Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

Халық-хабар
САМИТ ДАЛДАБАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
07.11.2018 09:45

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Самит Далдабаев 80 жылдығын атап өтті.

Кеше Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарының Құрметті азаматы Самит Далдабаевты әріптестері мен замандастары мерейтойымен құттықтады.

«Сыр өлкесі арғы-бергі тарихымызда еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өзінің адалдығымен, парасаттылығымен ел аузында, халықтың оң назарында жүрген азаматтарға кенде емес. Осындай нар тұлғалы азаматтарымыздың бірі де бірегейі - Сәмит Далдабаев ағамыз. Түрлі жауапты қызметтерді атқара отырып, өзін білікті басшы және елінің нағыз ұлтжанды азаматы екенін көрсете білді. Бүгінгі күні де аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, жастарды елжандылыққа тәрбиелеп келеді", - деп атап өтті облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Самит Далдабаевқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Сондай-ақ, мерейтой иесін еңбек ардагерлері Тұрғанбай Маханов пен Жарылқасын Шәріпов құттықтады. Өз кезегінде Самит Далдабаев әріптестеріне көрсетілген риясыз көңілдері үшін алғысын білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
«АНА БАҚЫТЫ – БАЛА»
07.11.2018 09:41

Кеше аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмахановтың қатысуымен Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Ана бақыты – бала» атты ерекше жағдайдағы балалардың аналарымен кездесу өтті. Ерекше жағдайдағы балалардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2018 жылдың 1 қарашасына 978 мүмкіндігі шектеулі азамат, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 221 ерекше жағдайдағы балалар тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 адамға, оның ішінде 18 жасқа дейін 3 балаға азайған.

Кездесуді аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсия Мәдиева жүргізіп отырды.

Кездесудің алғысөзін алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов:

- Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз де тегін айтылмаса керек. Адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі, - деді өз сөзінде.

Шарада «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Шынар Бекпанова, денсаулық сақтау саласының мамандары, «Аналар кеңесінің» мүшелері хабарлама жасап, кездесуге қатысушы ата-аналар алғыстарын, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында өмір өткелдеріндегі қиындықтармен мойымай күресе білетін, қандай тауқымет көрсе де, оны жеңе білетін абзал аналарға құрмет-қошемет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалды.

Шара аудандық, облыстық, республикалық өнер байқауларының жеңімпаздары атанған ерекше жағдайдағы өнерлі балалардың және аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
Ерлан Қожанов:«Кеңесте қаралған шиелілік кәсіпкерлердің мәселесі шешілді»
06.11.2018 17:12

Бұл туралы Кеңес төрағасы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысында айтты.

Кеңестің осы кезге дейінгі көшпелі отырысы Шиелі ауданында өткен болатын. Көшпелі отырыс өткізуге шиелілік кәсіпкерлерден түскен шағым себеп болды.

Атап айтқанда, Шиелі ауданы бойынша кірістер басқармасының жылдың қаржылық айналым көлемін 2,1 млн. теңгеден негізсіз арттыру жөнінде талабына кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары қаралды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің төрағасы Ерлан Қожанов бұл мәселеге қатысты: «Кәсіпкерлердің шағымында көрсетілген деректер дәлелін тауып, шын мәнінде аудандық кірістер бөлімі қызметкерлері тарапынан салық базасын ұлғайтуда базардағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық айналымдарын көбейтіп, қайтадан декларация тапсыру туралы талаптары болғаны анықталды. Кеңес шешімімен облыстық кірістер департаментіне және Шиелі аудандық прокуратурасына хат жолданып, тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің өтініштері қанағаттандырылды», - дейді.

Кеңесте қаралған келесі мәселе – Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің әрекетсіздігіне және жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілер туралы осы ауданның тұрғыны Ғафур Байдеудің өтініші.

Бұл мәселеде де кәсіпкерге мал жайылымға тиісті жер берілмей, соңғының 2 жыл көлемінде әуре-сарсаңға түскені анықталды. Осыған байланысты, Кеңеске қатысқан аудан әкімі аудандық жер қатынастары тарапынан болған кедергілерді растап, Ғафур Байдеуге сұраған жер телімін алуға тиісті көмегін жасады.

Өз хабарламасында Ерлан Қожанов: «Бүгінгі күнде аталған кәсіпкер жайылымдыққа 600 гектер жер алып, шаруасы алға басуда. Сонымен қатар, 200 га жер алу үшін аукционға түсіп, қосымша жер алуға тағы да талаптанып жатыр. Бұл шын мәнінде Кеңестің нәтижелі жұмыстары деп атауға толық негіз», - дейді.

Айта кету керек, 2018 жылы кеңестің 6 отырысы өткізіліп, 12 мәселе қаралды. Бүгінгі күнге олардың 8-і оң шешімін тапты.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: МҰНАЙ ӨНІМІНІҢ ТӨМЕНДЕУІНЕ ҚАРАМАСТАН АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ
05.11.2018 18:06

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Облыс әкімі өңір экономикасы үшін соңғы 6 жыл ішінде мұнай өндіру көлемінің 10-12%-ға қысқаруы маңызды мәселеге айналғанын атап өтті.

"Республика бойынша өнім көлемі азаюының 70%-дан астамы Қызылорда облысында орын алды. Осы уақыт ішінде жалпы алғанда біз 4,5 млн. тонна өнімді жоғалттық, ал, бұл дегеніміз - инвестиция, жұмыс орындары және бизнес. Тек ағымдағы жылдың өзінде болжам бойынша 600 мың тоннадан астам жетіспеушілік байқалды. Бірақ жүйелі шаралар нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша соңғы 4 жылда бірінші рет ЖІӨ бойынша оң векторға - 100,8% шықтық. Мұнай мен бүгінгі таңда уран өндіру көлемінің жыл сайынғы төмендеуіне қарамай, бұл жоспар биыл да орындалады", - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге жуық, яғни 184%, жұмыспен қамтылғандар саны 55%-дан астам, еңбек өнімділігі 18%-ға, ал, жалпы қосылған құн 31%-ға өсті.

Аймақ басшысының айтуынша, өңір үшін негізгі міндет  шикізаттық емес секторды дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру болып табылады.

"Желтоқсан айында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан тампонажды цемент зауытын мерзімінен бұрын іске қосамыз. 26 қазанда "Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды. Осы жылы біз шыны зауытын да пайдалануға береміз деп шешкен едік, бірақ, өкінішке қарай, құрылтайшылар арасында туындаған мәселелерге байланысты зауыттың іске қосылу мерзімі 2019 жылға өзгертілді", - деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, 2019 жылы тұзды қайта өңдеу және кальцийленген сода өндіру зауыттарының құрылысы жоспарлануда.

Күріш шаруашылығы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің жетекші саласы болып қала береді. Су тапшылығы мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биылғы жылы күрішшілер 473 мың тонна (54,5 ц/га) өнім  жинады.

"Экономикадағы оң үрдістер 2 жыл бойы жұмыссыздық деңгейін 4,8% шегінде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Бұл бүгінде республика бойынша орта есеппен салыстырғанда біршама төмен. Осы жылдар ішінде экономикалық қиындықтарға қарамастан, біз қызметкерлерді кәсіпорындардан жаппай қысқартпауға ғана емес, соңғы 6 жылда 68 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға қол жеткіздік", - деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, 2018 жылдың басында аулаішілік тексерістің нәтижесінде, облыста 97 538 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтар анықталса, 9 айдың ішінде олардың саны 62 мың адамға қысқарды, яғни бүгінгі таңда 36 мың адамды құрайды. Атап өтейік, шағын және орта бизнес саласында 14 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

"Осы санаттағы адамдармен жұмыс істеу үшін 2014 жылы біз ауылдық жерлердегі жұмыссыздардың да кредиттік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ететін қолайлы кепілдік саясатымен Өңірлік инвестиция орталығын құрдық. Биыл аталмыш орталықтың жұмысын үйлестіруге облыстық бюджеттен 1 млрд.теңге бөлінді. Оның шеңберінде 270 шағын бизнес субъектілерінің жобасы қаржыландырылды және 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылды. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар санын қысқартудың ең тиімді жолы – шағын және орта бизнесті дамыту ", - деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы әкімдігінің, мәслихаттың, "Нұр Отан" партиясы филиалының, қоғамдық кеңестің және "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы болып жарияланды. Өңірде кешенді "Жол картасы" әзірленді, оны іске асыруға ағымдағы жылы 32 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде 3 млрд. теңгеден астамы стартап жобаларға қарастырылған.

Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны  соңғы жылда 11%-ға өсті (бұл республика бойынша ең үздік нәтиже болып табылады).

Сонымен қатар, өңірде сумен қамтамасыз ету және газбен жабдықтау мәселелері шешімін табуда. Қазіргі таңда аймақ халқының 95%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және 63%-ы табиғи газды тұтынады. Өткен жылы Қызылорда қаласын және 7 аудан орталығының 4-і газдандырылды.  2017 жылы Байқоңыр қаласына газ берілді. Биыл қалған үш аудан орталығына, атап айтқанда, Қармақшы, Сырдария және Жалағаш аудандарына газ жеткізілетін болады. Ал 2019 жылы елдімекендердегі газ желісінің құрылысы жүргізіледі. Сонымен, 2020 жылға қарай тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейін 95%-ға жеткізу міндеті қойылып отыр.

Тағы бір басым бағыттардың бірі - өмір тіршілігінің барлық салаларын онлайн-қызметтермен қамтамасыз ету. Бүгінде өңірде түрлі салаларды цифрландыру мақсатында 37 жобаның тізбесі құрылды (қауіпсіздік, бизнес, АӨК, денсаулық сақтау, көлік және құрылыс, қалалық ТКШ және білім беру, мәдениет басқармасы бойынша). Цифрландыру процесін қарқынды дамыту үшін облыстық цифрлық технологиялар басқармасы құрылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 6 ЖЫЛ ІШІНДЕ 200-ДЕН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН САЛЫНДЫ
05.11.2018 17:54

Сыр өңірінде 200-ден астам әлеуметтік нысан салынды. Олар  денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет саласының нысандары болып табылады. Бұл туралы Астана қаласында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

Сондай-ақ, соңғы 5 жылда халықтың жан басына шаққанда әлеуметтік салаға арналған бюджет шығыстары бойынша облыс республикада көшбасшы болып келеді.

"2013 жылдан бастап 200-ден астам әлеуметтік сала нысандары пайдалануға берілді. Олар - денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет саласының нысандары. Мысалы, 57 апаттық медициналық бекеттің орнына 49-ы салынды, қалғаны 2019 жылдың бірінші жартысында іске қосылады», - деді аймақ басшысы.

Осыған орай, 2013 жылдың басындағы есеп бойынша апаттық жағдайдағы 37 мектеп анықталса, бүгінде үш ауысымдық оқу және апаттық мектептер мәселесі толықтай шешілді.Сонымен қатар, облыста "Балапан" бағдарламасы мерзімінен бұрын іске асырылды - 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамту мәселесі 100% шешімін тапты. 2013 жылдан бастап қолға алынған аймақтағы апатты жағдайдағы кезекте тұрған үй иелерінің мәселесі 2017 жылы оң шешімін тапты. Сондай-ақ, ағымдағы жылы өңірде Жаңақорған мен Жалағаш аудандарындағы 2 мектеп апатты жағдайда деп танылды, бұл мәселе назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары