Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Халық-хабар
АРАЛДЫҢ ҰЛТАНЫ ОРМАНҒА АЙНАЛАДЫ
16.02.2012 15:29

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2011 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Былтыр облыстық бюджеттен салаға 1,3 млрд теңге бөлінген. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 61,5 пайызға артық. Оған 16 канал және 34 гидроқұрылыс нысаны жөндеуден өткізілді. 12 650 қожалықтың үй іргелік жерлеріне аяқсу жеткізіліп, 20 238 га шабындықтар мен жайылымдар суғарылды. Орман мекемелерінің жұмысын жетілдіру және нормативтерге сәйкестендіру мақсатында 205 млн. теңгеге арнайы техника мен құрал-жабдықтар алынды.

- Ормандарды сақтау және республиканың орманды жерлерін көбейту жобасы аясында 30 мың га жерге сексеуіл ағашы егілді. 2013 жылға дейін 79 мың га алқап игерілетін болады. Мақсат – Арал теңізінің құрғаған ұлтанын орманға айналдыру, тозған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру, - дейді басқарма бастығы Айтбай Көшербайұлы.

Өткен жылы ормандарда ешқандай өрт оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл қауіпті аймақтарға аншлагтар орнатып, ескерту жұмыстарын кең көлемде жүргізгеннен болса керек. Балық шаруашылығын дамытудың 2010-2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы аясында да көптеген бастамалар қолға алынды. 13 көлді табиғи көл санатынан тауарлы көл, яғни балық шаруашылығы санатына ауыстырудың ғылыми-биологиялық негіздемесі әзірленді. Сондай-ақ балық аулау соңғы 5 жылда 1,5 есеге артқан. Былтыр Қамыстыбас көлі мен Сырдария өзені бойына су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнатуға 18,6 млн. теңге бөлініп, ол толықтай игерілді.

Жансая ЖҮНІСОВА

 
«БІРЕУДІҢ ҚАҢСЫҒЫ...»
15.02.2012 14:59

Әулие Валентин қазаққа ешкім де емес. Ендеше, 14 ақпанда оны құрметпен еске алып, сонша желігудің жөні жоқ.

Бүрсігүні Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжіне жиылған жастардың ойы бір жерден шықты. Конференцияны колледждің студенттер альянсы ұйымдастырған. Қатысушылар әулие Валентиннің атымен ғашықтар мерекесін атап өтуге бірауыздан қарсылық білдірді. Оның орнына сәуір айының 15-ін Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні етіп белгілеуді қалап отыр. «Біреудің қаңсығы біреуге таңсық». Әулие Валентинді қадір тұтқанша, биыл ақпан айына дөп келген қасиетті Мәуліт мерекесіне мән берсе, қандай жарасымды?!

- Жастарымыз батысқа көп еліктейді. Ғаламтордағы қаптаған анайы көріністер түбімізге жетпесе болғаны. Сәбилердің некесіз туылып жатқанына бұл себеп емес деп көріңіз. Әулие Валентин күнін тойлап та осындай жағдайға ұрынып жатады. Нағыз ғашықтар қазақта жетіп артылады. Қозы мен Баянды, Қыз Жібек пен Төлегенді ұлықтап, әдепті де шынайы махаббатты сезіне білсек, сонда ғана өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтай аламыз,-  деді облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешiтiнiң найб-имамы А.Жұбанов.

Сондай-ақ студенттер Ә.Серік, Ж.Садырова, Ө.Әлібек өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Б.КАПИТАНҚЫЗЫ

 
БІР АЙДА – 1 МЛРД. 216 МЛН. ТЕҢГЕ
15.02.2012 14:57

Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті осы жылдың алғашқы айының қорытындысымен республика бюджеті­не 1 млрд. 216 млн. теңге кеден төлемдері мен салықтарын түсірді. Негізі­нен, түсімдерді әкелінген және әкетілген тауарла­рға салынатын баж бен импортқа салынат­ын қосымша құн салығы құрайды. Ал заңбұзушылықтарға жол берген тұл­ға­ларға қатысты 58 әкімшілік іс қозғалған. Оларға 11 млн. 544 мың теңге айыппұл салынд­ы. Қазірдің өзінде өндіріле бастаған бұл қаржы облыс бюджетінің кірісін то­лық­тыратыны сөзсіз.

Былтыр Кеден одағының шекарасынан декларацияламай тауар алып өткен және уақытша  әкелінген  тауарларды қайта шығар­у тәртібін сақтамағаны үшін жауапқа тартылған «Evro Azia Oil» АҚ жыл бас­талмай жатып тағы талап бұзды. Сот компания әкімшілік кодекстің 414-бабымен 5 млн. 117 мың теңге айыппұл өндіру керек деп шешім шығарды.

Б.ОРДАНОВА,

департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі

 
«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАҒА» ҚОЛ ЖЕТЕ МЕ?
15.02.2012 14:56

Елбасының биылғы жол­дауында қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуына баса назар­ аударылды. Еліміз үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамта­масыз етудің оңтайлы теңгерімін табу маңызды. Осы ретте об­лысымызда жыл басынан бері экономикалық белсенді халық саны өткен жылмен салыстыр­ғанда 11 пайызға өсіп, 353,9 мың адамды құрап отыр. Ал жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда 0,5 пайызға азайған. Жұмыссыздар қатарында жүрген жастар «Жастар тәжірибесі» бағыты­ бо­йынша жұмысқа орналасып, оларға­ республикалық бюджеттен 116,5 млн. теңге бөлінді.

Осы мәселелер Қызылорда облысын­ың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дарламалар басқармасының жылдық есеп беру және үстіміздегі жылы атқаруға тиісті міндеттерін саралауға бағытталған жиынында кеңінен талқыға түсті.

- Қазіргі таңда бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс жасауд­а. Аймақ көлемінде экономикалық әл-ауқаты төмен ауылдық жерлерден қоныс аударатын 60 отбасына арналған тұрғын үй кұ­рылысы салынуда. Тағы бір айта кетерл­ігі, Елбасының «Қолжетімді баспана – 2020» бағ­дарламасы бойынша жастарға және әл-ауқаты төмен отбасыларды баспанамен камтамасыз ету және жұмыспен қамту бағ­дар­ламасы аясында өңірлерді дамыт­у қолға алынуда. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бүгінгі таңда нәтижелі жұмыстар атқаруда, - деді аталмыш басқарм­а бастығы Жазира Жақсылыққызы.

Гүлімай  БОРАНҚҰЛОВА,

ҚМУ-дің студенті

 
ЖАМАҒАТ ЖИЫЛҒАН ЖИЫН
13.02.2012 18:16

Аптаның алғашқы күні мұсылман қауым үшін қасиетті мерекелердің бірінен саналатын «Мәуліт күні» кең көлемде аталып өтті. Дәл осы күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүние есігін ашқан. Мәуліт араб тілінен аударғанда, «туған күн» деген мағынаны береді екен. Мерекенің ұлығы, күндердің сұлтаны «Мәуліт» мерекесіне арналған жиынға қала жұртшылығы да бір кісідей атсалысты. Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрға жиналған халықтың көптігі қоғамның имандылыққа мықтап бетбұрғандығының дәлелі болса керек. Жиын барысында жұртшылыққа бейнесюжеттер көрсетіліп, діни әуендер орындалды.

Облыстың бас имамы Талғат қажы Сейіткәрімұлы мәуліт күнінің тарихы мен оның терең мазмұнына тоқталса, облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Сәденұлы ислам дінінің бейбітшілікті насихаттайтынын, жақсылыққа үндейтінін жеткізіп, жиналған жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтады. «Мәуліт мерекесін атап өтудегі басты мақсат - Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолын халыққа жеткізу, жастарды имандылыққа тәрбиелеу», - дейді ұйымдастырушылар.

А.ТӘЖИЕВ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1041 1042 1043 1044 1045 1046 1047 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары