Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    Толығырақ...
Халық-хабар
БІР КЕМ ДҮНИЕ – ОСЫ...
10.10.2018 18:22

Шерағаң туралы Қалағаң бүй деп еді. «Шерхан Мұртаза!... Айдынды да айбарлы есім!...». Айдың-күннің аманында айдынымыздан, айбарымыздан айырылып қалдық. Айдын деген тіршіліктің көзі емес пе, айбар деген Қазақтың, Алаштың өзі емес пе? Қара кеште қаралы хабар­ жетті. Кішкене күнімізде теледидардан естіп өскен «Қазақ әдебиеті қара жамылды» деген зілді, зарлы, ащы үн мен дауыс ми қатпарымды айналшықтап жүр. «Шер­аға­ң қайтыпты ғой, Шерағаң қайтыпты ғой...». Әлеуметтік  желіде  әдебиеттің айналасындағы  қыз-жігіт­тер­ден­ сүйінші  сұрағандай  жүрегін  жұлып әкетердей жаңа­лықты­ жалма-жан бөлісіп отырмын. Сөйтсем ғана шерлі күйден айығып кететіндей, Шерхан шерінің дәм-тұзы таусыл­майтындай көрінді. Енді кеш! Бүгінгі кеш те енді мен үшін  суық, сұрқай, сұмырай! Иә, ешкім де, ештеңе де  мәңгілік  емес екен...

 
Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты
10.10.2018 15:39

Яғни, тұрақсыздық белгілері болмаған. Биылғы қыркүйекте облыстың қоғамдық-саяси ахуалы мен тұрғындардың әлеуметтік көңіл күйін зерделеуге арналған сауалнама жүргізілген болатын. Нәтижесінде респонденттердің 88 пайызы аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп сипаттаған. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне берген брифинг барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, басқарманың жыл басынан бергі тындырымды тірліктері мен алға қойған айқын жоспарлары туралы хабарлады.

Т.Махановтың сөзінше, Елбасы Жолдауын ақпараттандыру үшін қала және аудан көлемінде 9 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, оған барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілген. Олар халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында осы жылы 4355 шара ұйымдастырған. Оған 139 929 тұрғын қатысыпты. «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында да жүйелі істер жүзеге асқан.

Ал мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты жобалар бойынша 6 облыстық байқау, республикалық дөңгелек үстел, 2 кездесу, 13 көшпелі семинар өткізілген. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағы бір тың жоба туралы баяндады. Оның айтуынша, Қызылордадан шыққан жазушылардың және Сыр өңірі туралы жазған жазушылардың шығармаларын кітап етіп шығару жоспарланып отыр. Бір қызығы, ол кітаптан жазушылардың шығармаларындағы «ең қызық» жерлері ғана бөлініп алынып, кітапқа басылған екен. Оны арнайы дайындалған шығармашылық топ талқылаған. Негізгі мақсат – жұртшылықты әдеби шығарма оқуға шақыру.

Аймағымызда діни ахуал да тұрақты. Осы жылы қандай да бір діни қақтығыстар мен қарсы тұру жағдайлары болмаған. Облыста 181 діни ұйым тіркелген, оның ішінде жергілікті діни бірлестік саны – 11, 170 филиал бар. Дін саласындағы білікті мамандарды арттыру үшін облыс әкімі бюджеттен тыс қаржы арқылы 22 қызылордалыққа қолдау білдірген. Олар қазіргі таңда «Нұр Мүбарак» университетінде білім алуда. Мұнан бөлек 15 студент аталмыш оқу орнын аяқтап, өңірімізде сала бойынша жұмыс істеуде.

Ж.Бағланқызы

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 10 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 22 ЕСЕГЕ АРТТЫ
10.10.2018 15:32

10 жыл ішінде Қызылорда облысында үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру 22 есеге ұлғайып, қоғамдық ұйымдардың саны 150-ден 1000-ға дейін артты. Бұл жайлы облыс әкімі Қ.Көшербаев «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог, Ынтымақтастық, Жауапкершілік» VIIІ Азаматтық форумында мәлімдеді.

Облыс әкімі атап өткендей, аймақтың үкіметтік емес ұйымдары қоғамның ажырамас бір бөлшегіне айналып отыр.

«Мүмкіндіктері мол, кәсіби білігі мен ұстанымы биік үкіметтік емес ұйымдар – елдің қуатын арттыратын, мемлекеттің тұрақтылығын күшейтетін аса маңызды қоғамдық институт. Сол себепті, еліміздегі азаматтық бастамаларға қолдау және жан-жақты көмек көрсетіледі. Нақты цифрларға келсек, осыдан он жыл бұрын облыстағы қоғамдық ұйымдар саны 150 ғана болса, қазір бір мыңға жуықтады. 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына 45 млн. теңге бөлінсе, қаржы көлемі 22 есе өсіп, биыл 1 млрд. теңгеге жетті», - дей келе облыс әкімі Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеуге және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Форум барысында аймақ басшысы ҮЕҰ-дың басшылары мен белсенді мүшелерін алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ, облыстың қоғамдық бірлестік басшылары сөз сөйлеп, аймақтағы азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау туралы өз ұсыныстарын айтты.

2017 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы ҮЕҰ қызметін қаржыландыру бойынша республикада Алматы мен Астана қалаларынан кейінгі үшінші орынға ие болды. Бұдан басқа, аймақта Үкіметтік емес ұйымдарды бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру шаралары қабылданып, «Дағдарыс жағдайына тап болған балалар мен аналарға арналған әлеуметтік қонақүй» жобасы іске асырылуда.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар арқылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт пен кәсіпкерлік салаларын дамытуға бағытталған, жастар саясатын жетілдіруге арналған жүздеген жобалар жүзеге асуда. Мысалы, мүгедектердің ақпараттық-технологиялық сауаттылығын көтеру, электронды әкімдік бағдарламасын қолдануды үйрету, «Инватакси» әлеуметтік жобалары және «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы мен «Еңбек династияларының» форумы бес жыл көлемінде өткізіліп, халықтың ықыласына бөленген ауқымды әлеуметтік жобаға айналды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Қызылордалық коалиция Президент Жолдауын қолдап, Үндеу жариялады
10.10.2018 09:52

Кеше «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының мүшелері «Болашақ» университетінің мәжіліс залында бас қосып, Жолдау жүктеген міндеттерді жан-жақты талқылап, Сыр халқына Үндеу жариялады.

Үндеуде «Әрбір азамат елдегі ауқымды өзгерістерге өздерінің қатысын сезінуі тиіс. Елбасы Жолдауын іске асыру халықтың өмір сүру деңгейі мен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нағыз серпіліс әкеледі. Біз, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» аймақтық коалициясы, аймақтағы ірі диалог алаңының бірінің мүшелері ретінде барлықтарыңызды Елбасымыздың Жолдауын қолдауға және оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз!» делінген.

Отырысқа коалиция мүшелігіндегі барлық партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, аймақтағы ЖОО-ның оқытушы профессорлары, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып жүргізді. Ол өз сөзінде Саяси құжаттың ауқымдылығы мен мазмұндылығын жан-жақты баяндап, ондағы көрсетілген алдағы міндеттердің ел экономикасын ілгерілетуді көздеп отырғандығын атап өтті.

-Елбасы Жолдауында көрсетілген реформалар – халықымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, әлемдік стандарттарға жеткізуге сол арқылы қоғам мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталып отырған тиімді мүмкіндік. Сондықтан мұны іске асыруға ел болып жұмылуымыз қажет, - деді Ибадулла Құттықожаев.

Жиында Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған өңірдегі жұмыстар да пысықталып, тиісті мекеме басшыларының хабарламалары тыңдалды. Мәселен, ақпараттық-насихат жұмыстары бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов айтып өтті.

Басқарма басшысының айтуынша, облыста Жолдауды насихаттау бағытында арнайы медиа жоспар әзірленген. Сондай-ақ, құрамы түрлі сала мамандарынан қамтитын 259 азаматтан тұратын 44 ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Арнайы спикерлер пулы жасақталып, олардың пікірлері БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жариялануда.

Кеңес отырысында коалиция мүшелігіндегі барлық партия өкілдері ойларын ортаға салып, үкіметтік емес ұйымдар пікірлері тыңдалды. Мақсат ортақ - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау, қазақ қоғамындағы саяси тұрақтылық пен экономиканың қарқынды дамуына бірлесе үлес қосу.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі

 
Мерекедегі мерейлі марапат
10.10.2018 09:45

«Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған». Осынау сөз бала кезімізден құлағымызға сіңісті болғаны әмбеге аян. Қандай қоғамда да байланыс саласының орны бөлек. Кеше «Дүниежүзілік пошта» күніне байланысты Қазалыдағы пошта байланыс торабында ерекше шара өтті. Жасыратыны жоқ, өз басым көп уақыттар бойы сырт көзге томаға-тұйықтау көрінетін осынау іргелі мекеменің тыныс-тіршілі туралы өзгеше пікірде болып келгенімді несіне жасырайын? Ашығын айтсам, мұндағылар газет-журнал таратып, уақыт өтсе болды деп жайбарақат жүретін қауым шығар деп ойлаушы едім. Пікірімнің мүлде ұшқары екенін ұжым мүшелерімен жақын араласа келе білдім. Бұл жер отыны мол жағылған қазандай бұрқ-сарқ етіп тынымсыз қайнап жататын, түрлі бағытта жұмыс жүргізетін, жауапкершілігі мол ең мазасыз орта болып шықты. Оған қоса, әлденеше жылдан бері ұжымның тізгінін абыроймен ұстап отырған Жайлаубай Нұрбаев та - жұмыс десе жанып түсетін, ортақ абырой жолында өзге тұрмақ, өзінен де темірдей тәртіпті талап ететін азамат.

Мұнтаздай пошта ғимаратының ауласында қолдарына күрек-кетпен ұстаған шоғырды көріп, жөн сұрадық. Мекеме басшысы Жайлаубай Маханұлы бұл ағымдағы жылы құрылғанына ширек ғасыр толған Қазақстан поштасының құрметіне ұйымдастырылған 25 мың түп тал егу республикалық акциясы аясындағы шара екенін жеткізді. Өздерінің қарбалас жұмыстарының арасында игілікті шаруадан қалыс қалмаған ауызбіршілігі мол ұжымға біз де табыс тіледік.

Мерекелік жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан пошта байланыс торабының ұжымын төл мерекемен құттықтап, Жайлаубай Маханұлын, Салтанат Әскербек, Алияш Шманованы «Алғыс хатпен» марапаттап, соңғысына жаңа үлгідегі партия билетін тапсырды. Ал мекеме басшысы Ж.Нұрбаев болса, бас маман Диляра Махамбетова мен хат тасушы Кенжегүл Қалиланы облыстық филал директорының мадақтамасымен марапаттады. Жиын барысында «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы қауіпсіздік секторының бастығы Қабланбек Әбдіраманов, аталмыш сектордың бас маманы Бақыт Сиқымов өздерінің ақ ниеттерін жолдады.

Мерекелік шарадан соң өткен семинарда «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы қауіпсіздік секторының бастығы Қабланбек Әбдіраманов жиналғандар алдында «Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны және алдын алу», өзге де тақырыптар бойынша құнды деректерден бейнебаянмен үзінді келтіре отырып, хабарлама жасады. Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап қайтарды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары