Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2216
mod_vvisit_counterКеше2743
mod_vvisit_counterОсы аптада11519
mod_vvisit_counterӨткен аптада16249
mod_vvisit_counterОсы айда44682
mod_vvisit_counterӨткен айда81370
mod_vvisit_counterБәрі4031525


Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
Халық-хабар
АУДАННЫҢ БАС САЛЫҚШЫСЫ 7 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН
20.02.2013 15:26

Қызылорда облысының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқо­рлыққа қарсы кү­рес департаментінің басқарма бастығы Н.Сәр­сенбаев сыбайлас жем­қорлық санат­ындағы қылмыстар жөнінде есеп берді. Алдың­ғы жылы осындай 86 қылмыс ашыл­ған. Оның   ішінде  парақорлық – 40 факт,  11-і – қызмет өкілдігін асыра пайдалану, 16-сы – бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, 8-і – қызметтік жалғандық жаса­у, тағы 8-і – алаяқтық сипатында. Әсіресе, па­ра­қорлық  белең алып тұр.

Мәселен, Қазалы ау­дандық салық бас­қар­масы бастығының орынбасары А.Сәтбаев  бір емес, екі жағдайда заң шеңберінен шығып, қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Алғашы­нда жеке кәсіп­керге айыппұл салмайтын болып, 25 мың теңге ал­ған. Ал екіншісінде салық басқармасының бастығы П.Яқияның өз орын­басарынан, яғни Сәтбаевтан 50 мың теңге алғанына байла­нысты қылмыстық іс қозғалған. Істің мәні былай. П.Яқия осы жылы басқарманың әкім­шілік ғимаратын жөн­деуден өткізу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінетінін біле тұра, өз орынбасары Сәтбаевқа «Қамқор-вагон­» ЖШС Қазалы вагон­ жөндеу депосы филиа­лының бас есеп­шісінен 50 мың теңге көлемінде пара алуды тапсырған. Бүгінде А.Сәт­б­аев қамауда отыр. Ал басқа­рма  бастығы  қа­мауға алынған жоқ. Қылмыстық іс тергеліп  жат­қан көрінеді. Қаржы полициясының басқарма басты­ғы Н.Сәрсенбаев сот отырысынан кейін П.Яқия 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігін айтты.

Г.ЕСІМОВА

 
ЖУРНАЛИСТЕРДЕН НЕ ЖАСЫРДЫ ЕКЕН?
20.02.2013 15:24

Өткен бір жылда Қызылордада 30 млн. тоннаға жуық «қара алтын» өндіріліпті.  Бұл – қазақ мұнайының бір жылдық үлесі­нің 38 пайызы деген сөз. Бірақ ел байлығын жан-жақтан талап жатқандар жетерлік. Осы мәселе облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысқан құқық қорғау органдарының үйлес­тіру кеңесінде сынға алынды. Прокурорлардың айтуынша, алдыңғы жылы заңсыз мұнай айналымына қатысты 24 қылмыс­тық іс тіркелген. Экономикалық қылмыс­тардан 1 млрд. 518 млн. теңге бюджет тайқа­за­нына түспей, басқалардың уысында кетсе­, заңсыз мұнай айналымынан келген шығын 10 млрд. 815 млн. теңгенің үстіне шықты.

Ең қызығы, ел білуге тиіс мәселені тал­қылау алғашқы бес-он минуттан кейін жабық есік жағдайында жалғасты. Баян­дамада не айтылғанының өзі құпия біз үшін. «Артық ақпарат» кетіп қалады деп күдік­тенген сияқты. Журналистер басталмай жатып­ бөлмеден шығуға мәжбүр болды. Себеб­і талқыланатын мәселелер мемлекет­тік құпия екен. Журналистердің жұмысын «барып кел, шауып кел» баланың тірлігіне ұқсатқаны бір түрлі. Бастысы, халықтан не жасырды десеңізші...

Г.АМАНҒАЛИҚЫЗЫ

 
«АШЫҚ ЕСІККЕ» НЕГЕ АДАМ КЕЛМЕДІ?
20.02.2013 15:23

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық эко­номикалық сотында «ашық есік күні» өтті. Оған облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқа төрағасы­ Қ.Адранов, экономикалық сот төрағасы А.Дәуренбеков пен судьялар қатысты. Шаран­ың негізгі мақсаты – осы салаға қатысты сұрақтар­ мен мәселелердің шешімін табу арқылы халық­қа біртабан жақындау. Алайда, «ашық есікке» «сұрағым бар еді» деп, сырттан келген ешкімді көзіміз шалмады. Сот мырзалардың өзі мен БАҚ-тың бірен-саран өкілінен басқа.

- Бар-жоғы 10 адамның төбесі көрініп отыр. Сонда­ бүгін сот есігінің ашық екені жайлы жұрт білмей ме, әлде бұл ұйымдастыру қызметінің осалдығынан ба? - деп төтесінен қойдық.

Сот төрағасы А.Дәуренбеков:

- Хабарландыру берілді. Жергілікті телеарнаның жүгіртпе жолынан да өтті. Дегенмен, біздің тарапымыздан кемшілік барын мойындаймын. Мұндай шараны­ алдағы уақытта да өткіземіз. Сын ескерілетін болады, - деді.

Жыл басынан бері экономикалық сотқа 361 талап арыз және 13 азаматтық іс түскен. Соның ішінде мәресін­е жеткені 236-ны құрап отыр.

Г.ЕСІМОВА

 
ҒАЛЫМ ӘМІРЕЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
19.02.2013 19:22

Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Ғалым Әміреев тағайындалды. Оны бүгін облыс активіне аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев таныстырды.

Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы 1970 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мәскеу экономика-статистикалық институтының қаржы және несие, сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің заңгер мамандықтары бойынша түлегі.

Еңбек жолын 1991 жылы «Фарид ЛТД» АҚ-ның брокері ретінде бастаған. 2001-2011 жылдары ҚР Экономика және сауда министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде түрлі басшылық қызметтерде болды.

2012 жылдан осы кезге дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның инновациялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

- Ғалым Махмұтбайұлы – кәсіпкерлік және инвестициялық саясат салаларында үлкен тәжірибе жинақтаған жоғары дәрежелі маман, - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Жаңа лауазым иесі сондықтан кәсіпкерлікті дамыту мен инвестициялық саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Оған аймағымызда үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу жүктелді.

 
ЖАҢА БАС МҮФТИ – ЕРЖАН МАЯМЕРОВ
19.02.2013 17:09

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан бас мүфтиі сайланды. «Muslym.kz» сайты хабарлағандай, Ержан Маямеров – енді еліміздің бас мүфтиі, дінбасы. Талап бойынша бас мүфти болу үшін қырық жастан асқан, жоғары білімі болуы керек. Барлық ел имамдары кандидатурасын бірауыздан қолдаған Ержан Малғажыұлы құрылтайда өзінің найб мүфтилерін сайлады. Мүфтидің орынбасарлары болып «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы мен Қостанайдағы «Марал ишан» мешітінің хатиб-имамы Серікбай Ораз тағайындалды. Маямеров Ержан Малғажыұлы 1972 жылы дүниеге келген. Мысырдағы Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетінің түлегі. 2006-2008 жылдары аралығында Мысыр елі муфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жалғастырды. 2011 жылы 10 қазан күні бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің ұйғарымымен ол ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы болып тағайындалды. Үйленген, 3 баласы бар.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 991 992 993 994 995 996 997 998 999 1000 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары