Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
ҚАЙЫР ҚЫЛСАҢ, БҮТІН ҚЫЛ
16.03.2012 12:08

Аймақтағы әлеуметтік жағдайы сын көтермейтін, тұрмысы төмен отбасыларына материалдық көмек беруді «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ 10 жылдан бері тұрақты түрде қолға алған. Жыл сайын 22 наурыз мерекесі қарсаңында қолдауды қажет ететін отбасыларын шаттыққа бөлеп, азық-түлік пакетін таратады. Биыл да осы үрдісінен жаңылған жоқ. Жыл басы саналатын мерекеге тарту ретінде облыс бойынша 250-ге жуық аз қамтылған отбасына 25 кг ұн, 25 кг қант, 25 кг күріш, 2 кг шай және 5 литр күнбағыс майын таратты. Олардың арасында Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының да тұрғындары бар. Азық-түлікті тасымалдау үшін үлкен сыйымдылықтағы 2, кіші сыйымдылықтағы 1 автобус белгіленген. Өңірдегі ірі мекемелердің алдыңғы шебінде тұрғандықтан, халықтың әлеуметтік ахуалына да мән беруді мұндағылар парыз санайды. Мұқтаж болған жағдайда қол ұшын созуға қашанда әзір екендіктерін айтудан да жалыққан емес. Бұл жолғы қайырымдылық шарасы да осының бір айғағы іспеттес.

Аталмыш азық-түлік қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп түскен өтініштер бойынша таратылуда. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, Наурыз мерекесі қарсаңында аймақтың әр жерінде ұйымдастырылып отырған шараларға шамамен 10 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалған. «Қайыр қылсаң, бүтін қыл» деген сөз бекер айтылмаса керек.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
МОНШАНЫҢ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖАРЫЛДЫ
13.03.2012 16:42

Қызылордада «Қыпшақ» деген жекеменшік моншаның қазандығы жарылып, 31 жастағы азамат көз жұмды. «Жарылыс газ бен ауаның қосындысы әсерінен болған, салдарынан екі қабатты қазандық қирап қалды», - деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Моншадағы қайғылы оқиға кезінде қазандықтың бетон төбесі құлаған. Әйтеуір, тілсіз жау тұтанбады. Өкінішке орай адам шығыны бар, онымен қоса 48 бен 38 жастағы екі ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ 9 наурыз күні облыс орталығының Жүнісов көшесінде тұрған вагонның күл-талқаны шықты. 1 шаршы метр аумақты шарпыған өрт оқиғасы 1957 жылғы азаматтың өмірін қиды. Айта кетейік, вагон кәдімгі үй есебінде қолданылып келіпті.

Н.ШАМАУ

 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
13.03.2012 16:41

Бүгінде «ПетроҚазақстан Құмкөл ресорсиз» АҚ өңіріміздің әлеуметтік-даму шеңберінің кеңеюіне үлес қосып қана емес, түрлі акцияларға демеушілік жасап та келеді. Әрбір мереке қарсаңында осындай іс-шараларды өткізіп тұратын мұнай компаниясына халық та дән риза. Бұл жолы да елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген петроқазақстандықтар дәстүрлерінен жаңылған жоқ. Қазақтың жаңа жылы саналатын Наурыз мерекесі алдында жылдағы дәстүр бойынша ардагерлерге арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл соңғы он жылдың көлемінде тұрақты үрдіске айналып келе жатыр. Жыл сайын облысқа қарасты Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен 250-ге тарта отбасыларына азық-түлік пакетін таратады. Онда 25 кило ұн, 25 кило күріш, 25 кило қант, 2 кило үнді шайы, 5 литр күнбағыс майы және 10 кило макарон өнімдері бар.

- «ПҚҚР» АҚ ардагерлер кеңесінде барлығы мұнай саласында еңбек еткен 50-ге жуық ардагер бар. Олардың кейбірі өзге облыстарға қоныс аударған. Олардың есепшотына ақшалай сыйақы аударылады. Бүгін солардың 30-ына әлеуметтік пакет таратылуда, - дейді мекеменің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР еңбегі сіңген метреолог Қ.Дайрабаев.

Шара барысында аталмыш мекеменің вице-президенті Чэнь Да Ю жиналған ардагерлерді алдағы мерекелерімен шын жүректен құттықтап, көмек беруге әрқашан әзір екендіктерін жеткізді. Алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейдегі шаралар ұйымдастырып, бұдан да көп мөлшерде азық-түлік беруге болатынын айтты.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
«ҚЫЗЫЛ АЙ» ҚОҒАМЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ
13.03.2012 16:40

Туберкулез ауруы қазіргі қоғамның күрделі мәселесіне айналып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, 2011 жылы әлемде 8,8 млн. науқас тіркелсе, соның 1 млн.-ы осы дерттен өлген. Қазақстанда 2002 жылдан бастап сырқаттанушылық деңгейі 47 пайызға түскен. Бірақ жасөспірімдер арасында көрсеткіш жоғары. Былтыр 100 мың адамға шаққанда 92,4 болды. Сол сияқты қылмыстық жазасын өтеушілердің жағдайы мәз емес.

Туберкулездің алдын алу, онымен күрес – 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының басым бағыттарының бірі. 23 ақпан мен 23 наурыз аралығында осы мақсатта республикалық шара өтіп жатыр. Халықаралық «Қызыл ай» қоғамы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар науқастарға азық-түліктер таратты. Сол сияқты биылдан бастап Қызылорда қаласында Ұлыбританияның «Қызыл крест» және еліміздің «Қызыл ай» қоғамы арасындағы келісімшарт негізінде «АИЖТ/АҚТБ-ның алдын алу» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 75 адамға көмек көрсетілді. «Қызыл ай» қоғамының облыстық филиалы медицина қызметкерлерінің, еріктілердің қатысуымен семинар-тренинг өткізеді. Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде емделіп жатқан жасөспірімдер арасында сайыс ұйымдастырмақ. Медицина саласының мамандары мен заңгерлер тобы халықты салауатты өмір дағдыларына баулу, әлемді алаңдатып отырған дерт жайлы білімін нығайту мақсатында ақпараттық ағарту жұмыстарын жүргізеді.

 
КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
12.03.2012 14:28

Кеше облыстық әкімдікте өткен актив мәжілісінде бірқатар кадрлық өзгерістердің жасалғаны белгілі болды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары болып Рзақұл Нұртаев тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. Ал, бірінші орынбасар Қуанышбек Ысқақов облыстық қаржы басқармасының бастығы болып тағайындалса, оның бұрынғы басшысы Ирина Ким облыс әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары қызметіне Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі Абай Алпамысов тағайындалды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1101 1102 1103 1104 1105 1106 1107 1108 1109 1110 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары