Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2297
mod_vvisit_counterКеше2601
mod_vvisit_counterОсы аптада16568
mod_vvisit_counterӨткен аптада18090
mod_vvisit_counterОсы айда18998
mod_vvisit_counterӨткен айда58946
mod_vvisit_counterБәрі4200088


Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҰБТ дауы: нүкте!
31.05.2012 16:04

Қызылорда облыстық прокуратурасы Жаңақорғандағы былтырғы ҰБТ-ға байланысты қылмыстық істің қорытындысын мәлімдеді.

Бұдан бұрын шыққан сот шешіміне айыпталушылар келіспей, қарсы шағым түсіргенінен оқырман хабардар. Мемлекеттік құпия саналатын тест сұрақтарының дұрыс жауабын таратқандар Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімімен бас бостандықтарынан айырылды. Аудандағы ҰҚК бөлімінің бастығы және оның қарамағында қызмет еткен жедел уәкіл бірі 5, бірі 4 жыл бойы жалпы режимдегі түзеу колониясында жазаларын өтейтін болды. Дүние-мүліктерін тәркілеумен қоса, сот оларды 3 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу құқықтарынан айырды. Аудандық білім бөлімінің бұрынғы меңгерушісі мен ҰБТ өткен мектептің бұрынғы басшысына белгіленген 3 жыл шартты жаза да күшінде қалды.

Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА

 
ҒЫЛЫМДАҒЫ МҰҒАЛІМ МҮДДЕСІ
31.05.2012 16:03

Бұл – білім мен ғылымның жетіліп, техниканың дамыған заманы. Тәуелсіздік алған жылдан бері еліміз білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөле бастады. Заңға толықтырулар енгізіліп, жаңа мемлекеттік бағдарлама жасалды. Экономика біршама жақсарды. Дегенмен, ғылымның сапасын арттыру – әлі де бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Жуырда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің ықпалымен аймақ мұғалімдері Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектепте бас қосты. Семинар-тренинг «Жастар үшін ғылыми орталық қызметін ұйымдастыру» атты әлеуметтік маңызы бар жоба аясында «Білім – ғылым негізі, ғылым – өркендеу кепілі» деген тақырыппен өтті. Мақсат – ғылыми зерттеумен айналысатын мектеп мұғалімдеріне теориялық, әдістемелік кеңес беріп, жаратылыстану ғылымына баса назар аудару. Жаңақорған, Шиелі аудандарынан келген мамандар химия саласындағы түрлі тақырыптар аясында ғылыми жоба дайындап, баяндама жасады. Олар осы семинар-тренинг арқылы кәсіби біліктіліктерін арттыра түсті. Мәселен, Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебінен келген Манат Тұрабаеваның облыстағы түйе сүтінің физикалық-химиялық құрамы жайындағы баяндамасы қызу талқыға түсті. Жас та болса, маман үлкен ізденіспен келгендігін байқатты. Химия ғылыми зерттеу институтының арнайы мамандары мұғалімдерге кеңес беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Семинар соңында ұстаздар қауымына сертификаттар табысталды.

Айнұр МАМАНҚЫЗЫ

 
БАЛАЛЫ ҮЙДЕН «БАЗАРЛЫҚ»
30.05.2012 18:54

Қызылорда қалалық ІІБ-ның полиция қызметкерлері өткен жылдан қалған қылмысты әшкереледі.

Былтыр мамыр айында Маңғыстау облысынан осында қонақ боп келген әйел жұмысқа орналасуды ойлайды. Ой үстінде жүріп, жергілікті басылымдардың бірінен «бала күтуші керек» деген жарнаманы көзі шалып қалса керек. Сөйтеді де, айына 15 мың теңге алып тұруға келісіп, бала күтуші ретінде жұмысқа қабылданады. Сол үйде егелерімен бірге тұрады. Арада бір ай өткенде үй иесінің құны 20 мың теңге болатын «Нокиа» маркалы ұялы телефонын ұрлаған. Тағы бір жолы қожайынының 100 мың теңге ақшасын алып қойып, сазға отырғызып кетеді. Мұнан кейін күдікті маусым айында Алматы қаласынан Қызылордаға қайтып оралып, бұрынғы «әніне» басады. Бала күтуші іздеген басқа үйдің есігін қағады. Бұл жолы айлық табысы 25 мыңға жеткен еді. Күнделікті жұмысын істеп жүргенде қожайынының алтын бұйымдары мен ақшаларын көріп, аңсары ауса керек. Ақыр аяғы оны да сан соқтырып кеткен. Бағалы алтын бұйымдарын қолды қылып, оқиға орнынан ізін жасырған. Осылайша жәбірленушіге 1 910 мың теңге көлемінде мүліктік шығын келтірген.

Қазіргі таңда 23 жастағы күдікті азаматша қолға түсті. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 175-бабының 3-бөлігімен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Лаура РЫСДАУЛЕТОВА,

Қызылорда ҚІІБ-ның баспасөз қызметі

 
СЭС ҚЫЗМЕТКЕРІ СОТТАЛДЫ
30.05.2012 18:53

Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) Қызылорда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім бастығы А.Исаеваға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол мемлекеттік қызметтер атқаратын лауазымды тұлға бола тұра, Д. есімді жеке кәсіпкерден азық-түлік дүкенін санитарлық нормаларға сәйкес деп, санитарлық-эпидемиологиялық акт дайындап бергені үшін 20 мың теңге пара алған.

Қызылорда қалалық сотының үкімімен А.Исаева ҚР ҚК 311-бабының 2-бөлігі (пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленумен қатар 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

С.ТОҚТАМЫСОВ,

департаменттің баспасөз хатшысы,

қаржы полициясы лейтенанты

 
ТЕЛЕФОН «ЖҰТҚАН» ТЕҢГЕЛЕР
30.05.2012 18:52

Ағымдағы жылдың төрт айында облыс орталығында 201 алаяқтық дерегі тіркелсе, 2011 жылдың 4 айында 83 қылмыс оқиғасы тіркелген. Яғни 142,2 пайызға өскен. Соңғы кезде қарапайым халықты алдап-арбаудың жаңа тәсілі пайда болды. Атап айтқанда, қала тұрғындарының үй телефондарына құқық қорғау қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, олардың жақын туыстарының қылмыс жасап, қолға түскендігін хабарлап, оларды босату үшін сыйақы ретінде ақша немесе ұялы байланыс бірліктерін талап ету фактілері белең алып барады. 16 мамыр күні Алексей Новиков қалалық ішкі істер басқармасына арызданып, онда белгісіз біреудің анасын алдап түсіргенін айтқан. Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған әлдекім Наталья Новиковаға «ұлыңыз полиция қызметкерлеріне қарумен ұсталып қалды» деп, ұялы телефонына 50 мың теңге салдырған. Қазіргі таңда қылмыс тексерілуде.

Қала тұрғындарынан осындай жағдайда дереу арада қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне немесе «102» нөмірі арқылы хабарлауды сұраймыз.

С.СЕРІМБЕТОВ,

Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1081 1082 1083 1084 1085 1086 1087 1088 1089 1090 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары