Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
Халық-хабар
МИНИСТР ҚАЛАНЫҢ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚАНЫҚТЫ
01.03.2013 16:00

Кеше Әсет Исекешев бастаған делегация «Тұлпар» бизнес орталығында Қызылорда қаласының бас жоспарымен және даму перспективасымен танысты.

Жалпы аумағы 11 мың гектарды құрайтын қаланың негізгі құжаты - бас жоспары 2009 жылы бекітілген. Оған сәйкес алдағы 10-15 жылда қала Сырдария өзенінің сол жағалауындағы оңтүстік бағытта дамитын болды. Қазір облыс орталығында 250 мыңнан астам адам тұрады. Келешекте бұл көрсеткіш 500 мыңнан асады деген болжам бар. Сол себепті дарияның сол жақ жағалауын игеру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Бұл аумақта анықталған жер көлемі 2220 гектарды құрайды. Бүгіндері осы маңның инженерлік геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен биылғы жылға 70 млн. 470 мың теңге бөлінді. Нақты қорытынды қыркүйек айында белгілі болады. Зерттеу жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда, осы аумақтың 687 гектар жеріне коттедждік қалашық, 600 гектар жерге көпқабатты тұрғын үйлер, 932 гектар жерге әлеуметтік нысандар салу межеленіп отыр.

 
«БЕЙНЕУ - БОЗОЙ» АРҚЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДАНЫ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
01.03.2013 15:59

Қызылорда облысы таяу болашақта табиғи отынмен толықтай қамтамасыз етіледі.

- Бұл мәселені біз «Бейнеу - Бозой» газ құбыры арқылы шешетін боламыз. Қазіргі таңда оның құрылысы жүріп жатыр. Қаржы жағын үкіметпен келістік, - дейді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, ҚР премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев кеше өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Министр бастаған делегацияны облыс әкімі «Ақшабұлақ» кенішіне бастап барды. Қонақтар Қызылорда қаласын газбен қамтып отырған кеніш басындағы газотурбиналық станцияның жұмысымен, жоспарларымен танысты. Қ.Көшербаев «Бейнеу - Бозой» газ құбырының салынуы аймақтың дамуына жол ашатынын атап өтті.

- Сондай-ақ биыл Ақшабұлақ, Ақсұңқар және тағы басқа кен орындары энергетика мен өндіріс саласын алға жылжытуға жұмыс істейтін болады. Электр өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға газ беруіміз керек, - деді ол.

Назерке  САНИЯЗОВА

 
ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР Ә.ИСЕКЕШОВ АҚШАБҰЛАҚТА БОЛДЫ
01.03.2013 15:59

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешов Қызылорда облысына келді. Мәртебелі мейман мен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Ақшабұлақ кен орнында болып, мұнай дайындау және жөнелту орталығының жұмысымен танысты.

«ҚазГерМұнай» кәсіпорнына тиесілі «қара алтын» негізінен осында жиналып, өңделеді. Құрғатып алған соң оны «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай құбырына айдайды. Цехта бүгінде екі вахта бойынша 34 адам жұмыс жасап жатыр. Бастапқы кезде орталықтың жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна болса, 2005 жылдан бастап 3 млн.-ға ұлғайды. Тауарлы мұнай ұзындығы 57,3 шақырым «Ақшабұлақ - Құмкөл» құбырының екі желісі арқылы тасымалданады. Дайын болған соң Құмкөл кен орнына жөнелтіледі.

Одан кейін форум делегаттары Сырдария ауданына ат басын тіреп, ондағы екінші газ өңдеу қондырғысының жұмысымен танысты. «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС «Газды пайдаға жарату» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылы осы нысанды іске қосқан болатын. Содан бері жылына 550 млн. м³ шикі мұнай өңдейтін қондырғының жұмыс ауқымы кеңейіп, жылына 440 млн. м³ шикі мұнай өңделетін болды. Жерасты байлығын кәдеге жарату бағытында басқа да біршама шаралар атқарылды.

Форум қатысушылары сонымен қатар «Кристалл Менеджмент» ЖШС-не қарасты қуаттылығы 87,03 мВт болатын газотурбиналық электр станциясының жұмысын көріп, алдағы міндеттер туралы кеңірек білді.

Назерке  САНИЯЗОВА

 
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛДЫҚҚА КӨМІЛІП ҚАЛЫПТЫ
01.03.2013 15:58

Қызылордада жылына 90 мың тонна, тіпті одан көп тұрмыстық қалдық шығады. Қазір сол қордаланып, 835 мың тоннаға жетті.

- Бізде сол қалдықтарды тастайтын типтік жобадағы бірде-бір полигон жоқ. 140 орын ғана бар болса, соның ішінде заң талабына сай келетіні – 3-еуі ғана, - дейді Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің бастығы Марат Құрманбаев.

Айтуынша, осы жылдан бастап қалдықтарды басқарудың жаңа бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жүйе жинақталған және түзілетін қалдықтарды азайтуға бағытталған.

Назерке САНИЗЯОВА

 
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ҚАЙРАТКЕР
28.02.2013 17:34

Құқықтық қоғамның қалыптасуы мен нарықтық қайта құруларды құқықтық қамтамасыз етуге өзіндік үлесін қосқан мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, білікті маман Н.Шайкеновтың өмірінің соңына дейін атқарған игі істері халық жадынан өшпек емес. Еңбек жолын бастаған кезеңнен бастап қарымды таланты мен терең білімділігінің нәтижесінде біраз жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді.

Саяси қайраткер 1993-1995 жылдары Әділет министрі болған тұста құқықтық реформаны дамытуға күш салған болатын. Құқықтық реформа бағдарламасының шеңберінде қоғамдағы құқық рөлін арттыру, жүзеге асырылатын реформаларға қажетті заңдық және құқық қолданушылық базаларын құру бағытында көптеген шаралар қабылдады. Сондай-ақ, Н.Шайкеновтың бастамасымен нарықтық қатынастар саласындағы негізгі акті Азамттық кодекс жеделдетіп қабылданған еді. 1995 жылдан бастап судьялар үшін біліктілік емтиханы енгізілді.

Заң саласында білікті кадрларды даярлауға да жіті мән берген Н.Шайкеновтың тікелей атсалысуымен Қазақ мемлекеттік заң институты ашылды. Сол тұста ҚР Әділет министрлігінің жанынан құрылған құқықтық ақпарат орталығы, заңнамалар институты, «Юридическая газета», «Заң» басылымдары мен мамандандырылған «Жеті жарғы» заң баспасының ашылуына да осы кісі себепші болды.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында өткен «Шайкенов Нағашыбай – ғалым, заңгер және саяси қайраткер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік семинарда Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің оқытушылары, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Н.Жалиев және ғалымның көзін көрген өзге де мамандар түрлі естеліктер мен қалдырған еңбектерінің өзектілігі жайында пікірлерін ортаға салды.

Ә.НАЖМАДИН

 
<< Бірінші < Алдыңғы 911 912 913 914 915 916 917 918 919 920 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары