Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

Халық-хабар
ӨРЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР КЕЗЕҢІ
09.03.2012 10:45

Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы мемлекеттің таяу жылдарда атқаруға тиісті міндеттерін саралау мен елдің әл-ауқатын көтеруге бағытталатындығы белгілі. Әйтсе де өмірлік маңыз­ы бар мемлекеттік құжат – жолдауды мәні, мағынасы бөлек жолдама сөзімен шатастырып жүретіндер де жоқ емес. Сондықтан, мемлекеттің бүгіні мен келешегін айқындайтын жолдауды халыққа насихаттау, мәнін түсіндіру, көп көкейінде жүрген сауалдардың, күрмеулі мәселелердің түйінін тарқату үшін облыстарға арнаулы делегациялар шығып жатыр. Апта басында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай жетекшілік жасайтын республикалық ақпараттық-насихаттық топ Сыр өңірінде болды.

Бүрсігүні министр Дархан Қамза­бекұлы мен ҚР Президенті Әкімшілігі­нің сектор меңгерушісі – ҚР Президен­тінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшылығының меңгерушісі Тастемір Дәуітұлы азаматтық қоғам өкілдері және мәдениет қайраткерлерімен кездесті. Елдегі қайбір сала болмасын, қоғамдағы қандай өзгеріс болмасын, бәсекелестік ортада белі бүгілмейтіндей деңгейде көрініс тапқаны жөн, бұл ретте ұлттық идеяны қалыптастыру ауадай қажет. Біле білсек, әлеуметтік-экономикалық жаңғыр­тудың өзі идеологияға негізделеді. Демек­, мұның тетігі – адамның өзінде жатыр. «Уақыт өзгерген соң, адамды да өзгерту керек, адамды өзгертпей, ешқан­дай модернизация болмайды», - деді министр. Ақпараттық-технология­лық қажеттілік дамыған сайын адамның да соған қарай бейімделгенін құп көрген АНТ жетекшісі Елбасының биылғы жолдауының басым бағыттарына ден қойып, өркениетті елдер тәжірибесімен сабақтастырды. Қазақстандықтардың жұмысқа  тартылуы, қолжетімді бас­пана, өңірлерді дамыту, тұрғындарға мем­лекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, басқарушылардың білікті саяси табын дайындау, адам капиталы, зейнетақы жүйесін жетілдіру жайында өз ойын ортаға салды. Министрлік тарапы­нан жасалып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Соңғы жылдары елімізде мәдениет үйлері, мұражайлар қатарының өскені, мемлекеттік тапсырыспен кітап шығару ісінің өрістегені, «Мәдени мұра» бағдарламасының тиімділігі, мемлекеттік тілдің тұғырлана түскені, бұқаралық ақпарат құралдарының тыныс­-тіршілігі, ҮЕҰ-дар жұмысының жанданғаны көңіл тоғайтады.

Ал ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі Т.Әбішевтің ай­туынша, Қазақстанда адам құқығын қорғаудың тиімді тетіктері қалыптас­қан. Бұл ретте ел конституциясының кепілдігі маңызды орын алатынын алға тартқан ол жолдаудағы сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту бағытына баса мән берді.

Пікір алмасу кезегінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері Х.Әмір-Темір жастар­ды отаншылдыққа, адамгерші­лікке тәрбиелеудегі мәдениет сала­сының роліне тоқталса, «Нұр Отан» ХДП жанын­дағы «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиа­лының атқару­шы хатшысы Ж.Базартай жол­даудан жастардың күтетіні көп екенін, әсіресе, жас отбасылардың баспана­лы болуына, жас көшбасшы­лардың пре­зиденттік корпусқа енуіне үмітті екенін жеткізді.

Жалпы, дөңгелек үстелде бас қос­қандардың ортақ пайымы мынаған саяды­: Елбасы жолдауы не береді деп күту – масылдық пиғыл, сондықтан ортақ құндылығымыз – тәуелсіздіктің тұғыры мықты болу үшін көп болып қолдап, мемлекеттік бағдарламаларды аяғына жеткізуге атсалысуымыз қажет.

Халық-хабар

 
АНАНЫҢ АСҚАҚ АЙБЫНЫ
09.03.2012 10:37

Апта басында көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай облыстық Н.Бекежа­нов атындағы музыкалық-драма театрында «Ару – көктем, ана – жыр, әйел – ғұмыр» атты сал­танатты­ кеш өтті. Шара шымылдығын ашқан­ облыс әкімі Б.Қуандықов:

- Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда аналардың қосқан үлесі зор. Кешегі ұлы дана Айша бибі, Ұлжан, Зере, сондай-ақ осы қасиетті Сыр топырағында өмір сүрген сақ ханшайымы Томиристің бүгінгі ұр­пағының да ақылына көркі сай. Анала­рымыз сұрапыл соғыс жыл­да­рында да қара шаңырақтың түтінін өшірмей, тылда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарындағы өтпелі кезең­де тіршілік тауқыметін қайыспай көтеріп, ер азаматтармен қатар қиындықтарды бірге еңсерді. Қашанда әйелдің мейірімі, махаббаты мен жан шуағы кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында нәзік жандыларымыздың құқық­тарының қорғалуына, әлеуметтік өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән берілуде. Нәтижесінде қоғамымыздың барлық саласында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары қарас­тырылған. Әйелдердің құқықтарына қатысты халықаралық келісімдер де бекітілді. Ел бірлігінің ұйытқысы болға­н аналардың мерекесі құтты болсын, - деді.

Сондай-ақ, аймақ дамуына сүбелі үлес қосқан Сыр өңірінің бірқатар нәзік жандыларына «Қызылорда облысы­ның Құрметті азаматы» атағы мен «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекел­ік медалі табыс етілді. Олардың қатарында Қармақшы ауданының еңбек ері С.Жұмабекова, «Ақ босаға» қоғамдық бір­лестігінің төрайы­мы М.Аңсатова, Қызыл­орда гидрометерология орталығ­ы ЕМК директоры Ж.Әбзалиевалар бар. Содан­ соң аймақ басшысы­ның  ықылас гүлі тарту етіліп, жиналған көпшілік композитор, ҚР халық артис­і Е.Хасанғалиев пен Б.Хасан­ғалиевтердің өнерін тамашал­ады. Шара барысында Сыр еліне іссапармен келген мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай да аналарға деген­ ыстық ықыласын білдірді. Соңы  мерекелік  бағдар­ламаға  ұласты.­

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
ПЕТРОҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫНЫҢ Қызылорда облысы бойынша 2012 жылға арналған стипендиялық бағдарламасы
09.03.2012 10:23

Бұл стипендиялық бағдарлама Қызылорда облысындағы дарынды жастардың сапалы білім алуына ықпал ету үшін жасалған және онда мұнай-газ саласындағы барынша қажет етілетін жоғары білім мамандықтары бойынша ҚР азаматтарының бакалавр дәрежесін алуына арналған атаулы стипендиялар қаралады.

Мемлекеттік грант иегерлері бұл стипендиялық бағ­дарламаға қатыса алмайды.

 

 
АУЫЗСУ САПАСЫ АЛАҢДАТПАЙДЫ
05.03.2012 15:58

Еліміздің кез келген азаматын таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін Елбасының бастамасымен бірнеше бағдарлама қолға алынды. Солардың бірі - «Ақбұлақ» бағдарламасы. Бүгінде осы жүйелі бастаманың нәтижесінде ауызсу мәселесі біршама шешіліп, оның сапасы арта түсті. Бұл қолжетімділік Сыр аймағына да тән. Өткен аптада облыс басшысы Б.Қуандықов Қызылорда қаласын таза ауызсумен қамтамасыз ететін №2 сүзгі станциясының ашылуына қатысты.

Бүгінде қала тұрғындары тәулігіне 55-60 мың м³ ауызсу пайдаланады екен. Күн санап көлемі өсіп жатқан қалаға ауызсуды жеткізу де үлкен мәселе туындатып отыр. «Қызылорда қаласының су жүргізетін және арналық кәріз желілерін кеңейту және қалпына келтіру» жобасы аясында 2008-15 жылдар аралығына 6,99 млрд. теңге қаржы бөлінген. Былтыр бөлінген қаржының 2,5 млрд. теңгесі игерілген. Жоба аясында 2015 жылға дейінгі бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесі 45 пайызға орындалған. Жоба ойдағыдай жүзеге асса, қала тұрғындары толықтай таза ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Жаңадан пайдалануға берілген Тасбөгет кентіндегі №2 сүзгі станциясы да осы жоба аясында жүзеге асты. Тәулігіне 34 мың м³ таза ауызсу өндіретін станция итальяндық, австриялық құрылғылармен жарақталған. 11030 м² болатын ауызсу орталығы автоматты тұрғыда жұмыс жасайды. Осы кезге дейін қала тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етіп келген №1 сүзгі станциясы өткен ғасырдың 60-жылдары салынып, құрылғылары адам күшінсіз жұмыс жасамайтын. Бұл сүзгі станциясындағыдай автоматты құрылғы Қазақстан бойынша тек Астана қаласында ғана бар көрінеді. Су Сырдария өзенінен алынады. Сүзгі станцияның жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құраса, құрылыс жұмыстарын мердігер «Мелиоратор» ЖШС жүргізген.

- Қала тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін арнайы жоба қабылданған болатын. Соған орай біршама жұмыстар атқарылуда. №2 сүзгі станция пайдалануға беріліп, халық таза ауызсу пайдаланатын болды. Сондай-ақ, 2009 жылдан бері Қызылорда қаласының жерасты суы зерттеліп, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге Қызылжарма жерасты суы қолайлы деп танылды. Келер жылы ол жерден 87 ұғыма қазылып, ауызсуға тапшылық мәселесі толықтай шешіледі. Ал №2 сүзгі станциясының межеленген мерзімінде берілмеген себебі толық автоматтандырылған жүйені орнату оңай шаруа емес. Әрі бұл бізге таңсық жағдай. Мерзімнен кешіккенмен, сападан қалыс қалғанымыз жоқ. Жалпы, қалада өзге де мәселелер жетеді. Жеке сектордағы су құбырлары қыстың суығында қатып қалып, кей үйлер сусыз отыр. Бұған «Қызылорда су жүйесі» МКК-нің еш кінәсі жоқ. Жеке сектордағы құбырлар тұрғындардың өз қалауынша жүргізілген. Ал аймағымызда жердің қату деңгейі 1,5 метрді құраса, біздің мамандар құбырларды 2 метр тереңдікке көмді. Соның арқасында қыста ешқандай құбыр қатқан жоқ, - деді аймақ басшысы.

Дастанбек САДЫҚ

 
СУДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ
05.03.2012 15:57

1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні. Осы күні Қызылорда облысының ТЖД Суда құтқару қызметі Сырдария өзеніндегі мұз қаупі және су тасқыны жағдайының ықтимал қолайсыз дамуын ескеріп, қауіпсіздік ережелерін жеткізу мақсатында «Қызылорда» суда құтқару стансасының базасында «Ашық есік күнін» өткізді.

Суда құтқару қызметінің мамандары жүргізген мониторинг барысында қысқы мезгілде облыс тұрғындарының көп жағдайларда судағы, мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындығы анықталып отыр. Қыс мезгілінде мектеп жасындағы балалардың көпшілігі өз демалыстарын өзен, көл жағалауларында өткізгісі келетіні алаңдатады. Сол себептен аталған шараға Сырдария өзеніне жақын орналасқан қаладағы 4 мектептен 60-тан астам 9-11 сынып оқушылары қатыстырылды.

Өткен жылдың басынан қызмет құтқарушылары қиындықтарға қарамай күнделікті кезекшілік жүргізу кезінде мектеп жасындағы 21 баланың өмірін құтқарып қалса, ағымды жылы облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шараларын ұйымдастыру нәтижесінде судағы мүшкіл жағдайға орын берілмеген. Шара барысында оқушыларға суда орын алған төтенше жағдайда су асты және су бетінде пайдаланатын жарақтарды қолдану таныстырылды. Мектептерде оған дейін теория жүзінде айтылған лекцияларды қорытындылау мақсатында практикалық түрде мұз опырылып суда зардап шеккен адамға көмек беру тәсілдері көрсетілді. Сондай-ақ мектеп оқушылары құтқарушылардың су асты сүңгуір жұмыстарын тамашалады. Іс-шара соңында аталған тақырыпта арнайы деректі фильм мен слайдтар көрсетілді. Өткізілген шарадан оң әсер алған жасөспірімдер өз ойларымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Халық-хабар

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1061 1062 1063 1064 1065 1066 1067 1068 1069 1070 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары