Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
Саясат
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА КЕМШІЛІКТЕР КЕЗДЕСЕДІ
09.03.2012 10:38

Өндірісті өркендету, жұмыссыздық мәселесін шешу, халықтың әлеуметтік жағдайы­н жақсарту - бүгінгі күннің басты мәселесі. Бүгінде кем-кетіктердің орнын толтыру жолында жасалынып жатқан жасампазд­ық жұмыстар аз емес. Соның бір айғағы ретінде «2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекет­тік бағдарламасын» атауға болады. Бірақ бағдарл­амаға сырбойылықтар салғырттық танытып отырған сыңайлы. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма­сының алқа мәжілісінде сөз етілді.

 
АТҚАРЫЛАР ІСТЕР АУҚЫМДЫ
01.03.2012 15:29

Әкім есеп берді

Әкімдердің іскерлігі сыналатын кезеңнің бірі - есеп беру науқаны. Жалпы, әкімдердің ел алдында есеп беруі соңғы жылдары дәстүрге айналған үрдіс. Атқарылған жұмыстарды тиісті деңгейде бағалап, орындалмағандарын жедел түрде шешу үшін күш жұмылдыруға және де алдағы міндеттерді айқындап, нақтылауға мүмкіндік туғызатыны анық. Дегенмен, әкімдер есебінің бір ортақ кемшілігі – кездесуге қатысуға ерік білдірушілер үшін қолжетімсіздігі. Қарапайым халықтың үні естілмесе де, кемшіліктер көзге тайға таңба басқандай көрініп-ақ тұрады. Хош, сонымен екі жылға жуық облыс орталығын басқарып отырған қала әкімі М.Жайымбетов халық алдында екінші мәрте есебін берді. Қала тізгінін қолға алғанда бірінші кезекте тазалық мәселесіне мән беретіндігін тілге тиек еткені есте. Бұл жолы да тазалық мәселесі өз назарынан тыс қалмағандығын жеткізді.

 
ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСҚАНДАР енді немен айналысады?
01.03.2012 15:26

Тәртіп тепкіні

Мұндай да болады. Қолында биліктің тұтқасы бар кей азаматтар заңның иісін сезбей, сезсе де сыйламау салдарынан қызметімен қош айтысып жатыр. Ай мен күннің аманында атақ-абырой, лауазымдық қызметінен жұрдай болған басшыларға не жау тиді? Қазақта «Жауға сенбе, мұзға сүйенбе» деген сөз бар. Ал бұл мектеп директорларының өз-өзде­рі­не сеніп, сүйеніп жасаған іс-әрекеттеріне қарап қаралай күйіп кетуге әбден болады.

Атап айтар болсақ, Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі №20 мектеп директоры А.Әбдікәрімов «М.Алиев» ЖК-ден дизельдік отын сатып алу жөніндегі жасалған келісімшарт талап­тарын орындамаған. Тапсырыс беруші А.Әбдікәрімов 907 225 теңгені алдын ала аударған. Дәл осы жағдайды Қызылжар елді мекен­індегі №81 мектеп директоры А.Сағатов та қайталады. Ал осы аудандағы №68, №263 мектеп директорлары С.Қосжанов пен С.Жаналиев «Ж.Мысина» ЖК-нен мектепке қажетті тауар қорлары келмесе де, мектеп қоржынындағы қаржыны кәсіп­кердің есепшотына аударған. Ол ол ма, еңбек демалысына, жол­сапарға кеткен екі директор таза бланкаға қол қойып кеткен.

 

 
МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАНЫҢ ТӨМЕНДІГІ 12 жылдық оқуға көшуді кешеуілдетіп тұр
01.03.2012 15:14

Білім  безбені

Соңғы жылдары білім саласын дамытуға қомақты қаржы бөлініп, білім жүйесін ақпараттандыру,  12 жылдық оқуға көшу, балалардың құқығын қорғау, ауылдық мектептердің ажарын ашу, оқулық сапасын арттыру мәселелері күн тәртібіне қойылды. Елбасы бір сөзінде: “ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық”, - деген еді. Бірақ әлі де қазақ баласына сапалы білім алуға толық жағдай жасалмай келеді. Аймағымызда 9 мектеп үш ауысымда оқып жатса, 14 оқушыға 1 компьютерден тиіп отыр. Осы секілді білім саласының өзекті мәселелері Жаңақорған ауданында өткен облыстық білім басқармасының көшпелі алқа мәжілісінде сөз етілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департамен­тінің мәліметі бойынша, бүгінде республикада 8 мыңға жуық мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері жұмыс істеуде, оның ішінде  4 мыңға жуығы қазақ тілінде оқытады. Қазақ мектептерін­дегі оқушы саны 1,5 миллион­нан асып жығылады. Ал өзге тілде оқытатын 3 800-ге жуық білім ордасында 950 мыңдай оқушы білім алуда. Қазақ мектептерінің саны, жалпы, өзге тілді мектептер санымен шамалас болғанына қара­мастан, оқушылар саны бір жарым есеге артық. Бұған қоса қазақ мектептерінің дені ауылдық жерлерде орналас­қанын, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық жабдықталуының нашарлығын, білікті мамандардың азды­ғын, бір сыныпта 30-40 оқушыдан оқитынын ескерсек, сапаға қаншалықты назар­ аудару керектігін бағамдай беріңіз. Алдағы жылдары он екі жылдық білімге көшсек, онда оқу­шы­лар саны күрт өседі. Сонда “қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресіңнің” кері келмесін. Негізінен 12 жылдық білім беруге көшуді кешеуілдетудің ең басты себебі де осы — материалдық базаның төмендігінен. Бірақ білім саласындағы күрмеуі қиын мәселені шешу бағытында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы қолға алын­ғаны белгілі. Оған қоса шалғайдағы елді мекендерде жаңа білім ғимараттары бой көтерді. Дегенмен, Сыр өңі­рінде бұл салада қордаланған мәселелер әлі шаш етектен.

- Қазірде педагогтардың қоғамдағы орнын арттыру мақсатында жұмыстар жасалып жатыр. Жылда арнайы конкурстардың нәтижесіне және жеткен жетістіктеріне байланысты арнайы жүлделер тағайындап отырмыз. Тіпті шетелге демалысқа да жолдама үлес­тірудеміз. Бір қынжылта­тыны, білім ордаларындағы жоғарғы санаттағы мұғалімдердің аздығы. Мәселен, мектепке дейінгі орталықта жоғар­ғы санатты мұғалімдер 0,5 пайызды құраса, жалпы орта білім беретін мектепте 3,2 пайыз, кәсіптік лицейлерде­ 2,7 пайызды құрап отыр, - дейді облыстық білім басқармасының бастығы А.Мұхимов.

Ұлы ағылшын ағарту­шысы Уильям Уорд: «Жай мұға­лім хабарлайды, жақсы мұға­лім түсіндіреді, керемет мұға­лім көрсетеді, ұлы мұға­лім шабыттандырады», - дей­ді. Расында шәкірттің инемен құдық қазғандай білім алуы ұстаздың біліктілігіне байланысты.

Балабақша мәселесі «Балапан» бағдарламасы аясында шешімін тауып жатыр. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, бүгінде мектеп жасына дейінгі балалардың 71,3 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылыпты. Дегенмен, әлі де 20900 бүлдіршін балаб­ақша кезегін күтіп тұр. Сондай-ақ облыстағы барлық балабақшаның 32,8 пайызы жекеменшік.

Он екі жылдық білім беру жүйесіне қажетті оқу ғимараттары бізде саусақпен санарлық. Материалдық-техникалық база мықты болмаған жерде жаңа жүйенің алға жылжуы екіталай. Сондықтан жүйе туралы сөз қозғаудың өзі артық секілді. Елімізде негізінен білім саласында жаңа жаңалықтар енгізіл­се, таңырқамайтын болдық. Себебі бұл әдетке айнал­ып кеткендей. Мәселен, бұрнағы жылдары бірнеше институттар мен университеттерді біріктіру, оңтайландыру есебінен жоғары оқу орындарын ірілендірулер жүргізілді. Әйткенмен білім беру ісінің мән-мазмұнына бұдан келіп-кеткен ештеңе жоқ. Алты жылдық университет білімі екі сатыға бөлініп, бакалавриат пен магистратура құрылды. Ол жаңа проблемалар туғызды: маман-бакалаврдың қоғамдағы алар орны толық айқын­далған жоқ. Жаңа жүйе жүзеге асырылып, елімізде «білім беру жүйесі он екі жылдыққа көшеді» дегенді естігеннен кейін-ақ оқушылардың, солармен бірге ата-аналардың арасында психологиялық тұрғыдан алғандағы үнсіз қарсы шабуыл басталды. Мұны ата-аналардың 9 сынып бітірген балаларын жаппай колледждерге түсіруінен айқын байқауға болады. 12 жылдық жалпы орта білім беру мектебінің басты мақсаты - білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға дамытып қалыптастыру. Бірақ жаңа жүйені әлі де жатырқап отырған секілдіміз.

- Оқушыларды бағалаудың халықаралық бағдарламасы PISA ұйымына мүше болғанымызға төрт жылдан асты. Негізінен бұл ұйым оқушылардың зертт­еген жұмысын, білімін бағалайды. 2009 жылы алғаш рет сынға қатысқанымызда, оқушыларымыз 65 мемлекеттің ішінен үздік елулікке де ене алмады. Сол кездегі олқылықтың орнын толтыру үшін биыл мұқият дайындалуымыз керек, - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы М.Мұқамет­қалиқызы.

Бұл жоғарыда айтқанымыздай, білім саласындағы кемшіліктерді жоймай жоғарғы нәтиже көрсете алмайтындығым­ыздың  бір  дәлелі  секілді.

Т.ӘЛЖАНОВ

Тақырыпқа тұздық

* Облыстағы барлық балабақшаның 32,8 пайызы жекеменшік.

* 20900 бала балабақша кезегін күтіп тұр.

* Мектеп жасына дейінгі балалардың 71,3 пайы­зы мектепке дейінгі біліммен қамтылған.

* 1 компьютерге 14 оқушыдан келеді.

* Орта мектептегі мұғалімдердің 3,2 пайызы жоғарғы санатты.

 
ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖАЛҒАСЫ
01.03.2012 12:07

Елбасы жолдауына – іспен жауап

Сыр елі - үсті күрішке, асты мұнайға толы бай өңірлердің бірі. Бұл – бармақтай болса да бағымыздың арқасы. Негізінен облыс экономикасын өркендету үшін өндіріс пен кәсіпорындардың санын көбейту қажет. Мұны Елбасы халыққа дәстүрлі Жолдауында да тілге тиек етіп жүр. Егерде аймағымызда өндіріс орындары қанатын кеңге жаятын болса, алдымен жергілікті халық шығарылған өнімді арзан бағамен алуға қол жеткізсе, екіншіден, жұмыссыздықты қысқартуға септігі тиері сөзсіз. Жалпы, қай саланың болмасын жұмысын жандандыру бағытында түрлі бағдарламалар қабылданды. Межеленген міндеттерді мүлтіксіз атқару үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс жасалуы қажет. Бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысу мақсатында аймағымыздың солтүстік өңірінен басталған пресс-тур өткен аптада Шиелі және Жаңақорған аудандарында қорытындыланды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары