Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛДЫҚҚА КӨМІЛІП ҚАЛЫПТЫ
01.03.2013 15:58

Қызылордада жылына 90 мың тонна, тіпті одан көп тұрмыстық қалдық шығады. Қазір сол қордаланып, 835 мың тоннаға жетті.

- Бізде сол қалдықтарды тастайтын типтік жобадағы бірде-бір полигон жоқ. 140 орын ғана бар болса, соның ішінде заң талабына сай келетіні – 3-еуі ғана, - дейді Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің бастығы Марат Құрманбаев.

Айтуынша, осы жылдан бастап қалдықтарды басқарудың жаңа бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жүйе жинақталған және түзілетін қалдықтарды азайтуға бағытталған.

Назерке САНИЗЯОВА

 
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ҚАЙРАТКЕР
28.02.2013 17:34

Құқықтық қоғамның қалыптасуы мен нарықтық қайта құруларды құқықтық қамтамасыз етуге өзіндік үлесін қосқан мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, білікті маман Н.Шайкеновтың өмірінің соңына дейін атқарған игі істері халық жадынан өшпек емес. Еңбек жолын бастаған кезеңнен бастап қарымды таланты мен терең білімділігінің нәтижесінде біраз жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді.

Саяси қайраткер 1993-1995 жылдары Әділет министрі болған тұста құқықтық реформаны дамытуға күш салған болатын. Құқықтық реформа бағдарламасының шеңберінде қоғамдағы құқық рөлін арттыру, жүзеге асырылатын реформаларға қажетті заңдық және құқық қолданушылық базаларын құру бағытында көптеген шаралар қабылдады. Сондай-ақ, Н.Шайкеновтың бастамасымен нарықтық қатынастар саласындағы негізгі акті Азамттық кодекс жеделдетіп қабылданған еді. 1995 жылдан бастап судьялар үшін біліктілік емтиханы енгізілді.

Заң саласында білікті кадрларды даярлауға да жіті мән берген Н.Шайкеновтың тікелей атсалысуымен Қазақ мемлекеттік заң институты ашылды. Сол тұста ҚР Әділет министрлігінің жанынан құрылған құқықтық ақпарат орталығы, заңнамалар институты, «Юридическая газета», «Заң» басылымдары мен мамандандырылған «Жеті жарғы» заң баспасының ашылуына да осы кісі себепші болды.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында өткен «Шайкенов Нағашыбай – ғалым, заңгер және саяси қайраткер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік семинарда Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің оқытушылары, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Н.Жалиев және ғалымның көзін көрген өзге де мамандар түрлі естеліктер мен қалдырған еңбектерінің өзектілігі жайында пікірлерін ортаға салды.

Ә.НАЖМАДИН

 
«ЕР ТӨСТІК» «Тәй-тәй» технологиясымен тәрбиелейді
28.02.2013 11:33

«Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан да мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек», - деп Елбасы айтқан болатын. Осы ретте «100 ауру­хана, 100 балабақша» арнайы мемлекеттік бағдарламасы негізінде салынған­ әлеуметтік нысандар халыққа қызмет көрсете бастады. Солардың қатарында қаламыздағы «Ер Төстік» балабақшасы да 2010 жылдан бастап ел болашағы санал­атын бүлдіршіндерді тәрбиелеу бағытында үлес қосып келеді. Мұнда қазіргі уақытта 8 топта барлығы 180 бала тәлім-тәрбие алуда. Балалар жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлінген.

 
ОБЛЫСТА 15 ПОШТА БӨЛІМШЕСІ ЖАБЫЛАДЫ
27.02.2013 17:26

Еліміздің бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен елді мекендерде пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы қызметтер көрсететін пошталық байланыстың ұлттық операторы «Қазпочта» АҚ - кешегі кеңестік кезеңнен кейін өзгеше серпінмен дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Алыстағы ағайынның бір-біріне хат-хабар, сәлемдеме жолдауға үлкен көмегін тигізетін пошта байланысының жауапты қызметі бұқара санасынан тысқары қалған емес. Бұдан бөлек халық пен билік арасын байланыстыратын алтын көпір – мерзімді басылымдарды да жеткізуде поштаға жүктелетін жауапкершілік тағы бар.

«Қазпочта» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалында бүгінде 700-ден аса адам жұмыс істейді. Филиалдың 7 аудандық пошта байланыс торабы және 104 ауылдық бөлімшесі бар. Еңбек өнімділігі өткен жылы жан басына шаққанда 1082,3 мың теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 187,2 мың теңгеге өскен. Биыл республика бойынша 1332 пошта байланыс бөлімшесі жабылатын болса, соның 15-і біздің өңірімізге тиесілі. Оның себебін «Қазпочта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ә.Әбдімомынов:

- Шалғай елді мекендердегі халықтың саны 2000-2500 адамнан аспаса, пошта қызметі көрсетуін тоқтатады. Бұл олармен пошта байланысы мүлдем үзіледі деген сөз емес. Ауыл тұрғындарының сұраныстары сол елді мекенге жақын орналасқан пошта байланыс нүктелері арқылы жеткізіліп тұрады,-деп түсіндірді. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың мекен-жайына бағытталған мерзімді басылым немесе өзге де заттарды орналастыратын пошта жәшіктерінің қала бойынша дұрыс қамтылмауы бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі болып тұр.

Ә.НАЖМАДИН

 
«БАЙҚОҢЫР» ФОРУМЫ ӨТЕДІ
26.02.2013 15:07

1 наурызда Қызылордада «Байқоңыр» бірінші инвестициялық форумы басталады. Шараға даму институттарының, тиісті министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, инвесторлар қатысып, аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныспақ. Форум екі күнге созылады. Алыс-жақын шетелдерден – Ресей, Украина, Жапония, Нидерланды, Швейцария, Түркия, Канада, Польша, Австрия, Бельгиядан қонақтар келеді.

- Сыр өңірі, өзіңізге белгілі, ванадий, титан, мыс, қорғасын, темір, молибден сияқты пайдалы қазбаларға өте бай. Осыларды ел игілігіне жарата білуіміз қажет. Бізге сондай-ақ тау-кен өндіру, туризм, өңдеу өнеркәсібі, «жасыл экономика» және ауыл шаруашылығына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру керек, - дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Ардагер Ақжігітов.

Форумды ұйымдастырудағы мақсат – осы. Оның бірінші күнінде мәртебелі меймандар облыс орталығындағы «Тұлпар» бизнес орталығында бас қосады. Ал екінші күнінде Байқоңырға жол жүріп, қаланың даму перспективаларымен және жұлдызды қалашыққа туристерді көптеп тарту мәселелерімен таныспақ. Ғарыш кешені мен Қорқыт ата кесенесіне де экскурсия жасайтын болады.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары