Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

Халық-хабар
Игілігі мол жоба
09.04.2018 14:10

Әлем балаларды бөліп-жармайды. Ал жасөспірімдер арасындағы қылмыс жасағандарын бала құқығын қорғай отырып тәртіпке шақыратын мамандар жұмыс істейді. Бұл үшін БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бүгінге дейін жүйелі жұмыс атқарып келгені белгілі. Соның бірі – «Балалар үшін әділ сот төрелігі жүйесін нығайтумен олардың құқықтарын қорғау» атты 2014-2018 жылдар аралығындағы Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ-тің бірлескен бағдарламасы аясындағы пилоттық жоба. Байыпты бастаманың басты мақсаты – қылмыс жасауға дайын балалармен жұмыс істеудің балама түрлерін табу және кейін оларды сауықтыру мен қоғамға қосу.

Өткен аптада БАҚ өкілдері пилоттық жобаның Қызылорда қаласында жүзеге асырылу барысымен танысты. Жобаға әкімдік, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік қызметкерлердің, психолог пен қауіп тобындағы балаларды оңалту мен әлеуметтендіру мектептері бірлесе атсалысуда. Қызылордадағы жұмысты «Сыр ұландары» үкіметтік емес ұйымы жүзеге асырған. Ата-аналар «Сыр ұландарына» келген балаларының психолог мамандарымен жүздесіп, пікір алмасқаннан кейін өзгергенін айтты.

- Баламды әрдайым қадағалап отыратынмын. Ол бос уақытында үйде компьютер ойнаумен, өзге де қызықты нәрселермен шұғылданғанын біліп жүрдім. Бір күні балам үйге досын алып келді. Біздің үйге қонды. Сонда оның ата-анасы танымайтын біреудің үйіне қалай қонуға жіберетініне таңғалдым. Одан кейін, Алланың сынағы шығар, балам өзге балалармен төбелесіп, арты өкінішке ұрындырды. Ата-аналар баласына жауапкершілікпен қараса екен. Осы «Сыр ұландары» орталығына келгеннен кейін баламның мінезі ашық, жарқын бола түсті. Түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жетістіктерге жетіп жүр. Осындағы барлық қызметкерге алғыс айтамын, - дейді аты-жөнін атамауды өтінген ана.

Ал аталмыш орталыққа келіп жүрген балалар болса, осында келіп өздерін жан-жақты дамытқанын айтты. Жас өркендердің талабы таудай, арманы асқақ. Бірі кәсіпкер, енді бірі еліміздің атын асқақтатар олимпиада чемпионы болуды армандайды. «Мұнда уақыт өте қызықты өтеді, бізбен жұмыс істейтін мамандар да туысымыздай болып кеткен. Алайда орталықтағы кабинеттің көлемі тар. Оншақты бала келсе, орын болмай қалады» деп қынжылды балалардың біреуі.

«Сыр ұландары» ҚҚ атқарушы директоры Сәуле Әбілдаеваның ақпаратына сүйенсек, орталық жылына 5,481 миллион теңге жұмсайды. Бағдарлама бойынша 2015 және 2017 жылдары 64 кәмелеттік жасқа толмаған бала әлеуметтік-психологиялық көмек алыпты. Оның ішінде 52-сі бағдарламаны ойдағыдай аяқтаса, 10-ы бас тартқан.

Қылмыс жасаған балалармен облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұмыс істейді. Мекемеде балаларға арналған арнайы бөлме жасақталған. Мұнда түрлі кітаптар мен ойыншықтар тұр. Ал төменгі қабаттағы кабинетте жәбірленуші арнайы қондырғы арқылы полиция қызметкерлеріне жауап береді. Бұл өз кезегінде қылмыскерді көрмей, жеке қалып, өзіне психологиялық жағымды ахуал туғызуға көмектеседі екен. Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2016 жылы 35 қылмыстық іс, 583 талап-арыз, 15 азаматтық іс және 252 әкімшілік құқықбұзушылық істері түскен. 2017 жылы бұл көрсеткіш артқан. 47 қылмыстық іс, 728 талап-арыз, 213 әкімшілік іс түскен. Ал биылғы үш айдың өзінде 13 қылмыстық іс, 171 талап-арыз, 113 әкімшілік іс тіркеліпті. Сәйкесінше, заң алдында жауапқа тартылып, сотталғандар саны жыл санап көбейіпті. 2016 жылы – 23, 2017 жылы 30, ал 2018 жылдың үш айында 3 кәмелетке толмаған балалар сотталған. Олардың көбі 2017 жылы «Абайсыздан қазаға ұшырату», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері», «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», «Қаруды заңсыз жасау», «Жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу» қылмыстық істері бойынша сотталған. Ал 2016 жылы мұндай санат бойынша жасөспірімдер қылмыс жасамаған.

Ж.Қойшыбекова

 
ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР ЖАНАШЫР АЗАМАТТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
09.04.2018 10:36

6 сәуір күні қала әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар қала кәсіпкерлері марапатталды.

Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 28 ақпанында Титов тұрғын ауданында орналасқан жатақхананың адам тұрмайтын бөлігі құлап, төтенше жағдай орын алған болатын.

Төтенше жағдай барысында қала әкімдігі тарапынан жедел шаралар қабылданып, барлық тиісті қызметтер дер кезінде жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 50 отбасы қауіпсіз жерге көшіріліп, екі күннің ішінде жергілікті бюджеттің есебінен уақытша жалдамалы пәтерлерге орналастырылған болатын.

Сонымен қатар, қаламыздың жанашыр азаматтары мен кәсіпкерлері жатақхана тұрғындарын дәрі-дәрмек, азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге барынша қолдау көрсетті.

Уақытша жалдамалы пәтерлерге орналастырылған 50 отбасын тұрғын үй кезегі келгенше тұратын баспанамен қамту мақсатында, құрылысшы кәсіпкерлерінің демеушілігімен 50 млн. теңгеге жуық қаржыға қала көлеміндегі 9 көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аталған отбасылар толықтай сол пәтерлерге орналастырылды.

Осыған байланысты, төтенше жағдай орын алған уақытта дер кезінде қолдау көрсетіп, демеушілік жасағаны үшін, сондай-ақ қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген бірқатар құрылыс компаниясының басшылары мен кәсіпкер азаматтарға Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» және төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көңіл-күйдің тұрақталуына қосқан ерекше қызметі үшін «Қызылорда» телеарнасының тілшісі Әбділдә Елжасқа облыс әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

«Осы игі істеріңіз үшін барлықтарыңызға қала халқы атынан шынайы алғысымды білдіремін» - деді, қала әкімі Н.Нәлібаев.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» МАРАПАТТАЛҒАН АЗАМАТТАР ТІЗІМІ

Аты-жөні

Марапат

Лауазымы

1

Раимов Ерлан

Қаниұлы

Құрмет

грамотасы

«РАИМ» ЖШС-нің

директоры

«Қыз-Жібек» мейрамханасы

2

Шанкерей Төреғали

Каришевич

Құрмет

грамотасы

«Аль-Асад» сауда үйі желісінің

директоры

3

Ысқақов Бағдәулет

Құлбекұлы

 

Құрмет

грамотасы

«Интегрострой» ЖШС-нің

директоры

4

Ерназаров Қайрат

Шаршыбекұлы

 

Құрмет

грамотасы

«Бақ Береке 2030» ЖШС-нің

директоры

5

Ли Илларион

Гукхенович

 

Құрмет

грамотасы

«Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің

директоры

6

Абубакиров Ибрагим

Серікбайұлы

 

Құрмет

грамотасы

«Абусер» ЖШС-нің

директоры

7

Сүйінтаев Алтынбек

Туғанбекұлы

Құрмет

грамотасы

«Жабдықтау» ЖШС-нің

директоры

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ «АЛҒЫС ХАТЫ»

1

Әбділдә Елжас Қайырбекұлына

Алғыс хат

«Қызылорда» телеарнасының тілшісі

 

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 
Қаланың бас санитары тағайындалды
09.04.2018 10:29

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бұйрығымен 2018 жылдың 2 сәуірінен бастап Жетілгенова Жанат Нәбиқызы Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Жанат Нәбиқызы 1964 жылы 21 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

Жоғары білімді.

1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Санитар дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында дәрігер ретінде бастаған.

Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласында түрлі лауазымды қызметтерде жұмыс жасаған.

 
Қалалық қаржы бөліміне басшы келді
09.04.2018 10:21

Қала әкімінің 2018 жылдың 4 сәуіріндегі №732 өкімімен «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Айменов Сейтмахан Нұрәліұлы тағайындалды.

Сейтмахан Нұрәліұлы 1959 жылы 14 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Жоғары білімді.

1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «қаржы және экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1977 жылы қатардағы жұмысшыдан бастаған.

1987-1990 ж.ж. Қызылорда қалалық қаржы басқармасында бақылаушы-тексеруші, аға салық инспектор - тексеруші;

1990-1996 ж.ж. Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясында кооперативтер мен қоғамдық ұйымдарға салық салу бөлімінің аға мемлекеттік салық инспекторы, бөлімінің бастығы;

1997-1999 ж.ж. Қызылорда қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, аудит бөлімінің бастығы;

1999-2004 ж.ж. Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінде аудит бөлімінің бас салық инспекторы, бөлім бастығы;

2004-2014 ж.ж. Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінде басқарма бастығы;

2014 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бөлім басшысы қызметін атқарып келген.

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
09.04.2018 10:06

Қызылордада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариевтің Қызылорда облысы білім саласы қызметкерлерімен  кездесуі өтті. Кездесу барысында Қызылорда облысы бойынша облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің жаңа басшысы Ерлан Жағыпарұлы Қарабалаев таныстырылды.

Е.Қарабалаев 1983 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университетін «саясаттанушы», Д. Қонаев атындағы университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» халықаралық стипендиясымен Халықаралық даму «Конфликтология, қауіпсіздік, және даму» магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2004 ж. Орталық-Азиялық ақпараттық жүйесінің баспасөз хатшысы қызметінде бастады. 2005-2008 жж. «Елім-ай» жастар қоғамдық бірлестігі студенттік кеңесінің төрағасы, «Өмір жігері» ЖШС РR (пиар) және жарнама жөніндегі басқарма бастығы, «Тиімді саясат орталығы» қоғамдық бірлестігінің саяси талдау жөніндегі кеңесшісі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ РR (пиар) бойынша басқармасының жетекші  маманы. 2008 ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы және бөлім бастығы. 2009 ж. бастап орталық және жергілікті атқарушы органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2016 ж. қазан айынан бастап Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары