Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
Халық-хабар
Қызылордада ХІ халықаралық «Baikonyr invest» инвестициялық форумы өтті
03.12.2019 13:50

Облыс әкімі Қ.Ысқақов ХІ Халықаралық «Baikonyr Invest» инвестициялық форумының салтанатты ашылуы мен пленарлық отырысына қатысты. Форумның биылғы тақырыбы – «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастықтық үшін жаңа мүмкіндіктер». Форум аясында жалпы құны 100 млрд теңгеге жуық жобаларды жүзеге асыру үшін 25 мемарандум, 1 келісімшартқа қол қойылды. Олардың қатарында өнеркәсіп саласында - 14, агроөнеркәсіптік секторда - 9, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағыты бойынша 3 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумдар бар.

«Baikonyr Invest» – бұл жыл сайын 300 астам шетелдік және отандық бизнес-көшбасшыларының, инвестициялық компания басшыларының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері мен экономиканың түрлі салаларындағы сарапшыларды басын қосатын ауқымды пікірталас алаңы.

Форумға шетелдік және отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, инвестициялық компаниялардың басшылары («К2АТ» ЖШС Корей компаниясы, «Total Eren» Француз компаниясы, «НЕС» Болгар компаниясы), ғылыми-зерттеу институттары өкілдері арнайы келген. Сондай-ақ, форум жұмысына алыс және жақын 10 мемлекеттен (Иран, Франция, Германия, Македония, Нидерланды Корольдігі, Корея, Канада, Словения, ҚХР, Ресей Федерациясы) инвесторлар қатысуда. Ал, Иран Ислам Республикасынан Төтенше және Өкілетті Елшілер Сабер Маджид Самадзаде және Корея Республикасынан Ким Дэ-Сик пен Нидерланды Корольдігінен Андре Карстенс, Солтүстік Македониядан Меджити Муарем арнайы шақырылған.

Форум барысында пленарлық отырыс пен кездесулер, әр салаға қатысты секциялық жиындар, инвесторлар мен жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай- ақ, пленарлық отырыста «Байқоңыр «АЭА-жобаларды іске асыруға арналған перспективалы алаң», «Ауыл шаруашылығында фермерлікті және мал шаруашылығы кластерін дамыту мүмкіндіктері», «Мемлекеттік – жекеменшік әріптестікті дамыту перспективалары» тақырыптары бойынша баяндамалар оқылды.

«Бұл біздің 11 инвестициялық форумымыз. Алғаш рет » Baikonyr Invest » форумын 2013 жылы өткіздік. Алдыңғы 10 форумның нәтижесі бойынша 130 астам меморандумға қол қойылды, облыс экономикасына 1 трлн астам инвестиция тартылды. Аймақта биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың негізгілерін атап өткім келеді. Қызылорда облысының ең маңызды артықшылықтарының бірі – тиімді логистикалық жағдайға ие екені белгілі. Бүкіл облыс арқылы су артериясы (Сырдария өзені), оның бойымен темір жол және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралінің 800 км астам ең үлкен учаскесі біздің өңір арқылы өтеді» ,- деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

Сонымен қатар, форум қатысушылары үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағына және «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне экскурсиялық тур ұйымдастырылды.

 
«САЛАМАТТЫ ЖАНҰЯ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ
03.12.2019 13:40

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен прокуратура қызметкерлері арасында «Саламатты жанұя» ұранымен отбасылық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты – прокуратура қызметкерлері арасында бұқаралық спортты насихаттау және саламатты өмір салтын қалыптастыру.

Сайысқа облыстық және аудандық прокуратура қызметкерлерінен құралған (облыстық прокуратурадан – 7, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы ауданы прокуратурасынан 3 отбасы) отбасылық командалар қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Бұхарбаевтар отбасы (Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры), екінші орынды Мырзабаевтар отбасы (Қазалы ауданының прокуроры) және жүлделі үшінші орынды Лекеровтер жанұясы (облыстық аппараттың кеңсе қызметкері) иеленді. Жеңімпаздарға және отбасымен сайысқа қатысқан барлық балаға бағалы сыйлықтар беріліп, арнайы грамоталармен марапатталды.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 
Қызылорда – Құмкөл автожолында жұмысшылар бар автобус апатқа ұшырады, қайтыс болғандар бар
03.12.2019 09:20

2019 жыл 3 желтоқсанда сағат 4:30 шамасында Қызылорда облысының Құмкөл кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған «South Oil» ЖШС-нің автобусы жол-көлік оқиғасына түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша салон ішінде 35 адам болған. Қазіргі таңда 6 қайтыс болған, 22 зардап шеккендер туралы ақпарат бар. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасы жол ережесін бұзу және көктайғақ салдарынан болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа да ақпараттар қосымша хабарланады.


Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 
Аралда Тәжікстан азаматтары жол-көлік апатына түсті
02.12.2019 15:10

Тәжікстан азаматтары Шымкент - Самара тасжолында жол-көлік оқиғасына түсті. Оқиға орнында полицейлер мен медицина қызметкерлері жұмыс істеуде.

2019 жылдың 2 желтоқсанында Шымкент - Самара тасжолында Арал ауданының Сазды аумағында Ресейден Тәжікстанға бағыт алып бара жатқан Тәжікстан азаматтары бар жолаушылар автобусы басып озып, алдыңғы бөлігімен “DAF” жүк көлігінің артына соққан.

Автобуста 74 адам (2 жүргізуші, 1 механик, 71 жолаушы) болған. Қайтыс болғандар жоқ. Жүргізуші мен механикке медициналық көмек көрсетілуде.

Жол-көлік оқиғасы орнында 13 полиция қызметкері, ТЖД-нің 6 қызметкері, "Жедел жәрдем" бригадасының 6 қызметкері, барлығы 7 бірлік автотехника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлерінің, құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жедел және жұмылдырылған әрекеттерінің нәтижесінде жол-көлік оқиғасына түскен автобус жолаушыларына (Тәжікстан азаматтары) қажетті жедел көмек көрсетілді.

Автобус жолаушылары ешқандай дене жарақаттарын алмаған. Олар жол бойындағы қызмет көрсететін пункттерге жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда полицейлер жолаушыларды жол жүру орындарына жіберу шараларын қабылдауда.

Алдын ала мәліметтер бойынша апат көктайғақтан орын алды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өз кезегінде, жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе қолайсыз күн райы мен көктайғақ кезінде елеулі жол-көлік оқиғаларының себебі болуы мүмкін.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 
«ORDA SCHOOL» ЖЕКЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
02.12.2019 12:06

Тұңғыш Президенті күні облыс әкімі Қ.Ысқақов Қызылорда қаласындағы 700 орындық «Orda School» жеке бастауыш мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Карина арнайы келіп, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Назарбаева мен вице-премьер Б.Сапарбаевтың құттықтау хаттарын табыстады.

Өңірде балабақшалардың желісі жыл сайын артып келеді. Оның 72 пайызы жеке сектордың үлесінде. Нәтижесінде, 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылған. Облыста үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі де толық шешілген. Аймақ мектептерінің 60 пайызы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етіліп, компьютерлер 100 пайызға жаңартылған.

Қазіргі таңда өңірімізде мемлекет пен жеке бизнес секторының арасында тығыз байланыс орнағаны белгілі. Бүгінгі күні Қызылорда қаласында 4 жеке мектеп жұмыс істейді. Мектептерде жан басына қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырыстар берілген. Осы жұмыстардың алғашқы жемісі ретінде «Orda School» бастауыш мектебі құрылды. Мектептің даму стратегиясына сәйкес ауқымы кеңейіп, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 700 орындық жаңа ғимараты қаламыздың сол жағалауындағы жаңа қалада орналасқан.

- Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығымен білім саласына, жас ұрпаққа сапалы білім беруге ұдайы көңіл бөлініп келеді. «Келешектің кілті – білімді ұрпақтың қолында» деген қағидат берік қалыптасты. Міне, соның дәлелі – бүгін тағы бір жаңа мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға бердік. Болашағымыз балаларымыз үшін олардың заманауи технологиямен жабдықталған жаңа ғимаратта сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Биылғы жылы тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық тамыз конференциясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, оларды кезең-кезеңімен шешуді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы алғашқы Жолдауында педагогтердің мәртебесін көтеру, білім сапасын арттыру, еңбек нарығына сапалы мамандар даярлау, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту мәселелерімен бірге бала тәрбиесіне қатысты нақты басымдықтарды айқындап берді, - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары