Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Халық-хабар
Отбасы – өмір айнасы
11.03.2019 09:30

«Отан отбасынан басталады» деген қанатты сөз өзінің өміршеңдігін қашанда дәлелдеп келеді. Отбасы құндылығы – бүгінгі күннің басты тақырыбы.

Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Ана – өмірдің шуағы» атты шара өзінің тартымдылығымен ерекшеленді. Алғашқы сөз кезегін алған Арықбалық ауылдық округі әкімі Сапарбек Қуатов қоғамдағы аналар орнының маңыздылығна тоқталды.

Мұнан соң «Жастар жылы» аясында ауылдағы жас отбасылар арасында сайыс басталды. Сайысқа қатысушылар «Тегін білу – тектілік», «Отбасындағы бір күнім», өзге де шарттар бойынша шеберліктерін сынады. Жарыс болған соң жеңімпаздар да болатыны әмбеге аян.

Қазылар алқасының шешімімен мәдениет үйінің қызметкері Қаршыға Қалымбет пен Әзиза топ жарды. Ал ІІ-ІІІ орынды Асхат-Сымбат (№94 мектеп қызметкері), Медет-Алтынай (спорт кешені қызметкері) жұптары жеңіп алды.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 
Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерінің алғашқы құжатын проактив әдісімен алды
07.03.2019 16:10

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттік қызметті бір ғана смс хабарламаның көмегімен алуға болатын проактив қағидасын енгізген болатын.

Пилоттық жоба іске қосылғалы бері жаңа босанған жүз мыңнан астам анаға смс құттықтау жолданып, проактив тәсілімен баланың туу туралы куәлігін алу ұсынылды. Олардың 63 330-ы бір мемлекеттік қызметке тапсырыс беріп, сәбилерінің алғашқы құжатын онлайн өтініш беріп алды.

Айта кетейік, пилоттық жоба шеңберінде нәрестелі болған әйелдер смс хабарламаға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлігін рәсімдеп, жәрдемақы алуға өтініш жолдап, баланы балабақша кезегіне қоя алады.

«Енді ғана босанған әйелдерге халыққа қызмет көрсету орталығына бірнеше рет барудың қажеті жоқ. Бұрын аналар бесігіндегі баласын қалдырып, не оларды құндақтап, ХҚО-ға келіп жүретін. Цифрландыру заманында проактив әдісі арқылы барлығын онлайн жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшін аналар босанбас бұрын мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Бүгінде проактив әдісі телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетімді. Мобильді базаға тіркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегімен өздері де жоғарыда аталған үш қызметке тапсырыс бере алады. 2018 жылдың қыркүйегінде іске қосылған бот қызметіне 5,5 мыңға жуық әйел жүгінген, олардың 4 842-сі балаларының туу куәлігін рәсімдеген.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ баспасөз қызметі

 
Жалақы қарыздары төленді
06.03.2019 11:38

Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарының қадағалау шараларымен 2018 жылы 492 жұмысшы алдындағы 90 млн теңге жалақы қарыздары төленді.

Ағымдағы жылы Құқық қорғау қызметтері орталығына келіп түскен шағымды қарау барысында «Қызылорда су жүйесі» МКК-мен 576 жұмысшыға өткен жылдың қараша-желтоқсан айларына 82 млн теңге жалақылары төленбегені белгілі болды. Прокуратураның ұсынысымен берешек өндіріліп, еңбекақыны төлеу бойынша талаптарды бұзғаны үшін кәсіпорын басшысы ӘҚБтК-тің 87-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, басқа үш мекеменің 241 жұмысшысына 43 млн теңге жалақы қарыздарын өндіру үшін шаралар қабылдануда.

Азаматтардың еңбекақыларын мерзімінде төлеу мәселесі облыстық прокуратураның тұрақты бақылауында.

Еңбек заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда азаматтар 26-20-06 сенім телефонына хабарласуларына болады, құпиялық кепілдігі бар.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 
Аналар ардақталды
06.03.2019 11:20

Ана - Батыр!
Ана - Ұстаз!
Ана - Қайраткер!
Ана - әрбір үйдің Шамшырағы!
Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қаламыздағы аяулы аналарымызға, аруларымызға құрмет көрсетілді. Ақ жаулықты аналарымызды мерекелерімен құттықтаған қала басшысы: «Отбасында көп баланы тәрбиелеп өсіріп отырған аналарымыз - еліміздің мақтанышы, мемлекетіміздің үлкен тірегі. Барлық қошемет, көрсетілетін барлық құрмет әрқашан аналарымызға арналады» - деді.
Осы күні қаламызда еліміздің тыныштығына ұйытқы болып, бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, бүгінгі өркениетті қоғамды қалыптастыруға зор үлес қосып жүрген 3 мың 500-ден аса Батыр аналармыз болса, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған жас аналардың саны 6 мыңнан асты. Жасы 100-ге жеткен үш кейуанамыз болса, Ұлы Отан соғысына қатысқан бір ардагеріміз бар.
Бүгінгі қоғамда нәзік жандылар тек ғана отбасының шамшырағы ғана емес, түрлі саланы меңгерген кәсіби маман иелері.
Әсіресе, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, журналистика, қаржы, кәсіпкерлік, әлеуметтік қамсыздандыру сынды халқымыз үшін ең маңызды салаларда қызмет етеді.
Қалалық әкімдік құрылымында мемлекеттік қызметкер ретінде 200-ден астам адам қызмет етсе, солардың 50 пайызға жуығы - нәзік жандылар. Ең бастысы, олардың көбісі міндеті мен жауапкершілігі жоғары қызметтерді атқаруда. Мәселен, бюджетімізді бекітетін мәслихат хатшысы, қала әкімінің аппарат басшысы, халықты әлеуметтік қамту бөлімінің басшысы, білім бөлімінің басшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы - әйел.
Аяулы аруларымыз ең негізгі және ең маңызды салаларда қажымай қара нардың жүгін көтеріп, ер азаматтармен тең дәрежеде аянбай еңбек етуде.
Сөз соңында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы: «Тәуелсіз еліміздің атын шығарып, көк байрағымызды биіктен көрсететін чемпиондарымызды, елі үшін тер төгіп аянбай еңбек ететін қайраткер тұлғаларымызды, кірпік қақпай ел іргесін күзетер жауынгерлерді, халыққа қайырымы мол жомарт жүректі жандарды, ұрпақ пен ұлт тәрбиесінің міндетін арқалаған ұстаздарымызды және осында отырған баршамызды дүниеге әкелген алтын құрсақты аналарымызға қашанда басымызды иіп, алғысымызды айтамыз», - деп қорытындылады.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 
"ҚАЙСАР" ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
06.03.2019 11:10

Кеше команданың жаңа киім үлгісін тұсаукесері өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев командамен кездесіп, жаңа ойын маусымында сәттілік тіледі.

"Сәуір айында орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтап, содан кейін "Локомотив" стадионын күрделі жөндеуден өткіземіз. Біз - үш кәсіби футбол лигасында өнер көрсететін командалары бар елдегі аз ғана облыстардың біріміз. "Қайсар " - Премьер - Лигада, "Байқоңыр" – бірінші лигада, «Қайсардың» жастар командасы - екінші лигада. Бұл жас футболшылар үшін кезең-кезеңімен ең беделді деңгейге көтерілу үлгісі, ал біз үшін - аймақтың басты командасы мен ел құрамасындағы жергілікті жігіттердің санын барынша арттыру мүмкіндігі", - деді аймақ басшысы.

Естеріңізге салайық, өткен жылы "Қайсар" алға қойған межелі мақсаттарды орындап, чемпионаттың қорытындысы бойынша 5-орынды иеленді. Ал "Байқоңыр" командасы бірінші лига командалары арасындағы біріншілікте сәтті өнер көрсетті.

Кездесу барысында "Қайсар" ойыншыларының жаңа киім үлгісі таныстырылды.

Қазіргі таңда облыста жастар арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. "Қайсар" футбол клубының базасында қыздар үшін футбол секциясының ашылуы жағымды жаңалық болды. Қызылорда облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әлеуметтік нысандарды салу көлемі бойынша жетекші орында тұр, оның ішінде көптеген спорт нысандары да бар.

Сондай-ақ, аймақ басшысы жаңа маусым алдында жөндеу жұмыстары жүргізілген  "Евразия" спорт кешенін аралап көрді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары