсенбаевқа жүлдені табыс етті.

Айта кету керек, «Ұлы дала елі» сыйлығын 2016 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағайындады. Ол үздік тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге өз тауарын халықаралық нарықта ұсынуға мүмкіндік беріп, оларды бәсекеге қабілетті етеді. Жеңімпазға «Ұлы дала елі» ортақ брендін жарнамалық мақсатта қолдану құқығы 5 жыл мерзіміне беріледі.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
240 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
13.12.2019 17:50

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні қарсаңында Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан кредиттік көпқабатты салынған тұрғын үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Бұл көпқабатты тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған.

Соңғы жылдары Қызылордада 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Айта кетейік, жыл басынан бері 1000-ға жуық пәтердің кілті табысталды. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 10 мың 900 шаршы метр. Облыста жүзеге асқан құрылыс жұмыстарының 31,4 пайызы - Қызылорда қаласының үлесінде. Сол жағалаудағы жаңа қалада республикалық, облыстық бюджеттерден 820 пәтерлік 16 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 830 пәтерлік 17 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылыстары жүргізілуде. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен есепті мерзімде жалпы ауданы 381 мың 308 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  124,3 пайызға артқан.

Облыс әкімі Қ.Ысқақов жаңа қоныс иелерін құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

"Бүгін 60 пәтерлік көпқабатты 4 тұрғын үйдің кілттерін табыстағалы тұрмыз. Сүйікті қаламызда жаңа нысандарды  салып, сол жағалауда жаңа қала салу идеямызға қолдау көрсетіп,алғашқы тұрғын үйлердің құрылысын бастаған барлық құрылыс компанияларына және жұмысшылардың еңбектеріне қала тұрғындары атынан алғысымды айтамын. Құрметті жерлестер! Қоныстойларыңыз құтты болсын! Қуаныштарыңыз көбейе берсін",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Бүгін үйлі болғандардың басым бөлігі – жас отбасылар.Олардың ішінде дәрігерлер мен ұстаздар, құқық қорғау саласының қызметкерлеріде бар. Үйлі болған қызылордалықтар да қуаныштарымен бөлісіп, лебіздерін айтты.

Жаңа тұрғын үйге қоныстанушыларға ҚР еңбегі сіңген құрылысшысы, құрылыс саласының ардагері, қаланың Құрметті азаматы Ж. Оразбаев батасын берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ТАҒАЙЫНДАУЛАР
13.12.2019 17:28

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Өтегенова Гүлмира Сейітбекқызы тағайындалды.

Гүлмира Сейітбекқызы 1966 жылы туған. Қарағанды кооперативтік институтын «тауартанушы», Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Жалағаш аудандық тұтынушылар одағының тауартануды ұйымдастырушысы болып бастаған.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 

***

Орынбаев Ерсін Сейітханұлы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ерсін Сейітханұлы 1968 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "тарих пәнінің мұғалімі" және "экономист" мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісі болып бастаған.

2017 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

***

Даулетова Ғалия Ноғайқызы Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғалия Ноғайқызы 1971 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік институтын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Қазақстан Кеңесі энциклопедиясы Бас редакциясының курьеры болып бастаған.

2018 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорыныңы орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары