Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
Халық-хабар
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАРЫЗ ЕКІ ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ
11.02.2014 10:07

Тұрғындар мен түрлі мекемелердің коммуналдық кәсіпорындардың алдындағы берешегі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайғандығын облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарамасының басшысы Ержан Әбдіхалықов мәлімдеді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев энергетикалық консорциумның ойдағыдай жұмыс жасамай жатқандығын айтты. Коммуналдық қарыздарды азайтуға осы консорциум мүдделі болуы қажет. Коммуналдық қызметке берешек екі есеге азайғанымен, жыл басынан бері 35 пайызға артып кеткен.

 
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ШАРАЛАРДЫҢ КҮНТІЗБЕСІ БЕКІТІЛДІ
11.02.2014 10:07

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қоғамдық-саяси шаралардың күнтізбесі бекітілді.

Биыл 66 ірі шара өткізу жоспарлануда. Күнтізбеге мемлекеттік, кәсіби мерекелер, халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі конференциялар, семинарлар, байқаулар, мәдени-көпшілік шаралар енгізілді. Қызылорда қаласында халықаралық деңгейде - 4, республикалық деңгейде - 7, Астана қаласында 3 шара өтеді. Алматы облысында «Достық пен келісімнің жол картасы», Ақтөбе облысында Қызылорда облысының мәдениеті мен өнер апталығын өткізу де күнтізбеге енгізілген. Жалпы, «Мерекелерді демалыс күн деп қарамай, оның мән-мағынасын түсіну керектігі» айтылды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов ұсыныс-пікірін білдірді. Бастысы, күнтізбе мерейтойларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретінін айтты.

 
АҚЫНҒА АРНАП АС БЕРІЛДІ
10.02.2014 09:37

Алаштың аяулы ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсыноваға Қызылорда облысы әкімдігі ас беріп, рухына құран бағыштады. Еске алу шарасына жиылған Сыр өңірінің ақын, жазушылары Фаризаға арнау арнады. Естеліктер айтты. Ақын өмірінен қысқаша бейнекөрініс көрсетілді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев «Елі тұрғанда Фариза ақынның есімі ешқашан өшпек емес» деді.

Поэзия падишасы әдебиет саласымен қатар тәуелсіз елдің дамуына да  орасан үлес қосты. Елорданың іргесі қаланған жылдары бас қалада қазақ мектептері мен балабақшалардың ашылуына мұрындық болды. Қайсар қыздың ұлтқа деген жанашырлығын, отанға деген сүйіспеншілігінің белгісі - бұл.

 
ЖОЛДАУ ЖАЛАҒАШТА ДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
10.02.2014 09:30

Өткен сенбіде аймақ басшысы Қ.Көшербаев бастаған ақпараттық насихаттық топ Жалағаш ауданында болды. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын мақсат-мүдделер айқындалды. Айта кетейік, насихаттық топ құрамында Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев те болды.

Алдымен Бұқарбай батыр ауылына ат басын бұрды. Қайсар рухты батырдың ескерткішіне гүл шоғын қойып, ескерткіш үйін аралап көрді. Жалпы, Бұқарбай батырдың 200 жылдық мерейтойында бұл ауылда біршама жұмыстар атқарылды. Музей қайта салынып, мешіт күрделі жөндеуден өтті. Орталық көшелер жөнделіп, абаттандырылды. Ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өтті. Облыс әкімі Қ.Көшербаев аймақта атқарылған жұмыстарды саралады. «Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевті ауыл тұрғындарына үлгі етіңдер. Еңбек елеусіз қалмайды», - деді аймақ басшысы.

Келер жылы облыста мектеп жасына дейінгі балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылуы керек. Бұны аймақ басшысы биылғы іс-қимыл жоспарында міндеттеді. Жеке әріптестік негізінде жұмыс жасап жатқан аудан орталығындағы «Жасұлан» балабақшасы өткен жылы пайдалануға берілген-ді. Мұнда 90 бала тәрбиеленуде. Табиғи өсім қазір 12 пайызды құрап отыр. Әлеуметтік жағдай жақсарғасын демография да өсіп келеді. Аймақ басшысы балабақша қатарын тез арада көбейтпесек, меже орындалмай қалатынын ескертті.

Елбасы Жолдауы аудан активінде талқыланды. Басты құжаттың бағытымен байыпты бастамалар жүзеге асырылатыны айтылды. Облыста теміржол, халықаралық көлік дәлізі, көгілдір отынның магистралы жүріп жатыр. Яғни болашағымыз баянды болатынына күмән жоқ.

Күзде іргетасы қаланған «Қызыл мия тамырын өсіру және өңдеу зауытының» құрылысымен танысты. Қазір зауыттың сыртқы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. «БИС-Гурпп» ЖШС-нің құрылтайшысы Ділдахан Ахметов наурыз айында құрал-жабдықтар әкелініп, орнату жұмыстары басталатынын айтты. Қытайдан 12 маман келіп, осы қондырғыларды орнатады.

 
ТАЛСУАТТА ТОЛЫМДЫ ТІРЛІК БАР
07.02.2014 12:56

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезекті есепті кездесуі Талсуат ауылдық округі тұрғындары алдында өтті.

Қазір талсуаттық бүлдіршіндер мектеп жанындағы 20 орындық шағын орталыққа және жеке балабақшаға баруда. Ауыл тұрғындарының балабақшаға сұранысы мұнымен шектелмейді.

Осы орайда, мәселені шешу мақсатында бұрын балабақша қызметін атқарған «Ласточка» балабақшасының ғимараты мемлекеттік меншікке қайтарып алынып, оны күрделі жөндеуден өткізу үшін биыл қалалық бюджеттен 65 млн. теңге қаржы қаралды. Нәтижесінде қосымша 150 бала биыл балабақша табалдырығын аттамақ.

Мұнан өзге биыл ауылда жалпы ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын Мұнайшы, Сырдария көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа республикалық, қалалық бюджеттен 13,6 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қала басшысы кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 891 892 893 894 895 896 897 898 899 900 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары