Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
Халық-хабар
Қырымбек Көшербаев қызылордалықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
11.05.2014 09:09

9 мамыр күні Қызылорда қаласының «Тағзым» алаңында Жеңіс күні тойланды. Ұлы Жеңістің 69 жылдығымен қала тұрғындарын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтады.

- Кешегі жаһан соғысында Отан үшін отқа түскен қаһармандардың биік тұлғасын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Өйткені, майдангерлерге деген құрмет – ата-баба рухына құрмет, тарихқа тағзым», - деді аймақ басшысы Отанымыздың биіктен көрініп, халқымыздың ынтымағы мен жарасымын тілей отыра.

Одан кейін «Мәңгілік алау» мемориалына облыс және қала әкімдігі мен мәслихаттары және басқа да мекемелердің гүл шоқтары қойылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 
Қызылорда облысында кен байыту фабрикасын салу жайы талқыланды
11.05.2014 09:09

9 мамыр күні облыс әкімі Қ.Көшербаев пен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры төрағасы Ө.Шөкеев бастаған топ Шалқия кенішінде болды. Мұнда «Оутотек» компаниясының кен-байыту  фабрикасы жобасымен танысты. Жобаны жан-жақты таныстырған «Тау-кен-Самұрық» өкілі құрылыс нысанының алғышарттары жайлы баяндады. Өз кезегінде Ө.Шөкеев қанша адамды жұмыспен қамтиды деген сауалға  500 жұмысшы жұмысқа тартылады деп жоспарлануда, ал айлық жалақысы 800 доллар көлемінде болатындығын хабардар етті. Ал мамандар мәселесінде Шиелідегі индустриалды және Жаңақорғандағы аграрлы техникалық колледжінің базасынан кадрлар дайындауды алға тартты. Өз кезегінде  аймақ басшысы Қ.Көшербаев бұл жөнінде жуырда ғана мәскеулік оқу ордасымен екі жақты келісім-шарт негізінде 102 талапкерді оқытқалы жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар Шалқия мен кеніш арасындағы 20 км жолды жөндеу мәселесі көтерілді. Айта кету керек, кен орнын қайта жандандыру жұмыстары алда жалғасатын болады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 
Қос бірдей мереке салтанатты түрде аталып өтілді
07.05.2014 09:26

Кеше Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Қос бірдей мерекемен облыс әкімі Қ.Көшербаев Сыр жұртшылығын құттықтады.

Биыл Жеңістің 69-ыншы көктемі. Бейбітшілік үшін майдан даласында мерт болған жауынгерлерді облыс халқы еске алып, бүгінде көзі тірі майдангерлерге  құрмет көрсетті.

- Елбасы сыртқы және ішкі саясатты жүйелі жүргізіп отыр. Яғни, халықтың бейбіт өмір сүруін басты мақсат еткен. Қазір қазақстандық әскер елдің амандығын күндіз-түні күзетуде. Осы Тәуелсіздік үшін кеудесін оққа тосқан майдангерлерге құрметіміз шексіз. Отан үшін отқа түскеннен артық ерлік жоқ. Жеңіс мереке құтты болсын, әрбір шаңырақта шаттық болсын, - деп аймақ басшысы Қ.Көшербаев жылы лебізін білдірді.

Мұнан соң өңір басшысы әскери қызметкерлерді құрмет грамотасымен және ҚР Қорғаныс істері министрінің алғыс хаты және медальдарымен марапаттады.

Бейнекөрініс арқылы қан майданда елі үшін ерлік еткендердің суреттері көрсетіліп, майдангерлердің атқарған қызметтері айтылды.

Салтанатты шарада Абай атындағы Алматы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртістері өнер көрсетіп, патриоттық, жеңіс туралы әндер шырқады.

Осылайша Сыр жұртшылығы жерін жаудан қорғаймын деп мерт болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, бүгінде көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 
«Ақсай» полиция бөлімінің бастығы парамен ұсталды
06.05.2014 09:43

Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қармаққа «шортан емес, сазан» іліктірді. Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына қарайтын «Ақсай» полиция бөлімінің бастығы Ә.Қайназарға қатысты қорқытып пара алу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Шенді полицей қылмыстық істі жылы жауып қоюға 5000 АҚШ долларын қорқытып талап етіп, ақыры істі болған азаматтан 620000 теңге алғаны үшін айыпталып отыр.

Қаржы полицейлерінің 17 сәуірдегі жедел-іздестіру іс-шарасы негізінде Қайназар қызметтік көлігінде 200 мың теңге, бір күннен соң келісілген соманың бөлігі 120 000 теңге пара алғандығы құжатталған. Ал 22 сәуірде құныққан полиция бөлімі бастығы 300 000 теңгені қалтаға басып, қаржы полицейлерін көріп көлігімен қашқан. Пара беруші азамат миллион теңге таба алмағасын қаржы полициясына хабар беріпті. Қайназар өзі бопсалаған азаматтан параның қалған бөлігін алар кезде абыройсыздыққа тап болды.

Өткен айдың 24-інде Қызылорда қалалық соты Ә.Қайназарды қамауға алуды санкциялады. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Намазшам

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЛДЫ
04.05.2014 09:26

Облыс әкімінің және Қазақстан Республикасы Президентінің өкімдерімен Қожаниязов Серік Салауатұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.

Қожаниязов Серік Салауатұлы 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кузбасс политехникалық институтын - инженер-механик және Н.Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін - экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда жөндеу-механикалық зауытында инженер-технолог ретінде бастаған. 2001-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық даму бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2012 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарып келді.

Осы кезге дейін облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметін атқарып келген Нұртаев Рзақұл Сәденұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды.

***

Облыс әкімінің өкімімен Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы Жалағаш ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы 1973 жылы дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын - бухгалтер-экономист, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін - заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырушы ретінде бастаған. 1994-1998 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, 1998-2004 жылдары Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы, 2004-2006 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, 2006-2011 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 2011 жылдан бастап Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Осы кезге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келген Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды.

***

Облыс әкімінің өкімімен Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы Шиелі ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы 1961 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын - инженер-гидротехник, Қазақ ауылшаруашылық институтын - ауылшаруашылық кәсіпорындардың ұйымдастырушысы-экономист, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін - экономист-бухгалтер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария аудандық суландыру жүйелері басқармасының инженері ретінде бастаған. 1986-1996 жылдары Сырдария аудандық комсомол комитетінде, Халықтық бақылау комитетінде және Халық депутаттары аудандық кеңесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 1996-1999 жылдары «Қазагропромбанк» АҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басқарушысы, Сырдария ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің аппаратында бөлім меңгерушісі, 1999-2012 жылдары Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2012 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Осы кезге дейін Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарып келген Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 801 802 803 804 805 806 807 808 809 810 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары