Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
«Халықтың» тілшісіне бас жүлде бұйырды
11.12.2019 17:00

«Әншінің тілі – дауыс, бишінің тілі – қимыл» дейді. Ал ақынның тілі – сөзі. Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүргендердің қатары күн санап толығып келеді. Десек те, сөздің киесін ұғынып, сара сөзді сүзгіден өткізу білу де – өзіндік өнер. Өткеннен үлгі алып, өркениетке қол созған бүгінгі саналы ұрпақ ой-өрісі мен терең білімі арқылы тың идея, соны серпілістерімен тәуелсіз ел тарихының жаңа белестерге жетуіне ықпал етуде. Олардың қатарында қолына қаламын серік етіп, жыр жастанып жүрген ақынжанды жастарымыз бар. Сөз әлемінде зергерлігімен топ бастап жүрген жас ақындардың әр жетістігіне қуанамыз. Бүгін де сондай сүйінші жаңалықпен бөліспекпіз.

Жалағаш ауданында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Темірше Сарыбайды еске алуға арналған «Шындық – Тәңір» тақырыбындағы облыстық жазба ақындар жыр мүшәйрасы өтті. Сол текті қалам иелерінің тебірене жазып, арқалана оқыған жыр бәйгесінде «Халық» газетінің тілшісі, ақын Рыскелді Жахман бас жүлде иеленді. Рыскелдінің шығармашылықта ширығып, өркендей беруіне тілектеспіз.

Сыр елінің сөз зергерінің есімін келер ұрпаққа ұғындыру және жастар шығармашылығының өрлеуіне жол ашу мақсатында өткізілген шара ерекше сипатқа ие. Байқау жеңімпаздары ақын атындағы кезекті мүшәйраға қатыса алмайды. Есесіне келесі жылы республикалық көлемде өтетін жыр бәйгесінде бақ сынауға мүмкіндігі бар.

Халық-хабар

 
Қ.ЫСҚАҚОВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
11.12.2019 16:40

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, денсаулық, білім салаларына қатысты болды.

Облыс әкімінің  бүгінгі қабылдауына 40 жуық азамат келді. Тұрғын үй кезегіне тіркелмей, баспана сұрап  келген азаматтарға кезекке тұру заңдылығы түсіндірілді. Пәтер белгіленген ережеге сәйкес реттілігімен, кезең-кезеңімен берілетін болады.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қ.Ысқақов  жұмысқа орналасу мәселесі бойынша  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысына жұмыссыз азаматтарды тіркеп, тиісті жұмыстарды жүргізуді  тапсырды.

Бүгінгі қабылдауға облыс әкімінің  гранты бойынша білім алып жатқан жастар да келді.Олардың бірі - Ақжайық Тәжі. Анасы Баян Жайбергенова аймақ басшысына алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Ақжайық Тәжі қазір Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің педагогика-психология мамандығы бойынша білім алуда. Қ.Досмайылұлы грант иегерлерін алдағы уақытта жұмыспен қамту мәселесі де назарында болатынын айтып, Тәжі Ақжайыққа  оқуын жақсы бітіріп, білікті маман болуына тілектестігін жеткізді.

Айта кетейік, соңғы үш жыл ішінде облыстағы мектеп түлектерінің 98 пайызы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына түсуде. 500 -ден аса жеткіншек Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен Ресейдің жетекші техникалық жоғарғы оқу орындарында білім алуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
МАҚАШОВ МУЗЕЙ САЛМАҚ
11.12.2019 14:00

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қызметіне кіріскеннен кейін аудан әкімдерін біртіндеп ауыстырды. Ол алдымен 2015 жылдан бері Қармақшы ауданының тізгінін ұстаған Сұлтан Мақашовты Жаңақорған ауданын басқаруға жіберді. Міне, бұл ауыс-түйістің болғанына да 100 күн толыпты. 100 күнде алақандай ауданның тыныс-тіршілігімен толық танысып шығуға мүмкіндік мол. Біздіңше, Қармақшыны 4 жылдан аса басқарған әкім Жаңақорғанды жатсынбаған тәрізді. Бара сала ауданға қарасты елді мекенді аралап, ауылдағы ағайынмен жүздесіп қайтты. Одан бөлек, әлеуметтік желіде әлсін-әлсін жазылған түрлі сын-ескертпелерге өзі жауап беріп отырғанын көрдік.

Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде Сұлтан Мақашов аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Алдымен аудан басшысы өңір тайқазанына тоқталды.

– 2019 жылдың қаңтар-қазан айында жергілікті бюджет 102 пайызға орындалды. Жаңақорған – өнеркәсіп саласы қарқынды дамыған ауданның бірі. Уран, полиметалл кендері молдығымен ерекшеленеді. Кен өндіру саласы бойынша 10 мекеме жұмыс істейді. Ауданда өнеркәсіп өндіру 63790,8 млн теңгені құрап, нақты көлем индексінің өнімі 97,9 пайыз болды. Ал өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 35327,5 млн теңгеге жетті, - деді Сұлтан Ысқақұлы.

Жалпы, жаңақорғандық жұрт кәсіпке бейім келеді. Сондықтан шығар, облыста жарияланған «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы» бекітілген Жол картасына белсенді қатысты. Өзге аудандарға қарағанда көш ілгері болды. Бүгінде ауданда 3952 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, соның 4304-і белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Онда 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 19600 млн теңгенің өнімін өндіріп, әртүрлі бағытта қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлік саласындағы толымды тірліктерге тоқталған аудан әкімі:

– «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде шағын несие бойынша 614,9 млн теңгенің 143 жобасына және гранттар бойынша 435 жобаға 172,9 млн теңге берілді. Сондай-ақ, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы арқылы 25 жоба 109,1 млн теңгеге қаржыландырылды. «Бизнестің Жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 429,4 млн теңге болатын 10 жоба несиелендірілді. Бұдан бөлек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына ауданда 20 жоба іріктеліп, несие рәсімдеуге байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал Индустриялдық-инновациялық дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық индустрияландыру картасына 1 жоба, өңірлік индустрияландыру картасына 1 жоба енді, - деп атап өтті.

Айта кетейік, республикалық индустрияландыру картасына енген жоба – «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ның жылдық қуатты 4 млн тонна кен байыту фабрикасы. Шалқия кенішінде 2020-2021 жылдары 2 млн тонна, ал 2022 жылдың соңында 4 млн тонна кен байыту фабрикасы іске қосылмақ. Жоба құны – 235 млрд теңге. Болашақта 1500-ға тарта жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылмақ. Ал өңірлік индустрияландыру картасына енген «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің қуаты жылына 24000 тонна томат пастасын өндіру жобасының құны – 8877 млн теңге. Жоба сәтті жүзеге асырылса, 150 адам жұмысқа орналаспақ.

Аудан әкімі Жаңақорғанда атқарылып жатқан өзге де жұмыстар барысына тоқталды. Биыл аталған өңірде құрылыс саласында қарқын бар. 2019 жылы 53,926 мың теңгеге 11 жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, оң қорытындысын алды.

Бұдан әрі Сұлтан Ысқақұлы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бүгінде аудандық тарихи өлектану музейінің жағдайы мәз емес. Құнды жәдігерлер іргетасы сонау 1904 жыл қаланған ғимаратта сақтаулы. Одан бөлек, сол ғимараттың бір бөлігі өзге мекеменің, ал музейге бұл ғимараттың тек 236 шаршы метрі ғана бұйырған. Ең өкініштісі, 10 мыңға жуық экспонаттың тек 747-сі ғана экспозицияға қойылған. Қалғаны қоймада шаң-шаң болып жатыр. Осы мәселе бойынша «Халық» газетінің сауалына аудан басшысы:

– Бұл мәселе менің назарымда. Аудандық тарихи-өлкетану музейін салуға жер телімі берілген. Бұйырса, 2020 жылы жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Нысанды бюджет қаржысы есебінен саламыз ба, әлде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында саламыз ба? Егер музейдің ғимаратын салуға ынталы кәсіпкер болса, келісімшартқа отыруға дайынбыз. Әрине, тарихы тереңде жатқан ауданға тарихи-өлкетану музейі міндетті түрде қажет, - деді.

Соңғы жылдары Жаңақорған ауданындағы білім саласына қатысты сын жиі айтылып жүр. Өңір оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуде төмен нәтиже көрсетіп келеді. Бұған қатысты аудан басшысы бүй дейді.

– Жақында аудандағы мектеп директорларымен жүздесіп, пікір алмастым. «Мемлекет өз қаржысын бөліп, әр мұғалімге сағатына сай еңбекақыларын беріп отыр. Сіздер сол мектептің менеджер басшысыздар. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің қызметкерлерісіздер. Ал алдарыңыздағы білім алушы балалар – өнім. Ендеше, неге Сіздер өз өнімдеріңізді өзгеге бересіздер? Неге сіздердің оқушыларыңыз өзге мұғалімнен барып қосымша білім алуы тиіс. Неге олар репититор жалдауға мәжбүр?» деген сауал қойдым. Меніңше, тест жүйесі арқылы оқушының білім деңгейін бағалауға болмайды,- деді Сұлтан Ысқақұлы.

Сөз соңында аудан әкімі алда талай жұмыстың барын алға тартты.

 

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ

 
Қызылордада «Алтынай» сауда үйі ашылды
11.12.2019 11:00

Күні кеше Қызылорда қаласында киімдер сататын «Алтынай» сауда үйі ашылды.

Кәсіпкер Айнұр Қожагелдиева аталмыш сауда үйін салуға бекінгенде алдында осыншалықты қиындық кездеседі деп ойламады да. Сауда нарығында 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер тауарларын жалға алған орында емес, өз нысанында сатуды ұйғарып, қала аумағынан жеке адамнан жер телімін, дайын эскиздік жобасымен бірге сатып алады. Алайда аталмыш аумақта құрылыс жұмыстарын бастаған сәттен жергілікті атқарушы орган тарапынан кедергіге ұшырайды.

Кәсіпкерлер палатасына өтінішпен жүгінген Айнұр Қожагелдиеваға Палата мамандары жан-жақты заңгерлік көмек көрсетіп, жобасын 9 ай көлемінде барлық инстанцияда сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде кәсіпкер жаңа нысанын 40 млн теңгеден астам қаржыға салып, толықтай іске қосты. Жаңадан ашылған екі қабатты нысанда шұлықтың, қолғаптың, өзге де киімдердің түр-түрі бар. Одан өзге жуынатын, қолданатын химиялық заттар, қыздардың шаштарына тағатын бантик, ободоктың түрлері, жанға не керек барлығы бар.

Нысанның салтанатты ашылу шарасында Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов, Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Болат Нұрхожаев және өзге де қала тұрғындары қатысып, кәсіп иесінің жұмысына сәттілік тіледі.

Айнұр Қожагелдиева «Алтынай» сауда үйін салу арқылы 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сауда үйінің ашылу салтанатына орай ол тұрмысы төмен отбасыларға тегін киім-кешектер таратты. Кәсіпкер алдағы уақытта өңірде өндіріс орындарын да ашуды көздеуде.

 

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
Қ.ЫСҚАҚОВ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС БИЗНЕС ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ІСКЕРЛІК АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ
11.12.2019 09:35

Кеше облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен «Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» өңірлік Кеңес отырысы өтті. Оған банк жүйесінің директорлары мен ірі және шағын кәсіп иелері қатысты. Күн тәртібіне «Казах Кэмел» («Qazaq Camel») серіктестігінің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру» жобасы мен «АБК Промсервис» («ABK Promservice») серіктестігінің «Қызылорда қаласында шыны-пластикалық желілік және сорғы-компрессорлық жоғары қысымды құбырларды өндіру зауытының құрылысы» жобасы ұсынылды.

Өңірлік Кеңестің басты мақсаты – инвестициялық жобалардың шешілмеген мәселелерін қарап, тиімді шешім қабылдау. Биыл Кеңестің 3 отырысы өткізіліп,4 инвестициялық жоба: «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру және инвестиция тарту мен инвесторларды сүйемелдеуге жауапты ұйым, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» мәселелері қаралған. Нәтижесінде Жалағаш («Номад Солар» ЖШС) және Шиелі аудандарында («Байқоңыр Солар» ЖШС) күн электр станцияларының құрылыстары басталып, желтоқсан айында іске қосылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, Қармақшы ауданындағы құс фабрикасына («Қармақшы құс» ЖШС) электр желілерін жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен 245,1 млн.теңге бөлінген. Ал, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» инвесторларды сүйемелдеуге жауапты фронт-офис болып бекітілген.

30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өңірдің инвестициялық басты іс-шарасы «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында XI «Baikonyr Invest» форумы өтті. Форум аясында облыстың инвестициялық ахуалы таныстырылып, инвестиция қажет ететін жобалар мен жергілікті тауарөндіруші кәсіпорындардың көрмелері ұйымдастырылған. Нәтижесінде құны 100 млрд.теңгені құрайтын 24 меморандум мен 1 келісімшартқа қол қойылды.

"Атап өту қажет, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдағы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімдегі инвестицияның үлесін 2024 жылға қарай 30 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Осыған орай, бүкіл республика бойынша инвестиция көрсеткіші жоғары межемен бекітілді. Біздің облыс 2020 жылы 481 млрд.теңге инвестиция тартуы қажет",- деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

Күн тәртібінде қаралған жобалар аясында өңір экономикасына 3,3 млрд.теңге инвестиция тарту көзделген. Сондай-ақ, жобалар аясында 101 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

" Инвестициялық Кеңес бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы іскерлік алаңға айналды. Кеңес отырысында қаралған инвестициялық жобалардың өзекті мәселелерінің нақты шешілуі – біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі",- деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары