Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
Халық-хабар
Көмірді қымбатқа алмас үшін...
19.09.2018 14:15

Тұрғын үйлерін көмірмен жылытатын тұрғындар үшін жауапты мекеме қызметкерлері маңызды ақпарат берді.

Жайдарлы жаз аяқталып, алтын күз келгелі жұртшылық жылу беру маусымына дайындығын пысықтауда. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерсін Орынбаев, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Марат Жаркеткенов БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

- Біздің қысқа дайындық жұмыстарын бастап кеткенімізді білесіздер. Жылуды 15 қазанда қосамыз деп отырмыз. Бәрін көріп отырсыздар. Дайындық бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Тұтынушыларды электр жылу энергиясымен, газбен және ауызсумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 96 пайызға орындалды. Әлеуметтік нысандар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарының жөндеу жұмыстары 98 пайызға аяқталып отыр. Орталықтандырылған су жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің дайындығы 96 пайызды құрады. 700 көпқабатты үйдің 513-і бүгінгі күні жылу қабылдауға дайын. Жалпы, барлық дайындық жұмыстары 1 қазанға дейін толық аяқталады. Облыс бойынша 1166 әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылу беру маусымына қажетті қатты отын қоры – 57,8 мың тонна, сұйық отын қоры – 24,7 мың тонна. Яғни бұл – қажеттілік, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ералыұлы.

Тұрғындарға қажетті көмір қоры биылғы маусымда 207,1 мың тоннаны құрап отыр. Бүгінде көмірдің 51,9 мың тоннасы облыс аумағына жеткізілген. Бұл тұрғындарға қажетті көмір көлемінің 25 пайызын құрайды. Көмір отыны Қарағанды облысының Шұбаркөл, Шығыс Қазақстан облысының Қаражыра және Павлодар облысының Екібастұз, Майкөбен көмір өндірушілерінен теміржол арқылы тасымалдануда. Мұнан өзге аймақта көмір тапшылығын болдырмау мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар жоспарланып отыр. Осы ретте Ерлан Ералыұлы көмір пайдаланатын жергілікті тұрғындарға осы кезден бастап қолайлы бағада сатып алуды ұсынды. Көмір аса қажет уақытта кей кәсіпкерлер бағасын шарықтатып жіберетіні белгілі. Осының алдын алу үшін кәсіпкерлерге ортадағы делдалдықты болдырмау мақсатында көмір өндіруші мекемелермен тікелей келісімшартқа отыру қажеттігі түсіндіріліпті.

Ж.Қойшыбекова

 
Жаңақорған 90 жылдыққа не дайындады?
19.09.2018 14:14

Тура бір айдан кейін Жаңақорғандағы торқалы тойдың куәсі болыңыз. Ауданның 90 жылдық мерейлі мерекесі мен Манап Көкеновтың 90 жылдығына қандай салтанатты шаралар ұйымдастырылады? Бұл туралы аудан әкімі Ғалым Әміреев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.

Аудан басшысының айтуынша, айтулы датаны кең көлемде атап өту 19 қыркүйектен басталғанымен, негізгі іс-шара 19 қазаннан 21 қазанға дейін өтеді. Сунақата ауылы, Сығанақ қалашығында «Сырға толы Сығанақ» атты этно-думанды шарамен тарихи мерекенің шымылдығы ашылмақ. Одан кейін Манап ауылында жаңа мешіт іске қосылады. Имандылық үйінде жасөспірімдер арасында құран оқу сайысы ұйымдастырылып, бойдағы біліммен топқа түсіп бақ сынасады. Ары қарай М.Көкеновтың мұражайымен, «Манап салған ізбенен...» атты этно-көрме қалашығының жұмысы таныстырылады. «Суреттер сыр шертеді» атты фото, «Жаңақорған жайсаңдары» атты кітап көрмелері келушілер назарына ұсынылмақ. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Ұлмекен Мауытованың «Тартуым саған, туған ел!» атты сурет галереясындағы өнер туындылары да дәл осы күні көрермен көзайымына айналады. Айтыссүйер жұртшылық үшін жағымды жаңалық. Аудандық мәдениет үйінде М.Көкеновтың 90 жылдығына арналған ретро-айтыс өтеді. Мерейтой ауданның көркемөнерпаздары мен эстрада жұлдыздарының мерекелік гала-концертімен қорытындыланбақ. Елеулі күн үшін «отыз күн ойын, қырық күн тойын жасайтын» халық мұнымен тоқтап қалмайды. Той 20 қазан күні «Алтын күз – 2018» ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне ұласады. Одан соң еңбек ардагері Мәшбек Нәлібаевты еске алуға арналған түйе балуандарға арналған қазақ күресінен республикалық ашық турнир өткізілмек. Ал 21 қазан күні М.Нәлібаевты еске алуға арналған турнирдің жабылуы болады.

Бұған дейін 19 қыркүйектен бастап кент, ауылдық округтердегі түрлі іс-шаралар халыққа әдемі көңіл күй сыйлайтын болады.

Осылайша Жаңақорған ауданының әкімі айтулы датаға орайластырылған жұмыстар тізімімен таныстырды. Көпшілік ІХ-ХІІ ғасырдағы қазақ хандығының алғашқы астанасы орналасқан киелі топыраққа қызығушылықпен аттанады деген сенімдеміз.

Ж.Қойшыбекова

 
СЫР ЕЛІНДЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
19.09.2018 09:38

2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап, Қызылорда қаласында арнайы http://www.qorda.kz/ сайты өз жұмысын бастады.

Бұл сайт Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «АҚПАРАТ ТОЛҚЫНЫ» кіші бағдарламасы және Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арқылы «АРНАЙЫ САЙТ ЖҰМЫСЫН ҮЙЛЕСТІРУ» жобасы бойынша жүзеге асырылды.

Жоба жергілікті бюджеттен қаржыландырылды және сайтты дайындау, ашу жұмыстары «Ұшқыр Жебе» ҚҚ-мен жүргізілді.

Сайтты құрудағы басты мақсат - жерлестеріміз бен қала қонақтарына ақпараттық қолжетімділік пен барынша ыңғайлы жағдай жасау. Себебі, бұл сайтта қаламыздағы әлеуметтік нысандар (емхана, аурухана, мемлекеттік мекемелер, т.б.), мәдени ошақтар, ойын-сауық орталықтары, демалыс орындары, саябақтар, мейрамханалар мен қонақүйлер секілді қажетті барлық нысандардың мекен-жайы көрсетілген.

Сондай-ақ, ең танымал деген ақпарттық-танымдық сайттарға жылдам қол жеткізу үшін "Пайдалы сайттар топтамасы" қарастырылған.

Бұл интернет ресурстан Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейлі мереке аясында ұйымдастырылатын барлық шаралар туралы толық ақпарат алуға болады.

ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ - бұл, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «АҚПАРАТ ТОЛҚЫНЫ» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған аймақтағы АЛҒАШҚЫ интернет-ресурс!

Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, сайттың сол жақ жоғарғы тұсында орналасқан белгілерді басу арқылы, қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, Вконтакте, Іnstagram, Qyzylorda Open) парақшаларына тікелей кіруге мүмкіндік жасалған.

Тағы бір жағымды жаңалық, жақын күндері «Ақылды қала» жобасы аясында қала тұрғындары мен қонақтарының қала әкімдігімен тікелей байланыс жасауы үшін мәселелерді дер кезінде шешуге арналған «Q City» атты мобильді қосымшасы іске қосылады.

Бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылған бұл мобильді қосымша, арнайы Android және IOS платформаларына жасалып, 2 тілде барлық ұялы телефондарға жүктеуге мүмкіндіктері қарастырылған.

Қалалық ішкі саясат бөлімі

 
Қызылордада көпқабатты үйлер ауласында жаяу патрульдер күшейтілген түрде қызмет атқаруда
18.09.2018 10:37

Қоғамдық орындар мен көшедегі қылмыстардың алдын алу, тұрғындардың көшеде жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айының 10-нан бастап «Ақмешіт», «Мерей», «Шұғыла», «Арай», «Универсам», «Титов» мөлтек ауданында, Теміржол вокзалы, Панфилов, Бектұрғанов, Қазантаев, Тоқмағамбетов, Әуелбеков, Толыбеков, Торайғыров, Сағымбаев көшелеріндегі көпқабатты үйлердің аулаларына жаяу бағыттар шығарылуда.

Күнделікті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін облыс орталығының көшелерінде Ұлттық гвардияның солдаттарымен бірлесіп 160 қызметкерден тұратын 58 жаяу бағыттар және 42 патрульдік автомашиналар кезекшілік атқарады.

Жергілікті полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі қылмыстылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып негізделген. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде жалпы қылмыстылықтың деңгейі - 17,3 пайызға, оның ішінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар - 6, көшелерде - 8,6, мас күйінде жасалған 12,2 пайызға азайды.

Жаяу бағыттарды шығару нәтижесінде қазіргі таңда тұрғындардан «102»-ге түсетін хабарламалар саны да азаюда.

Талдау көрсеткендей, шілде айында азаматтардан 25 437 арыз-шағым тіркелсе, тамыз айында олардың саны 17 517-ні құрап, атқарылған жұмыстар нәтижесінде арыз-шағымдардың саны азайды.

Сонымен қатар, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен шілде айында ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен Уақытша бейімдеу орталығына 364 құқық бұзушы жеткізілсе, жаяу бағыттың шығу көмегімен тамыз айында 680 құқық бұзушы жеткізілді.

Жаяу бағыттардың тікелей қатысуымен 18 қылмыстың беті ізі суымай ашылды. Мәселен, 2018 жылдың 21 тамызында Арай мөлтек ауданында орналасқан кафенің жанында жаяу патрульдермен Тасбөгет полиция бөлімшесіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188- бабының 1-бөлігі бойынша ұрлық жасағаны үшін екі азамат ұсталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айының 27-і мен қыркүйек айының 5-і күндері аралығында облыс көлемінде өткен «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы барысында 10 күн ішінде түнгі уақытта (түнгі 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ға дейін) заңды өкілінсіз жүрген 115 жеткіншек Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Тәртіп сақшылары олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда ОІІД қала тұрғындарын қарапайым сақтық шараларын сақтап, қандай да бір құқықбұзушылық жасалған жағдайда тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабар беруін сұрайды.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 
ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ҚАРАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
18.09.2018 10:33

Қазір құрылыс алаңында 662 адам жұмыс істеуде, жалпы құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Өндіріс орны 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында зауыттың құрылыс жұмыстарымен танысып, Қытай Халық Республикасынан білім алып келген 17 жас маманмен кездесті.

Қазіргі таңда цемент өндіретін зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға аяқталған, өндіріс орнының болашақ қызметкерлері Қытайда білім алуда.

Естеріңізге салайық, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту үшін «Гежуба Шиелі Цемент" компаниясы аудандағы индустриалды колледждің түлектерін – 46 адамды білім алуға әрі зауытта жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген болатын. Аймақ басшысы оқуын тамамдап келген алғашқы 17 түлекпен кездесті. Қазіргі таңда екінші топпен оқитын 80 студент іріктеліп алынды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде зауытқа электр желісімен жабдықтау және теміржол салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен өнеркәсіптік аймаққа газ құбырын салу үшін қаражат бөлінді.

Айта кетейік, Шиелідегі цемент өндіретін зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Жоба аясында 50 гектар жер телімі бөлінді, оның 46 гектары нақты зауыт құрылысы үшін, ал төрт гектарында қызметкерлерге арналған әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын өнімдері Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және ҚХР елдеріне жеткізілетін болады. Жобаны іске асыру үшін «DANAKE Корпорациясы» ЖШС және қытайлық компания «Gezhouba Group Cement Co. Ltd» аясында «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды.

Зауыт толық іске қосылған кезде өнеркәсіпте 220 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары