Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
БҮТІНДЕЙ БІР ОТБАСЫ ТІЛ ТАРТПАЙ КЕТТІ
13.11.2013 15:40

- Қаладағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтетін кезде жастардың дені құлақтарына құлаққап киіп алаты­ны бар. Жан-жағына қарау деген жоқ. Ал ауылға келетін болсақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолы­ салынып жатыр. Бұл ретте ауыл тұрғындары­ енді аса сақ болуы қажет. Себебі жылдамдық бұрындары­ 70-80 км/сағ болса, енді ол 120 км/сағатқа көтерілмек. Жақында­ жол бойында кетіп бара жатқан бес түйеге көлік соғып­, салдарынан екі адам көз жұмды. Бір ай көлемінде Қармақшыда тағы да үлкен жолға қойылған «Камаз­ға» жеңіл көлік соғылып, бүтіндей бір отбасы тіл тартпай кетті. Жүк көлігінің егесіне қылмыстық іс қозғал­ды,-деді облыс­тық әкімшілік полиция бас­қарма бастығының орынбасары Қайрат Әденов Н.Ілиясов ауылындағы «Жолда қабылдау» акциясында.

Ағымдағы жылдың 10 айындағы жол-көлік оқиға­лары алдыңғы жылдың осы мезгіліндегіден 158-ден 372-ге артқан. Осы жылы 105 адам жол апатынан қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алғандардың саны былтырғыға қарағанда 300-ге көбейген. Жол апаттарының көбеюінің басты себептеріне жылдамдықты асыру, көлікке мас күйінде отыру жағдайлары жатады.

Жол ережесін бұзғандарға талап күшейді. Жаяу жүргінші алғаш рет жолдағы қауіпсіздікке кедергі келтір­се, 8 мыңның үстінде айыппұл төлейді. Келесі жолы алғашқы ескертпені ескермегендер өздеріне салын­ған айыппұл көлемін 15 мыңға арттырып алады­. Тіптен болмаса соңғы мәртеде 10 күнге темір торға тоғытылады. Осы тектес түсіндірме жұмыстары Н.Ілия­сов  ауылының тұрғындарына жүргізілді. Олар да өз кезегінде ауылдағы учаскелік полицейге көңіл толмайтындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы мен облыстық ішкі істер департаменті бірлескен акцияда жол бойынан өткен көлік жүргізушілерін жол полицейлерінің қызметіне қатысты­  сауалнамаға  тартты.

 
ТӨЛ ТЕҢГЕНІҢ ТҰҒЫРЫ
13.11.2013 15:39

Тәуелсіздіктің айғағы Әнұран, Елтаңба, Ту болса, бұл тізімді ұлттық валюта толықтырады. Егемен­дікке қол жеткізген тұстан бастап, өзгеге жалтақтамас үшін төл ақшамызды шығару кезек күттірмейтін келелі мәселеге айналды. Сондықтан да ҚР тұңғыш президенті 1992 жылы ұлттық валют­амызды енгізу туралы шешім қабылдады. Арнайы топ жасақталып, төл ақшамыздың жобасын жасауға кірісті. Тарихқа көз салып, таразылай келе әлем азаматы О.Сүлей­менов «теңге» деген тамаша атау ұсынды. Осылайша ұлттық валютамыз «теңге» деп аталды. Елбас­ы 1993 жылы 12 қарашада ұлттық валютаны енгізу туралы жарлыққа қол қойды. 15 қараша күні теңге құнды қағаз және тиын (монета) түрінде қолданысқа түсті. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ доллары­ 4,7 теңгеге тең болды. Әр теңге  500 рубльге ауыстырылды. Алғаш­қы төл теңгемізде ұлт көсемдері, хандар мен ғалымдар бейнеленді. Бертін келе 2006 жылы жаңа банкноттар бетінде жаңа Қазақстанның айшықты бейнелері бедерленді. Қолданысқа енгенде құлдырауға тап болған теңге бүгінде құнын артты­рып келеді. Ақша экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып­ табылады. Теңге бағамына экономикалық үдерістер, яғни  күшею мен бәсеңдеу тікелей әсер ететінін ескерсек, жиырма жылда жеткен жетістігімізді ауыз толтырып айтуға тұрарлық екен. Әлем халқын қыспаққа алған қаржы дағдарысы­нан да дағдармай өтіп келе жатқанымыз мұның айқын дәлелі десек те болады.

15 қарашада теңгенің қолда­нысқа енгеніне 20 жыл толады. Осыған орай аптаның басында облыс­ орталығындағы Студенттер сарайында теңгенің  20 жылдығы мен қаржыгерлердің мерейлі мерекесі аталып өтті. Салтанатты жиынға­  қаржыгерлер, салықшылар және банк жүйесі қызметкерлері қатысты. Салтанатты кездесуде облыс әкімінің орынбасары  Наталья Годунова  теңгенің қилы тағдырына тоқталып, бүгінгі жеткен жетістігімізді зор мақтанышпен жеткізді. Сөз соңында қаржы саласында қалтықсыз қызмет еткен ардаг­ерлер мен қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Сондай-ақ, Халық банкінің директоры Е.Жұмабеков мемлекет басшысы тағайындаған «Теңгеге 20 жыл» медал­ін қаржыгерлер мен салықшыларға, экономистерге, бюджетті жоспарлау басқармасының, банк саласының майталман маман­дарына табыс етті. Фойеде банктердің көрмесі ұйымдастырылып, салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ж.ӘШІРБЕК

 
МАЙ ҚҰЮ БЕКЕТІНЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ
13.11.2013 15:37

Екі күн бұрын таң атпай қаладағы «Гелиос» жанармай құю бекетіне қара­қшылық шабуыл жасалды. Ақмешіт мөлтек ауданында орналасқан бекеттен 04 сағат 40 минут шамасында Қызыл­орда ҚІІБ-ның жедел басқару ортал­ығына хабарлама келіп түскен.

Е.Ж. есімді кассир ауысымда түс­кен ақшаны санау кезінде май құю бекетіне беттерін тұмшалаған екі азамат­ баса-көктеп кіріп келген. Бірі қолындағы қос ұңғылы шолақ мылтықпен кассирді қорқыт­ып, кассадағы 700-800 мың теңгед­ей ақшаны тартып алып, тайып тұрмақшы бол­ған. Сол тұста бөлмеге кіріп келген екінші  кассир И.Н.-ды кеуде тұсынан жарақаттап, бой тасалап үлгерген. Жарақат алған кассир дене жарақат­ы салдарынан оқиға орнында  қаза тапты.

«Аталған оқиға бойынша ОІІД-нің және ҚІІБ-ның қызметкерлерінен шұ­ғыл жедел топтары құрылып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде»,-деп хабар­лайды Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында екі кассир, бір жанармай құюшы және «Найза-Күзет» агенттігінің күзетшісі жұмыс орын­дарында болған.

Естеріңізде болса, осыдан бір жыл бұрын «Синойл» май құю бекетіне де дәл осындай  қарақшылық шабуыл жасал­ған еді. Онда күзетші мен кассир жарақат алып, 200 мың теңгеге жуық ақша қолды болған-ды.

Г.ЕСІМОВА

 
Қазалыда ғарыш аппаратының сынықтары табылды
06.11.2013 13:20

Қызылорда облысында ұшатын ғарыш аппаратының сынықтары табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Мәліметке қарағанда, 5 қараша күні Қазалы ауданының Қожабақы елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта ғарыш аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылған. Қалдықтар табылған жерді полиция қызметкерлері қоршауға алып, арнайы жұмыс комиссиясы құрылыпты.

 
ИГЕРІЛМЕЙ ҚАЛҒАН ҚАРАЖАТ КӨП
05.11.2013 16:29

Күні кешеге дейін өңіріміз экономикалық даму жағынан біраз ақсап, бюджет бүйірімізді қысып келгені рас. Сонда да қолдағы барға қанағат қылып, бірді екі еттік. Биыл қазынамыз қаржыдан кенде емес, өңірлік бюджеттің түсімі көбейді. Соның нәтижесінде облыс көлеміндегі бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, азды-көпті жыртығымыз жамалып қалды. «Жыл басынан бері бюджеттік кіріс-шығыс көлемі қандай, облысқа бөлініп жатқан қаржы толық игеріліп жүр ме?» деген сұрақтар кез келгеннің кө­кейінде жүретіні рас. Апта басында облыстық қаржы басқармасының басшысы Қ.Сәрсенбаев осы сауал­дарға жауап беріп, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қорытынды есебін жасады.

- Облыс бюджетінің биылғы түсімдер болжамы 104,9%-ға орын­далып, былтырғы жылмен салыс­тырғанда 16,4 млрд. теңгеге артық түсіп отыр. Республикалық бюджеттен трансферттер мен әлеуметтік мақсаттарға жоспарлан­ған 5 млрд. теңге бюджеттік кредит­тер толығымен түсті. Нақты­ есепке жүгінсек, ағымдағы жылдың қазанына дейін өңірдің шығында­р жоспары 96,7%-ға орындалып, 4,3 млрд. теңге қаржы игерілме­ді. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд. теңгенің де игерілмей қалғанын айту керек,­- деді. Оның айтуынша, облыс­тық бюджет 96,3%-ға орын­далған. Бөлін­ген қаржы­ның мақ­сатты түрде игерілуі­ жөнінен аймақ бойынша Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданы­ көш бастап тұр екен. Олар 98,8%-дық нәтижемен алда тұр. Өзге аудандардың да қаржы жұмсаудағы ептіліктері жаман емес, бәрі тоқсан мен жүз пайыздың айнала­сында.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту және  халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында республикалық бюджеттен бірқатар аумақтық бағдарламалар қаржыландырылды. Айта кетейік, биыл мемлекеттік бағдарламаларға  40 млрд. теңгеден аса қаржы қарастырылған. Алайда бөлінген қаражаттың барлығы толығымен игерілді деп айту қиын, тайқазан түбінде қалып қойған тиындар көп. Облыстық қаржы басқармасының есепті баян­дамасында келтірілген фактілерге көз жүгіртіп  көрейік. Денсаулық сақ­тау­ды дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша көрсетілетін тегін медициналық көмек қызметінің аясын кеңей­ту үшін, вакциналарды және басқ­а да иммунобиологиялық препараттарды сатып алу үшін 8 млрд. теңге­ қаралған, оның 100 млн. теңгеге жуығы игерілмеген. «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға бөлінген 2 млрд. теңгенің 72,1 млн. теңгесі игерусіз қалған. «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекет­тік бағдарламасы шеңберінде облыс көлемінде ауқымды жұмыстардың атқары­лып жатқанын көріп жүрміз. Оның ішінде ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру, тірек ауылдарды дамыту, жұмыс берушінің қажеттілігі аясында қайта даярлау курстарынан өту және өзге де жүйелі жұмыстардың қарқыны жаман емес өңірде. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінген 9,3 млрд. теңге қаржыдан игерілмей қалғаны – 500 млн. теңге. Мұнша көлемді қаржының белсенді бағдарламадан артылып қалған­ы қызық екен. «Ақбұлақтан» да артылған қаржы бар болып шықты. Ауылдық елді мекендерді сумен жабдық­тау желілерін салу, қайта жаңарт­у және жаңғырту жұмыстарына биыл бас-аяғы 7,5 млрд. теңге қаражат қаралса, 90 млн. теңгеден аса қаржы қап түбінде қалған. Өңірде жеке кәсіпкерлікті қолдау және индус­триялық инфрақұрылымды дамыту­ға арналған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына да аз қаражат  қарастырылмаған – 2,1 млрд. теңге. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоғыз айында оның тек 22,6%-ы орын­далып отыр. «Қолжетімді тұр­ғын үй - 2020» мемлекеттік бағдар­ламасы бойын­ша облыста жылу беру жүйелерін қайта жаңғыртуға және кеңей­туге 4,1 млрд. теңге бөлініп, 102,3 млн. теңгесі игерілмей қалған. Байқауымызша, жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бөлінген қаражаттың дені игерілусіз қалған. Осыдан кейін көңілде үміттен гөрі күдік басым түсетіні рас. Мұнша қаржының игерусі­з  қалу себебін облыстық қаржы басқармасының басшысы Қ.Сәрсенбаев:

- Қаржының басым бөлігі әлеуметтік нысандарға жұмсалады. Алайда­ олардың белгіленген мерзімге дейін аяқталмай қалуы қаржының дұрыс игерілмеуіне әкеліп соғады. Бұдан бөлек, құрылыстарға қатысты жобалық-сметалық құжаттардың дұрыс жасалмауы да септігін тигізеді. Сонда­й-ақ, әлеуетті өнім берушілер нысан­ды салу кезінде тек қағаз жүзінде ғана өздерін мықты мердігер компания ретінде көрсетеді де, іс жүзінде осалдық танытады. Яғни ма­тери­алдық-техникалық базасы төмен болып шығад­ы немесе мамандары жетіспейді. Осының салдарынан жұмыс аяқсыз,  қаражат та игерусіз қалады,- деп түсіндірді. Бюджеттік бағ­дар­ламалардың бәрі айналып кел­генд­е ел игілігі үшін жасалады. Бізге әзірше мемлекет тапсырмасын орындауға деген жауапкершілік жетіспей­ тұрған сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

Ә.АЛДАБЕРГЕН

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1021 1022 1023 1024 1025 1026 1027 1028 1029 1030 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2020 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары