Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Халық-хабар
«Қайсардың» жаңа құрамы таныстырылды
11.03.2014 18:44

Ел біріншілігінің басталуына санаулы күн қалды. Жаңа маусымға тыңғылықты дайындалған Қызылорданың «Қайсары» команда құрамын жаңадан жасақтады. Облыс басшылығы тізгінді Дмитрий Огайға ұстатты. Білікті бапкер - екі дүркін ел чемпионы, үш мәрте үздік жаттықтырушы атанған маман. Команданың жаңа құрамасын таныстыру шарасы бүгін Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында өтті.

- Футбол маусымының басталуымен баршаңызды құттықтаймын. Сыр өңірінде аяқдопқа деген қызығушылық жыл өткен сайын артып келеді. Қазір 13 спорт бөлемшесінде 30 мыңнан астам балалар футболдың әліппесін үйренуде. Аймақта ұйымдастырылатын футбол турнирлерінің 70 пайызы жасөспірімдерге арналған. Биыл 3 мың көрерменге арналған жабық стадионның жобасын аяқтап, құрылысына кірісеміз. «Қайсар» футбол клубының базасы күрделі жөндеуден өтті. Жаңарған құраммен Сыр бойының командасы биік белестен көрінсін. Оған сіз болып, біз болып, қолдау көрсетейік, - деді облыс әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Нұржан Әлібаев.

Басты жаңалық, былтыр «Ақтөбенің» намысын қорғаған Алдан Балтаев командаға қайтып келді. Оған қоса бірнеше тәжірибелі шетелдік ойыншылар «Қайсардың» жейдесін киді.

- Залдағы атмосферадан Сыр елі футболды қалай жақсы көретіндігі байқалып тұр. Әрбір ойында да осылай қолдау білдіріңіздер. Біз қолдан келгенше жеңіске жетуге тырысамыз. Ақылдаса келе, 12-ші нөмірді бос қалдырдық. Бұл санды стадионның трибунасынан көру үшін, - деді команда капитаны Кирилл Шестаков.

Салтанатты шараға жиналған ардагер ойыншылар, жанкүйерлер командаға сәттілік тіледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 
ДАРИЯ ЖАҒАЛАУЫН ҚОЙ ТАСПЕН БЕКІТУ ҮШІН ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ
11.03.2014 16:07

Сырдария өзенінің Қызылорда қаласындағы 58 шақырымын қой таспен бекіту үшін 2 млрд. теңгеден астам қаржы қажет. Бұл туралы аймақ басшысы К.Көшербаев бүгінгі Үкіметтің селекторлық мәжілісінде мәлімдеді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божко жақында Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болып, жағдайды бағамдап қайтқандығын жеткізді.

- Таудың қарғын суы Жаңақорған ауданындағы біршама тұрғын үйлердің аулаларын шайыпты. Шығын жоқ. Дегенмен, жергілікті билік комиссия құрып, жұмыс жасап жатыр. Егер зардап шеккен үйлер болатын болса, облыс әкімдігі көмек көрсетуге дайын, - деді еліміздің бас құтқарушысы.

Жалпы, облыста - 26, ал қалада 8 аймақ қауіпті. Аймақ басшысы Қ.Көшербаев Қызылорда қаласындағы өзен жағалауын қой тастармен бекітуге қаржы қажеттігін Үкімет басшысына айтты. Дәл мұндай таспен дарияның 7,5 шақырымы көмкерілген. Енді 58 шақырымға қой тастарымен бекіту үшін 2 млрд. теңгеден астам қаржы қажет.

Ал қазір жағдай қалыпты. Бірақ мамандар қауіптің бар екендігін жасырмады. Он күндіктің ішінде сең Қызылорда қаласына жетеді. Биыл судың көлемі жылдағыдан артық. Оның үстіне Шардара мен Көксарай шөмпілдеп тұр. Қауіпті аймақтар қатаң бақылауда. Күндіз-түні кезекшілікпен күзетілуде. Техникалар сақадай сай тұр.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 
«Аралтұз» жұмысшыларының жалақысы 10 пайызға өседі
10.03.2014 16:31

Жеті жүз елуден астам жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Аралтұз» зауытының тірлігі берекелі бүгінде. Мұнда өткен жылы 138 мың тоннаға жуық тұз өндіріліп, жақын шетелдерге экспортталды. Инвестиция көлемі екі миллиард теңгеге жетті. Тағы бір қуанышты жаңалық, биыл сәуір айынан бастап цех қызметкерлерінің еңбекақысы 10 пайызға үстемеленетін болады.

Өндірістегілердің отыз пайызы - нәзікжандылар. Солардың бірі - Мейрамкүл Аймағамбетова. Ол мұнда отыз екі жылдан бері тұз қалталайды. Өз ісінің нағыз шебері. «Үйде қарап отырғаннан, екі қолға бір күрек алып еңбек еткен әлдеқайда артық. Жағдайымыз жыл өткен сайын жақсарып келеді»,- дейді ол.

- Мемлекет басшысы барлық мекемеге жалақыны үстемелеуді тапсырды. Біздің оған шама-шарқымыз жетеді. Өндіріп отырған өнімімізге сұраныс бар. Техникаларымызды жаңаладық. Жұмысшылардың жағдайын бірінші кезекке қоямыз. Өйткені маман болмаса, ісіміз ілгері баспайтыны анық, - дейді «Аралтұз» АҚ вице-президенті Мұқан Мырзағұлов.

Испан технологиясымен жабдықталған жаңа зауыттың қуаттылығы орасан. Жыл басынан бері 22 мың тоннадан астам тұз өндірілсе, оның 13 мың тоннасы - ас тұзы. Қалғаны техникалық және басқа бағытта.

Тоқсан жылға жуық тарихы бар «Аралтұз» акционерлік қоғамының өнімі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан секілді шет мемлекеттерге экспортталады. Алдағы уақытта Сауд Арабиясы, Жапония, Қытай елдерімен байланыс орнату жоспарда бар. Бұл жобалар тиімді жүзеге асып жатса, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосылатыны аян.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 
Мерекелік жәрмеңке болды
07.03.2014 16:32

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласының әкімдігі азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді.

Қаланың орталығындағы Тоқтыбаев көшесінде ұйымдастырылған жәрмеңкеде халық бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдері базар бағасынан біршама арзан бағамен ұсынылды. Бұл күні қызылордалықтарға 1000 кг сиыр еті, 1000 кг жылқы еті, 20 тонна картоп, 18 тонна жуа, 10 тонна сәбіз, 3 тонна қырыққабат, 1 тонна макарон, 1,5 тонна балық өнімдері ұсынылды.

Жергілікті атқарушы биліктің мереке қарсаңында ұйымдастырған бұл бастамасына қызылордалықтар ризашылықтарын білдірді.

 
ДАБЫЛДЫ ЕСКЕРТУ
07.03.2014 09:50

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2014 жылдың 7-9 наурыз күндері күтілетін қатты жауын-шашынға байланысты  Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймағында өзендерінде және Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында су тасқынының қалыптасу қаупі күтіледі, сондай-ақ кей жерлерде өзен суының тасып жайылу қаупі бар.

Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 741 742 743 744 745 746 747 748 749 750 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары