Өзекті мәселелер

  • 14.06.18

    Заман  талаптарына  сәйкес  жол­дауда  көрсетілген  барлық  міндеттер­, әлеуметтік  және экономика сала­лары біздің қоғам алдында бірінші кезект­е  тұрады.

    Президенттің Қазақстан халқына бағыттаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген 10 негізгі басымдықтың іске асуы экономиканың барлық салалары­ның  жоғары өсу қарқынын қамтама...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Әдетте, қырандар  көкте – патша, жерде – мейман. Қалықтау үшін биіктік керек. Құлдилау екпінінен күш алады. Жазыққа емес, құзар шыңға қонақтайды. Халықшыл тұлғалар табиғаты да сондай­. Олар Алашын аспан­ға, асқар тауға балайды. Сұңқарға самғау жарасқан дейтініміз  де  сондықтан.

    Сол өршіл рух Аралдың айбозым азаматы Тоғыс Жұмашевтың ақ дидарын аңсатқанда, құс көңіл сағыныш қанатымен жүз...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Елімізде тек дәрінің ғана көмегімен өмір сүріп жүрген азаматтар аз емес. Мемлекет тарапынан оларға қандай жәрдем беріліп жатыр? Көрер жары­ғы әуелі Аллаға, кейін сол дәрілік препаратқа байланысты болып­ отырған науқасқа қарасатын кім?

  • 14.06.18

    Қызылорда  қалалық

    №6  емхананың  инфекционист дәрігері  Жамила  УМЫШЕВА:

    - Қазір жұртшылық арасында менингит туралы ақпарат кеңінен тараған. Аурудың алдын алудың медициналық бетперде тағудан басқа тағы қандай жолдары  бар?

    - Сақтану үшін екпе ектіру қажет. Оның құны д...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Мағжан  ЕРАЛИЕВ,

    “Абзал және К”  ТС  директоры:

    Газеттегі биыл ғана ашылып, бесінші мәрте жарыққа  шығып отырған ер-азаматтарға арналған “Мырза” б...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ЖЫЛУДЫҢ ЖАЙЫ ЖАНЫМЫЗҒА БАТАР МА ЕКЕН?
31.07.2013 15:52

Қыстың қамын жаз ойла. Шырғалаңға түсіретін проблемалар шекемізге тимейінше жылы орнымыздан қозғала қоюы қиын халық екеніміз рас. Алдағы күзгі науқаннан кейін қылышын сүйретіп келетін қаһарлы қыс маусымына да қазірден бастап кіріс­песек, етек-жеңімізді жиюға үлгермейтін әдетіміз тағы бар. Осы ретте облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалық етуімен жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кеңейтілген мәжіліс барысында талқыланды.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорнына ат басын бұрған аймақ басшысы мекеменің техникалық қызмет көрсететін көліктері және материалдық базасымен танысты. Халықты жылу көзімен қамтып отырған бұл мекемеде қуаттылығы жоғары және барлығын автоматты түрде басқаратын сапалы қондырғылар жұмыс жасайды. Дегенмен, жылу орталығының өзекті мәселелері де баршылық. Мәселен, жылу қазандықтарының ішкі жылу жолдарының тозығы жеткен. Мұндай қазандықтар қыс мезгілінде температуралық режимді қалыпты жағдайда ұстап тұруға едәуір кедергі келтіреді. Тұрғындар тарапынан да кемшілік жоқ емес. Мәселенің өзектісі тұтынған жылу үшін есеп айырыспауына кеп тіреледі. Бұл тек мекемеге емес, облыстағы коммуналдық қарыз есептерінің еселенуіне ықпал жасайды. Бұл орталықтың қала көлемін жылумен қамтумен қатар электр энергиясын өндіру – мекем­енің екі түрлі бағыттағы жасайтын жұмысы. Аталмыш орталыққа өткен жазда маусымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Облыстық бюджет есебінен магистралдық құбырлар да жөнделіп, жылу маусы­мына едәуір дайындық жасалғандығы бұған дейін де облыс басшысының бақылауынан өтті.

Айта кетейік, облыс бойынша 366 білім, 370 денсаулық, 238 мәдениет нысандары мен 147 жылу қазандықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыс­тарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кейбір әлеуметтік нысандардағы жөндеу жұмыстары аяқ­талған. Дегенмен, «әттеген-ай» дерлік тұстар да баршылық. Мәселен, облысқа қарасты кейбір аудандардағы әлеуметтік нысандарындағы жылу мәселесі әлі күнге бір ретке келтірілмеген. Осы бағытта оларды отын қорымен қамтамасыз ету мәселесі де осы мінберде қаралды. Аймақ бойынша жылу беру маусымына барлығы 79,2 мың тонна көмірдің 22,4 тоннасы жет­кізілген. Ал әлеуметтік-мәдени кешендеріне 32,6 мың тонна сұйық отын қажет болса, бүгінде оның 52 пайы­зы дайын. Сонымен қатар алдағы маусым кезінде табиғи­ газдың жылу-энергия көздерінің жетіспеу­шілігіне байланысты мазут қорын жасақтау қажеттігі туындауда. Әзірше қадірін біле тұратын қолда бары – 783 тонна. Бүкіл облыстың жылу энергия көздеріне 101,154 мың тонна мазут отыны қажет. Қаһарын төгетін қыс келемін дегенше тас-түйін дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігі осыдан-ақ көрініп тұр. Бүгінгі күні кәсіпорынның №4 қазандығы мен қосал­қы қондырғыларына және 336 шақырым жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- Қазіргі күні қыс мезгіліне дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Жылу орталығының №4 бу қазандығының негізгі және қосалқы қондырғыларына баса мән берудеміз. Олар 1965 жылы зауыттан шыққалы бері жұмыс жасап тұрғандықтан, бүгінде басқасын ауыстыру қажеттілігі туып отыр. Бұл жұмыстар үсті­міздегі жылдың қараша айының соңына дейін ұла­сады. Атқарылатын жұмыстар қазан-қараша айла­рында берілетін жылу науқанына ешбір кедергі кел­тірмейді, - деді «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директоры М.Кәрімбаев.

Ал облыс әкімі «ана мәселеге 6 млн., мына мәселеге­ 5 млн. теңге бөліңіз деген масылдық көзқараспен қарап отыра бермей, екінші деңгейлі банктермен жұмыс жасап үйреніңдер!» деп бір қадап өтті. Өзге әлеуметтік нысандардың жылу мәселесін реттеу жөнінде  сұраған  қаражаттары 21 тамызда облыстық бюджетті  қарау  кезінде бір жағына қарай шешілетінін жеткізді.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
ЫСТЫҚ ПЕН ШАҢДЫ ДАУЫЛ БОЛУЫ МҮМКІН
31.07.2013 14:33

2013 жылдың 31 шілдесінде күндізгі ауа температурасы +40+43 С ыстыққа дейін көтеріліп, 31 шілде-2 тамыз күндері найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл күтіледі. Мұны Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуы ескертіледі.

 
М-агенттегі Махаббат машақаты
31.07.2013 14:30

Қызылордада м-агент арқылы танысып, көңілі түскен бойжеткенді қызғаныштың буымен ұрып-соққан­ жігітті қыз жақ сотқа сүйреді. Ақырында ол анау-мынау емес, 173 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болды.

- Онлайн-махаббат осылай дауға айналды. Ол істі Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қараған болатын. Жігіт өзінің айыбын мойындап, қызды қызғанғаннан қол көтергенін айтып, кешірім сұрады. Бірақ қыздың анасы оған көнген жоқ. «Жазасын тартсын!» деп талап қойды. Нәтижесінде сот жігітке жүз айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айыппұл салды, - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Ардақ Смағанбетова.

Интернет – ұшы-қиыры жоқ бір әлем, жас-кәріні бірдей өзінің иіріміне тартып тұрады. 2003 жылы mail.ru компаниясы хабарласуға ыңғайлы болу үшін ойлап тапқан бұл байланыс желісі бұл күні адам­дардың іш пыстырмайтын ермегіне айналды. Жастарды­ң сол жерде танысып, тіпті табысып жат­қаны ешкімді де таңғалдырмайды. Сотқа ісі жеткен 24 жас­тағы жігіт пен 17 жастағы бойжеткеннің махаббат­ы да осы м-агентте­н  басталған.

Н.ШАМАУ

 
ЕЛДІҢ НЕГЕ ЕСІ ШЫҚТЫ?
31.07.2013 14:30

Арада апта өтпей жатып­, Қызылорда тағы да қорқыныш құшағында қалды. Осы дүйсенбіде қаланың Жібек жолы көшесіндегі №3 үйдің тұрғындары екі кештің ортасында қайда барарларын білмей дал болды да қалды.

- Үйдің маңында қолдан жасалған жарылғыш заттың жатқаны туралы ақпарат жетті бізге сол кезде. Жарылғыш зат тұрғын үйден 50-60 метр қашықтықта болған, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті­нің баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманова.

Бомбаны кинодан ғана көргені болмаса... Анадайдағы зат соған ұқсайды екен. Ұқсайды емес, дәл өзі! Бомба! Көр­ген жұрттың зәре-құты қалмады. «Тезірек полиция мен құтқарушыларды шақыру керек»! Ойға сап еткені осы болды.

- Хабар түскен бойда біздің қызметкерлер оқиға орнына тартып отырды. Ол жерден 280-дей адамды көшіріп, облыстық ішкі істер департаментінің «Арлан» тобының мамандары қауіпті аймақты  қоршап тастады, - дейді А.Нұрманова.

«Алда-жалда бірдеңе бола қалса» деп, өрт сөн­дірушілер мен құтқарушыларға дейін дайын тұр. Кейбіреулер мұны тіпті «оқу-жаттығу екен» деп жүрді. Кейін зерттеп біл­геніміздей, бұл ешқандай да сценариий емес екен. Бәрі шын. Бірақ «бомба» деп даурығып жүргендері бекер боп шықты.

- Оның әуелгіде ай­тылғандай, қолдан жасал­ған жарылғыш зат емес, әншейін ғана ойыншық-муляж екені тексеру шарал­ары кезінде анық­талды, - деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз хатшысы.

Қызылордада бұлай «тыныштықты бұзғысы» келетіндер көбейіп кетті. Әлде «әзілің жарасса...» дей ме, қайдам?! 23 шіл­деде ғана облыс орталығындағы «Казкомның» ғимаратын «жарып жі­бермек болған» егде жастағы үлкен әйел ұсталған еді. Оның да «ойыны» сақшыларды біраз әуре-сарсаңға салған.

Н.САНИЯЗОВА

 
«БУШРА» БАСШЫЛАРЫН ҚАМАП ТАСТАДЫ
24.07.2013 12:15

Қызылордада қос түрік азаматы сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл турал­ы облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Есіңізде ғой... кезіндегі «Бушраның» бүлігі? Дәл өзі. Қаладағы Саламатов көшесінің бойындағы теміржол үстіне түсетін көпір құрылысын сағызша созып­ жіберіп, ақыр соңында басы бәлеге­ шатылған түрік компаниясының басшылары – бұл екеуі! 2009-2010 жылдары Қызылорда облысының жолау­шылар көлігі және автомобиль жол­дары басқармасы өткізген тендерде «Бушраға» тең табылмады ма, құрылысты баст­ап кетті. Бастағаны құрысын, аяғына әзер жеткізді. Соның арасында салғаны сапасыз болып, қоғамның қарғысына­ (сөздің турасы – осы) ұшыраға­н. Ал серіктестік «серкелері» З.Метин мен К.Ердоған азы кетіп, көбі қалғанда асығыстық танытып, инженерлерге «құрылыс тәмам» деп акт жасауды­ бұйырады. Тапсырыс беруші де тырнақ астынан кір іздегісі келмегендей, компани­яның есепшотына келісілген ақшаны аударып кеп жіберген. «Осылайша екі ортада мемлекет 76,7 млн. теңге зиян шекті», - делінген қаржы полиц­иясының хабарламасында. Қазіргі уақытта бюджет қаржысын хантала­пайға түсірген «Бушраның» екі бірдей басшысы қамауда отыр.

Н.ШАМАУ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 761 762 763 764 765 766 767 768 769 770 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары