Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1421
mod_vvisit_counterКеше2601
mod_vvisit_counterОсы аптада15692
mod_vvisit_counterӨткен аптада18090
mod_vvisit_counterОсы айда18122
mod_vvisit_counterӨткен айда58946
mod_vvisit_counterБәрі4199212


Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОРҒАУҒА АЛЫНҒАН
29.11.2019 16:00

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қызылорда облысына іссапары аясында «Protecting business and investments» бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жобалық кеңсесі жұмысы мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету барысымен танысты.

Бүгінгі күні кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мен жылдам форматта қызмет көрсету мақсатында облыс аумағындағы қала, аудандарда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мүлтіксіз қызмет жасауда.

Алик Шпекбаевтың жергілікті кәсіпкерлерімен кездесуі барысында облыс кәсіпкерлер қауымдастығының атынан Асқар Махамбетов пен Болат Нұрхожаев кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мен сауаттандыруды кешенді жүргізуді ұсынды.

Осы мақсатта қазіргі уақытта жергілікті кәсіпкерлерге құқықтық сауаттандыру мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы жасалған құқықбұзушылықтардың жауапкершілігі туралы «Біз адал бизнес үшін!» атты жадынама таратылуда.

2018 жылы алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында келісімге қол қойған Қызылорда облысындағы Шиелі ауданындағы «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС тампонажды цемент зауытындағы кездесу барысында Алик Шпекбаев «Еліміздің дамуына ықпал ететін факторлар – кәсіпкерлердің қолайлы жағдайда қызмет алуы және ел аумағында бизнес климатты жақсарту басты назарда. Зауыттың белгіленген мерзімде іске қосылып, ел игілігіне өз тауарларын ұсынуы – осыған дәлел», – деді.

Жыл басынан бері жоба аясында инвесторлар мен кәсіпкерлерден елуден астам өтініш түсіп, олар бойынша тиісті шаралар қабылданып, бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалған.

Бір мысал, «Фирма Инк-ай» ЖШС орташа жол жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жариялау барысындағы әділетсіздікке шағымданып, жобалық кеңсемен ішкі мемлекеттік аудит мамандары бірлесіп, камералды зерттеу жұмыстары барысында кәсіпкермен көрсетілген дәйектері нақты дәлелін тауып, нәтижесінде конкурс қайта қаралып, кәсіпкер құқығы қорғалды.

Сыр өңірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге жалпы 554,1 млрд теңгені құрайтын 18 жоба алынған.

 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін кеңінен талқылау мақсатында облыс активімен кездесу өтті
29.11.2019 15:48

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов төрағалық еткен облыс активімен кездесу өтті.

Мәжіліске жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлық дейтін әлеуметтік құбылыспен күресу мәселесі елімізде ешқашан өз өзектілігін жоғалтқан емес, керісінше, сыбайлас жемқорлық профилактикасына күн санап баса көңіл бөлінуде

«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасының со-кураторы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов облыстағы «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған қызметі туралы баяндама жасады.

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы Имидждік насихаттау штабының жетекшісі Хусейн Әмір Темірұлы, Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі, қоғам қайраткері Болатбек Пұсырманов және «Адал ұрпақ» облыстық клубының жетекшісі Сандуғаш Жүсіпова жыл басынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы істеген жұмыстары бойынша өз баяндамаларын жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең тиімді тәсілі – бұл мемлекеттік қызметкерлердің тікелей халықпен қарым-қатынасын болдырмау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен 194 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 87-сі электронды форматта, 28 қызметті ағымдағы жылдың соңына дейін автоматтандыру жоспарлануда.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірімізде 10 айдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар деңгейі 17 пайызға азайғандығын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жаңа Заңының талабына сәйкес ішкі тәуекелдерді айқындау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі деп айтуға болатындығын аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов айтып өтіп, "Бақыт емес бала керек" тақырыбындағы әзірлеген бейнеролик көрсетілді.

Сөз соңын  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев азаматтар мен мемлекеттік институттарды сыбайлас жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді мемлекеттік органы болу үшін аянбай жұмыс істеп, барлық күш-жігерін салу қажеттігін хабарлады.

 
«Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды
29.11.2019 13:15

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қуаныш Ысқақов «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттады.

Облыстық жастар ресурстық орталығында жастар жылы аясында аймақтағы шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды.

Жас ақын Бейбіт Нұрдәулет:

«Ешкім жоқ ақиқаттан асқан әлі,

Ақиқат – адалдықтың бас қадамы.

Үміт артсаң қол созып ертеңіңе,

Ертеңгі күн бүгіннен басталады» – деп жырлағандай, шараның мақсаты жастар бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, жас ақындар шығармашылығына қолдау болды.

Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде Алик Шпекбаев: «Ақыл – жастан, асыл – тастан дегендей, ақыл да, тың идея да жастардан бастау алады. Демек, жемқорлықсыз, жаңа тұрпатты қоғам құру жастардың қолында», – деді.

Шынымен де, мыңжылдығын ойлаған ел саналы ұрпақ тәрбиелейтіні анық.

Мүшәйра қорытындысымен жас ақындар шығармаларын жинақтап, баспаға ұсынып көлемді данада шағын кітапша шығарып, халық арасында парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау жоспарлануда.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 
Қызылордада «Antikor ortalygy» ашылды
29.11.2019 13:10

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қызылорда облысына іссапары барысында өңір басшысы Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен Open Space форматындағы Антикор орталығының тұсаукесері өтті.

Орталықтың қызметімен Агенттіктің Қызылорда облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов таныстырып, ашық кеңістікке өту мемлекеттік пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқарту және мемлекеттік мекемелердің азаматтар алдындағы есептілігі мен қолжетімділігі жолындағы тағы бір қадам екенін атап өтті.

«Antikor ortalygy» азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша құқықтық көмек алу, сондай-ақ, жемқорлық індетін жоюға жұмылуға дайын жұртшылықтың бас қосатын орталығы болып табылады.

Орталықтың ашылуына қатысқан қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, жергілікті ақпараттық үгіт-насихат штабы, арнайы мониторингтік тобының мүшелері атынан Наталья Мишукова орталықтың ашылуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халыққа жақындығы мен әрдайым ашық екендігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр дей келе, қоғам белсенділерімен бірлесіп жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары туралы баяндады. Оның айтуынша, азаматтық қоғам өкілдерінің бақылауын күшейту жемқорлықты жоюға өз септігін тигізері анық.

«Адалдық, парасаттылық, әділдік және сатылмаушылық қағидаттарына негізделіп жұмыс жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өз тарапынан азаматтар мен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін аянбай жұмыс жүргізуде», – деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Өз кезегінде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов: «Мемлекеттік органдардың алдына халықтың барлық сауалдарына жедел және тиімді әрекет ету үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажет», - деді.

Бүгінгі таңда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сыр өңірінде осы идеологияның драйвері болып табылатын «Ақмешіт – Адалдық алаңы» аясында «Адал Ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Парасаттылық мектебі», «Protecting business and investments» жобалары жүзеге асырылуда.

 
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Сервистік орталығы» ашылды
29.11.2019 13:00

Кеше Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келді.

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов пен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс орталығында жаңадан бой көтерген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Сервистік орталығының» ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар, сол жағалаудағы бірқатар нысандарды аралап көрді.

- Мемлекет Басшысы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша нақты міндеттерді белгілеп, негізгі бағыттарды айқындады. Жаһандану заманында мемлекеттің аса маңызды тапсырмаларын орындайтын осындай органға біз барынша қолдау көрсетуіміз қажет. Мінеки, осы мақсатта, жергілікті бюджеттен 62 млн теңге бөлініп, Қызылорда қаласында «Сервистік орталық қызметінің» жаңа ғимараты бой көтеріп отыр. Жаңа заман талабына сай салынған бұл ғимаратта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен халық арасындағы байланыс одан әрі нығайтылып, жаңа қарқынмен жұмыс істейтіндігіне сенімдімін. Сондықтан, орталықтың ашылуы Сыр еліне пайдалы болмақ,- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Одан ары қарай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамбайұлы «Кәсіпкерлер үйінің» жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен кездесті. Еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырлған кездесуде Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, «Далатекс» серіктестігінің директоры Ділмұхамед Абизов, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің төрағасы Болат Нұрқожаев, «КазСпецСтройЭкспертиза» серіктестігінің директоры Гүлзағира Әбдіраймова кәсіпкерлік саласын қолдаудағы оң өзгерістерге тоқталып, ұсыныс- пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Алик Жатқамбайұлы сол жағалауда орналасқан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» жұмысымен танысып, «Ақынның қаламы - адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттады. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқау 2019 жылдың 16 қазан күні бастау алған болатын. Осы кезеңге дейін 55 үміткер бақ сынаған.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев бүгін облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, облыс әкімдігінде жиын өткізді. Сондай-ақ, Шиелі ауданындағы «Гежуба Шиелі Цемент» зауытының жұмысымен танысады деп жоспарланған.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары